400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ондық бөлшектерді қосу және азайту презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы : Ондық бөлшектерді қосу және азайту


Оқыту мақсаттары :

5.1.2.27. Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау


Сабақ мақсаты

Ондық бөлшектерді қосу және ондық бөлшектерді азайту алгоритмін үйрету.

Ондық бөлшектерді қосу мен азайтудың қасиеттерін қолдануға дағдыландыру.


Бағалау критерийі

Ондық бөлшектерді қосуды орындай алады.

Ондық бөлшектерді азайтуды біледі.

Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдана алады..


Тілдік мақсаттар

Ондық бөлшектерді қосумен азайтудың ережелерінің заңдылықтарын

тұжырымдай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- Санның бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі.

- Үтірмен ажыратылатын цифрлар.

- Pазрядтық бірліктер.

- Ондық бөлшектер.

Диалог/жазылымға қажетті тіркестер:

- Ондық бөлшек дегеніміз …

- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті…

- Қосудың терімділік қасиеті…

- Саннан қосындыны азайту қасиеттері...


Құндылықтарға баулу

Жеке жұмыстар арқылы қарым-қатынас жасау, өзгелердің көз қарастарына

құрметпен қарау. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы атты құндылықтарды дарыту.


Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану пәнімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары : Интерактивті тақта, слайд.


Алдыңғы бөлім

Ондық бөлшектерді оқу, жазу. Ондық бөлшектерді сан сәулесінде кескіндеу.

Ондық бөлшекті жәй бөлшекке, жәй бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру.


Ұйымдастыру бөлімі

Сыныпта психологиялық ахуал орнату.

Үй жұмысын тексеру

“Көршімде қалай?” әдісі арқылы оқушылар бір бірінің тапсырмаларын тексереді.

“Он сұрақ” әдісі бойынша өткен тақырыптарды қайталайды.

- Ондық бөлшектерді сан сәулесінде кескіндеу.

- Ондық бөлшектерді жәй бөлшекке айналдыру.

- Жәй бөлшектерді ондық бөлшекке айналдыру.


Сабақтың мазмұны :

Сергіту сәті:

Shape1

5 ақпан, Ондық бөлшектерді қосу және азайту


1 – тапсырма. Жұптық жұмыс.

“Ойлан,Жұптас,Пікірлес” әдісі.

“Үтір қайда қойылады?”


44,56 26,83 15,6 7,402

+ 23,8 + 1,2 + 7,23 +6,126

68 36 28 03 22 83 13 528

5,35 22,43 9,62 14,62

- 1,3 - 12,9 - 4,27 - 2,48

4 05 11 53 5 35 12 14


2– Тапсырма. “Ойлан, тап” ойыны

 

(X+4,5) – 6,9 = 7,5

 

(5,6 – x) + 4,7 = 6,3

 

19,3 – (4,7 + X) = 5,9

 

16,2 + (Х – 5,3) = 19,7



Дескрипторлар

1

Ондық бөлшектерді қосу және азайту ережесі біледі.

2

Теңдеудегі белгісіздерді таба алады.

3

Теңдеудің шешімінің дұрыстығын тексере біледі.




3 – тапсырма. “Ортадағы қаламсап” әдісі

“Мәтінді есептер”


Кеменің тынық судағы жылдамдығы

25,8 км/сағ, өзен ағысының жылдамдығы “а” км/сағ . Кеменің өзен ағысымен жүзген кездегі жылдамдығы қандай?

Мұнда a = 3,2 км/сағ


Катердің тынық судағы жылдамдығы

20,9 км/сағ, өзен ағысы жылдамдығы “в” км/сағ. Катердің өзен ағысына қарсы жүзгендегі жылдамдығы қандай?.

Мұнда в= 3,4 км/сағ.

 


Дескрипторлар

1

Есеп шартына сәйкес өрнек құрастыруды біледі.

2

Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындайды.


4 – тапсырма. Дарынды оқушыларға тапсырма.

Сыныптағы 25 оқушының математика үйірмесіне 12 сі, ал мәнерлеп оқу үйірмесіне 10 қатысады.Үш оқушы бұл үйірмелердің екеуінеде қатысады. Аталған үйірмелерге қатыспайтын оқушы саны қанша?

Көгалда қозылармен лақтар жайылып жүр.

Олардың аяқтары құлақтарынан 24 – ке артық.

Көгалда неше қозы неше лақ жайылып жүр?.


Үйге тапсырма:

Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыбын оқу, ережелерін жаттау.


Кері байланыс. “Желкенді қайық”

- Егер саған сабақ ұнаса, желкенді жасыл түске боя.

- Егер сабақта қиындық кездессе, желкенді сары түске боя.

- Егер тапсырмалар орындау қиын болса желкенді қызыл түспен боя.


Сабақ аяқталды, сабаққа белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет, сау болыңыздар!











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі