Материалдар / өнеркәсіп географиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

өнеркәсіп географиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлық пән мұғалімдеріне көмек. Мұғалім өзінің өткізген сабағына талдау жасағанда үлгі ретінде болсын қарауларына болады. Бұл физика пәніне жазылған талдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2019
1445
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: География

Күні,айы:___________ Тобы :____________

Сабақтың тақырыбы: Өнеркәсіп географиясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға өнеркәсіп географиясы салалары, мемлекеттерде таралуы туралы мәлімет беріп білімдерін толықтыру.

Дамытушылығы: Пәнге қызығушылығын арттыра отырып, есте сақтауға, өз ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, өз отанының патриоты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : теориялық (аралас сабақ)

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты слайд,карта, тест

Әдіс тәсілдер: Түсіндіру,баяндау, сұрақ- жауап

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақты баяндау

ІV.Сабақты бекіту

V.Сабақты қорытындылау

VІ.Үйге тапсырма беру

І.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу, түгендеу, жағымды атмосфера қалыптастыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақты баяндау:

Жоспары:

1.Отын- энергетика кешені

Мұнай өнеркәсібі жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап дамыған сала. Мұнайдың негізгі қоры көбінесе дамушы елдерде шоғырланған. Мұнай маңызды экспорттық тауар болып саналады. Мұнайды өндіретін негізгі аудандарға Парсы шығанағы, Латын Америкасы жатады.

Газ өндірісі жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап дамыған сала. Газ – ауаны ластамайтын, толық жанатын отын түрі. Дүниежүзіндегі аса ірі газ өндіруші елдерге Ресей, АҚШ жатады.

Жылу электр станциялары көмір, мұнай өнімдері, газды пайдаланып жұмыс істейді. Дүниежүзі бойынша электр энергиясының 63%-ы ЖЭС-тарда өндіріледі. Дүниежүзі бойынша атом электр стансаларында энергия өндірудің маңызы артып отыр. Атом электр стансыларын өндірілетін электр энергиясының үлесі 17%-ды құрайды.

Темір кені металлургия өнеркәсібінің дамуына қажетті шикізат. Қазіргі кезде жылына 1 млрд тоннаға жуық темір кені өндіріледі. Темір кенін сыртқа шығаруда Бразилия, Аустралия, Қытай, Үндістан сияқты елдер алдыңғы орындарда.

Қытайда шойын балқытуға қажетті шикізат қоры мол болғандықтан, шойын өндіруден Қытай дүниежүзінде бірінші орынды алады.

Мыс – маңыздылығы жөнінен екінші орын алатын металл. Мыс өнеркәсібі шикізат көзіне бағдарланады. Дүниежүзінде тазалығы жөнінен ерекше көзге түсетін мыс өндіретін екі аймақ бар, олар Орталық Африкадағы Заир мен Замбия және Қазақстан.

Дүниежүзінде машина өндіруден алдыңғы орындардағы елдерде "автомобиль астанасы" деген орталықтар болады. Мысалы, АҚШ-тың автомобиль орталығы Детройт қаласы болса, ГФР-дың автомобиль астанасы Вольфсбург қаласы.

АҚШ-тың Сиэтл қаласында "Боинг-747" ұшақтары құрастырылады.

Солтүстік Америкадағы тамақ өнеркәсібіндегі ірі монополистер "Кока-кола" мен "Пепси-Кола". Олардың дүниежүзінің көптеген елдерінде өкілдіктері бар.

Жер шарында балық аулаудан көзге түсетін алты ел бар, олар: Перу, Чили, Жапония, Ресей, АҚШ, Исландия.

Жер шарында ауылшаруашылығымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Дүниежүзі бойынша ауылшаруашылық саласында 1,3 млрд-тан астам адам жұмыс істейді.

"Жасыл революция" дегеніміз – мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру, жаңа сорттарды шығару. "Жасыл революцияның" негізі XX ғасырдың 60-жылдары Мексикада қаланды. Жасыл революция нәтижесінде көптеген дамушы елдер өздеріндегі азық-түлік мәселесін шешіп, аштықты жоя білді.

Жүгерінің Отаны – Оңтүстік Америка. Жүгері Х.Колумбтың саяхатынан кейін дүниежүзіне таралған. Әлем бойынша жүгері өндіруші жетекші ел АҚШ болып саналады. Дүниежүзі бойынша жүгерінің 50% -ы АҚШ-та өсіріледі.

Кофеннің негізгі шыққан жері Африкадағы Эфиопия мемлекеті. Кофе сергітпе дақылға жатады. Қазір кофе түсімінің 2\3 Бразилия мен Колумбия береді. Шайдың Отаны – Қытай. Дүниежүзінде жиналатын шайдың 4/5-ін Қытай, Үндістан, Шри-Ланка береді.

Талшықты дақылдарға мақта, джут, зығыр жатады. Басқа талшықты дақылдарға қарағанда, джут пен зығырдың таралу аймағы шектеулі. Джут өндіруден Үндістан мен Бангладеш көзге түссе, зығыр өндіруден Ресей, Беларусь алда.

Қант қызылшасы қоңыржай ендікте өсетін дақыл.

Күнбағыс өсіруші жетекші елдер: Франция, АҚШ, Ресей, Украина.

Табиғи каучукты гевея ағашынан алады. Табиғи каучук өндіруден Азиядағы Тайланд, Индонезия, Малайзия көзге түседі.

Какаоның отаны – Америка. Негізгі өндіруші елдер Африканың Кот- д-ивуар, Гана, Нигерия, Оңтүстік Американың Бразилия сияқты елдері.

Марикультура дегеніміз – теңіз өнімдерін қолдан өсіру. Балықты қолдан өсіруден Қытай бүгінгі күнге дейін алдыңғы орынды бермей келеді.

Қой шаруашылығы ет, жүн, тері береді. Дүниежүзі бойынша ең көп қойы бар ел Аустралия. Мұнда 130 млн-нан аса қой бар. Аустралиядағы қой шаруашылықтары шипстейшнз деп аталады.

Ірі-қара өсіру орманды дала және дала зоналарында дамыған. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина, Ресей жатады.

IV.Сабақты бекіту үшін тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

V.Сабақты қорытындылау.

VI.Үй тапсырмасын беру



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!