400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өндірістегі және мекемелердегі жарықтың түсу

Материал туралы қысқаша түсінік
Өндірістегі және мекемелердегі жарықтың түсу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өндірістегі және мекемелердегі жарықтың түсуі. Шу және серпілістен қорғау

Шу дегеніміз адамға жағымсыз әсер ететін кез келген дыбыс.

Адамның дыбысты қабылдауы оның жиілігіне, екпініне және қысымына байланысты. Дыбыстың қысымы деп, оның атмосфералық қысымнан жоғары айырмашылығын айтамыз. Дыбыстың қысымы паскальмен (Па) өлшенеді.

Дыбыстың екпіні деп дыбыс толқыны арқылы белгілі бір ауданнан белгілі бір уақытта өткен энергияны айтамыз. Ол Вт/м2 пен өлшенеді.

Дыбыстың жиілігі дегеніміз  оның бір секундтағы толқуының саны. Ол Герцпен (Гц) өлшенеді. Дыбыстың 1 секундтағы 1 толқуы 1 Гц тең.

Адамның жәй сөйлескендегі дыбыстың орташа деңгейі 40 децибелл болып есептеледі.

Өндірісте шудың шектелген мөлшері белгіленген. Ол, жиілігі төмен шулар-40-100 дб, жиілігі орташа  шу-85-90 дб, жиілігі жоғары шу-75-85 дб дейін адамға зиянсыз.

Шудың деңгейін шу өлшегішпен (шумометр) өлшейді. Ойлау арқылы жұмыс істелетін бөлмелерде шудың мөлшері барлық жиілікте 60 дб-ден аспауы керек.

Діріл дегеніміз машинаның, немесе оның кез келген бөлшектерінің, сондай-ақ олар орналасқан жердің серіппелі толқуы

Дірілдің екпіні оның амплитудасы мен жиілігіне байланысты.

Дірілдің деңгейі 16-20 Гц-тен асқанда дыбыс пайда болады, ал жылдамдығы 1 м/с болғанда денені ауыртады, нерв жүйелері мен жүрек буын жүйелеріне әсер етеді.

Дірілдің деңгейі түрлі виброметр, вибрографтармен (ВР-1) өлшенеді және шу мен діріл өлшегіштерімен қорғайтын аяқ киім, қолғап, резина төсегіштер т.с.с қолданылады.

Діріл және шуылдың пайда болуына әкеп соқтыратын: бұрғылау сораптары, зертхана қондырғылары, дозаторлық құрылғылар, дірілді алаңдар, құрылыс машиналары,
компрессорлар және бульдозерлер және т.б.

Мұндай жердегі жұмыстарға жасы 18-ге толмаған және жүкті әйелдерді пайдалануға болмайды. Жұмыс істейтіндердің тағамдарының құрамында В витаминдері болуы керек. Дірілді жерде смена уақытының 2/3 бөлігінде ғана жұмыс істеуге болады және әр сағат сайын 10-15 минут демалыс жасалуы тиіс. Мұндай жұмыстарды бір сменадан артық қалып жасауға болмайды.

Еңбек режимін жасаған кезде дірілдің әсер етуі және онымен байланыссыз басқа жұмыстар орындау ұзақтығының қатынасы 1:2 қатынасынан кем болмау жағын қарастыру керек. Мысалы, қол машинасының санитарлық діріл нормасы 9 Дб-ға дейін артқанда машинананы жұмыс тәртібін 10 минуттан соң басқа жұмыстармен ауық ауық алмастыру пайдалы (10+20+10+20+10+20+10=100 мин). Жұмыстың басқа уақытында (480-100= 380м) дірілмен байланыссыз жұмыс істеу қажет.

Бұл жұмыстарда жұмыс істеу үшін қосымша арнайы киімдер, мәселен, дірілден қорғайтын аяқ киім, қолғап, резеңке төсегіштер т.с. қолданылады (көкірекше, белдік, арнайы костюмдер).дірілден қорғану қолғаптары жұмысқа ыңғайлы болуы шарт. Оның мықты материалы теріні тітіркенуден және ылғалдан сақтайды. Дірілден сақтану киімдерін таза теріден тігеді. Ол 11 Гц жоғары жиілікті өткізеді. Дірілден қорғану киімдері 16;31; 5; 63 Гц және 7..10 дБ жиіліктермен өтеді.

Дірілдің зиянын азайту әдістерін екі топқа бөледі. Бірінші –дірілді күшейтетін әдісті азайтып, оны болдырмау, екінші –дірілді әлсірететін жолдарды қарастырып, машинамен байланысын және құрылыс конструкциясын қарастыру.

Машина шуларын және дірілін азайту үшін бөлшектерді ауыстыру керек. Бөлшектердің дірілін серіппемен немесе басқа да заттарды қолдану арқылы бәсеңдетуге болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.12.2020
476
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі