Материалдар / "Өнер таусылмас қазына" атты сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өнер таусылмас қазына" атты сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Әуез мектебі ұстаздарына, оқушыларға, студенттерге тигізер пайдасы зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2021
698
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өнер таусылмас байлық, қазына”

Атты класс концерт 27.02.2021ж

Мақсаты: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық- технология арқылы музыкалық қабілеттерін және музыкалық сауатын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық музыка ӛнеріне мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Кӛрнекілік: Слайд, суреттер, баян, домбыра аспаптары.

Халық күйі: «Кеңес»

Орындаған домбырашылар ансамбілі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар !

Бүгінгі біздің «Өнер таусылмас байлық, қазына» атты класс концертімізге хош келдіңіздер!

Біз қастерлі Тәуелсіздіктің отыз жылдығына қадам басамыз. Бұл – баршамызға ортақ ӛнегелі ӛлшем, тағылымды кезең. Жаңа мемлекет құруға ат салысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Сондықтан, мен келесі жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жарияладым. Ӛткен әрбір он жылдық атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Алғашқы он жылдық егемен Қазақстанның ӛз дербестігін қалыптастыру кезеңі болды. Екінші он жылдықта еліміз тұғырын нықтап, керегесін кеңейтіп, іргесін бекітті. Үшінші он жылдықта мемлекетіміз шын мәнінде кемеліне келіп, әлемдік саясаттың тӛріне озды, – деді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Музыка арқылы біз ӛзіміздің үлгілі ӛнерге бейімдеп ӛркендете аламыз . Музыканың моральдық мәні сол біз оның әсерінен таза нәр аламыз , яғни шынайы сүйеміз . Музыканың шын мәнінде біздің жан дүниемізді толқытып , кӛңілімізді кӛтеруге құдіреті әбден жетеді.

Алғашқы ӛнер кӛрсететін:

1.Бейсенбаев Досымжан

А.Корелли «Адажио»

Домбыра жүрегіммен үндес едің Ӛзіңмен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұра сен болмасаң, Ӛнердің не екенін де білмес едім.

2.Жұмабек Асылзат

Түркеш «Қарабас»

Нотаны оқу тәсілі- әліппені үйренгенмен тең, Әліппеде алдымен әріп үйренсе, музыкада да нотаны үйреніп,оларды қосып ойнап, музыкалық сӛз құрастырып , соңынан сол сӛздерден музыкалық сӛйлем құрастырып ойнайды .Осылай құрастыру арқылы екпін мен ӛлшемді сезіну арқылы шығарманы тоқтамай ойнай алады.

3.Қалдыбекұлы Ақтілек

Л.Шитте «Этюд»

Кӛргеніңді күй қыла, Құлшына тарт, домбыра!

Еңбек елдің жыршысы-ау,

Жанымды бір жадырат,

Кӛкейіме қондыра,

Тәтті-тәтті әңгіме айт

Жаңа ӛмірді жыр қыла,

Шежіре, шешен сұңғыла,-

Құлшына тарт, домбыра

4.Ниятуллаева Нұрдана

Халық әні «Айтжан- ай»

«Этюд» - дегеніміз оқушылардың техникасын арттыруға, жетілдіруге арналған шығарма.

5.Әбдіров Дидар

К.Черни «Этюд»

Ӛсірген ӛнерімді қызыр- бабам , Үніңнен айналайын бұзылмаған! Киелі пернеңе бір қол соқпасам, Ішегің жетімсіреп ызылдаған.

6.Талғат Әлинұр

Беларусь халық биі «Янка»

Музыка адамның ойлау қабілетін арттырып ,есте сақтау жүйесін жақсартады әуенді қаншалықты кӛп тыңдасаңыз соншалықты нәтижесіне кӛз жеткізесіз.

7.Айдарбеков Диас

С.Майкапар «Этюд»

Тарт күйіңді, домбыра!

Тӛгіл, тӛгіл тәтгі күй,

Тау суындай сылдыра, Желпін, желпін жел соқтыр! Тауда тұман тұрмасын, Кӛкте бұлт ыдыра!

Тыңдамаған қоймасын, Ойды-қырды қыдыра, Құлшына тарт, домбыра!

8.Ниятуллаева Нұрдана

Қазанғап «Қаражорға»

Музыкамен шұғылданатын бала кішкентайынан бастап талпынады . Оқушы

естіген әуенді ӛзі үйреніп жүрген аспабында ойнауға ұмтылады. Оқушылардыңмузыкалық қабілетінің ӛзіндік қасиеті болады.Оқушысының музыкалық қабілетінің жан- жақты дамуына оқытушысы кӛп ықпал етеді.

9.Бейсенбаева Аружан

Г.Беренс «Этюд»

ДОМБЫРАМ ,досым менің күй аңсаған ,

Ӛзімді, ӛмірімді қиям саған, Шағымда шабыттанған қиялдаған, Шапағың бар шаттығын құяр маған.

10.Сайлау Іңкәр

Е.Брусиловский «Қыз арманы»

Қазақ халқы әнге бай. Ӛткен ғасырда әнші сазгерлер Біржан сал ,Ақан сері , Жаяу Мұса, Әсет тағы басқалар халқымызға жақсы ән қалдырды. Әнсіз ӛмір жоқ халықта «Ақылың болса жыр тыңда» деген сӛз бар. Ал ұлы ақын

Абай « Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем әнмен тәтті күй

Кӛңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй» деген.

Ән адамды қуанышқа бӛлейді , жігерлендіреді .

11.Қазақтың халық әні «Ақ дариға»

Орындайтын Тынысбаев Қаршыға

Сыр ашады Махамбет , Мәдилерім, Ұрпағымен ұзартып ән- күйлерін.

Домбырасыз үйімнің сәні келмес, Домбыра боп, туған жер, әлдилеген.

12.Жұмабек Асылзат

Жаяу Мұса «Ақ сиса»

Евгений Григорьевич Брусиловский (12қараша 1905ж Ресей,Дондағы Ростов 9 мамыр1981 ж Мәскеу) композитор Қазақстанның халық әртісі(1936ж) 1931 жылы Ленинград (қазіргі Санкт- Петербург) консерваториясын бітірген.

1933жылы Алматыға жолдамамен келеді. 9 опера 2 балет 9 симфония аспаптарға арналған 500 ден астам әндермен романстар жазған. «Қыз-Жібек» ,

«Жалбыр», «Ер тарғын» , қазақ операларының авторы. «Қозы – Кӛрпеш –Баян сұлу»балетін жазды. Шәкірттері : Б.Байқадамов, А.Ьычков,К.Күмісбеков, Қ.Қожамияров,Н.Меңдіғалиев, Қ.Мусин,С.Мұхамеджанов,Е.Рахмадиев

.

13.Қуатберген Айбек

Е.Брусиловский «Гәкку»

«Музык ұлтқа бӛлінбейді» дейміз. Ия, біз кез келген елдің музыкасына құдды бір ана тілімізде тыңдап отырғандай құмарта құлақ тосамыз. Ондағы тылсым күш жүрек тукпіріне терең бойлан, саз сиқырына қалай арбалып қалғаныңды сезбей қаласың. Музыка жан- дүниемізді ӛзге бір әлемге жетелеп, сезім пернелерін дәл басады. Әсем әуен ой- қиялымызға қанат бітіріп , кӛңіл сарайына нұрын тӛгеді .

Баянистер ансамбілінің орындауында :

Беларусь халық әні «Дудочка –дуда»

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

Мектеп ұстаздары: Байжанова Гүлмира

Ақтаев Нұртілектің орындауында

Сӛзі :Т.Қажыбаевтікі

Әні: А.Қоразбаевтікі

«Әгугай домбыра»

Осымен «Ӛнер- таусылмас байлық ,қазына» атты класс

концертімізді аяқтаймыз.

Тамашалағандарыңызға кӛп рахмет!

Шиелі ауданының ӛнер мектебі

«Ӛнер таусылмас байлық, қазына»

Класс концерт

Мұғалімдер: Жәлімбетова Мадина

Байжанова Гүлмира

2021 оқу жыл

Евгений Григорьевич Брусиловский (12 қараша 1905,

Ресей, Дондағы Ростов — 9 мамыр 1981, Мәскеу) — композитор,

Қазақстанның халық артисі (1936).

Ӛмірбаяны

Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) консерваториясын бітірген (1931).

1933 жылы КСРО Композиторлар одағының жолдамасымен Алматыға келді.

  1. — 34 жылдары Қазақ музыкалық драма техникумы жанындағы халық музыкасының ғылыми-зерттеу кабинетінде қызмет етті.

  1. — 38 жылы Қазақ музыка (қазіргі Қазақ опера және балет театры) театрының музыкалық жетекшісі

1939 — 56 жылы Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының тӛрағасы

1956 — 76 жылдары КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі

1944 — 51 жылдары Қазақ филармониясының кӛркемдік жетекшісі 1944 — 70 жылдары Алматы консерваториясының композиция кафедрасының меңгерушісі болды.

Шығармашылығы

Брусиловский қазақ музыка ӛнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосты.

Ол 9 опера, 2 балет, 9 симфония, ―Кеңестік Қазақстан‖ атты кантата, оркестрге, аспаптарға арналған концерттер, 500-ден астам әндер мен романстар, сондай-ақ, Қазақстан әнұранының музыкасын (Мұқан Тӛлебаев, Л. Хамидилермен бірігіп) жазды.

Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін ӛз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған.

Ол — ―Қыз Жібек‖, ―Жалбыр‖, ―Ер Тарғын‖ сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени ӛмірінде зор маңызға ие болды.

1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, ―Қозы Кӛрпеш — Баян сұлу‖ балетін жазды.

Шәкірттері

Б.Байқадамов

А.Бычков

К.Күмісбеков

Қ.Қожамияров

Н.Меңдіғалиев

Қ.Мусин С.Мұхамеджанов

Е.Рахмадиев.

Орыс және қазақ тілдерінде ―Естеліктер‖ атты кітабы жарық кӛр Марапаттары

КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948, ―Кеңестік Қазақстан‖ кантатасы үшін)

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1967, ―Құрманғазы‖ атты 6симфониясы үшін) лауреаты.ЛенинЕңбек Қызыл ТуҚұрмет белгісі ордендерімен марапатталған.

Түркеш Қалқаұлы

Түркеш Қалқаұлы(1832, қазіргі Батыс Қазақстан облысы - 1875, сонда) -халық күйшісі. Түркеш жасынан ән-күйге бейім болды. Байбақты, Баламайсан, Байжұма, Есжан күйлерін орындаған домбырашыларды тыңдап, олардың ӛнерінен үлгі-ӛнеге алды. Ӛз ӛмірін, ӛнерін әділетсіздік пен озбырлықка қарсы күрес жолына жұмсады. Сол үшін атқа мінерлердің қудалауына үшырап, Орал, Астрахан түрмелеріне қамалды. Түркеш шығармаларының негізгі арқауы азаттықты аңсаған халық ӛмірі болды. Оның "Қарабас", "Қоңыр ала", "Салық ӛлген", "Аңшылық", "Теріс какпай", "Кӛңіл ашар", "Байжұма", "Аксақ құлан" т.б. күйлері бар. Түркештің күйлері Қазақ академия халық аспаптар оркестрінің репертуарынан берік орын алды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!