Материалдар / "Оңтүстігім-туған өлкем"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Оңтүстігім-туған өлкем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Оңтүстіктің шығу тарихын ұғындыру.Туған жер туралы мақал ,өлеңер жайлы баланың санасына жеткізу. Отаншылдыққа тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
634
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

95 «Алтын дән» бөбекжай балабақшасы

6 «Атамекен» мектепалды даярлық тобы







Ашық сабақ

Тақырыбы: Оңтүстігім – туған өлкем









Тәрбиеші: Мурзабаева.Р.А











Шымкент



Мақсаты: Туған өлкеге деген түсініктерін дамыту. Ескеркіштер, көшелер, мемлекеттік мекемелер туралы әңгімелеу.Қаладағы әсем жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, көркемдік талғамын арттыру, сөздік қорын байытып, грамматикалық тұлғада анық сөйлеуге дағдыландыру. Туған жерін, елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, ребус.

Сөздік жұмыс: көп қабатты үйлер, ғимараттар, ескерткіштер.

Әдіс-тәсіл: суреттерді көрсетіп, түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын-жаттығулар.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түсті даламыз, Қайырлы таң, балалар.



Әуен тыңдату: ән «Шымкентім шырайлым».

Сұрақ-жауап:

Ән не туралы айтылған? −Біз қай қалада тұрамыз? −Қаламыз қандай?



Әңгімелесу: Шымкент қаласы әсем қала, қалада көрікті жерлер өте көп, көптеген әсемде сұлу, зәулім ғимараттар бар және тәуелсіздік саябағы бар. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Қабанбай батыр және т.б. көшелер мен даңғылдар бар.

Балалар сүйікті қаламыз, туған жеріміз туралы не білеміз?

1 бала «Шым» ол түрік тілінен аударғанда «жасыл» деген мағынаны, ал «кент» «қала» деген мағынаны білдіреді. Сонда Шымкент жасыл қала деген атауды білдіреді.

2 бала Біздің қаламызда көптеген көрікті жерлер бар. Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би көшелерінің қиылысында Ордабасы алаңында «Тәуелсіздік тұғыры» ескерткіші ашылды.

3 бала Біздің қаламызда Ұлы Отан соғысы ардагеріне арналған ескерткіш ашылды. Онда барлық ардагерлердің есімдері жазылған және мәңгілік алау орнатылған.

4 бала Біздің қаламызда Д.Қонаев атамыз атындағы үлкен дендра саябағы бар, және Ш.Қалдаяқов атамызға арналған демалыс аллеясы ашылған.

5 бала Біздің қаламызда Кең баба, Қиял әлемі, Абай саябағы, Орталық саябағы, Тәуелсіздік саябағы бар, және цирк ашылды.

6 бала Біздің қаламызда құрметті аталарымыз атындағы көшелер бар. Солардың бірі Майлы Қожа бабамыз атындағы көшеде №95 «Алтын дән» бөбекжай балабақшасы орналасқан. Біз осы балабақшада тәрбие білім алудамыз.





Балалар көрікті Шымкент қаламыз жайла тақпақтарымызды есімізге түсірейік:

1 бала Жақсылыққа арналып тілегіміз, Арман еткен сезімтал жүрегіміз Таң қалдырған сәулетімен талайды, Шымкент деген қаланың түлегіміз.

2 бала Айналаға қарашы, Кең байтақ бар даласы Шым қаладай қаласы, Жап жасыл боп тұр, әне

3 бала Шымкентім мәңгі жасыл қала, Ұл-қызың тапқан баспана Сәулетің тартып көз нұрын, Көз алдыма келер Астана.

4 бала Шымкентім – жасыл сән қала, Пейім дархан кең дала Шипалы суың жанға ем, Жәннаты жердің сен ғана.

5 бала Шымкентім мекен ең жайлы, Халқында болмас мұң қайғы Кілемге түскен өрнектей, Шымкентім неткен шырайлы.

6 бала Шымкентім менің, арайлым, Арманы болған талайдың Жұмаққа сені балаймын, Шымкентім менің, Шымкентім!

Сетгіту сәті: Топ – топ етіпбасайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса-жаса жарқын күн, Жаса-жаса алтын күн.

Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр».

Мақсаты: әрбір суреттің бас әріпінен туған қаламыздың атын шығару, балалардың ой-өрісін кеңейту.

Мақал-мәтел:

*Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

*Туған жерің – тұғырың.

*Туған жердің топырағы да ыстық.

Ән «Туған жер, алтын бесігім»

Қорытынды: Балалар туған қаламызға деген жақсы тілектерімізді білдірейік!

Еліміз аман болсын! Аспанымыз ашық болсын! Қаламыз гүлдене берсін! Еліміз тыныштық болсын! Күніміз жарқырай берсін! Бәріміздің деніміз сау болсын!















































Қолданылған әдебиеттер:

  1. Тіл дамыту. Әдістемелік құрал. Ә.С.Әмірова, К.А.Анартаева



  1. Көркем әдебиет. Хрестоматия. С.С.Аяпбергенова, Қ.Т.Тұрғынбаева, С.Б.Жекенова. Алматы кітабы 2007ж.



  1. Хрестоматия. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін «Мектеп қарсаңында» оқу-әдістемелік кешені-Астана: Арман ПВ баспасы 2009ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!