Материалдар / "Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық ұстанымы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өндірістік оқыту шеберінің педагогикалық ұстанымы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Елімізде білім жүйесін дамыту талаптарына сай оқушыларға терең білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі болғандықтан қоғамның педагог мамандарға қоятын талаптары қазіргі таңда күрделене түсуде. Жаңа қоғам оқытушысы – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз теориялық білімін практикада әр түрлі педагогикалық технологиялармен жүзеге асыра алатын өз кәсібінің шебері бола білуі қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2022
356
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өндірістік оқуыту шеберінің өзіндік тұлғалық және кәсіби құзыреттілігін дамыту жолдары»










Алматы автомеханика

колледжінің өндірістік оқыту

шебері: Омаров Азамат Бахытович


Елімізде білім жүйесін дамыту талаптарына сай оқушыларға терең білім және тәрбие беру, оларды жан–жақты дамыту бүгінгі күннің басты мәселесі болғандықтан қоғамның педагог мамандарға қоятын талаптары қазіргі таңда күрделене түсуде. Жаңа қоғам оқытушысы – ол рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, жан-жақты білімді, кәсіби құзыретті, өз теориялық білімін практикада әр түрлі педагогикалық технологиялармен жүзеге асыра алатын өз кәсібінің шебері бола білуі қажет.

Сонымен болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. 

Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.  

Құзыреттілік= Білім – Тәжірибе – Іскерлік.

Сонымен құзыреттілік тұрғы білім нәтижесіне назар аударып, нәтиже ретінде адамның меңгерген ақпараттарының жиынтығын емес, түрлі жағдаяттарда іс- қимылдар жасау қабілетін басшылыққа алады немесе оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы білім алушылардың білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануын негізге алады.

Қазіргі практикада «Кәсіби құзыреттілік» термині маманның белгілі бір стандартқа, лауазым талабына сай міндеттерді орындай білуі деп есептеледі

Көпшілік зерттеушілер кәсіби құзіреттілікке білімдер, іскерліктер және дағдылармен қатар тұлғаның кәсіби құнды сапаларын, оның іс- әрекет тәжірбиесін кірістіреді. Американдық білім беру саласында кәсібиқұзыреттілікті тиімді, табысты іс - әрекетте көрінетін маңызды мінез –құлықтық аспект деп қарайды.

Кәсіби құзіреттілік құрамы: іс-әрекеттік білім, білік, дағдылар, мотивациялық және сезімдік-еріктік салалар.

Кәсіптік құзыреттілік теориялық және практикалық мәселелерді шешу үшін іс-әрекеттің алуан түрін орындау үрдісінде жүзеге асады.

Кәсіптік құзыреттіліктің маңызды құраушысы -тәжірибе, яғни адамның түрлі мәселелерді шешудегі меңгерген жеке әрекеттері мен әдіс - тәсілдерінің жаңалануы. Адам туралы ғылымдар саласында кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға үлес қосатын, табыс үшін қажеті құзіреттіліктер деп проблемалар мен өзіндік менеджментін шешу құзіреттілігі, яғни адамның проблемаларды шешуге және инновациялық технологияларды пайдалануға дайындығы; ақпараттық құзіреттілік, яғни өздігінен білім алуға және ақпараттық ресурстарды пайдалануға дайындығы; коммуникативтік құзіреттілік, яғни әлеуметтік және интерактивті өзара іс-әрекетке дайындығы танылып отыр.

Колледждегі білім беру мен тәрбие жұмыстарының талапқа сай жетілдірілуі оқушылардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Оқытудың дәстүрлі жүйесінде мамандар даярлайтын оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал колледж алдында тұрған мақсат әлемдік білім кеңестігіне ене отырып бәсекеге қабілетті тұлға дайындауда адамның құзырлылық қабілетіне бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну. Әрбір мұғалімнен сабақ жоспарын құрастырғанда білім нәтижелерін міндетті, жүйелі түрде жобалау талап етіледі.

Колледжде білім алушының болашақ кәсіби маман ретінде қалыптастыру білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру барысында жүзеге асады. Колледж білім алушының өз мүмкіндігін шамалау мен нақты кәсіби жарамдылығының арасындағы қайшылық және кәсіби құзыреттілікті меңгеру үдерісі мен нәтижесінің практикада қолданылуының тұрақсыздығынан туындайтын қайшылықтарды да кездестіреміз. Оқыту үрдісінде колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың жолдарын саралап, педагогикалық үрдісте білім алушылардың белсенділігін арттыратын тиімді әдістер іріктеліп орынды қолданылса, дәріс сабақтар мен педагогикалық практика нәтижелерін байланыстыру жүйелі жүзеге асырылса, онда оқушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің негізі қаланады деп толық сеніммен айтуға болады.

Колледж білім алушыларының кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру арқылы да жүзеге асады. Кәсіби құзыреттілікті өзіндік жұмыстар арқылы қалыптастырудың түпкі мақсаты – оқушыларды белсендi ой қызметiн, әр түрлi танымдық мәселелердi өздiгiнен шешуге, бұрынғы меңгерiлген бiлiмдi қолдануға ұмтылысы бар оқыту үрдісінің субъектісі етіп тәрбиелеу.

Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттілігінқалыптастыруда мынадай әдістер мен технологияларды қолдануға болады:

Білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда қолданылатын кейбір әдістерге тоқталайық.

Диалогтық әдіс арқылы өмірдегі қарапайым жағдаяттар талқыланады. Шындықты бірлесе іздеу – білім берудегі ең басты тәсіл. Диалогты өрістетіп, оны құрамдас бөліктерге ажыратып, әрбір талқылау тармақшасынан жаңа сұрақтар тудырып, адамдардың ойын шындықты іздестірудің қиын жолына апарған. Оқытушы ойдың туындауына көмектесе отырып, бірде бір көзқарасты назарынан тыс қалдырмау керек. Алдын ала ешбір көзқарасқа жақтаспай, оқушыларды тек дәйектерге сенуге үйреткен дұрыс.

Топтық жұмыстың мәні - қойылған міндетті бірлескен жұмыс барысында орындау, топ мүшелерінің бір біріне қолдау көрсетуі.

Еркін микрофон әдісінде топқа біріктірілген білім алушылар өз бетімен іздене отырып, мамандықтың мәні жайында қысқаша әңгімелер, эссе даярлап, оны жалпы талқылауға салды.

Миға шабуыл технологиясы бойынша оқу тақырыбындағы зерттелетін проблема бойынша оны шешу жолдары туралы көп идеялар жинақталады. Идеялар сыналмайды және оларға түсініктеме берілмейді.

Жобалау әдісі – бұл мұғалiмнің әдейi ұйымдастыруымен атқарылатын әрекеттер кешені арқылы оқушылардың өз бетімен өнім жасауы. Жоба – қандай да бір нысанның, іс – әрекеттің келешектегі үлгісі.

Іскерлік ойыны оқушылардың кәсіби және әлеуметтік қалыптасуы үшін үлкен мүмкіндіктер береді.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік  – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады.

Колледж білім алушыларының кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған әдістермен жұмыс істеу барысында коммуникативтік дағдылары қалыптасып, қарым-қатынаста өзгені үғыну мүмкіншіліктері артып, өздігінен ізденіп ой қорытуға деген қызығушылықтары оянады, әр түрлі педагогикалық жағдаяттарды талдау мен оны практикада қолдану іскерліктерін меңгереді.

Құзыреттілікке бағытталған сабақ жоспарының дәстүрлі сабақ жоспарынан айырмашылығы мұғалім мен оқушы позициясының өзгеруінде. Білім алушы - сабақтың басты қызметкері Оқытушы -сабақта ұйымдастырушы, кеңесші позициясын ұстанып, оқыту үрдісін ұйымдастырады. Оқытушы оқушының білімдік процесті аяқтаған соң нені білетіндігін, меңгергендігін, құзыреттілігін анықтайды. Бұл жерде мақсат: оқыту үрдісін оқушының көзқарасы тұрғысынан қарап, тәжірибелік-бағдарланған проблемаларды шешу арқылы жинақтайтын оқу тәжірибесінің сапасын көтеру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!