Материалдар / "Өнерлі өрен" көркем еңбектен авторлық бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өнерлі өрен" көркем еңбектен авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарлама бейнелеу өнері және қолөнерді меңгерту үшін оқушылардың қабілеті және қызығушылығы басты назарда болмақ. Балалардың қызығушылығын ояту үшін түрлі әдіс - тәсілдерді сабақта пайдалану тиімді болып табылады. Сол арқылы баланың пәнге деген ынтасы артады. Жас ұрпақтың рухани мәдениеті мен дүниетанымын, көркемдік талғамын қалыптастырудың басты құралы - оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру.Үйірмеде алған білімдері мен өнерлерін өмірде қолдана білуге жаттықтыру. Сұлулықты сүйе білуге, өнерлі болуға ұмтылдыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2024
182
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Б.Қаратаев атындағы ЖОББМ
















Көркем еңбек бағыты бойынша

жалпы орта білім беру ұйымдарына арналған


«Өнерлі өрендер»


үйірме бағдарламасы
















Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Кубенгалиева Назгул Орынбаевна













Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы



Түсінік хат


Бағдарлама бейнелеу өнері және қолөнерді меңгерту үшін оқушылардың қабілеті және қызығушылығы басты назарда болмақ. Балалардың қызығушылығын ояту үшін түрлі әдіс - тәсілдерді сабақта пайдалану тиімді болып табылады. Сол арқылы баланың пәнге деген ынтасы артады. Жас ұрпақтың рухани мәдениеті мен дүниетанымын, көркемдік талғамын қалыптастырудың басты құралы - оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру.Үйірмеде алған білімдері мен өнерлерін өмірде қолдана білуге жаттықтыру. Сұлулықты сүйе білуге, өнерлі болуға ұмтылдыру.

Бұл бағдарлама бейнелеу өнерін окыту әдістемесі пәніне байланысты бала психологиясының теориялық және практикалық негіздеріне арналады. Мектептерде өтілетін бейнелеу өнері үйірмелері бойынша жаңа оқыту технологиясын қолдану жолдарына бағыт береді.

Көркемдік өнерді оқытудың білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыруды көздей отырып, бейнелеу өнері бойынша барлық түрлері мен жанрлары қамтыла отырып жасалған.

Бейнелеу өнерінің бағыттарын тереңдетіп оқыту және замауи бағыттағы қолөнерлер негізделген үйірме бағдарламасы көркем еңбек пәні мұғалімдері үшін көмекші құрал болып табылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтары ескеріле отырып құрастырылған.

Жалпы жыл бойына 34 сағат жоспарланып отыр, аптасына 1 сағат.

Күнтізбелік бойынша оқушыларды өнерге баулуда көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие береді деп ойлаймын. Оқушыларды есте сақтау, қиялдау, ойлау немесе тақырып бойынша сурет салу арқылы оқушылардың ойлау қабілеті дамып, тереңдей түсетінін, шеберлік сыныптар арқылы жұмыс жасау барысында оқушылардың байқағыштық қабілеттерін дамытып, үйлесімдік шешім табуға, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық дағдысын жетілдіреді. Бұл күнтізбелік жоспардың жалпы мазмұнына қысқаша тоқтала кетсек:

Бейнелеу өнерінің түрлері бейнелеу өнерінің кескіндеме (кескіндеме түрлері), графика (графика түрлері), мүсін өнері (мүсіндеу  түрлері), сәулет өнері (сәулеттік өнер түрлері), дизайн және халықтық  сәндік қолданбалы өнері (қолөнер түрлері) сынды бірнеше тармақтармен қамтылады.

Оқу негізі бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

оқушылардың бейнелеу өнеріне деген мәдени көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;

Адам бойындағы табиғи дарынды құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
Оқушылардың мәдени білімді шығармашылықпен қолдану, қолданбалы өнермен жұмыс істеу, суретші шығармаларын салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың мәдени, рухани адамгершілік ұстанымын қалыптастыру.


Болжамы:

Оқушылардың ойын, қиялын кеңейту, көркем өнерге деген ынта - жігерін арттыру. Бейнелеу өнерінің жанрлары мен түрлері туралы толық мағлұмат беру. Көне мәдениетімізді сақтай отырып, жаңа мәдениетті, өнерді бойымызға сіңіре білу.


Күтілетін нәтиже:


  • Қолөнер құралдарымен жұмыс жасап үйренеді;

  • Бейнелеу өнерінің түрлерімен жанрларын айыра біледі;

  • Үлгі бойынша жұмыс жасай білуге дағдыланады;

  • Қалдық заттарды тұрмыста қолдана біледі;

  • Сабақ меңгерген білім, білік дағдыларын өмірде қолдануды меңгереді;

  • Сурет байқауларына қатысуға шыңдалады.


Қолөнер үйірмесіне ұйымдастырылған «Өнерлі өрендер» үйірмесінің тақырыптық- күнтізбелік жоспары


(жылына 34 сағат, аптасына 1 сағат)



р\с

Сағат саны

Сабақтың тақырыбы

Мерзімі

Әдістемелік оқулықтар


Пайдаланатын құрал-жабдықтар

І тоқсан

2

1

Бояулар әлемі. Колориттік үйлесім


Көрнекіліктер, оқулықтар Спектрлік көрнекі құралдар

Түрлі түсті бояулар, қарындаштар

3-4

2

Пейзаж. Табиғатты бейнелеу


Табиғат суреттері

Акварель бояуы, палитра, ақпарат құралы

5-6

2

Натюрморттың композициялық құрылымы. Графикалық натюрморт


Натюрморт жанры туралы көрнекі оқулықтар

Графит қарындаштар жиынтығы

7-8

2

Түстік тон. Түрлі түсті бояумен сурет салу. Су тамшысы


Дидактикалық материалдар

Ақпараттық құралдар, акварель бояуы

9-

3

Сумоншақтан тал жасау



АКТ, ватман

ІІ тоқсан

10-11


Сумоншақтан тал жасау


Дидактикалық материалдар

АКТ, сумоншақ, жіңішке сым, гипс, майлық қағаз

12-13-14

3

Папье маше әдісімен құмыра жасау


Көрнекіліктер, оқулықтар

Қағаз, ПВА желімі, құмыра негізі, бояу

15-16-17

3

Қалдық заттардан сыйлық бұйымдар жасау


Дидактикалық материалдар

Суық форфор, картон;

супер желім;

кез келген әшекейлер;

атлас лента.

ІІІ тоқсан

18-19-20-21

4

Ұлттық киімдерді өрнектеу. Сәукеле жасау.


Дидактикалық материалдар

Қайшы, мата, сызғыш, метр өлшеуіш, ине, жіп, фольга, желім

22-23

2

Киіз үй жасау


Дидактикалық материалдар

Фетр, картон, лента, жіптер, ыстық желім

24-25-26


Шашқа тағатын сәндік бұйымдар. Бисерден тәж жасау


Көрнекіліктер

Слайд, сумоншақ, фетр, қайшы, жіңішке сым

VІ тоқсан

27-28

2

Тұзды қамырдан бұйымдар дайындау.


Көрнекіліктер

Тұзды қамыр, бояу, жіп, кескіш

29-30

2

Сәндік бұйымдар дайындау. Гүл жасау.


Дидактикалық материалдар

Креп қағазы (немесе гофри қағазы) түрлі-түсті сым, ПВА желімі

31

1

«Менің қиялымдағы сәулетті үй» композициялық шығармасы  


Дидактикалық материалдар

Картон, сызғыш, қайшы, желім

32

1

Дизайн туралы мағлұмат (Ізденіс жұмыстар)


Дизайн көрнекіліктері

Қарындаштар, сызғыш, маркерлер

33

1

Шығармашылық тапсырма (тауарлық белгі, логотиптер)


Логотип суреттері

Түрлі түсті бояулар

34

1

Көрме



Көрмелік суреттер

Ілу тақталары, мольберттер




































Пайдаланған әдебиеттер



Мұғалім үшін:


  1. Жолдасбаев А «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» Алматы, «Атамұра» 2012 ж

  2. Б.Аяған. Қазақстан Ұлттық энциклопедия «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 2004 ж 647 бет

  3. Қазақ өнерінің тарихы /үш томдық/ Ежелгі дәуір ІІІ том. Алматы «Өнер» 2007 ж. 85-123 бет

  4. Марғұлан А.Х, Акишев К.А, КадырбаевМ.К, Оразбаев А.М «Древняя культура Центрального Казахстана» Алма-Ата 1966, 277-278 бет

  5. Кузнецова Э.Ф, Тепловодская Т.М «Древняя металулургия и горнарное производство Центрального Казахстана» Алматы. Ғалым, 1994. 207 бет

  6. Айдарова З, Сауғабаев М «Бейнелеу өнері. Дидактикалық материалдар» Алматы, «Атамұра»,2006ж, 40бет


Оқушы үшін:

  1. Қ.Болатбаев, Ұ.Ибрагимов. Бейнелеу өнері. 5 -сыныбына арналған оқулық. 2 -басылымы, өңделген. Алматы «Атамұра» 2005.

  2. Бейнелеу өнері. Оқыту әдістемесі. 5 -сыныбына арналған. Алматы «Атамұра» 2001.

  3. З.Айдарова. Бейнелеу өнері. 6 -сыныбына арналған. 2 -басылымы, өңделген. Алматы «Атамұра» 2006.

  4. Бейнелеу өнері. Оқыту әдістемесі. 6 -сыныбына арналған. Алматы «Атамұра» 2002.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!