Материалдар / ӨНДІРІСТІК ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА ӨСУІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӨНДІРІСТІК ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА ӨСУІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2023
128
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысының білім басқармасы

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі






«Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты»

VIІ облыстық еңбек форумына ұсынылған



БАЯНДАМА


ӨНДІРІСТІК ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА ӨСУІ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН АРТТЫРУ.









Қабылбай Қайрат

Өндірістік оқыту шебері


Өндірістік оқу шеберлерінің кәсіби тұрғыда өсуі және білім беру сапасын арттыру.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы жолдауында: «Таяудағы 2-3 жылда техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру», - деп маңызды стратегиялық міндет қойды. Бүгінгі күннің басты талаптарының бірі – оқу мен өндірісті жалғастыру, яғни теориялық біліміңді тәжірибе жүзінде еңбек ортасында үнемі жалғастырып отыру деген сөз. Өндірістік оқу шеберлері оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып, өткізілген сабақтарда студенттер топ, жұп болып жұмыс жасауға үйретеді. Мұнда әрбір студент өз жұмысының нәтижелі болуын көздейді, сондықтан білімі төмен студенттер озат студенттерден тапсырманың орындалу барысында қажетті көмек алып озат студент қатарына қосылуға мүмкіндік алады. Топтық әрекет ету барысында студенттер мәселені бірігіп шешуге үйренеді. Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, қызық және тиімді.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз шебердің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білу. Білімнің жоғары деңгейге көтерілген заманда адамның білімі мен кәсіби біліктілігі экономика дамуының басты тетігіне айналып, мұның өзі заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызады. Осы мақсатта қабылданған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аталған мәселелерді шешуге арналған ұлттық мамандар даярлаудағы негізгі қарқынды жоба болып табылатына сенімім мол. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейіншесауатты, кәсіби құзіретті педагог болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру ондірістік оқу шеберінің интелектуалдық, кәсіби шеберлігінің, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жоғарыда айта өткеніміздей техникалық мамандық топтары болғандықтан сабақта көбінесе мамандығына сәйкес практикалық жұмыс орындалады. Бүгінде кәсіби білім беруде дуалдық оқыту ұғымы халық арасында таныс болып қалды. Әлемнің озық елдерінде табысты қолданылып келе жатқан осы жүйе кәсіптік білім беру саласына батыл еніп келеді. Дуалдық жүйе дегеніміз, білімгер-түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды. Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы-құрылғылармен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады. Дуалдық жүйенің негізгі мақсаты – осы заманғы еңбек нарығындағы жедел өзгерістерге бейімделетін, бәсекеге қабілетті, білікті мамандар даярлау мен қайта дайындау үрдісінде жұмыс берушілер мен кәсіптік маман даярлау оқу орындары арасында әрекеттестік жасау болып табылады.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында сапалы біліммен қамтамасыз ететін, білім көрсеткішінің жақсаруы мен жаңаруы қазіргі таңдағы педагогтардың біліктілік деңгейіне де байланысты. Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары бойынша анықталады. Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған, көп жағдайларды түсінетін, кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді, дұрыс ойлай алатын жоғары қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін, айналадағы құбылыстарды бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету. Қазіргі білім беру жүйесіндегі мақсаттардың бірі – жастарды сапалы біліммен, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруымен білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен шебер кадрлардың мәртебесін арттыру және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, шеберлердің еңбегін қолдаумен ынталандыруды арттыру. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалармен өзгерістер, жаңалықтар, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.

Шебердің кәсіби өсуінің өзекті мәселелері:

  • Кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту;

  • Оқытудың формаларымен әдістерінің түрлерін өзгерту;

  • Қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу;

  • Байқаулар, конкурстар ұйымдастыру;



  • Кәсіби шеберлік сайыстарына қатысу

  • Шеберлер мен оқытушылардың тәлімгерліктен өтуі;

  • Өндірістік оқыту шеберлердің біліктілік деңгейін артыру мақсатында дөңгелек үстелдер, педагогикалық оқулар, семинарларды ұйымдастыру

МАҚСАТЫ:

  •  Оқушыларды дайындау үшін практикалық сабақтарды жүргізу әдіс-тәсілдерін түрлендіріп жетілдіру;

  • Оқушылардыдамыту, әлеуметтік және кәсібилік қалыптастыру үшін жағдай жасау;

  • Білім беруде дамыту әдістерін пайдалану арқылы таным қызметін белсендіру.

МІНДЕТТЕРІ:

  • Шеберлікті арттыру мақсатында өндірістік оқыту сабағында инновациялық технологиялармен танысу;

  • Басқа мамандықты игеруде, оқушылардың кәсіби шеберліктің деңгейін арттыру мұқтаждығын  қалыптастыру;

  • Оқушылардың кәсіби біліктілік  және  дағдысын игеруде ізденімпаздық және шығармашылық кызметін белсендіру.

КҮТЕТІН НӘТИЖЕ:

  • Еңбек нарығында қажет етілетін білікті мамандар  шығару

Оқу жылының ішінде барлық мамандықтар бойынша колледжде әртүрлі кәсіби практиканың түрі қарастырылған: технологиялық және күзгі, көктемгі бітіру алды практикалары.

Оқу шеберханасында кәсіби практика ең алдымен кәсіби дағды мен машыққа ие болу үшін жүргізіледі. Кәсіби шеберлікке жету үшін, өндірістік оқыту шеберлері сабағын жүргізгенде әр түрлі әдістерін қолданады. Көптеген өндірістік оқыту шеберлері мультимедиялық жабдықтарды қолдана отырып, «шебер-класс», семинар, қосымша сабақтар өткізеді, электрондық оқулықтарды оқыту үрдісіне ендіреді. 2  курста өндірістік практика кезінде оқушылар өндірістік оқыту сабақтарында игерген  машықтарын жұмыста қолданады. Нақты өндірістік қызмет дағдыларын алу мақсатында мамандық профилі бойынша технологиялық практикасы жүргізіледі.

    Кадрларды кәсіби даярлау олардың біліктілігін арттыру болашақ жұмысшыларға қазіргі заманғы нарыққа бейімделіп кетуге, бәсекеге қабілетті болуға, еңбек  нарығында сұранысқа ие жұмысшы болуға көмектеседі.

Әдістемелік бірлестіктердің бақылауынан, кәсіби шеберлік сайыстарына дайындық жүргізіледі, топ ішінде және колледж бойынша өткізіледі, оқушылардың шығармашылық әлеуетін, мамандықтар бойынша теориялық және практикалық білімдерін, дағдыларын, машықтарын жетілдіру және жұмысшы мамандығын беделін көтеру үшін ұйымдастырылады.

Өндірістік оқу шеберінің дамыту проблемасын талдау , болашақ шеберлердің оқу үдірісіндегі іс – әрекетінің мазмұны мен құрлымын талдау қазіргі заманғы жаңа формацияда жұмыс істеуге қабілетті болашақ өндірістік оқу шеберлерді кәсіби даярлаудың мазмұны мен тәсілдеріне өзіндік өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.Еліміздің білім беру ордаларында уақыт талабына сәйкес инновациялық технологияны қолдану арқылы жаңаша дәріс беру өмір талабынан туындап отырғандығы мәлім. Сондықтан оқушыларға білім берумен ғана шектелмей әр шебер өзінің мамандығын игеруде өзіндік ұстанымы болуы керек.









Пайдаланылған әдебиеттер



1. ҚР – ның Презинденті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

2. Техникалық және кәсіптік білім № 1, 2014ж

3. Техникалық және кәсіптік білім № 1(24) , 2016ж



















Қызылорда облысының білім басқармасы

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі






Педагогикалық оқуға ұсынылған


БАЯНДАМА




Тақырыбы:

Модульдік – құзіреттілік тәсіл негізінде дайындалған оқу жоспары мен жұмыс бағдарламасының жобасы








Дайындаған: өндірістік оқыту шебері Қ.Қабылбай




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!