Материалдар / Өнеге-отбасынан
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өнеге-отбасынан

Материал туралы қысқаша түсінік
Өнеге-отбасынан - бұл ата-аналар арасында өткізілетін тренинг. Тренинг мақсаты баланың дамуына, жеке тұлға етіп қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- жанұя екендігін естен шығармау. Бұл тренинг ата-ана мен мұғалім, ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты жақсартады деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
634
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ.Күржіманұлы атындағы № 8 орта мектеп











Ата – аналармен өткізілген тренинг

Тақырыбы: Өнеге – отбасынан

















Өткізген : Ишанбай Г.О















2018жыл

Тақырыбы: Өнеге - отбасынан

Мақсаты: ата-аналардың көңіл – күйін жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру.
Қатысушылар: ата – аналар, мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық
Барысы:

І. Кіріспе

Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар,ұстаздар. Бүгінгі «Өнеге - отбасынан» тренингіне қош келдіңіздер.  Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Отбасы – Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке – шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздер ата – ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата – аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаттығу  «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
Мақсаты: Ата – анамен баланың ортасындағы қарым – қатынасты анықтау.

Әр қатысушы қағаз суыру арқылы төмендегі сұрақтарға жауап береді.

1.Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?
3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?
4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?
5. Сүйіп оқитын пәні?
6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?

7.Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?

8.Балаңыздың сынып жетекшінің толық аты-жөні?

9.Балаңыз қай жылдан бастап мектепке келді?

10.Балаңыздың сыныбында неше бала оқиды?

11.Балаңыздың жақсы көретін киім үлгісі?

12.Балаңыз сыныпта кімнің жанында отырады?

13.Күніне балаңыз қанша ақша жұмсайды?

14.Балаңыз спорттың қай түрін жақсы көреді?

15.Балаңыз сізді ренжіткенде , ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

16.Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
«иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыз.
«жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
1. Журнал бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?

2. Баланыз сабақтан төмен баға алып келгенде оган өз ренішіңізді білдіресіз бе?
3. Балаға тәрбие беру кезінде жанұя ма, алде қоршаған орта, қоғам ықпал жасай ма?
— егер «жанұя» десеңіздер- жымиыңыздар.
— егер «қоршаған орта, қоғам» десеңіздер қолымызды алдыға созамыз.
4. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
— егер «әке» десеңіздер – қолды шапалақтаңыз,
— егер «шеше» десеңіздер – қолды бұлғаймыз.
— егер «екеуі» десеңіздер – орнымыздан тұрамыз.

5. Ата-ана баланың бас ұстазы.

- егер «келісемін » десенің – екі қолыңызды жоғары көтеріңіз

- егер «келіспеймін» десеңіз – екі қолымызды артқа ұстаймыз.

Аңыз «Сынған құмыра»
Ертеде бір су тасушының екі үлкен қыш құмырасы болыпты. Құмыраның біреуі жарық болыпты, сол жарықтан бұлақтан ауылға жеткенше жарты суы ағып кетеді екен. Ал екінші құмыра мінсіз болыпты. Екі жыл бойы су тасушы ауылдастарына бір жарым құмырадан су тасыпты. Әрине, мінсіз құмыра өзінің жетістігін мақтаныш ететін. Ал жарық құмыра болса, өзінің жарты ісіне ұялып, байғұс болып жүретін. Бір күні құмыра су тасушыға былай дейді:
«Мен өзімнің тірлігіме ұяламын және сенен кешірім сұраймын.
Не үшін ұяласың?
Менің бүйірімдегі жарығымнан су ағып тұрады. Сен өз жұмысыңды орындап жүрдің, бірақ менің кесірімнен жұмысыңның жарты нәтижесін ғана алдың» – деді құмыра. Сол кезде су тасушы:
Мынау жолдың жиегіндегі гүлдерге қарашы. Сен олардың арғы бетте емес, сен жақтағы бетте ғана өсіп тұрғанын байқадың ба? Мен сенің кемшілігіңді әрдайым білетінмін.
Күнде бұлақтан шыққаннан сен жолдағы гүлдерді жарық құмыраңнан аққан суыңмен суаратынсың.
Екі жыл бойы сол гүлдерге қарап мен қуанатынмын. Сенсіз бұл сұлулық болмас еді!
Сұрақ: Бұл аңызда қандай мағына жасырылған?

Ата – аналарды сөйлету.
Мұғалім: Балалардың бойында әр түрлі, жеке, есте қаларлықтай өздерінің қайталанбас қылықтары бар. Соларды тек сезе біліп, түсінуіміз керек.


«Менің балам қандай?» ойыны
Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
Әр қатысушы қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар ватманға жабыстырылады.

V. «Балама қандай жылулық беремін?» ойыны
Күннің суреті салынған ватман. Сіз жылуыңызды беріп жатқан күнсіз. Сізден тарап жатқан шуақтарды қалай деп атайсыз. Ата-аналар шығып балаларына күн сияқты қандай жылулық беріп жатқандарын жазулары керек. Мысалы: «Мен баламды мейірімді, жылы сөздер айтып оятамын», «Мен балама күніне бірнеше рет жылы сөздер айтып аймалаймын», «Мен мейірімдімін» т.с.с. Енді шуақты күнімізге қарайықшы. Ол да аспандағы күн сияқты өзінің жылуын, мейірімін уақыт таңдамай, орын таңдамай сыйлап жатыр. Біз де, ата-аналар, өзіміздің балаларымызды ешқандай талап қоймай жақсы көруіміз керек.


Видеоролик көрсету.

Рефлексия

Сабақ аяғындағы көңіл – күйімізді көрсетеміз.
ІІІ. Қорытынды

Ардақты ата – аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата – ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала – ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата – ана тәрбиеге бет бұруы керек.Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғи да қуантып, қуанышқа бөлей берсін дегім келеді.

Ендеше алдымызда келе жатқан аналар мерекесіне орай бәріміз ән салайық.

А.Жорабаева: Бақытты әйел.

Сау болыңыздар.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!