1 «А» сынып
жетекшісі: Жағалбай Рысгүл
Сүлейменқызы
Тәрбие
сағаты.
Тақырыбы:
«Өмір сыйлаған -Ана»
Мақсаты: 8-наурыз Халықаралық
әйелдер мерекесін атап өту. Адамда не қасиет болса
да,соның бәрі күннің көзі мен ананың ақ сүтінен жаралған. Балалар
бойына аналарға деген сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ақ
жаулықты аналарды құрмет тұтып, адал да парасатты ұлы мен қыздары
болуға тәрбиелеу. Балалардың жүрегіне « Ана» деген есімді мәңгі
ұялату мақсатын көздедім.
Көрнекілігі: зал мерекеге сай
әсем безендірілген. Интербелсенді тақта.
Барысы:
Ұйымдастыру
Кіріспе:
Бүгінгі «Өмір сыйлаған -Ана»» атты тәрбие сағатын ашық деп
жариялаймын.
Сіздерді көктемнің алғашқы айында
еліміздің барлық жерінде тойланатын
8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын
жүректен құттықтаймыз.Сіздерге әлемнің нұрын,
өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық
дүниенің мәні де, сәні де
сіздерсіздер!
Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты,
ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең
ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне
жетпейді. Анаңды Меккеге үш рет
арқалап
барсаң да, қарызын өтей алмайсың.Біздің
әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз
жан ол – анамыз.
Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген
шапағатты сөз еді.Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің
түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті,
бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған
ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен
өмірде?!
Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен
жаралған.
Олай болса, барша аналарымызды, әжелерімізді
мерекелерімен тағы да құттықтай отырып, сіздердің өлшеусіз зор
еңбектеріңіз үшін алдарыңызда басымызды
иеміз.
Келесі кезекте назарларыңызды
бейнероликке
назар аударуларыңызды
сұраймын.
Аналарымызды құрметтейік.Аналарымыз аман
болсын!
Жұмбақ
жасыру
Даладай кімнің
пейілі?
Данадай кімнің мейірі ?
(АНА)
Аналарымызға арналған
тақпақтарға кезек
берейік
Ақ қабақты
анашым,
Күн сәулелі
анашым.
Әлпештеген
баласын,
Айналайын
анашым
Бәрімізге
анасың
Біз үшін күн боп
жанасың.
Құтты болсын
мейрамың
Құттықтаймын
анашым.
Баланың да
тілегі,
Дананың да
тілегі,
Шаншымасын
ешқашан
Аналардың
жүрегі
Аспандағы
айымсың
Бақытыма
балаған
Құтты болсын
мерекең
Айналайын жан
анам.
Аялаған
анашым,
Мәпелеген
анашым.
Менің саған
тілегім
Қартаймашы
анашым
Дүниедегі ең ардақты асыл жан,
Анам менің мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан.
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан,
Бар жақсылық аналардан тараған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам
«Әнім сенсің, жан анам!»
ана туралы ән
айту.
Ән: «Мамочка моя» Орындайтын: Марат
Аянат
Көрініс «Дүниеде не қымбат?»
Әжесі- Қалампыр
Немересі-Алтынай
Немересі: -Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: -Адам қымбат, қалқам.
Немересі: -Адамға не қымбат?
Әжесі: -Бала қымбат, қалқам.
Немересі :-Балаға не қымбат?
Әжесі: -Ана қымбат, қалқам.
Немересі: -Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: -Сұрай ғой, қалқам.
Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: -Әже дүниеде не тәтті?
Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: -Дүниеде не қатты?
Әжесі: -Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса –ағайын жақын,
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарыңдасын.
Немересі:-Түсіндім, әже.
Дүниеде не қымбат екенін енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!
Тақпақтар
тыңдау
Мен анамды
сүйемін,
Сөзің ойға
түйемін.
Анашымды
ардақтап,
Басымды оған
иемін.
Ана біздің
күніміз
Ана біздің
гүліміз
Аналардан
тарайды
Біздің ана
тіліміз.
Құтты болсын ақ
анам
Сегізінші
науырызың!
Қасымда бол
әрқашан
Жансын жарық
жұлдызың,
Тілейді бақыт бір
саған
Әлпештеген ұл —
қызың.
Теңдесі жоқ
данасың
Арқа сүйер
панасың
Еңбегіңді
ақтаймын
Аман болшы
анашым
Ақ сүт берген
балаңа
Күш — жігерін
жұмсаған
Бұл өмірде жан
ана
Тең келеді кім
саған
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.
Ана мені дүниеге
әкелген
Ақ сүтіңнен нәр алып -ақ өсіп
ем
Балалықпен қанша тентек
болсамда
Мейіріммен барлығында
кешірген
Мен анамды
сүйемін,
Сөзің ойға
түйемін.
Анашымды
ардақтап,
Басымды оған
иемін.
Ән: Ақ мамам Орындайтындар: Қалампыр,
Ерназар
Әкелеріңнің, аналарыңның анасы
сендерге кім болады? ӘЖЕ
Әжелеріне арналған
тақпақтарды тыңдайық
Ақ жаулықты
әжемді
Ай жүзіне
теңедім
Мейірімін
таусылмас
Күн нұрына
теңедім.
Тоқыпты әжем алаша,
Бояуы қанық тамаша.
Көктемгі кемпірқосақты
Әжеміз жерге жасапты
Әпкем - әже баласы,
Әкем - Әже баласы.
Апамыздың ағасы –
Ол да әжемнің баласы.
Анам дейді мамашым:
Әже деген шамасы –
Аналардың анасы.
Менің әжем, гүл
әжем
Алтын әжем, күн
әжем
Анам үшін мен
үшін
Нағыз ана тілі
әжем.
Менің әжем, бұл
әже
Айтқан сөзі дәл
әжем
Аман болса
көреді
Қызығымды әлі
әже
Ән: «Ақ
әжем»
Мен анамды
сүйемін,
Сөзің ойға
түйемін.
Анашымды
ардақтап,
Басымды оған
иемін.
«Анажаным »
Орындайтын: Орунтурлы
Алтынай
«Мақал-сөздің мәйегі»
Аналар
туралы мақал-мәтел айту.
«Қыздарға гүл сыйлау» ойыны
Қорытынды
Ардақты, аналар, әжелер мен
апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар
әкелсін.Деңдеріңізге саулық, бала–шағаларыңызға амандық тілейміз.
Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін.
Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт–береке дарысын!
Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік
болсын!