Материалдар / "Өмір дегеніміз не және оның мәні неде» атты тренинг.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өмір дегеніміз не және оның мәні неде» атты тренинг.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өмір адам баласына бір -ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету арқылы балаға жеткізу үшін мектеп психологтарны арнап салдым. Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту, балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізуі мүмкін..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2019
3606
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Байгожина Айнур Еламановна


«Өмір дегеніміз не және оның мәні неде?» атты тренинг.


Сабақтың мақсаты:

өмір адам баласына бір -ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету.

адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту.

балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: танымдық сабақ.

Сабақтың типі: тренинг.

Сабақтың әдіс-тәсілі: ой – толғау, сұрақ – жауап, пікірлесу, тренинг

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта.

Сабақтың болжамданған нәтижесі: өмір туралы түсініктері кеңейеді, өмірге деген көзқарастары өзгереді, өз ойын ортаға сала білуге үйренеді, бірлесіп түсінісе білуге бейімделеді.

Сыныбы: 9 сынып

Сабақтың жоспары:

1. Кіріспе

2. «Дос, достыққа» сергіту ойыны

3. Топтық пікір алмасу (сұрақ-жауап түрінде)

4. Тапсырма «Компазицияны аяғына дейін салу»

5. «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы

6. Видео ролик «Сказка о барашке»

7. Топтық сұхбат «Шляпалар»


Сабақтың барысы: І. Кіріспе сөз

«Дән көтерген құмырысқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, өмір сондай абзал ғой»- деп Фирдоуси айтқандай;

Өмір, өмір! Өмірдің мәні қандай?

Қайратыңды жігерге жанығандай.

Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып

Достықтарың жарасып дәл осылай.

Шыдамдыны мына өмір ұнатады,

Бірде қуантып, бірде жылатады,

Сүріндіріп кейде сені құлатады.

Жылатып тұрып жұбатады.

Дұшпандарға кейде сені сынатады,

Қатал тағдар бірақта шыдатады, Мына өмір бірақта қымбат әлі,- демекші өмір жолы сан тарау, қия шатқал, қия шың.

Сол жолдан адаспаудың ең бірінші жолы ол – өзіңді өзің тану, өзіңді өзің сыйлау, өмірді түсіне білу, қабылдау, өзіңді өзің қадірлеу.

ІІ. «Дос, достыққа» сергіту ойыны

Нұсқау: Қазір сіздер өте қызықты ойынды ойнаймыз. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секунттың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен сәлемдесеміз: Оң қол оң қолмен, сол қол сол қолмен, оң тізе оң тіземен, оң шынтақ оң шынтақпен, оң иық оң иықпен, оң аяқ оң аяқпенмаңдай маңдаймен, арқа арқанмен. «Дос достыққа»дегенде жұбымызды ауыстырамыз.

ІІІ. Топтық пікір алмасу. (сұрақ – жауап түрінде)

Өмір дегеніміз не, қалай түсінесің?

Өмір сүре білу дегенді қалай түсінесің?

Өмірдің мәні неде, бақыт деген не?

Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің?

Сенің мінезіңнің жаман, жақсы жақтары қандай?

Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?

Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп, пікірлестіңдер, өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуымыз керек екенін ұқтыңдар.

Өмір дегенің…

Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес.

Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес!

Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу, өзімшілдік, тек «Мен» деген ұғымдарды, «Мен түсінгім келеді» деген сөзді мағыналы қабылдай білуге үйрену.

Адам өмірінің мәнді де мағыналы болуы оның пейілі, ниетінің таза, алға қойған мақсатының жарқын болуына байланысты. Өмір тек жақсылыққа құрылғанда ғана адам бақытқа қол жеткізеді, өзгелердің өмірін де жарқын ете алады.

Біздің өміріміз – ол туралы не ойлайтындығымызда екендігін естен шығармай, өз ақыл-ойыңызды тыныш өмір, үміт, денсаулық туралы ойлармен толықтырыңыз.

Ешқашан да өзгелерден кек алуға тырыспаңыз, себебі, сіз олардан гөрі өзіңізге зиян келтіресіз.

Бақытқа қол жеткізудің бірден-бір жолы-жасаған жақсылығыңызға біреулердің алғыс айтуын күту емес, алдымен жақсылық жасау және сол арқылы алғысқа бөлену. Алғыс айта білу-көрегенділіктің, тәрбиенің нәтижесі екендігін есте ұстаңыз. Сәтсіздіктердің емес, қуанышты күндеріңіздің есебін жүргізіңіз. Ешкімге ұқсамауға тырысыңыз. Өмір сізге ашты дәмін тарттырса, сіз оны тәтті дәмге айналдыруға тырысыңыз.

Мазасыз жаман, жағымсыз, мағынасыз ойлар адамды психикалық, тәндік жарақатқа шалдықтырып, тіпті қиындықтарға да әкеліп соғады.

Әрине дұшпаныңа күлкі, достарыңа, ең қымбат адамыңа, ата-анаңа,

бауырларыңа орны толмас өкпе-реніш, қасірет әкелесің, одан басқа ештеңе жоқ. Өмірдегі кездесетін сәдсіздіктерді, түсініспеушілікті уақытша қиындық, сен шеше алатын мәселе, формуласыз есеп деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп ,не істесеңде ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйрен . Өмірде бәріде өткінші екенін ұмытпа.

Мысалы: Дінде “ Алла саған өмір берді, сол Алланың бұйрығымен өміріңді Алла ғана алады” делінген. Өзіне қиянат жасау, ауыр, балағат сөйлеу үлкен күнә болып есептелінеді. Міне сондықтан ондай ойлардан аулақ болайық.

ІҮ. Тапсырма: «Компазицияны аяғына дейін салу»

Мақсаты: бір-бірінің ойын сөзсіз іс-әрекет арқылы түсінуге бағытталған, жағымда қарым-қатынас орнату.

Шарты: Әр қатысушыға бір ақ беттен (А3, А4 форматында) беріледі. Қандай да бір композицияны ойластырып, осы бетке соның тек бір бөлшегін салу керек. Содан кейін парақты көршісіне береді, ол сол бейнеленген бөлшекке тағы бір сурет қосады, бұл әрекет сағат тілімен жүргізіледі. Сурет әр бір қатысушыдан 15-20 секунт болады. Бұл үрдісте ешкім ешкіммен сөйлеспейді. Бәрі бірге психологтың белгісімен бастап, белгімен бір-біріне беріп отырады.

Талдау: салынған суреттер қаншалықты бастапқы ойланған суретке сәйкес келеді? Салынған композицияны көргенде қандай сезімде болдыңыз?

V. «Бәрі жұлдыздар» жаттығуы

Бұл жаттығуды жасау үшін тағы да 3-4 рет терең дем алып, көзімізді жұмамыз. Өміріңіздегі кездескен, өзіңізді жұлдыздай сезінген сәтті есіңізге түсіріңіз. Бұл қандай оқиға еді? Жан дүниеңіз қандай сезімдерге тола болды? Қасыңызда сол сәтте кім болды? Сізге арнап жағымды сөздер айтты ма? Сонда не айтты? Қандай эпизод сіздің есіңізге түсіп тұр?… Есіңізге түсіріп болсаңыз, басыңызды изеңіз де, жайлап қана көзіңізді ашыңыз. Барлығымызда да еске түсетіндей кезеңдеріміз болды ма?

Енді біз түрлі-түсті қағаздан үлкен-үлкен жұлдыздарды ойып аламыз да, оның ішіне өміріміздегі сол бір кездегі жетістікке жеткен сәттерімізді мерейіміз тасыған шақтарды сурет етіп саламыз. Сіздің суреттеріңізде, сізге өте маңызды немесе сіздің жетістікке жетуіңізге көмектескен адамдар қатысуы мүмкін. Барлық жұлдыздар жинақталып, ватман қағазына жапсырылады.

Талдау:

Осы жаттығуды жасау барысында не сезіндіңіз?

Жетістікке жету жағдайын еске түсіру оңайға соқты ма?

Қалыпты өміріңізде жағымды және жағымсыз нәрселерді есіңізге жиі түсіресіз бе?

ҮІ. Топтық сұхбат «Қалпақтар» (рефлексия)

Мақсаты: Бұл тапсырма кері байланыс орнатуға үлкен септігін тигізеді. Сұхбат белсенді қатысуға мүмкіндік береді.

Шарты: қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топ жеребені алатын адамды таңдайды. Бұл қағазда «қалпақтың түсі жазылады». Егер сондай түсті қалпақтар болса, онда сұхбат қызық өтуі болжайды. Қалпақтар үйлестірілгеннен кейін тапсырма беріледі. Әр топ өткен трининге байланысты пікір айтады. Сұхбат ретімен өткізіледі.

Жасыл қалпақ. Ақыл-ой тұрғысынан тренинкке сипаттама беру. Тренингтен қандай мәлімет, ептілік алды. Өмірге не қажет, не керек емес. Қайда және қай жерде алынған мәліметтер мен ептілікті қолдануға болады.

Қызыл қалпақ. Тренингті эмоция мен сезім тұрғысынан сипаттау. Қай жері жағымды, ал қай жер жағымсыз сезімдер туғызды. Қай тапсырмалар өте эмоциялы болды?

Қара қалпақ. Жағымсыз кері байланыс беру: не ұнамағанын, не қызық болмағанын, ненің қажеті жоқ, нені өзгерту керек екенін айтады.

Ақ қалпақ. Жағымды кері байланыс беру: тренингте не ұнағаны, не пайдалы болғаны, қатысушылар өзі үшін қандай жетістіктерге жеткені туралы сипаттау қажет.

Топтарға талдау мен дайындықққа 5-10 минут беріледі. Уақыт өткен соң тапсырмаға байланысты тренинг туралы айтады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!