Материалдар / Ономастика – халықтың жер бетіндегі ескерткіші
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ономастика – халықтың жер бетіндегі ескерткіші

Материал туралы қысқаша түсінік
ШҚО Тарбағатай ауданындағы ономастикалық атаулар туралы деректер берілген, сондай-ақ Қазақстандағы ономастика мәселесінің жұмыс бағыттары туралы баяндалады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
713
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2 Ақсуат орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі

Сырлыбаев Серікбол Мерекеұлы



Ономастика – халықтың жер бетіндегі ескерткіші


Қазақ елі тоталитарлық құрсау мен кеңестік мемлекеттік жүйе жүргізген ұлтсыздандыру саясатын басынан өткеріп, міне ширек ғасырдан ғана асқан қысқа мерзім ішінде көптеген елдік істерді атқарып келеді. ХХІ ғасыр тәңір өзі сыйлаған тәуелсіздікті сақтап, ұлттық мұраларымызды насихаттай түсетін заман. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық сананы жас ұрпақ бойына қалыптастыру.

Ұлттық сананы өрістету, оны жаңғыртуда жер-су атауларының маңызы мен орны ерекше. Әр тарихи кезеңнің біздер үшін берер сабағы да әр түрлі. Осы ретте ономастика саласының да үлесі орасан зор.

Жалпы онамастика саласы ғылыми пән ретінде құрылғанға дейін үш кезеңді басынан өткізді:

  • ғылымға дейінгі (XIX ғ. дейін);

  • ономастиканың ғылым ретінде қалыптасуындағы алдыңғы кезең (ХІХ-ХХ ғғ. басы);

  • ғылыми (XX ғ. 30-жылдарынан қазірге дейін).

Яғни, аталған саланың ғылым ретіндегі қалыптасуы XX ғ. 30-жылдарынан басталуының өзі, тарихи тұрғыдан қарағанда әлем елдерінің, соның ішінде Еуропалық елдерде болған ірі мемлекеттік өзгерістерге байланысты. Себебі, бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Еуропадағы алып империя Австро-Венгрия империясы (Габсбургтер әулеті), Азия мен Африканың біраз бөлігін иемденген Осман империясы, Романовтар әулеті үстемдік еткен Ресей империясы ыдырап жаңа мемлекеттік құрылымдар қалыптасты. Ал аталған жаңа мемлекеттік құрылымдардың өізінің ұлттық атауларын қалпына келтіруге ұмтылуы сөзсіз заңды, тарихи құбылыс деуге болады. Осы тарихи кезеңнен бастап-ақ ономастика саласы мемлекеттік идеологияның бір тірегі ретінде қалыптасып дами бастады. Ал, алғашқы конгресс сонау 1938 жылы Париж қаласында ұйымдас­тырылған болса, содан бері бұл Халықаралық конгресс араға үш жыл салып Еуропаның Лондон, Лейпциг, Хельсинки, Барселона, Вена және т.б. қалаларының ірі ғылыми орталықтарында өткізіліп келеді.

Қазір еліміздің әр өңірінде елді-мекендер, жер-су атаулары т.б. белгілік атаулар өзінің ертедегі тарихи атауларын иеленуде. Қазақстан халқы көп ұлтты, көп дінді мемлекет болғандықтан және мемлекет құраушы қазақ ұлтының үлесі көп жерлерде, жасыратыны жоқ елді-мекендер, мектеп т.б. орындардың атаулары қазақыланды. Ал бүгінгі күні еліміздің солтүстік өңірлерінде, атап айтсақ Петропавл, Павлодар сынды қалалардың атаулары, Петропавл – Қызылжар, Павлодар – Кереку деген сияқты қазақи нұсқада аталмай келеді. Ол да уақыттың еншісіндегі шаруа, бір күннің жұмысы емес, себебі зерттеулер, сауалнамалар сол өңір халқының аталған қалалардың атауларын өзгертуге құлықсыз екендігін көрсетуде. Осы ретте әлемге әйгілі саясаткер Уинстон Чер­чилльдің мыны бір сөзін тілге тиек етсем деймін: “Саясаттың да серті бо­лады. Оның біріншісі – кешікпеу. Ұлттық мүдде ұтатын жерде ешуақытта кешікпеу керек. Шешімді тез қабылдаған жөн... Екіншісі – асықпау. Ұлттық мүддеге нұқсан келетін, я болмаса аяқасты етілетін жағ­дайда шешім қабылдауға ешуақытта асық­пау керек. Сағыздай созып, сөзбұйдаға са­лып, оны келесі буынның үлесіне қалдырып кету керек деген екен”. Біз бәріміз осы сөз­ден міндетті түрде қорытынды шығаруымыз керек. Өйткені, бұл ұлт үшін, болашақ ұрпақ үшін аса қажет дүние!

Ұлттық атаулар тәуелсіз мем­­лекеті­міз­дің бет-бейнесі болса, ал ше­кара маңындағы елді-мекен атаулары Қа­зақ­станның бет-пер­десі іспетті. Сондықтан да, өзіміз түгілі өзгеге де қазақтың жері мен суын, қаласы мен дала­сын, тілі мен тари­хын танытатын ұлттық атау­ларымызды қай­тарып, тарихи-географиялық атаула­ры­мыз­ды қалпына келтіруге білек сыбанып кірісетін уақыт. Қазіргі кезде ұлттық ономастика жай та­ри­хи-мәдени мұра ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси маңызды мәселе. Ономастика саласының барлық же­тіс­тік­­тері мен кемшіліктерін әйгілейтін құжат – ол Қазақстанның және облыстардың әкімшілік-аумақтық карталары. Ал біздің Тарбағатай ауданының картасы басқа аудандармен салыстырғанда ұлттық құрамы таза қазақтар мекендеген өлке болғандықтан, кеңес заманындағы елді-мекен, мектеп, жер-су атаулары тұтас қазақи тарихи атауын алды десек те болады.

Еліміздегі ономастика саласындағы басты жетістіктердің бірі 2012 жылғы «»Ономастика туралы» заңның қабылдануы деуге болады. Аталған заң жобасы бойынша тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып жасы 18-ге толған азаматтар кез-келеген нысанның атауын өзгертуге өз пікірін білдіре алады. Осы ретте менің ұсынысым, бұрын да айтылып жүрген мәселе Тарбағатай ауданында орналасқан В. Кондюрин есімімен аталатын заставаның атын өзгерту керек және бұл өзекті деп ойлаймын. Бұл мәселе бойынша заңгер Иса Момбаев abai.kz сайтында «Шекара бекеті қандықол қарақшының атымен аталмауы тиіс» деген тақырыптағы мақаласы жарияланған болатын. Сонымен қатар ҚР білім беру ісінің үздігі Төлеухан Салқынбаевтың «Қиянат» атты мақаласы аудандық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланды. Яғни, заңда көрсетілген «халықтың пікірі ескерілуі тиіс» деген сөз іске асуы керек. ШҚО ономастикалық комиссиясы осындай мәселені ҚР Қорғаныс министрлігіне халықтың ұсынысы ретінде ұсынса. Тәуелсіз деген атымызға сын болмасын десек, шекара заставасының атауын ешкімнен қорықпай ауыстыруымыз қажет.

Екінші ұсынысым, биыл «Алаш Орда үкіметіне 100 жыл» тарихи атаулы мерзімді ел көлемінде атап өтіп келеміз, ол бойынша түрлі мемлекеттік ірі шаралар да ұйымдастырылып келеді. Сондай-ақ биыл елбасы Н. Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Яғни, мұның барлығы ұлттық сананы жандандыру, халықтың рухын көтеру сынды келелі ұлттық мәселелерді ескеріп қолға алынған бастамалар деп түсінемін. Осы ретте Тарбағатай өңірінде ХХ ғасырдың басындағы аласапыран кезеңде Алаш арыстарымен рухтас, мүдделес болған тұлғалардың бірі Нұғыман болысқа арнайы көше аты берілсе. Нұғыман болыс Алаш арыстарының Қытайға сапарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өзі басқарған болыстан 300 адам әскер жасақтаған тұлға. «Сол кезде де, қазір де арнайы әскер ұстау мемлекетті, мемлекеттік мүддені қорғау мақсатында ұсталатыны белгілі. Сол себепті де Нұғымын болыстың тарихи тұлғасы ерекше. Ол болашақ ұрпақтар үшін үлгі-өнеге» - деп тарихшы ұстаз Т. Салқынбаев өз пікірін білдірген еді. Т. Салқынбаев «Нұғымын болыс» тақырыбындағы мақаласын жылда бір тың тарихи деректермен толтырып отыратындығын айта келе, Нұғыман болыстың тарихи тұлғасын бүгінгі, ертеңгі ұрпаққа өнеге ретінде қалдыру өзекті екендігін баса айтты. Сонымен қатар тарихшы З. Қайсеновтың «Шығыс Қазақстан облысының тарихи очерктері» атты кітабында да Нұғыман болыстың өмірі мен қызметі айтылады. Осы ретте аталған ұсынысты ономастикалық комиссия ескерсе екен деген ұсынысым бар.

Сонымен, «Жер-су атауы ұрпақтан-ұрпаққа жететін мұра ғана емес, тарихи-танымдық мәні бар ұлттық салт-сана мен дәстүрдің жалғасы ретінде қызмет ететін ғылыми санат. Өркениетті елдің мәдени деңгейін көрсететін, ғылымы мен білімін насихаттайтын атаулар - ұлттық жа­ды­ның ұстыны. Олай болса, қабылданатын заңдар сол ұлы міндеттің, жауапты патриоттық істің үдесінен шығуға септігін тигізуі керек деп сенеміз», - деген тарихшы Д. Қамзабекұлының сөзімен қорытындылаймын. Қазақтығымыз мәңгі сақталсын!



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!