Материалдар / Онлайн сабақ Киім конструкциясының негізгі анықтамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Онлайн сабақ Киім конструкциясының негізгі анықтамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тігін сабағының мұғаліміне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
553
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Саламатсыздарма құрметті студенттер

Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі

Сабағыма қош келдіңіздер!

Тақырып Киім конструкциясының негізгі анықтамасы, сызбалар.

Пәні:Тігін бұйымдарын конструкциялау

Киім дегеніміз – адам денесін қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен (ыстық, суық және ылғалдан, шаң-тозаңнан,т.б.) қорғап тұрады және өсімдіктектес, жануартектес немесе жасанды жолмен тоқып шығарылған маталардан тігілген бұйымдар жиынтығы. Киім бір уақытта бірнеше роль атқарады: қорғаныштық, яғни адам ағзасының қалыпты күйін сақтайды, әлеуметтік, яғни тұлғаның қандай дабір әлеуметтік немесе кәсіптік топқа жататындығын анықтайды. Киім адам затының бір негізгі қажеті болып саналады.Киімнің матасы, үлгісі, пішіні бойынша адам өмір сүретін жердің климат жағдайын, мәдени деңгейін, материалдық жағдайын білуге болады.

Киіне білу де өнер демекші адам денесіне киімнің қонымды және жарасымды болуы қазіргі уақытта өзекті мәселенің бірі. Киім таңдауда адамның дене бітіміне, бет пішініне көңіл аударған жөн. Мысалы, адамның бет пішінінің сопақ, жалпақ және мойын бітімдерінің қысқа-жуан, ұзын- жіңішке болып келуіне қарай киім үлгілерін таңдаған дұрыс.

Киім” ұғымын кең түрде алып қарастыратын болсақ, бас киімдер, аяқ киім т.б. көптеген бұйымдарды жатқызуға болады.

Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде жалпы еуропалық киімдер қабылданған. Сонымен қатар киім адамның ішкі жан дүниесінен де біраз мағлұмат бере алады. Адамның киген киіміне қарап, ол туралы дәлме-дәл анықтама беріп, мінез-құлқы жайлы тұжырым да жасай алады. Мұндайда “Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып сал” деген нақыл сөз еске түседі. Киім адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін модамен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни мода да үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен мода ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де - өнер. Бұл өнерді игеру үшін модалар журналы мен мерзімді баспасөздің белгілі тарауларында жазылып тұратын мода талаптарын білу аз, бұған қоса өз талғамын да үнемі жетілдіріп, үнемі дамытып отыру керек. Бұл ретте адамның өз мәдениеті, оның рухани және адамгершілік принциптері және талғамы мен бейімі үлкен роль атқарады. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі- әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім ансамбльдерін түсі мен модасына қарай білуге, яғни киім мен аяқкиімнің , баскиімнің, сумканың, қолғаптың бір-біріне үйлесіп тұруына тікелей байланысты. Костюмның сәнділігі түрлі әсемдеудің, детальдардың, әсемдік бұйымдар мен түстердің саны мен сыйпатын терең ойластыра, шектен шықпай қолдануға да байланысты. Қазіргі заманғы киімдердегі сәнді түстердің үйлесімділігі әдетте түрлі реңдегі бірнеше топтардан тұрады. Өзара жақын, сондай-ақ көзге қонымды түстерді сәйкестіре пайдалану арқылы әсемдікке қол жеткізуге болады.

Киім сырт пішімді әсемдеп немесе бұзып қана қоймайды сонымен бірге адамның өзін қоршаған ортаға қарама- қатынасын да білдіреді.

Киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді таңдау үшін ерекшелігінде ескеру керек. Жастар ашық болуы, кейде тіптен әдеттегіден ерекше тігілген, көбіне- көп спорттық немесе ескі халықтық үлгіде тігілген киімдерді киюіне болады. Отыз жасқа келген қыз- келіншектер. Өзінің сыртқы пішініне лайық, бітім сұлулығын айқындап тұратын киімдерді таңдай білулері керек. Қырықтан асып жас ұлғайған кезде білетін тұлғадағы кейбір кемшіліктерді бүркешелеу жағында ұйымдастырған жөн. Ең бастысы киімнің түсі мен формасында белгілі бір талғамды сақтай білу.

Сәнділік ұғымына киімнің әсемдігі ғана емес, сонымен бірге нақты жағдайға байланысты киіне білу, адамның шұғылданатын ісіне жас шамасына сәйкестігі де ескерілуі жатады.

Киім адамды маңайдағы жұртқа тым оқшау, ерекше көрсетпеуі керек, ал ол талғамның жоғарылығына тікелей байланысты.

Жұрттан ала- бөле жаңа модалы киімде қазір ұмытылып кеткен көне модалы киім сияқты анайы, оғаш көрінеді.

Мода тенденцияларының тоқтаусыз өзгеруіне қарамастан аталған стильдер XX-ғасырдың әр уақыт аралығындағы киіміне өз орнын тапқан және де бұл стильдер XXІ ғасырда да өз өзектілігін жоғалта қоймақ емес, бұл олардың дәстүрлі стильдер деп атауына негіз болады.

Фольклорлық сарынға жататын киімдер әртүрлі халықтардың ұлттық киімдерінің кейбір элементтерін ала отырып орындалады.

Этникалық сарын сән үлгісінде XX-ғасырдың басынан бастап кең етек жайды. Ұлттық мәдениетке деген қызығушылық ұлттық өнерді зерттеудің, сақтаудың қажеттілігін түсіну негізі себепші болған еді. Этникалық сарында орындалған киім, ұлттық костюмде дәлме-дәл қайталануы керек.

Ұлттық киім мен қазіргі заман талабына сай киім арасындағы байланыс неғұрлым нәзік болса, соғұрлым дайын бұйым әдемі, жоғары талғамға сай болады.

Сән – ешқашан да тұрақты болған емесболмайды да, ол күн сайын алға жылжуда. Біздің айналамыздың барлығы әрқашан өзгерісте болғандықтан, ешқандай ұсыныстар, көрсеткіштер, бұйрықтар немесе басқа да моданы ‘‘қатырып тастауға бағытталған іс-әрекеттер, оның бағытталған жылдамдығын тоқтата алмайды. Сән - әлеуметтік ақпаратты өңдеудің ерекше өлшемі, сипаты, түрі, деп анықтама берді психолог Л.Петров, ал Э.Богардус ‘‘Сән – бір топ адамның жаңашылдыққа жауап ретіндегі әсерінің типі,’’- деп анықтама берді.

Сән мәдениетінің барлық құбылыстарына дерлік таралады, атап айтқанда үнемі өзгерісте болатын материалдық және рухани құндылықтарға: өнер, әдебиет, ғылым (әсіресе медицина, әлеуметтану, экономика, философия) техника, саясат, идеология, спорт. Сән тарихи костюм дамуның тарихымен тығыз байланысты болғандықтан, көпшілік мода ең алғаш киім пайда болғанда туды, яғни алғашқы қауымдық құрылыста туды деп жаңсақ пікірлер айтады. Сән әлеуметтік-қоғамдық және мәдени құбылыс ретінде одан кем пайда болды. Костюм тарихын зерттеуші өнертанушылар мода XІV-ғасыр аяғы - XV-ғасыр басында туғанына сенімді. Киімді көркемдік қабылдау белгілі бір мөлшерде оның стильдік бағытына байланысты.

Сөздіктегі анықтамаларға сүйенсек, сарын сәулет өнері, бейнелеу өнері, қолданбалы қолөнерде біркелкі бейнелі – пластикалық құрылым жасайтын тұрақты және біртұтас көркемдік жүйе.

Сарын сән үлгісімен тығыз байланыста бола тұрса да, өзінің тұрақтылығымен ерекшеленеді. XX-ғасырдың атақты модельдері Коко Шанель ‘‘Сән келеді, кетеді –сарын қалады’’–деп айтқан. Сарынның– классикалық, спорттық, романтикалық, фольклорлық сияқты түрлері бар.

Егер кеңістіктегі форманы жазықтыққа түсіретін болсақ силуэт алуға болады.

Силуэт дегеніміз – адамдардың тұлғасының сырт нобайын ерекше түсінетіндей әсерлеп бейнелеу нәтижесі. Силуэт контурлы немесе таңба күйінде бейнеленеді.

XYIII ғасырда король Людовик королдығы тұсында финанс министрі ретінде Этьен де Силуэт деген кісі қызмет атқарады. Ол кісіні белгісіз суретші әзіл-сықақтап сурет салады. Бұл салынған сурет ерекше болатын, өйткені онда адамның бет-бейнесі есем көлеңкесі бейнеленгенді. Содан бұл суретте кімнің бейнесі бейнеленгенін бірден таниды. Осыдан бастап мұндай сурет салу әдісі силуэт деп атап кетті. 1-суретте тік, қынамалы, жартылай қынамалы және тропеция силуэт көрсетілген.

Жартылай қынамалы Қынамалы

Тік Тропеция



Киімдегі силуэт сызықтары арқылы киімнің формасын анықтауға болады. Яғни киімнің денеге қыналу сатысы мен көкірек бел, мықын сызығы, иықтың биіктігі мен ені, бұйымның ұзындығы мен етек формасының өзгеруін осы силуэттен байқауымызға болады.

Силуэт – форманың жазықтықта қабылдануы. Киім дамуының ұзақ уақыт бойы сұлбаның көптеген түрлері пайда болды, бірақ олардың барлығына бірнеше негізгі түрлерге біріктіруге болады. Силуэт негізгі төрт түрге бөлінеді:

Пропорция бұйым формасын құрастыруда маңызды композициялық құрал болып табылады. Пропорция – негізгі бөліктерді өзара біріктіретін қозғалысты қамтамасыз ететін байланыс. Пропорциялық қатынастарды дұрыс таңдау дайын бұйымның өзін және адам фигурасын қабылдауда маңызы зор.

Костюмнің сәтті ұйымдастырылған бөліктері мен элементтері адам фигурасына әдемілік береді және келбетінің кейбір кемшіліктерін жасыруға көмектеседі. Бұйымның композициялық тұтастығы ең алдымен тепе-теңдікті, яғни форманың барлық элементтері мен бөліктері өзара тепе-теңдікте қарастырылады.



Әдебиеттер тізімі.

1. « Әйелдер және балалар киімдерін дайындау технологиясы». Қ.Қучарбаева.

Т. Амреева, Г.Чмекеева. Астана: Фолиант 2010ж

2. «Киімді конструкциялау және тігу технологиясы» А. Асанова, Г.Тастанбекова Астана:Фолиант 2008

3. Бұйымның түйіндік өңделуі Т. Сулейменова. Астана: Фолиант 2009

4. «Ұлттық киімдерді жобалау және тігу технологиясы» С. Асанова. Астана2008ж.

5. Киімді модельдеу және көркемдік безендіру Г.Ә.Тәкішева, Б.Е. Асанова Астана: Фолиант 2008

6. «Тігін мамандығы» Б.Хамидолла, Қ.Жоламанова. Астана:Фолиант 2009

7. «Тігін бұйымының технологиясы» -Л. Куатбекова, Ү. Келесова. Астана-2010ж.




Үйге тапсырма: тпсырманы толықтай іздеп жазыу.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!