Материалдар / Ондық бөлшекті натурал санға көбейту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Материал туралы қысқаша түсінік
Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыптарын қайталау. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін және көбейту қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, достыққа, ұйымшылдыққа, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Жунусова К.К.


Гастелло орта мектебі

Математика

Күні, айы, жылы:

Сабақтың ұзақтығы:

Сынып: 5

Оқушы саны: 10

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту

Сілтеме:

5 сынып Математика Т.А.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары

Жалпы мақсаттар:

Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыптарын қайталау. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін және көбейту қасиеттерін есептер шығаруда қолдана білу, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, достыққа, ұйымшылдыққа, көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Міндеттер:

· топтық жұмысқа жұмылдыру;

· сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

· есте сақтау және есеп шығару қабілеттерін дамыту;

·топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

· постерьменжұмыс істеуге дағдыландыру;

·өзара бағалауға ұйрету;

Мұғалім үшін

оқыту нәтижесі:

· Өз ойын ашық айтатын

· бірін-бірін тындайтын

· топпен ынтымақтасып, жұмыс істей алатын

· жаңа тақырып бойынша ақпарат алады

·ондық бөлшекті натурал санға көбейтетін, есеп шығаратын болады

Сабақтың түрі,әдіс- тәсілдері:

Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, Блум таксономиясы, сұрақ- жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы


Күтілетін нәтиже

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережесін және қасиеттерін қолданып есептер шығаруды үйренді

Топпен, жұппен, жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.


1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбер, молекулалар арқылы топқа бөлу.

Бағалау критерийлері:

· Өз бетімен білім алуы;

· Топпен жұмыс жасау;

· Жұпта жұмыс жасау

· Математикалық білімі

· Математикалық тілі

· Бағалауы

Сабақтың барысы:

2. Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

А) Білу кезеңі (5 мин.)

Өткен тарау бойынша постер құру

Ә) Үй жұмысың тексеру

1020 тексеру

Мыс- ? кг

Мырыш-1,9 кг

Барлығы- 4,7кг

Шешуі: 4,7-1,9=2,8(кг)

Жаубы: 2,8 кг

1021

Р=16,45 см

аShape1 =6,75 см

в=4,4 см

с=?

Шешуі:

с=р-(а+в)

с=16,45-(6,75+4,4)=16,45-11,15=5,3(см)

Жауабы: с = 5,3 см

Оқушылар постерді құрып, тақтаға шығып қорғайды.

Оқушылар тақтаға шығып мәтін есептерді түсіндіріп, есептеп шығарады.


Түсіну кезеңі:

Жаңа тақырыпты өздеріне игеруге көмектесу.

І топ:

А) х25 х2,5

4 4

100 10,0

І топ:

А)х35 х3,5

7 7

245 24,5

1.Натурал сандардың ережесі қандай?

А) және Ә)жауаптарының айырмашылығы неде?

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін...

1)үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейту керек; 2) ондық бөлшекте неше ондық таңба болса, көбейтіндіде он жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек

2) ондық бөлшекті 10,100,1000 т.с.с разряд бірліктеріне қалай көбейту керек?

Ондық бөлшекті разряд бірліктеріне көбейту үшін ондық бөлшектің үтірін разряд бірлігінде неше нөл болса, сонша цифрға оңға қарай жылжыту керек.

3)Натурал сандардың көбейту қасиеттері?

Осы аталып кеткен натурал сандардың көбейту қасиеттері ондық бөлшекті натурал санға көбейту кезінде қолданылады.

Ауыстырымдылық қасиеті: 8,3·7=7·8,3

Терімділік қасиеті: (3·2,4)·5=3·(2,4·5)

Үлестірімділік қасиеті: (6,3+2)·5=6,3·5+2·5





Оқышулар натурал сандардың көбейту ережесін айтады.


Оқушылар мұғалім берген тапсырмаларды орындайды.


Натурал сандарды көбейту және ондық бөлшекті натурал санға көбейту ережелерінің айырмашылығын айтады.


Оқушылар натурал сандардың көбейту және ондық бөлшекті натурал санға көбейту қасиеттері туралы мәлімет айтады.

Талдау кезеңі: Сыни ойлауын дамыту.

Балалар оқулықпен жұмыс жасап болған соң, мен өзім теорияны түсіндіріп өтемін.

Балалар тақтаға назар аударып отырады.

Сергіту сәті жүргізіледі

Қолдану кезеңі:

Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар

А деңгей(№1035)

В деңгей (№1053)

С деңгей (1060)

Мен дарынды оқушының жұмысын өзім тексеремін

Оқушылар тандаған есептерін орындайды.

Дарынды оқушы орнында жұмыс жасайды.

Жинақтау кезеңі(қортындылау):

Не үйрендік? Сабақтан қандай ой түйдік. Сабақ туралы әсерлерінді білдіріңдер (стикерге өз ойларын, сабақтан алған әсерлерін тақтаға іледі)

Бағалау:

Оқушының аты-жөні:

Білу

Түсіну

Қолдану

Оқулықпен жұмыс

Талдау

Деңгейлік тапсырмалар

Жинақтау

Бағалау










Үй жұмысы: №1045, №1046.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!