Материалдар / ОҚО киелі жерлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚО киелі жерлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру, патриотизмге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Тамыз 2018
2108
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі киелі жерлер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру, патриотизмге тәрбиелеу. 

Көрнекіліктер: слайд,видео,суреттер,плакаттар.

Сабақтың барысы: Құрметті ұстаздар,оқушылар,көрермендер! Бүгінгі ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Әрбір елде халықтың өзіне тән киелі орындары бар. Ағылшындар басты храмы – Кентерберий ғибадатханасын мақтан тұтса, немістер Кельндегі рим-католик готикалық соборын, француздар Нотр-Дам-де Париді ұлық етеді. Қазақ елінде де мақтаныш ететін қасиетті орындар жеткілікті. Атап айтсақ, ежелгі Тараз, Ұлытау, Түркістан, Сайрам, Алтай, Жетісу өңірлері және Бекет-Ата кешені. Осындай қасиетті орындарымызды әлем халқына танытумен қатар еліміздің болашағы жас ұрпаққа тереңірек таныстыру.

Оңтүстік Қазақстан облы­сындағы ежелгі, тарихи, киелі орындарымен танысу елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихы арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетініміз­ді шетелдік туристерге, студенттерге дәріптеудің де берері мол. Бұл орайда арнайы саяхат ұйым­дастырудың ұлттық салт-дәс­түрімізді, әдет-ғұрпымызды құр­меттеуге тәрбиелеуде алар орны ерекше. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама­лық мақаласында  еліміз бен жеріміз­ді, тарихи мол мұраларымызды сақтап қана қоймай, келешек ұрпақ кәдесіне жарату, сонымен бірге бүкіл әлемге таныту мақсатында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу қажеттігін ұсынғаны мәлім. Осы тарапта атқарылып жатқан «Қазақстанның киелі жерлерінің, географиясы» жобасы елімізді танытуға тың серпіліс берері дау­сыз. Осы арада айта кетелік, бағ­дар­ламалық мақала шеңберінде жер­гілікті атқарушы органдарға тап­сырылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен қоғамдық сананы жаң­ғырту бағдарламасын іске асыру аясында өңірлік комиссия құрылып, олардың жанынан жұмыс топтары жасақталған болатын. Аталған жоба аясында облыстағы қасиетті, киелі жерлердің тізімі анықталып, олардың өңірлік картасы дайындалды. Қазіргі таңда облысымызда тарихи-мәдени маңызы бар 1281 ескерткіш есепке алынған. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне 2003 жылы Түркістан қаласындағы «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» сәулеттік ескерткіші енгізілген. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы тарапынан атал­ған тізімге енгізуге ұсынылған 23 ескерткіштің ішінен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 8 ескерткіш бар. Олар: Жуантөбе, Қараспантөбе, Күлтөбе, Сидақ, Сауран ежелгі елді мекендері, Бөріжар қорымы, Отырар оазисінің ескерткіштері, Түркістан қалашығы.  Иә жоғарыда айтып өткені­міздей, Оңтүстік Қазақстанда киелі жерлер көп. Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта орналасқан. Арыстан баб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. Мұсылмандар Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды. Ал Сайрам ауылындағы Қарашаш ана кесенесі – ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші. Кесене Қожа Ахмет Ясауи­дің анасына арнап салынған. Тарихи деректерге жүгінсек, Ясауидің анасы Қарашаштың шын есімі – Айша бибі. Өте білімді әйел болған. Медресе ашып, қыз-келіншектерді жинаған, оларға ілім-білім берген, Құранды араб тілінен түркі тіліне аударған. Жалпы, ХI ғасырда бұл өңірде ғылым, мәдениет және өнер қарқынды дамыды. Қарашаш барлық науқастар мен мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге тырыс­ты. Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлді, адамдар санасында ол аналықтың биік арманына айналды. Қарашаш ана кесенесі – порталды-күмбезді құрылыс. Құрылыстың мұндай типі кейінгі  орта ғасыр дәуірінде Оңтүстік Қазақстан аумағында кең таралған. Бастапқыда ХІІІ ғасырда салынып, кейіннен уақыт және табиғи жағдайлардың ық­палымен әлденеше рет қирап, қайтадан тұрғызылды. Қазіргі кесене ХІХ ғасырдың ортасында салынды. Сондай-ақ, Сайрамда Ибраһим ата кесенесі бар. Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Ибраһим ата – Қожа Ахмет Ясауидің әкесі, діни көсем әрі осы өңірлерге танымал уағызшы болған. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ал Түркістан қаласындағы  1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIX ғасырдың соңына қарай тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастағаны мәлім. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Ясауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы тамыздың 28-інде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды.  Иә, тізе берсек тереңірек таныстырар киелі орындар көп. Дегенмен, бүгінде мамандар Оңтүстікте қанша киелі, қасиетті орын бар деген сауалға нақты жауап іздеуде. Себебі, өңірдің әр ауданында аңыз болып тараған әулие-әмбиелер жатқан жерлер мен ескерткіш, кесенелер көп. Жоғарыда айтқанымыздай, «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасын жасау үшін сарапшылар тобы іске кіріскен. Біздің өңірден осы жобаның негізіне 20 киелі орынның тізімін нақтылап, ұсыну қажет. Осы орайда, жуырда облыстық тарихи-өлкетану мұражайында жиналған азаматтар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Арнайы құрылған жұмыс тобы бұған дейін облыста «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына 100 орынның тізімін берген екен. Жергілікті өлкетанушылар мен жазушы, ғалымдар мұны азсынып отыр. Сондай-ақ, жергілікті өлкетанушылар өңірдің қасиетті орындарын нақтылап, тізімді іріктеуге 1-1,5 ай уақыт аздық етеді дейді. Оның үстіне археологиялық, кешенді тарихи ескерткіштерден бөлек киелі орындарды анықтауда алдымен экспедиция жұмыс істегені пайдалы деп есептейді.   

Қазақстан –  ежелгі цивилизацияның жері. Ежелгі дәуірден бастап қазақ жерінің тұрғындары тұрмыстық мәдениетті құраған болатын. Ұлы жібек жолы жерінің қиылысында Оңтүстік Қазақстан облысының жері қазақ мемлекетінің бесігі болып есептеледі. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштерімен әйгілі – қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардың қоныс қалдықтары жетерлік. Оңтүстік Қазақстан облысының 802 тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектулық ескерткіштер.  

Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының ішінде Түркістан қаласы ерекше орын алады. XVI-XIX ғасырдағы Ұлы Жібек жолында орналасқан Түркістан қаласы Қазақ хандығының астанасы және түрік тілді халықты адамдардың орталығы.   

Түркістан қаласы діни орталықтардың бірі, екінші Мекке ретінде маңызды болып есептеледі.

Оқушы: Қожа Ахмет Яссауи кесенесі

XIV-XV ғ.ғ. Тамерланның бұрығымен құрылған ЮНЕСКО әлем ескерткіштерінің тізіміне 2004 жылы енгізіліп, ежелгі қасиетті орындардың ортағасыр сәулетінің киелі мекені. Мұсылмандарда Қожа Ахмет Яссауи Мұхамедтен кейін екінші болып саналады.  

Барлық қалалық орталық Қазірет сұлтанының тарихи-мәдени ордасы. 

 Арыстан баб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед пайғамбар Арыстан бабқа аманат тас биғын берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар. (Сайрам ауылы).

 

Оқушы:

Ғайып берген құдығы – тереңдігі 40 метр. Бұл суды тек жаны таза адам ғана толтырып ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін іс, өйткені шелек не сынады, не су жан-жаққа шашырайды. Бұл екі сынақты жолаушылар Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан соң барады. Бұл сынақ адам қаншалықты жанын тазартқанын және Алла қаншалықты оның сыйынуын естігенін тексеріледі

Түркістанның солтүстігінде 40 км шақырықта Ұлы Жібек жолы бағытындағы ежелгі қала Сауран (XVII ғ.) бейнелеу жазылымдары сақталған.

Ең қызықты сәулет ескерткіштері IX-Xll ғ.ғ. Қарахандықтар дәуірімен байланысты. Бұл Ұлы жібек жолының бағытында жақсы дамыған қалалардың бірі, сәулет қазбалық жұмыстарынан кейін тарихи мәдени Отырар оазисі туристік объект болып келеді

Тарихи орын Ордабасы қазіргі уақытта тарихи қорық ретінде қамтылған. К Здесь, в 30 км от Шымкента, в начале XVIII ғ. Басында Шымкенттен 30 км қашықтықта Батыс моңғолдарға қарсы қазақтар бірңккен болатын. 

 

Оқушы:

Айша-бибі кесенесі – бұл жер бала көтере алмайтын және мықты жанұя сұрайтын әйел адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады.

 

Сауран

Сауран қаласы туралы алғашқы ақпарат Х ғасырға жатадыВ X IV ғасырда  Сауран Ақ Орданың астанасы болды.  Авторлар барлығына тоқталып, Түркістан қорғандарының ішінде Сауран қаласы климаты жағынан, қорғану қамалдарымен, қаланың орнығуымен, жерімен артық екендігін ескертеді. Қазіргі қалашық солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа 550 м созылған қабырғамен қоршалған, қабырғадан асып түсетін 4 дөңгелек 2 төбеден тұратын елді мекен. Көлемі қоршаған ортаның үстінен 2-2.5 м созылған. Сақталған қабырғаның ұзындығы шашамен 1400 метрді құрайды. Қаланың ішіне екі қақпаны орналастырған. Қабырғаның айналасы іші тереңдігі 1-3 м., қалыңдығы 15-20 м. Қалашықтың сақталуына байланыстыоңтүстік қазақстандық ежелгі ортағасыр дәуіріндегі өнердің ерекшеліктерін тануға мүмкіндік береді.

Қалашықта табылған тиындар және керамика Қазақ Орталық Мемлекеттік музейінде сақталған. 

 

Ақсу-Жабағалы петроглифтері және шыңды суреттер

 

1926 жылы құрылған Ақсу-Жабағалы қорығы, Қазақстан және Орта Азияда алғашқылардың бірі болды. Археологиялық табылулардың орны болатын, Қазақстанның сұлу жерлерінің бірі. Қарабастау жерінде 140 миллион жыл – Юр кезеңінде бұрын өмір сүрген өсімдіктер және жануарлар қалдықтары бар. 




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!