Материалдар / "Он саусақтан өнер тамған..."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Он саусақтан өнер тамған..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлттық тәрбие беру бағытында қазақтың ұлттық ою-өрнектерін дәріптеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2023
486
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Он саусақтан өнер тамған.

Мақсаты: оқушыларды шеберлікке баулу, өз ұлтының мәдени мұрасын қадірлеп, қастерлеуге , ұлттық дәстүрді сыйлауға тәрбиелеу.

Түзету білімділік :алған білімдерін практикамен байланыстыра отырып,ойларын тұжырымдай білуге,үнемділікке біткен іске талдау жасай білуге ойлампаздыққа үйрету.

Түзету дамытушылық :өнер туындыларын эстетикалық талғаммен қабылдау қабілеттерін,өнерге қызығушылықтарын,шығармашылық белсендіктерін арттырып,бұйым жасау түрлеріндегі іс-әрекетке білімі мен шеберліктерін дамыту.

Түзету тәрбиелік :бұйымның тиімділігі мен қажеттілігін түсініп,топтаса отырып эстетикалық шығармашылықпен жұмыс істеу кезінде уақытты тиімді пайдаланып,жинақтылыққа ,төзімділікке, икемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, ой бөлісу, шебер сынып.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, түрлі түсті оюлар.

Құрал – жабдықтар: Жіп, ине, қайшы, түрлі – түсті қағаз, плакат, көпшік,кесе

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру бөлімі.

Балалар, бүгінгі сабағымызда мұқият тыңдап,анық сөйлейік!

Алдымен кезекші дыбыстарымызды қайталап өтейік!

Кезекші дыбыстар қандай? З,Ж

Кезекші дыбыстарға сөздіктер: зергер, киіз үй,қазақтың ұлттық оюлары, қошқармүйіз, жануар тектес, жауқазын.

Жарайсыңдар,балалар!

Тәрбиеші:  «Өнер-таусылмас азық, байлық» - демекші, қазақтың қолөнері шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.«Өнерлінің өрісі кең » демекші қазақ халқы қыздарының әсем де әдемі, шебер де өнерлі болғанын қалаған. Бүгінгі сабақ сіздер үшін тәлім – тәрбиесі мол қазақ халқының ұлттық болымысын – ою-өрнек тақырыбын насихаттауға арналады.

Балалар қазақ өнерінің түрі көп, бірақ бүгінгі сабағымызды біз қазақтың ою өнеріне арнаймыз.

«Ою ойғанның – ойы ұшқыр» дегендей біз бүгінгі сабақта оюдың түрлерімен танысып, оюды қандай бұйымдарды сәндеу үшін қолданғанын және өз қолымызбен алдымыздағы бұйымдарға ою жапсырамыз.

Алдымен оюдың қандай түрлері бар екен сонымен танысып алайық. Балалар,мұқият сөйлеп,анық айтамыз!

--Балалар, тақтадағы мақал-мәтелдерге уөңіл бөліп,қайталап оқып шығайық!

(тақтадағы мақал-мәтелдерді оқып шығады).


Зарина Ақниеттен сұрашы:

Ақниет, ою –өрнектер неше түрге бөлінеді?

Ақниет: - төрт түрге бөлінеді?

Ақниет, Еліктен сұрашы:

Елік,қандай ою-өрнек түрлерін білесің?

Елік; - жануар тектес,өсімдік тектес,ғарыштық-геометриялық ою-өрнектер.

Жарайсыңдар, балалар!

Енді балалар, тақтаға назар аударайық! Балалар, мұқият сөйлеп,анық айтамыз!

Тақтада ою-өрнек түрлерінің суреттері бар. Осы оюлардың ішінен жиі кездесетін ою түрлерінің мағынасын ашайық.

Зарина:

  • Қошқар мүйіз оюы – молшылықты білдіреді, «Ағаш» оюы – ынтымақты,бірлікті білдіреді.

Елік:

  • «Ирек» оюы – адамның өмір жолы мағынасын береді.

Ақниет:

  • «Су», «Шеңбер» оюлары – жарық, өмір жолы мағынасын береді.

Жарайсыңдар балалар!

Тәрбиеші: Енді балалар, сабағымыздың келесі бөлімі шеберлік өнерімізге арналады. Сіздердің алдарыңызда керекті құрал-жабдықтар бар осыларды пайдаланып текеметке, көпшікке,кесеге ою жапсырамыз.

Балалар, техникалық қауіпсіздікті мұқият сақтаймыз! Инемен,қайшымен,клеймен жұмыс жасағанда мұқият боламыз!

Зарина,Елік,Ақниет текемет пен көпшікке ою жапсырады.

Әдемі кесеге ою жапсырады.

Назира берілген ою түрлерін бояп,әдемілейді.

Жарайсыңдар, балалар!

Зарина, жасаған текеметіңді көрсетіп, қандай ою түрлерін қолданғаныңды түсіндіріп берші.

Зарина; - мен текеметке қошқармүйіз оюын, ирек оюын, шеңбер оюын, жауқазын оюын қолдандым.

Жарайсың, Зарина!

Елік, көпшікке қандай ою түрлерін жапсырдың?

Елік; - қос мүйіз, ағаш оюы, жиекті ирек оюын қолдандым.

Жарайсың, Елік!

Әдемі, кесеге қандай ою түрлерін жапсырдың?

Әдемі: - қошқар мүйіз, ағаш оюын қолдандым.

Жарайсың,Әдемі!

Назира да өзінің бояп,әдемілеген оюын-өрнегін көрсетеді.

Жарайсыңдар балалар!

Енді балалар,сабағымызды қорытындылайық.

Балалар,

-Ою-өрнектерді қандай бұйымдардан көрдіңдер?

Зарина: - текеметтен, көрпе-жастықтан, ыдыс-аяқтан, ұлттық киімдерден.

-Ою-өрнек орысша қалай аталады?

Ақниет: -« Орнамент» деп аталады.

Елік, бүгін сабағымызда не үйрендік?

  • Бүгінгі сабақта біз ою-өрнек түрлерімен таныстық, түрлі бұйымдарды ою-өрнекпен әшекейлеуді үйрендік.

Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа барлығың да жақсы қатынастыңдар,сабақ аяқталды,сау болыңдар!





































Тақырыбы: Әдептілік-әдемілік белгісі.


Мақсаты::
Түзету білімділік
:оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, адам бойындағы ұнамды қасиеттерді сіңіріп, ұнамсыз қылықтардан жирену сезімін тудыру арқылы әдеп әліппесін бойларына дарыту.
Түзету дамытушылық: тіл байлықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Түзету тәрбиелік: адамгершілікке, кішіпейілділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Өз - өздерін басқаруға, еркіндікке машықтандыру.
Сабақтың әдіс - тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай ұлағатты сөздер,суреттер,кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы.Ұйымдастыру бөлімі.

Тәрбиеші: Қайырлы күн, балалар! Балалар шеңберге тұрайық достарымызбен қол ұстасайық!

Барлығымыз жақсы көңіл – күйде бір- бірімізге тілегімізді айтайық!

Бір – бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Мейірімді жүрекпен
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық!

Балалар, бүгінгі сабағымызда мұқият тыңдап,анық сөйлейік!

Алдымен кезекші дыбыстарымызды қайталап өтейік!

Кезекші дыбыстар қандай? Ш,Ч

Кезекші дыбыстарға сөздіктер: шапан,шана,человек,чемодан.

Тәрбиеші: Бүгінгі біздің «Әдептілік – әдемілік белгісі» атты тәрбие сағатымыз тақырыбынан көріп отырғанымыздай әдептілік, мәдениеттілік, ізгілік жайында болмақ. Әдепті болу деген сөздің мағынасы өте кең. Олай дейтініміз: адамның жасаған әрбір іс – қимылы, жүріс – тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін - өзі ұстай білуі оның әдептілігі, мәдениеттілігі . Ендеше бүгінгі осы тәрбиелік шарамызда біз көптеген мағлұматтар алып, ойларымызды кеңейтіп, сіздерге кішкене де болса болашаққа жол көрсетерміз деп ойлаймын.

Балалар, бүгінгі сабағымызда кездесетін сөздермен танысайық.

Сөздік: кешірімді (уметь прощать), үлкенді сыйлау (уважать страших), амандасу (здороваться), кішілерге қамқор (помогать младшим), сабырлы(сдержанный), таза болу (чистоплотный), мейірімді (добрый).

Тәрбиеші:
І –кезең «Сәлемдесу - әдептіліктің белгісі». Балалар, әдептіліктің бастауы адамның сәлемдесуінде.Сондықтан да сәлемдесу арқылы адамның қаншалықты әдепті екенін бағалауға болады.

Сұрақ:
. Балалар, сіздер сәлемдесу түрлерін білесіздер ме?

Елік: «Ассалаумағалейкум»

Зарина: Салеметсізбе? Қал-жағдайыңыз қалай?

Ақниет: Аман-есенсізбе? Денсаулығыңыз қалай?

Тәрбиеші: Өте дұрыс балалар! Балалар енді өзіміз бір-біріміздің бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді айтып ортаға бөлісейік.

-Елік, сен Заринаның бойындағы қандай жақсы қасиеттерді жақсы көресің?

- Зарина таза,сабақты жақсы оқиды,өнерлі..

-Ақниет, сен Еліктің бойындағы қандай жақсы қасиеттерді жақсы көресің?

-Елік кешірімді, кішілерге қамқор.

-Зарина, сен Ақниеттің бойындағы қандай жақсы қасиеттерді жақсы көресің?

-Ақниет сабырлы,ұқыпты,мейірімді.

Тәрбиеші: Дұрыс,өте жақсы,жарайсыңдар балалар! Балалар енді тақтаға назар аударайық.Тақтада «Мен бастаймын,сен аяқта» ойыны көрсетілген,яғни бірнеше мақал-мәтелдер жазылған,сол мақал-мәтелдердің жалғасын табамыз.

1.-Ашу-дұшпан,ақыл-дос,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

(Ақылына ақыл қос.)

2.- Әдепті бала- арлы бала,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

(Әдепсіз бала-сорлы бала).

3. -Ақылдың алдыменен жүр,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

(Ақымақтың артыменен жүр.)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар, тақтаға назар аударамыз! Тақтада әдептілік ережелері «Не істеуге болмайды?» «Не істеу керек?» сұрақтары жазылған,осы сұрақтарға жауаптарын тауып, сәйкестендіріп, құрастырыңдар.

Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?». 
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.


«Не істеу керек?»

-Автобуста үлкенге (орын беру керек)

- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)

-Әрдайым бөлмесін,жеке басын,киімдерін (таза,ұқыпты ұстау керек)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар сонымен « Әдептілік дегеніміз не?»

Зарина: -. Бір - бірімізге көмектесу, ренжіспеу, үлкендерді сыйлау.

Ақниет: -Кішкетайларды қамқорлау, сыпайы сөйлесу, таза болу.

Елік: - Үлкендерге салемдесу, тәртіпті болу,табиғатты аялау.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Балалар енді сабағымызды қорытындылай келе тақтадағы суреттердегі бейнеленген жақсы қасиеттерді қалдырып, жаман қылықтарды корзинкаға саламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!- Балалар, біз бүгінгі тәрбие сағатында адамгершілік, әдептілік, сыпайылық жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып үйреніп, кішілерді қамқорлай білейік!


Балалар,бүгінгі тәрбие сағатымызды жақсы қорытындыладық, сабаққа өте жақсы қатынастыңдар.Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.Тыңдап көргендеріңіз үшін көп рахмет!













































Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты

















«Он саусақтан өнер тамған...»

(ашық тәрбие сағаты)









Орындаған: Сакабаева Г.























Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты



















« Емхана мен Дәріханада»

(ашық тәрбие сағаты)













Орындаған: Сакабаева Г.























Тақырыбы: «Күз байлықтары»

Мақсаты:

Түзету білімділік: Балаларға күз байлықтары көкөністермен таныстырып білімін жетілдірі,оларды өз ойларымен құрастырып жасауға үйрету.

Түзету дамытушылық: Күз мезгілі ,күз табиғат, астық жеміс-жидек ,көкеністер туралы мағұлматтарын арттырып түсінік беру жыл мезгіліндегі өзгерістерді байқай білуге үйрету.

Түзету тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялай білуге тәрбиелеу

Әдіс – тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру, күз өнімдерін қолдан құрастырып жасауға үйрету..

Көрнекіліктер: Суреттер, үлестірмелі материал.

Ұйымдартыру кезені.

Балалар бүгін біз сабағымызда күз өнімдерімен танысып, оларды өз ойларымызбен құрастырып жасауды үйренеміз.

Балалар шеңберге тұрайық достарымызбен қол ұстасайық!

Барлығымыз жақсы көңіл – күйде бір- бірімізге тілегімізді айтайық!

Бір – бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Жылулық шеңбері

Достарды біз қолдаймыз.

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл- қыздар

Тату – тәтті ойнаймыз.

Балалар осы жақсы көңіл - күйімізбен орнымызға отырайық.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Бір жылда қанша мезгіл бар?

-Қазір күздің қай айы?

- Күз айы несімен ерекше?

- Күздің табиғаты қандай суреттеп беріңдерші?

- Күзде қандай бау-бақша өнімдерін жинаймыз?

- Сендер қандай жеміс-жидектерді,көкөністерді жақсы көресіңдер?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Күзгі ағаш»

нанан жеп көрген анаасы саған «Көктем» деп қоямын дейді. Ал үшінші қызының наны жұп- жұмсақ дәмді болады, дәмін татып көрген ана сүйсініп ол қызына «Жаз» деп ат қояды. Ал төртінші қызының наны өте дәмді болады, ауызға салған кезде еріп кетердей былбырап піседі. Анасы қатты риза болып осы қызына айналайын сенің есімінді «Күз» деп қоямын дейді.Өз есімдерін алған қыздары риза болады.

-Ал балалар ертегі ұнады ма? Олай болса мына сыйқырлы кітаптың көмегімен ертегі елінен өз тобымызға оралайық.Өзімізбен мына төрт мезгілді алып кеттейік.(балалар көздерін жұмып 3 рет айналады)





770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!