Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
омырткалылар зоология
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жалғыз көзді глосса-Камбала-глосса-Hippoglossus glossodon
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд:Камбалатәрізділер-Камбалаобразные-Pleuronectiformes
Тұқымдас:Камбалалар-Камбалы-Pleuronectidae
Туыс: Камбала-Пальтус-Hippoglossus
Түр:Жалғыз көзді глосса-Камбала-глосса-Hippoglossus glossodon
Жалғыз көзді глосса -Теңіз су түбі балығы. Жазда үйірлер құрса, қыста шұқырларға «банка» көптеп шоғырланады. Денесі биіктеу қабыршақпен қапталған. Жоғарғы беті сұр-қоңыр, астыңғы беті көгілдір. Ұзындығы 50 см дейін, 500 м тереңдікке дейін тіршілік етеді. Уылдырық шашуы сәуір-маусым айларында 40-70 м тереңдікке салады. Уылдырық саны 230 мың. Қорегі моллюска, майда балық, құрттар. Аралда кәсіптік балық есебінде ауланады. Денесі симметриялы. Денесі қабыршақтан басқа бес қатар «түймелермен» қапталған. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жоғарғы қалағы ұзындау.
Жыланбасбалық-Змееголов-Ophiocephalus argus
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд:Жыланбастәрізділер-Змееголовобразные-Ophiocephaliformes
Тұқымдас:Жыланбасбалықтар-Змееголовые-Ophiocephalidae
Туысы: Жыланбасбалық-Змееголов-Ophiocephalus
Түр: Жыланбасбалық-Змееголов-Ophiocephalus argus
Жыланбасбалық - тұщы суларда өсетін балық. Ұзындығы 85 см дейін, массасы 7 кг дейін болады. Тоған шаруашылықтарында жақсы өсетіндіктен Әмудария, Сырдария су алаптарында жерсіндірілген. Жыланбастар тұқымдасының жалғыз өкілі. Амур су қоймасынан Сырдария су қоймасына жерсіндірілген, қазір Оңтүстік Қазақстанның көптеген тоспа жылы суаттарында мекендейді. Әдеттен тыс сыртқы түрінен басқа, жыланбаста көптеген ерекше қасиеттер бар: солардың бірі - атмосфералық ауамен тыныс алу. Сондықтан құрлыққа шығып, кепкен бір суаттан екіншісіне бара алады. Жас кезінде ұсақ омыртқасыздармен, есейе келе, балықтар, бақалармен қоректенеді. Бұл - мешкей жыртқыш.
Арал тікенектісі-Аральская колюшка-Pungitius platygaster
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд:Тікенектәрізділер-Колюшкообразные-Gasterosteiformes
Тұқымдас:Тікенектілер-Колюшковые-Gasterosteidae
Туыс:Тікенекті-Колюшка-Pungitius
Түрі: Арал тікенектісі-Аральская колюшка-Pungitius platygaster
Арал тікенектісі-тұщы және тұзды су қоймаларында тіршілік етеді. Уылдырығын көктемде ұяларға салады. Майда балықтар. Қорегі алуан түрлі. Арқа қанаты бірдей, жақтары күшті ұзарған. Жоғарғы жағы күрек тәрізді жалпақтау, ал төменгі жағы ұзындау, өткір тістері бар. Желбезек қақпағы қабыршақпен қапталған. Денесінде жалпақтау қара жолақтары бар.
Кәдімгі шортан-Обыкновенная щука-Esox lucius L
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Шортантәрізділер-Щукообразные-Esociformes
Тұқымдас: Шортандар-Щуквых-Esocidae
Түр: Кәдімгі шортан-Обыкновенная щука-Esox lucius L
Кәдімгі шортан-Шортанның бас бөлімі ұзын, құйрық жүзбеқанатын есептемегенде дененің 24-36% құрайды, тұмсығы созылыңқы. Дененің ең үлкен биіктігі 10-22,3% мөлшерінде. Дене ұзындығы 39-85 см, толық дене массасы 0,8- 6,3кг. Аузы үлкен, өткір тістерімен жабдықталған. Астыңғы жақ сүйектері шығыңқы. Жоғарғы жақтың артқы бөлігі бос. Желбезек доғалары бір-бірімен байланбаған және желбезек аралықтарынан бос тұрад. Екі жағы қабыршақтармен қапталған, ал желбезек қақпағы тек үстіңгі жағында . Арқа жүзбеқанаты дененің кейінгі жағында орналасада. Денесі ұршық тәріздес, сұр – жасыл, сұр – сары немесе сұр–қоңырқай түсті, жоны қаралау, бүйірлері мен құрсақ бөлігі ақшылтым болып келеді. Бүйірлерінде қаралау келген дақтар болады, кейде олар көлденең сызықтар бойымен орналасады. Сыңар желбезектерінде қара дақтар болады.
Шөңгелі бекіре-Шип-Asipenser nudiventris L.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Бекірелер-Осетровые-Asipenseriformes
Тұқымдас: Бекірелер-Осетровые-Asipenseridae
Туыс: Бекірелер-Осетры-Asipenser
Түр: Шөңгелі бекіре-Шип-Asipenser nudiventris L.
Шөңгелі бекіре-Көшпелі балық. Жыныстық жағынан 12-14 жасында жетіледі. 2-3 жылда бір рет уылдырық шашады. Сырдарияға ересек балықтардың қоныс аударуы жаздың екінші жартысында басталатын, ал Іледе – сәуірдің ортасынан – қарашаға дейін өтетін. Сол кезде жыныстық жағынан толық өзендерде жетіледі. Бекіре шұңқырларда қыстап шығады. Арал популяциясы уылдырықтарын наурыз айының аяғында – маусымда су температурасы 10-150°С болғанда тасты немесе қиыршақ топырақты жерлерге шашады. Іле популяциясы уылдырықтарын су температурасы 10-120°С болғанда шашады. 5 күнде уылдырықтардан майда шабақтар шығады. Уылдырықтардың диаметрі 1.5-3 мм.
Шоқыр- Севрюга- Asipenser stellatus Pall
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Бекірелер-Осетровые-Asipenseriformes
Тұқымдас: Бекірелер-Осетровые-Asipenseridae
Туыс: Бекірелер-Осетры-Asipenser
Түр: Шоқыр- Севрюга- Asipenser stellatus Pall
Шоқыр - Қара, Азов теңіздерінде тіршілік етеді. Қазақстанда Каспий теңізінде, оған құйылатын Жайық өзенде таралған. Дене пішіні жебе сияқты созылған. Тұмсығы ұзын, мұртшасы қысқа. Арқасы бүйір сүйектеріне дейін қара, бауыры ақшыл түсті. Балықтың ұзындығы 160 см, салмағы 14 кг-дай. Ұзындығы 220 см, салмағы 68 кг-ға дейін болатын түрлері бар. Көктем мен күзде, сәуір айынан бастап, тамызға дейін уылдырық шашады. Уылдырық шашып болған ересек балықтар мен шабақтары теңізге ойысады да, мұнда қорек іздеп, қоныс аударып отырады. Майда шабақтары зоопланктонмен, ал ересектері ұсақ балықтармен және моллюскалармен қоректенеді. Еті, уылдырығы – дәмді тағам, торсылдағынан желім дайындалады.
Сырдария жалғанкүректұмсығы-Сырдарьинский лопатонос- Pseudoscaphiynchus fedtschenkoi K.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Бекірелер-Осетровые-Asipenseriformes
Тұқымдас: Бекірелер-Осетровые-Asipenseridae
Туыс:Жалғанкүректұмсықтылар-Лжелопатонос- Pseudoscaphihyn-chus
Түр: Сырдария жалғанкүректұмсығы-Сырдарьинский лопатонос- Pseudoscaphiynchus fedtschenkoi K.
Құрып бітудің қарсаңындағы немесе тіптен құрып біткен, өте сирек кездесетін эндемикті түр. Бұрын Сырдария су алқабын Қарадариядан сағасына дейін мекендеген. Қазақстанда әрқашанда сирек болатын, ал соңғы 25 жылдан осы уақытта, Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. 1980-шы жылдарғы ол туралы хабарлар нақтылы деректермен берілмеген. Нашар зерттелген. Ұзындығы, құйрық желісінсіз, 27 см жетеді. Қолдан өсірілмеген. Уылдырығын көктемде тастақты су түбіне салады. Негізінен су насекомдарымен қоректенеді.
Кәдімгі жайын-Сом-Silurus glanis L
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд:Тұқыбалықтәрізділер-Карпообразные-
Cypriniformes
Отряд тармағы:Жайындар-Сомовидные- Siluroidei
Тұқымдас: Жайындар-Сомовые-Siluroidae
Туыс:Жайын-Сом-Silurus
Түр: Кәдімгі жайын-Сом-Silurus glanis L
Кәдімгі жайын - жайынның түсі, әдетте, жасыл тектес ашық қоңыр, арқасы қара, бауыры ақ, бүйірінде түрлі дақтары болады. Басы жалпақ, үлкен, кеудесі қысқа, ұзын құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, арқа қанаты кішкентай, құйрық қанаты астыңғы-үстіңгі қалақшаға бөлінбеген, ал құйрық асты (аналь) қанаты өте ұзын келеді. Жақтарында өте майда, көп қатарлы тістері бар. Үстіңгі жақтарында екі ұзын, ал астыңғысында қысқалау төрт мұртшалары болады. Жайын 40 жылдай тіршілік етеді. 3 – 4 жасында (ұзындығы 45 – 60 см болғанда) жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (11 – 480 мыңдай) су температурасы 18 – 20°С болғанда су түбіндегі шөп арасына шашады. Торсылдағын желім жасауға пайдаланады.
Арал щөңгесі-Аральская шиповка-Cobitis aurata aralensis K.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд:Тұқыбалықтәрізділер-Карпообразные-Cypriniformes
Отряд тармағы: Тұқылар-Карповидные- Cyprinoidei
Тұқымдас: Шырма балықтар-Вьюновые-Cobitidae
Туыс: Щөңгелілер-Шиповки-Cobitis
Түр: Арал щөңгесі-Аральская шиповка-Cobitis aurata aralensis K.
Арал щөңгесі -Уылдырық шашуы жазда. Қорегі су түбі жәндіктері. Мұртшалары жоқ, егер болса екі жұптан кем емес. Дунай төменгі ағысы, Дон, Кубан өзен бассейндері, Закавказье, Орта Азия өзендері мекендерінде тіршілік етеді.
Дөңмаңдай-Толстолобик-Hipophthalmichthys Molitrix Valenciennes
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд:Тұқыбалықтәрізділер-Карпообразные-Cypriniformes
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Түр: Дөңмаңдай-Толстолобик-Hipophthalmichthys Molitrix Valenciennes
Дөңмаңдай - дене тұрқы 1,2 м-дей, салмағы 40 кг-нан асады. Жыныстық жағынан 5 – 7 жасында жетіледі. Мамыр – маусым айларында 4 млн-ға жуық уылдырығын түбі құмайт не тасты, ағынды су ішіне шашады. Дөңмаңдайдың шабақтары балдырлармен және ұсақ су жәндіктерімен қоректенеді. Дөңмаңдайдың кәсіптік маңызы бар.
Сазан-Сазан-Cyprinus carpio L.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд:Тұқыбалықтәрізділер-Карпообразные-Cypriniformes
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс: Сазан-Сазан-Cyprinus
Түр: Сазан-Сазан-Cyprinus carpio L.
Сазан-сазанның қабыршағы ірі, аузының екі езуінде мұртшалары бар, жұтқыншақ тісі жақсы дамыған. Қазақстанда 2 түр тармағы: Еуропа cазаны (Cyprinus carpio carpio) және Арал сазаны (Cyprinus carpio haematopterus) бар. Біріншісі – Жайық, Жем, Еділ өзендерінде, Шалқар мен Каспий теңіздерінің құяр жеріндегі өзендерде; ал екіншісі Арал теңізі, Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің бойында тараған. Ересектерінің ұзындығы 40 – 45 (кейде 100) см-дей, салмағы 2,5 (ірілері 20) кг-дай болады. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (аналығының көлеміне қарай, ірілері – 1,5 млн-дай) 2 – 3 бөліп, тереңдігі 1,5 – 2 м-дегі өсімдіктерге, көбінесе тереңдігі 0,5 м-дегі жайылма судағы шөп үстіне шашады.
Алтын мөңке-Золотой карась-Carassius carassius L
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд:Тұқыбалықтәрізділер-Карпообразные-Cypriniformes
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс: Мөңке-Карась-Carassius
Түр: Алтын мөңке-Золотой карась-Carassius carassius L
Алтын мөңке - Сібір,Қазақстанда тіршілік етеді. Жәй ағатын өзендер, тоған, көл, ескі қашыртқы суларда тіршілік етіп, су түбі жәндіктері, су өсімдіктерімен қоректенеді. Жазда уылдырық шашады. Кәсіптік балық. Салмағы 3 кг дейін. Бірінші желбезек доғасында сүзгілер саны 39 кем емес.
Күміс мөңке-Серебрянный карась-Carassius auratus
gibelio B
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд:Тұқыбалықтәрізділер-Карпообразные-Cypriniformes
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс: Мөңке-Карась-Carassius
Түр: Күміс мөңке-Серебрянный карась-Carassius auratus gibelio B
Күміс мөңке-арқа қанаты ұзын болады. Жыныстық жағынан бозша мөңке 3-4 жасында жетіледі. Уылдырық шашуды мамырдың аяғында бастап, тамызда аяқтайды. Бозша мөңке шамамен 350 мың уылдырық шашады. Бозша мөңке уылдырығын жағалаудағы өсімдіктерге, қамыс пен қоғаның түбіне, су асты шөптерге шашады. Бозша мөңкенің өзіне тән қызықты ерекшелігі бар. Балықтың бұл түрінің аналығы аталығының қатынасынсыз уылдырық шаша береді, ал сол шашылған уылдырықтар балықтардың басқа түрлерінің шоғалының құйылуы (сазан, табан, шортан, алабұға) арқылы да жетіле береді. Бозша мөңке хирономидтің ұсақ дернәсілдерімен және су өсімдіктерімен қоректенеді. Мөңке қола өсіруге бейім балықтың түрі..
Арал қаязы-Аральский усач-Barbus brachycephalus K.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс: Қаяздар-Усачи-Barbus
Түр:Арал қаязы-Аральский усач-Barbus brachycephalus K.
Арал қаязы- уылдырық шашуға жазда өзендерге көтеріледі. Қорегі негізінен су жәндіктері. Азайып кеткен, қолдан өсіріп көбейтуде. Арқа қанаттарында бұтақталған сәуле бар. Антедорсальды ұзындық постдорсальдықтан ұзын.
Түркістан қаязы-Усач булат-май-Barbus capito G.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс: Қаяздар-Усачи-Barbus
Түр: Түркістан қаязы-Усач булат-май-Barbus capito G.
Түркістан қаязы -денесінің ұз. 70 см, салм. 5,3 кг-ға дейін жетеді, 10 жылдай тіршілік етеді. Жыныстық жағынан 4 – 6 жылда жетіледі. Су температурасы 16 – 23ºС-қа жеткенде, сәуір айының аяғынан шілдеге дейін уылдырығын (195 мыңға дейін) топырақты-тасты жерлерге шашады. Негізінен өсімдіктермен және балдырлармен, хирономидтердің, жылғалықтардың, мизидтердің, креветкалардың дернәсілдерімен, сондай-ақ ұсақ балықтармен қоректенеді. Т. қ-ның еті бағалы болғанымен, саны өте аз, сондықтан кәсіптік маңызы шамалы. Оның жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Тікен қанат-Остролучка-Capoetobrama kuschakewitschi K.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс: Тікен қанат-Остролучка-Capoetobrama
Түр:Тікен қанат-Остролучка-Capoetobrama kuschakewitschi K.
Тікен қанат-туыстың тек Арал су алқабында тіршілік ететін жалғыз түрінің эндемикті түршесі. Аз зерттелген, сирек кездесетін балық, мүмкін жойылып біткен де шығар. Денесінің ұзындығы 16 см артпайды. Табиғи таралу аймағы - Бішкек қаласынан төменгі Шу өзенінің су алқабы. 1960 жылдан бері бұл балық туралы нақтылы деректер жоқ. Осы су алқабының Қазақстандағы бөлігінде 1990-1993 жылдардың әртүрлі маусымдарында арнайы зерттеулер ешқандай нәтиже бермеді. Қолдан өсірілмеген. Арнайы қорғау шаралары белгіленбеген.
Қылышбалық-Чехонь-Pelecus cultratus L.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс: Қылышбалық-Чехонь-Pelecus
Түр: Қылышбалық-Чехонь-Pelecus cultratus L.
Қылышбалық -дене тұрқы 48 см, салмағы 1,1 кг-ға дейін. Арқасы сәл дөңестеу, денесі ұзынша әрі екі бүйірінен қысыңқы. Құрсағында (тамағынан аналь тесігіне дейін) өткір қыры (киль) созылып жатыр. Қабыршағы майда әрі нашар бекіген. Көкірек жүзбе қанаттары ұзын әрі құрсақ жүзбе қанаттарына дейін созылған. Ересектерінің аузы жоғары қараған. Арқасы жасыл көк, бүйірі ақшыл түсті. Жыныстық жағынан көпшілігі 3 жылда, ұзындығы 16 см-дей болғанда жетіледі, араларында 1-2 жыл кешігіп жетілетіндері де кездеседі. Аталықтары мен аналықтарының сандық қатынасы барынша ауыспалы.
.
Арал майбалығы-Аральская шемая-Chalcalburnus chalcoides aralensis B.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс: Майбалықтар-Шемаи-Chalcalburnus
Түр: Арал майбалығы-Аральская шемая-Chalcalburnus chalcoides aralensis B.
Арал
майбалығы-ересектерінің ұзындығы 19 –
27 (31) см, салмағы 158 – 232 г.Дене бітімі ұзынша
келген,қабыршағы ұсақ. Астыңғы жақ сүйегінің жоғарғы жағы
жалпақтау және үстіңгі жақ сүйегіне қарағанда шығыңқы.
Басы мен арқа жағы қара түсті, көк түске құбылып
тұрады. Екі бүйірі мен құрсақ
тұсы күміс тәрізді ақ. Арқа және құйрық жүзбе
қанаттарының жиегінде қара көмкерме сызығы
бар.
Жыныстық жағынан 2 – 6 жылда жетіледі. Бұрын көпшілігі уылдырығын теңіздің жағалауларына, өзеннің сағасына шашатын. Қазіргі уақытта Сырдарияның төменгі ағысындағы көлдерде көбейеді.Уылдырығын (18,2-73,9 мың) мамыр-маусым айларында су температурасы 15°С болғанда,тереңдігі 0,5-2 м су түбіндегі тастарға шашады.
Тран-Лещи-Abramis brama L.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс:Трандар-Лещи-Abramis
Түр: Тран-Лещи-Abramis brama L.
Тран-тұрғылықты және жартылай тұрғылықты түрлері кездеседі. Жалаңаш төс қыры құрсақ жүзбеқанаттарынан соң орналасқан, анал жүзбеқанаттары ұзын. Еуразия су қоймаларында 3 түрі таралған: бентофаг табан балық, ақкөз балық және планктонофаг көктыран. Ең кең таралғаны табан балық. Дене ұзындығы 50 см, салмағы 5 кг дейін. Солтүстік, Балтық, Ақ Баренц, Қара, Азов, Каспий және Арал теңіздері бассейінін тұрғылықты және өтпелі түрлерін құрайды. Бағалы кәсіпшілік балықтар. Жыныстық жағынан 2 – 4 жасында жетіледі. Уылдырығын шілденің соңы – тамыздың басында (жасы, көлеміне қарай 383 мыңдай), су температурасы 14°С болғанда, судың таяз, шөбі қалың жерлеріне салады.
Айнакөз-Белоглазка-Abramis sapa P.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс:Трандар-Лещи-Abramis
Түр: Айнакөз-Белоглазка-Abramis sapa P.
Айнакөз -ұзындығы 15-18 см, кейде 33 сантиметрге дейін болады. Қара теңізде, Дунай, Днепр, Днестр, Дон, Еділ, Терек өзендерінде, ал Қазақстанда Каспий, Арал теңіздерінде және Жайық өзендерінде кездеседі.Тұщы су мен теңізді жайлайтын 2 түрі бар. Екеуі де уылдырығын тұщы суға шашады. Дене тұрқы 15-25 cм, кейде 33 см, салмағы 800 г-нан аспайды. Теңіз ақкөз балығы уылдырық шашу үшін күз бен қыста өзенге ауысады. Сәуір мен Май айларында судың температурасы 12-15˚C-қа жетісімен өзен арнасына уылдырық шаша бастайды. Қазіргі таңда бұл балық түрінің саны өте аз. Кәсіптік бизнес жасауға қолайсыз.
Жолақты жылдам балық-Полосатая быстрянка-Alburnoides taeniatus K
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс:Жылдам балық-Быстрянка-Alburnoides
Түр: Жолақты жылдам балық-Полосатая быстрянка-Alburnoides taeniatus K
Жолақты жылдам балық-аналь тесігі алдында қабыршақсыз, «қыр»болмайды. Желбезек қақпағында радиальды жолақ болады. Орта Азия мен Қазақстанның өзен көлдерін мекендейді.
Ақ амур-Белый амур-Ctenopharyngodon idella V.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс:Жылдам балық-Быстрянка-Alburnoides
Түр: Ақ амур-Белый амур-Ctenopharyngodon idella V.
Ақ амур -дене тұрқы 1 м, салмағы 32 кг-нан асады. Тұрқы жұмырлау,мұрты жоқ, маңдайы жалпақ, аузы сәл төмен қараған. 3-6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр-шілде айларында өзен ағысымен жоғары өрлеп, уылдырық (2,5 млн-ға дейін) шашады. Уылдырық ағыспен ағып су қабатында дамиды. Шабақтары балдырлармен, ұсақ су жәндіктерімен, ал ересектері су өсімдіктерімен (қамыс, қоға т.б.) қоректенеді. Амур өзенін және оның салаларын мекендейді. Ақ амур — кәсіптік маңызы бар балық. Тоғандық балық шаруашылығында тұқымымен бірге өсіріледі.
Қызылқанат-Красноперка-Scardinius erythrophtalmus L.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс:Жылдам балық-Быстрянка-Alburnoides
Түр: Қызылқанат-Красноперка-Scardinius erythrophtalmus L.
Қызылқанат-тұщы су балықтары. Денесі екі жағынан тығыздалып, қабысқан, биік. Дене ұзындығы 36 см дейін, салмағы 1,5 кг дейін. Қос, аналдық, құйрық жүзбеқанаттары алқызыл. Батыс Еуропаның, Грецияның және Шотландияның баяу ағысты тұщы суларында таралған. ТМД кеңістігінде, Балтика, Азов, Қара, Каспий, Арал теңіздерінің бассейндерінде таралған. Жыныстық жетілуі 3-5 жылға созылады. Уылдырығын бөліп, сәуір, маусым аралығында шашады. Өсімталдығы 96-232 уылдырық. Балдырмен және бентоспен қоректенеді.
Торта-Плотва-Rutilus rutilus L
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс:Торталар–Плотвы–Rutilus
Түр: Торта-Плотва-Rutilus rutilus L
Торта-торта Еуропада,Батыс және Солтүстік Азияда таралған. Қазақстанның су айдындарында кең тараған, негізінен тұщы суларда болады..
Тортаның ұзындығы 50 см, салмағы 1500 г. Жыныстық жағынан 3 – 5 жасында жетіледі. Уылдырығын (2,5 – 147 мыңдай) сәуір – мамыр айларында шашады. Тұщы суда тіршілік ететіндері планктон және бентоспен, ал өткінші түрлері негізінен қосжақтаулы моллюскалармен және шаянтәрізділермен қоректенеді.
Ақмарқа-Жерех-Aspius aspius L.
Тип: Хордалылар-Хордовые- Chordata
Тип тармағы: Омыртқалылар- Позвоночные-Vertebrata
Класы: Балықтар-Рыбы-Pisces
Отряд: Тұқылар-Карповидные-Cyprinоideі
Тұқымдас:Тұқылар-Карповые-Cyprinidae
Туыс:Торталар–Плотвы–Rutilus
Түр: Ақмарқа-Жерех-Aspius aspius L.
Ақмарқа-дене тұрқы 70 см, салмағы 7 кг-дай. Тұрқы ұзын, екі бүйірі сәл қысыңқы. Астыңғы жақтарының ұшындағы кішкентай бұдырмақ оның үстіңгі жақтарының қосылған жеріндегі ойыққа дәл келеді. Бауырының құрсақ қанаттарынан кейінгі жері қырлы, арқасы боз жасыл, екі бүйірі күміс түстес, бауыры ақ болады. Балтық теңізі мен Қара теңізде кездеседі. Қазақстанда Ақмарқаның 2 түршесі бар: Бір түршесі – Каспий су алабында (Балқаш – Іле су алабында жерсіндірілген); екіншісі – Арал теңізінде, Сырдариямен Сарысу, Шу өзендерінде тіршілік етеді. Ақмарқа 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын(300 мыңға дейін)сәуір –мамырда өзендердің ағысты, майда тасты жеріне шашады. Шабағы майда омыртқасыздармен, ересектері шабақтармен, майда балықтармен қоректенеді.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Жаратылыстану факультеті
«Биология,география және химия» кафедрасы
Арал өңірі омыртқалы жануарларының түрлік құрамы
мен сипаттамасы
Қызылорда, 2018 ж
SHATTYQ@BK.RU KANZADA