Материалдар / Өндіріс орындарындағы ауа жағдайы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Өндіріс орындарындағы ауа жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек қорғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2021
166
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өндіріс орындарында ауа жағдайы
Жұмысшы аймақтағы ауаның құрамдық жағдайы температурамен,
ылғалдылықпен, қысыммен, қозғалысымен және сәулеленуімен мінезделеді.
Осы факторлардың әр түрлі қосынды мөлшері жұмысқа жағымды және
жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін. Мысалы, температураның жоғары
төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары
пайда болады, ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және
көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету
адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, мұның
бәрі еңбек өнімділігін төмендетеді.
Микроклиматта температураның жоғары төмен түсуінен және ауа
жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады. Ал төмен
температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің
алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез
құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, бұның бары еңбек
өнімділігін төмендетеді және оған кері әсерін тигізеді.
Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту және желдету
(вентиляция) жүйесі арқылы қанағаттандырылады. Сонымен қатар
жабдықтардан және өндірілетін өнімнен жұмысшы аймаққа бөлінетін жылуды
және ылғалдылықты жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары
жүргізіледі.
Микроклимат жағдайын әр түрлі құрылғылармен бақылауға және
реттеуге болады. Ауаның қатысты ылғалдығын
стационарлы немесе
аспирационды психрометрлермен өлшейді. Психрометр құрылысы құрғақ
және дымқыл термометрлерден тұрады (дымқыл термометр резервуары
ылғалды ортада орналасады). Термометрдің әр түрлі көрсеткіштерінің сандық
мәндері мен психометриялық кестені қолдану арқылы ауа ылғалдылығы
анықталады. Цехтағы жұмысшы аймақтың микроклиматының оптималды
параметрлері жұмыс күрделігінің категориясына және жыл мезгілінің
қарастырылуына тәуелді. Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту
және желдету (вентиляция) жүйесі арқылы қанағаттандырылады, сонымен
қатар жабдықтардан және өндірілетін өнімнен жұмысшы аймаққа бөлінетін
жылуды және ылғалдылықты жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары
жүргізіледі. МЕСТ 12.1 005-88 бойынша микроклимат нормалары белгіленеді
және алынады.
Микроклимат сыртқы қоршаған ортаның климаттық және табиғи
жағдайларымен өте тығыз байланысты. Оның жағдайын әр түрлі
құрылғылармен бақылауға және реттеуге болады.
Микроклиматтың нормалық негіздемелері
Ет өнеркәсіптеріндегі цехтың жұмысшы аймағындағы температура
нормалары, ауаның қатысты ылғалдығы және қозғалысының жылдамдығы
кестеде келтірілген.
1-кесте.
Оптималды

Мүмкіндік

Өндірістік
ғимарат.

Жылуы
молырақ
өндірістік
ғимарат ( 23
Вт/м3
көбірек).

Жұм
ыс
күрде
лігі
нің
катег
ориясы.

Ауа
Темп
ерату
расы,
0
C .

Ауаның
қатысты
Ылға
лдығ
ы, %.

Ауа
қозға
лысы
ның
жылд
амды
ғы,
м/с.

Ауа
температурасы,
0
C .

Ауаның
қатысты
ылғал
дығы,
%.

Ауа
қозға
лысы
ның
жылд
амды
ғы,
м/с.

Жұмыс
істелмей
тін
орында
ғы ауа
ның
мүмкін
дік
температ
урасы,
0
C.
0
Жылдың суық және өтпелі мезгілі (ішкі ауа температурасы  10 C төмен).
Орта 17 –
60 –
0,3
16 – 22.
75
0,5
15 – 24.
ауырл 19.
30.
көп
көп
көп
ықты.
емес.
емес. емес.

Жылдың жылы мезгілі (ішкі ауа температурасы  10 0 C және артық).

Жұмыс орнындағы температура, ылғалдылық және ауа қозғалысы (МЕСТ 121-005-88 «Жұмыс орнындағы ауа»)
2-кесте. Өндірістік бөлмедегі температура, салыстырмалы ылғалдылық және
ауа қозғалысы жылдамдығының қолайлы нормалары
Жыл
мезгілдері

Жұмыс
категориясы

Температура,
С0

Салыстырмалы
ылғалдылық,%

Суық және
көшпелі жыл
мезгілі

жеңіл

орта
ауырлық ІІа

20-23

60-40

Ауа
қозғалысы
ның
жылдамды
ғы, м/с
0,2

18-20

60-40

0,2

сыртқы
ауаның
температурас
ы +100С-дан
төмен болған
мезгіл
Жыл уақыты

орта
ауырлық ІІб
ауыр
ІІІ

17-19
16-18

60-40
60-40

0,3
0,3

жеңіл

22-25

60-40

0,2



Сыртқы
ауаның t+100С
және одан
жоғары болған
мезгіл

орта
ауырлық ІІа

21-23

60-40

0,3

орта
ауырлық ІІб
ауыр
ІІІ

20-22
18-21

60-40
60-40

0,4
0,5

І категориялы жұмыс – адамның энергия жұмсауына байланысты
жұмысты шектеу (ккал/с). Жұмыс категориясын жұмыскердің энергия
жұмсауына қарай салалық, нормалық құжаттарға сәйкестендіріп анықтайды.
Жеңіл физикалық жұмыстар (І категория) - отырып, тұрып және жүріп
жасалатын жұмыстар, бірақ, үнемі физикалық күш жұмсауды қажет етпейтін
жұмыстар (150ккал/с,172Дж/с).
ІІ категориялы жұмыс – ауырлығы орташа физикалық жұмыстар; түрлі
жұмыстар.
Ал энергия шығымы 150 ден 200 ккал/с (172-232 Дж/с)- ІІа категорияға
және 200-ден 250-ге ккал/ч (232-293 Дж/с) - ІІб категориясына жатады.
ІІа категориясына үнемі жүретін, үнемі тұрып және отырып істейтін,
бірақ, ауыр нәрсе тасымайтын жұмыстар жатады.
ІІб категориясына жүріп істейтін және шағын (үлкен емес) нәрсе
таситын (10 кг дейін) жұмыстар жатады.
ІІІ категория – ауыр физикалық жұмыстар. Оған үнемі физикалық күш
жұмсап, 10 кг-ден артық ауыр жүк көтеріп, таситын жұмыстар жатады.
(250ккал/ч.293Дж/с)

3-кесте.
Өндірістік бөлмелердегі суық және көшпелі жыл уақытындағы температура,
салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының болжамды
нормалары
Жұмыс
ауа
салыстырмалы
ауа
Ауа
категориясы температурасы, ылғалдылық, қозғалысының температурасы,
0
С
%, көп емес
жылдамдығы тұрақты жұмыс
м/сек көп
орнынан басқа
0
емес
С

Жеңіл -І

19-25

75

0,2

15-16

Орта
ауырлық –
ІІа

17-23

75

0,3

13-24

Орта
ауырлық –
ІІб

15-21

75

0,4

13-24

Ауыр

13-19

75

0,5

12-19

-ІІІ

Ауадағы зиянды заттардан қорғау
Өндірісті тексеру, технологиялық процестерді, құрал-жабдықтарды,
шикізаттарды, оларды тасымалдау мен өндеу жұмыстарынан басталады. Осы
кезеңнің өзінде-ақ шаң-тозандардың химиялық құрамын байқауға болады.
Бірақ шикі-заттар әртүрлі өңдеу сатысына түскенде одан пайда болатын
шаңдар да өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдайда, гигиеналық көзқарас бойынша
анықтауға тура келеді. Мысалы, тозаңдағы кремний қос тотығының (Si O2)
ауадағы тозаңмен қосындысының құрамдарын анықтау.
Шикі затты технологиялық өңдеу кезінде ол қандай термомеханикалық, не
басқа жолдармен өнделеді, осындай өндеу кезінде ауаға қандай азрозолдар
тарайды, оның бәріне назар аударып, анықтап отыру керек. Сонымен қатар,
технологиялық өндеу үзіліссіз бе, жоқ әлде үзіліспен бе, оған қосымша қолмен
атқарылатын жұмыс бар ма? Бар болса оның адамға әсері қандай, бұғанды
көңіл аудару керек. Тағы да, ауаға шаң толассыз тарап тұрама, жоқ әлде белгілі
бір технологиялық процесстердің, не зерттеу үшін шөкім (проба) алу кезінде
тарайма, не жұмысшылардың кезек алмасу кездерінде ауа тозаңданама, міне
осының бәрі есепке алынады.
Адамдарының жұмыс істеу зонасындағы (деңгейіндегі) шандарды анықтау
үшін, жұмысқа жақын манайдағы ауадан 1,6 м биіктіктегі деңгейден, ауаның
пробасын алады. Шанның ауадағы тарау шамасын байқау үшін, пробаны
әртүрлі бейтарап көністіктерден де (жұмыс орынынан 1-3-5 м шамасындағы
көңістіктерден әрлі-берлі өтіп жатқан прохоттардан да алады. Проба алған
кезде міндетті түрде сол орындағы ауаның температурасын, атқарылып
жатқан жұмыстың қимылын, түрін, проба алу мезгілі қай уақытта болады,
қанша уақытқа созылды, қандай жылдамдықпен ауа сорғызылды, бәрін жазып
алу қажет.
Шаңды зерттеп анықтаған кезде бір м3 ауада қанша мг шаң-тозан барын
анықтап, оның процент мөлшердегі қатынасын анықтайды. Шаң-тозаң барын
анықтап, оның процент мөлшердегі қатынасын анықтайды. Шаң-тозаңды
анықтаудың екі тәсілі белгілі. Біріншісі, шаңды алдын ала сүзгімен ұстап,

жинау, одан кейін аналетикалық таразыға салып өлшеу яғни 1м3 ауадағы
тозаңнын салмақ мөлшерін анықтау (мг/м3). Бұл тәсілді орысша весовой деп
атайды, яғни, салмақ мөлшерімен.
Екінші тәсіл – оптикалық әдіс, яғни шаңды алдын ала сүзгіге жинамай-ақ
арнаулы оптикалық құралмен 1м3 ауадағы тозаңнын санын есептеп шығару.
Біздің елімізде ең кең тараған әдіс – салмақ әдісі (фильтрация). Осы
тәсілмен жұмыс орындарындағы ауаның шаң-тозаңын анықтаса жеткілікті.
Салмақтық тәсілінін орындалу жолы
Әдіс негізінен ауаны аспиратор құралының көмегімен сүзгі арқылы сорғытып,
ауадағы тозанды сүзгіде ұстауға негізделген. Сүзгіні ауа сорғызғанға дейін
және одан соң аналитикалық таразыға салып, тартып, өлшеп, айырмасын, яғни
шаңның салмағын тауып, оны бір м3 ауада қанша болатынын арнайы формула
арқылы есептеп шығарады да, санитарлық нормамен салыстырып, тиісті
қорытынды шығарады.
Бақылау сурақтары:
1. Шаң деген не?
2. Шаңдын түрлерін ата.
3. Оптикалық әдіс.
4. Салмақ әдісі (фильтрация).
5. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын ауа ортасының қандай
параметрлерімен анықтайды?
6. Терморегуляцияға анықтама беріңіз.
7. Өндірістің қолайлы метеорологиялық факторларының мәндері қалай
аталады?
8. Микроклиматтың нормалық құжаттарын атаңыз. Мұнда есепке не алынады?
9. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын анықтау және оған мән
берудің мақсаты?
10. Метеорологиялық жағдайды анықтау әдісі.
11. Психрометр аспабының жұмыс істеу принципі.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!