Материалдар / "Өнер - өмір өрнегі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өнер - өмір өрнегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа арналған өзін - өзі танудан сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қазан 2018
1317
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп №1ЖОББМ Мерзiм Мұғалiм Б.Д.Джапарова

Сынып 8 Оқушылар саны Тақырып №-4 Өнер –өмір өрнегі

Құндылық Дұрыс әрекет Қасиеттер: Әрқашан көмектесу,өзгелерді ренжітпеу қамқорлық жасау

Сабақ мақсаты: Оқушылардың адам өміріндегі жақсы қарым-қатынастары туралы әңгімелей отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

-Оқушыларды әрқашан көмектесуге үйрету;

- Әрбір істе өзгелерді ренжітпей,байсалдықпен әрекет жасауын дамыту,

- Қоршаған ортаға, адамдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу




Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:5Т ережесі

Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,оқушы оқу-құралдарын тексеру.

Тыныштық сәтi. Тыныс алу жаттығуы

Үй тапсырмасын тексеру:№ 3-сабақ «Әнші мұраты»

Сұрақтар:
1. Майдан жауынгерлерін қазақ әндері қандай сезімге бөледі деп ойлайсыңдар?

2.Роза Бағланованы қайсарлыққа жетелеп, майдан шебіне ән салдырған қандай күш?

3. Әрқашан көмектесу,өзгелерді ренжітпеу қамқорлық жасау қасиеттері арқылы қанадай,құндылыққа қол жеткіземіз?


Ескерту

Дәйексөз.

Еңбек – өнер өрісі, Өнер –өмір жемісі Халық мақалы

: Өнер, еңбек арқылы өмірдің жемісіне қалай алуға болады?

.



Халық мақалы

Оқиғаларды әңгiмелеу ( Мұғалімнің сыйы)Фарабидің Музыкалық таланты жөнінде аңыздан үзінді

Фарабидің аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы болғаны мәлім. Оның бесаспапты меңгерген шебер орындаушы болғаны жөнінде мынандай аңыз бар.

Шығыс патшаларының бірінің сарайында той-думан қызып жатады.Ол жиынға Фараби де қатысады. Шарап ішіп семірген байлар мен бектер, қожалар мен молдалар Фарабиге ілтипат жасамайды. Ойын-тойда музыка тартып отырған музыканттарға Фараби әлсін-әлсін ескертпелер жасап, аспаптарының құлағын бұрап, дыбысын реттеп беріп отырады.

Осы тойда Әмір Фарабиге бір шығарма орындап беруін сұрайды. Ол домбырасы қолына алып, аса бір мұңды күй тартады, оның мұңдылығы сонша, көңілді отырған жұрт көңілдері бұзылып, уайымға беріліп, егіліп жылайды..

Біраздан соң Әмір Фарабиден тағы да күй тартуын сұрайды. Екінші ретте Фараби қуанышты, көңілді күйді ойнайды. Жиналған жұрт еңселерін бірден көтеріп, көңілденіп қоя береді.

Әмір үшінші рет Фарабидің күй тартып беруін сұрағанда, ол жайма шуақ бір сарынды, қоңыр ырғақты күйді ойнағанда отырған жұрт музыка әуеніне елітіп, бірі қалмай ұйықтап қалады. Оларды ұйықтатып тастап, Фараби ол жерден жай ғана жүріп шығып кетіпті дейді

1.Фарабидің бойынан қандай қасиет көре алдыңдар?

2.Неліктен Патша Фарабиге ілтипат жасамады?

3. Дұрыс әрекетке тән қасиетті атаңдар?

Аңыз әңгіме «ӘБУ Насыр әл-Фараби»(870-950) Ғұлама ғалым философ энциклопедист-ғалым, ірі ойшыл-данышпан, ақын, музыкант, компазитор музыкалық аспаптарда шебер орындаушы,

Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс. Жағдаяттан шығу



1.Сыныптасың үлкен сайыстан бас жүлдені жеңіп шықты. Сен оның қуанышымен қалай бөлісесің?


2.Сенің досың сол сайыстан орын ала алмай қалды сенің әрекетің?









Топпен ән айту. «Жақсы адамдар»

Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар, жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

Жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.




Үй тапсырмасы.

5-Сабақ 20 бет Адам өмірі аңыз әңгіме оқып келу


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар ,денелеріңді түзу бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмуларыңа да болады. Ауаны терең жұтып, еркін дем алыңдар. Денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап қамқор болып тұр. Сіздердің бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толы екенін ұмытпаңыздар. Өздеріңді бақытқа шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініп, қоршаған орта адамдарға табиғатқа қамқор бола білейік.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!