Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары».
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты республикалық онкүндік декадада
7 Ә сыныбының «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» атты тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.
Әдісі: проблемалық, ой қозғау
Көрнекілігі: слайд,ой қозғау тапсырмалары, «Бейбітшіл ел – Қазақстан» моделі, қосымша көрнекіліктер.
Тәрбие сағатының барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі. ( оқушылар 2 топқа бөлінеді:ұлдар және қыздар)
Әнұран айтылады.
Ұстаз:
Балдаурен
-балалықтың балғын күні,
Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні.
Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,
Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі-
деп бүгінгі «Өмірдің
қауіпті қырлары және олардан өту
жолдары» атты тәрбие
сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1 жүргізуші: Досымжан
«Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір!
2 жүргізуші: Ақниет
«Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай
атамыз
айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап
ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп
келе жатқан қыз баланы
елдің көркі санаса, (күліп)
1 жүргізуші: Досымжан(күліп)
ал ер баланы елдің қорғаны санаған.
2 жүргізуші: Ақниет
Иә,
достар.Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да
бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін
түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің
өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп
өткізуді ойластырады.
Ұстаз:
Бүгін біздің мақсатымыз ешбір адамға: бала болсын , әйел адам болсын , зорлық-зомбылық жасалмайтын ел «Бейбітшіл ел - Қазақстан» атты елдің моделін құрып шығару.
II.Негізгі бөлім. Постер қорғау
1 жүргізуші: Досымжан
Ал, енді оқушылар үйге берген тапсырма «Өмірдің қауіпті қырлары және олардан өту жолдары» атты тәрбие сағатымызға қатысты постерлерін қорғайды.
2 жүргізуші: Ақниет
Жарайсың достар, үй тапсырмасына керемет дайындалыпсындар.
Ұстаз:
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.
1 жүргізуші: Досымжан
Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.
2 жүргізуші: Ақниет
Досымжан мен сенімен келісемін
Бәрінен де
керемет кез ол біздің бақытты балалық
шағымыз.
Балалық шақ -
бейбітшілік, ата-ана махабатына толы, бақытты
кезең.
Ұстаз:
Ендігі кезек Тулегенов Н. орындауында өлең.
Бақыт деген не өзі, білесің бе ?
1.Бақыт деген –
сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.
2.Бақыт жайлы
менің мынау білгенім.
Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол – тәрік еткен түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
3.Бақыт деген –
әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін
бақыт деген дәл қазір –
Бақыт жайлы жазған мына сөздерің.
Видеоролик «Cен бақыттысың.....»
1 жүргізуші: Досымжан
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».
2 жүргізуші: Ақниет
Достар зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).
Бірғаным - Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
Нұрдаулет- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
Зере- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
1 жүргізуші: Досымжан
Достар қалай ойлайсыздар
1. Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? (Дария жауап береді)/мазақтайды, күледі/ Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) , жолдасын төмендетіп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.
2. Кімді жиі ренжітеді? (Жандос жауап береді)
Кішілерді, әлсіздерді, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленетіндерді.
3. Қаталдық көрсетудің себебі? (Дарига жауап береді)
Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.
4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді? (Баршын жауап береді)
Қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді.
5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба? (Арай жауап береді)
Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу.
6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек? (Аят жауап береді)
Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен.
7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады? (Е.Шұғыла жауап береді)
Әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету.
2 жүргізуші: Ақниет
Достар «Өміріміз жақсы болу» не керек.
( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)
1. Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. (Ғ.Нурсултан айтады)
2.Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Егер бала отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алса, онда бұл да зорлық зомбылықты жоюдың бір ісі деп ойлаймыз. (Асылжан айтады)
3.Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. . (Сауат айтады)
4.Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. . (Х.Димаш айтады)
5.Менің ойымызша ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуібалаға жеткілікті болса, онда бұл да зорлық зомбылықты жою әдісі деген ойға келіп отырмыз. . ( Қ.Димаш айтады)
6.Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. . (Ұлдана айтады)
7.«Әке- асқар тау,
Ана- етегіндегі бұлақ,
Бала-жасындағы құрақ»-деп тегін айтылмаған болар.Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген,жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. Сондықтанда, жанұяда тығыз қарым-қатынас болу керек. (Нұрай айтады)
Ұстаз: Ал, балалар барлығынды бірігуге шақырамын.Олай болса "Бірігу", видеоролигін көрейік.
Ұстаз: Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда , одан «ешкімнің де ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіні көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не анасының отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.
Зорлық көрсету ол әлсіз адамдардың қаруы екені барлығына мәлім. Жалпы отбасындағы зорлық - зомбылық әміршіл билік пен шектен тыс бақылаудың нәтижесінде пайда болады. Ойланыңыздаршы, қай уақытта көбінесе отбасыларында зорлық зомбылық болады? Егерде бала ата – анасының айтқанын тыңдамай теріс қылықтар көрсетсе, ата – анасы баламен тіл табыса алмай көбінесе тәрбиенің қате және жеңіл түрі зорлық көрсетуге жүгінеді.
Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.
1 жүргізуші: Досымжан
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі.
Олай болса көрініс.Жаңадан келген оқушының сыныбынан көрген зардабы.
2 жүргізуші: Ақниет
Ал, енді оқушыларымыздын тәрбие сағатымыздые тақырыбына сәйкес үш тілде өлең шумақтарына кезек берейік.Ортада, Анель,Алия, Диар, Альрами,Райымбек, Әмірбек,Ермек.
Ұстаз: «Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас, әрбір отбасы үлгілі, балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған, балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.
III. Қорытынды. Ән.Орындайтын Сабден Ақниет