Материалдар / Ондықтарды қосу және азайту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ондықтарды қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту Ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындайды. Дөңгелек ондықтарды атайды, ондықты шығарып алу жолын түсіндірілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2021
1356
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сыныбы: 1

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Пәні:

математика

Бөлім

2А. 10 көлеміндегі сандарды қосу мен азайту

Сабақтың тақырыбы:

Ондықтарды қосу және азайту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.5** ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау.

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер

ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындайды.

Дөңгелек ондықтарды атайды, ондықты шығарып алу жолын түсіндіреді.

100-ге дейінгі сандарды ондықтар ретімен санай алады.

Сабақтың барысы:

Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту

10 минут

Ынталандыру

Мұғалім оқушылармен аналарына көмектесу туралы әңгімесін жалғастырады. Біздің оқулықтың басты кейіпкерлері аналарына қалай көмектесетінін көруге шақырады. Қосу мен азайту компоненттері қалай аталатынын айтып бер. 10-ға дейін қосу және азайту кестесін ондықтарды қосуда қалай пайдалануға болатынын түсіндір.

«Жылдам есепте» ойыны өткізіледі.

Мұғалім мысалды айтады, оқушылар жауабын көрсетеді.

Ондықтардың жасалуы және ондықтармен санау, қарындашпен орындалады.




10-нан 100-ге дейінгі сандарды ондықтармен санайды.




Мұғалім тапсырмасын орындайды.

Ауызша мадақтау


5 минут

Жаңаны ашу.

Алдымен көрнекі суреттер (иллюстрациялар) көмегімен ондықтарды қосу және азайтудың жалпы тәсілі түсіндіріледі.

Бірінші сурет бойынша сұрақтар қояды.

Неше ондық сары өрік бар? (2 ондық)

Неше ондық қара өрік бар? (1ондық)

Барлығы неше өрік бар? (3 ондық)

Екінші сурет бойынша сұрақтар қояды.

Барлығы неше ондық қара өрік болған еді? (4 ондық)

Неше ондық қара өрікті жеп қойды? (1 ондық)

Неше қара өрік қалды? (3 ондық)


Сұрақтарға жауап береді.

2 онд. + 1 онд.=3 онд.
20 + 10=30
4 онд. – 1 онд.=3 онд.
40 – 10=30


Оқушылардың жұмысы «басбармақ» әдісі бойынша бағаланады.






8 минут

Жаңаны қолдану

Мұғалім оқулықтағы 2-тапсырманы ұсынуына болады. Анаңа үрмебұршақты санауға көмектес. Ондықтармен сана.

1 онд, 2 онд, 3 онд, 4 онд, 5 онд, 6 онд

10 20 30 40 50 60


Оқулықтан 3-тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Қандай сандар жасырынғанын анықта.

1 ондыққа неше ондықты қоссақ 2 ондық шығады? (1 ондық)

1 онд+1 онд=2 онд 10+10=20

Неше ондыққа 2 ондық қоссақ 7 ондық шығады? (5 ондық)

2 онд+5 онд=7 онд 20+50=70

Осылай талдау жасай отырып, қалған жасырылған сандарды анықтайды.

Сабақтың мақсатын анықтайды.

Ондықтармен санайды.

Ондықтарды кему ретімен жазады.

60 50 40 30 20 10



Сұрақтарға жауап береді.


Ондықтарды қосуды орындайды.

«басбармақ» арқылы

өзін-өзі бағалау


Оқулық


Баспа негіздегі

жұмыс дәптері

14 минут

Өзіндік жұмыс.

Өзіндік жұмыс оқушылардың түсінбей қалған тұстарын анықтауға көмектеседі. Мұғалім осы мақсатта 4-тапсырманы ұсынуына болады.

Кейін оқушылардың үлгі бойынша өзін-өзі тексеруіне мүмкіндік беріледі.

Егер 100см-ден 20см-ді азайтса, қанша қалады?

Бұл жағдай біршама қиын, өйткені 100 дегеніміз – 10 ондық.

Оны жеке алгоритм құрастырыңдар

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі есептеуге берілген №1 тапсырманы орындауды ұсынады.

Тапсырманы өз бетімен орындайды.

20см+40см=60см

30см+50см=80

60см+40см=100см

50см+40см=90см

80см–30см=50см

100см–20см=80см






Дәптердегі тапсырманы орындайды.


Оқушылар есептеуді орындайды.

Өзара бірін бірі бағалау

Оқулық,

Қима қағаздар

5 минут

Оқулықтағы зерттеушілік тұрғыдағы 5 тапсырманы орындауды ұсынуға болады.

Тізбектің жалғасын тап.

Геометриялық фигуралардан өз тізбегіңді құрастыр.

Тізбектің жалғасын табады.

1)



Рефлексия

3 минут

Бағдаршам.

Қызыл - сабақта көп нәрсені түсінбедім, сабақтағы мәліметтер маған керек емес, сабақта белсенді бола алмадым, жауап берген жоқпын.

Сары - сабақ қызықты болды, белсенді болдым, сабақта пайдалы мәліметтер алдым, орнымнан жауап бердім, бірнеше тапсырманы өзім орындадым, сабақта мен өзімді жақсы сезіндім.

Жасыл - сабақта белсенді болдым, сабақта көп пайдалы мәліметтер алдым, көп жұмыс жасадым, өзіме тиісті баға алдым, маған бәрі түсінікті болды.

Сабақ аяқталған соң балалар бағдаршамға сары, қызыл, жасыл стикерлерін жабыстырады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!