"Ондықпен санау" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ондықпен санау" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып математика пәні "Ондықпен санау" тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Математика.

Сабақ:Қосу жәе азайту

Ондықпен санау.

Мектеп:2

Күні: 27.11.2017

Мұғалімнің аты- жөні: Хайруллаева Д

Сынып:1 Ә

Қатысқандар:

Қатыспағандар :

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.1.1.6. Санның жаңа бірлігі – ондық туралы түсінігі болу, 100 – ге дейін толық ондықтармен санау.

1.2.3.1. 1-ден 20-ға дейінгі сандар тізбегін және ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін білу , суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын білу.

Табыс критерилері.


Барлық оқушылар орындай алады

Санның жаңа бірлігі – ондық туралы түсініктері бар, 100 – ге дейін толық ондықтармен санай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

1-ден 20-ға дейінгі сандар тізбегін және ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады

. 1-ден 20-ға дейінгі сандар тізбегін және ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін біледі , суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын біледі, қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Толық ондықтармен 100 –ге дейін тура және кері санай алады.

Пәндік лексика және терминология:

Екі таңбалы сан, біртаңбалы сан, бірліктер, ондықтар, он , жиырма, .... жүз.

Сабақта диалог жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талдау:

-Қандай сандар біртаңбалы деп аталады?

-Қандай сандар екітаңбалы деп аталады?

-Бір ондықта неше бірлік бар?

Жазу:

Ондықтармен санай отырып , толық ондықтарды жаз.

Алдыңғы оқу:

0-ден 10- ға дейінгі сандар, 11-ден 20-ға дейінгі сандар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

0-3 минут.













4-10 минут

















Ортасы

11-15 минут














16-20 минут




21-27 минут



28-32 мину




33-35 минут


Ширату:

«Артық» деп әмір бергенде – оқушылар қолдарын жоғары көтеріп, аяқтарының ұшына тұрады.

«Кем» деп әмір бергенде – жүрелеп отырып, тізесін қолымен құшақтайды.

«Тең» деп әмір бергенде – қолдарын жанына қойып, түзу тұрады.

Көкейкестілік.

Сабақты өткен тақырыпты қайталаудан бастаймын.

-Қандай сандар бір таңбалы сандар деп аталады?

Мысал келтіріңдер.

-Екі таңбалы сандар дегеніміз қандай сандар?

- Өткен сабақта қандай санмен таныстыңдар?

- 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарынан ол санның айырмашылығы қандай?

Мақсат қою. /проблемалық жағдаят/.

Балалар, қалай ойлайсыңдар, үй салу үшін қандай құрылыс материалдары қажет болады?

-Үй салу үшін көп мөлшерде шеге қажет болады. Бізде шеге бар, бірақ оның қанша екенін білмейміз және оның құрылысқа жететініне күмәнданамын.

-Сендер маған шегелерді санауға көмектесесіңдер ме?

Оқушыларды топтарға бөлемін. Әр топ үстеліне топ санау таяқшаларын қояды. Оқушыларға он таяқшадан санап, бума жасатамын. Бұның он бірлік –бір ондық екенін айтамын. Қалған таяқшаларды да осылай бума жасауды тапсырамын. Жасаған бумаларды пайдаланып, ондықтармен санай отырып, барлық дөңгелек сандарды хормен дауыстап айтқызып, санатамын.

Оқушылардың назарын 100 санына аудартамын.

-Бұл сан өзге сандардан несімен ерекшеленеді?

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды.

Бірінші оқушы алғашқы ондықты атаса, келесі оқушы келесі ондықты айтады.

Жаңаны ашу.

Тиісті сандарды қой.

Тапсырманы жұппен орындатамын. Сандар қатарын реті бойынша ондықтармен толықтырады.

Кім дұрыс санады?

Жұпта жұмыс жасай отырып, дұрыс жауабын табады. Анасы мен қызының қолдарындағы кеспеқағаздар жазылған цифрлар мен жұмыртқа салынған науалардың санын салыстырады. Егер оқушылар тапсырманы орындау барысында қиналса буылған санау таяқшаларын пайдалана алады.

Жаңаны қолдану.

Шығарып көр.

Оқушылар тапсырманы оқып, ауызша жауап береді.

Орындап көр.

Оқушылар заттардың санын ондықпен санайды. Санаудың нәтижесін ламинатталған қағазға жазып, өзара тексеру кезінде бір – бірлеріне көрсетеді.

Дөңгелек сандарды тап.

Оқушыларға тапсырманы өз беттерінше орындатамын. Тапсырма нәтижесін өзара тексеру арқылы ұйымдастырамын.

Оқып үйренгенді меңгергенін тексеру.

Дәптермен жұмыс.

Жұмыртқаларды науаларға сал.

Оқушылар науаларға жұмыртқалардың суреттерін салып, әр науада неше ондық жұмыртқа бар екендігін тауып, жазады.

Кинотеатрдағы кресло саны неше ондық болады?

Суреттегі креслоларда нөмір көрсетілмеген, оқушылар өздері оларды нөмірлеп, санайды, кресло санын бос орынға жазады.

Жирафтың бойы.

Суретке қарап , керіктің бойы қандай екенін білу үшін түсіп қалған сандарды жазады. Түсіп қалған сандарды әуе шарларына да жазып шығады. Жұпта отырған балалар бір -–бірлерінің жұмыстарын тексереді.

Рефлексия.

-Бір ондықта неше бірлік бар?

-Ондықтармен сана.

-Дөңгелек сандарды ата.








11-ден 20-ға дейінгі сандар қатары,





Құрылысқа қажетті шеге суреті, санамақтар,





Екі таңбалы сандар жазылған қиықшалар, оқулық, суреттер.













Оқулық, ламинатталған А4 қағаз













Жұмыс дәптері.

Қосымша мәліметтер:

Саралау оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Толық ондықтармен 100 –ге дейін сана.

Қабілетті оқушыға тапсыманы қалай түрлендіресіз?

Ондықтармен 100-ге дейін тура және кері ретпен сана .

Сандарды цифрлармен сәйкестендір.

Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Екі таңбалы сан мен үш таңбалы сандарда қандай өзгешелік бар?


Пәнаралық байланыс:

Сауат ашу, жаратылыстану, бейнелеу.

Денсаулық және қауіпсіздік:


АКТ мен байланыс:

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементтері):

Бір – бірін сыйлау, пікірлерін тыңдау, құрметтеу.

Жетістік критерилері

Оқушы оқу мақсатына жетті, себебі

Оқушы оқу мақсатына жетуге талпынады, себебі

1-ден 100-ге дейін ондықтармен дұрыс санай алады.

100 көлеміндегі сандар тізбегіндегі заңдылықтарды өздігінен анықтай алады.

1-ден 100-ге дейін ондықтармен санау барысында қателіктер жібереді немесе 100 көлеміндегі сандар тізбегіндегі заңдылықтарды өздігінен анықтауда қиналады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
3383
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі