Материалдар / Оқу-әдістемелік жасалым

Оқу-әдістемелік жасалым

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта буынды медицина мамандарына және оқытушыларына арналған оқу-әдістемелік жасалым. Бұл оқу-әдістемелік жасалым оқытушы және оқушы үшін де таптырмайтын құрал. Онда оқытудың инновациялық әдістері , логикалық ойды шыңдайтын шығармашылық түрлі тапсырмалар қамтылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2022
294
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледжі»


Министерство здравоохранения Республики Казахстан

КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» Управления общественного здоровья города Алматы












«Философия және мәдениеттану» пәнінен орта буынды медицина мамандарына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ



УЧЕБНО-МЕТОДИЧЕСКИЙ КОМПЛЕКС

«Основы философии и культурологии» для медицинских колледжей



























Алматы 2021ж



Ғылыми кеңесші:

Абишева Алия Кажимуратовна- философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Мәдениеттану және дінтану» кафедрасының доценті


Пікір жазғандар:

Альджанова Н.К.- PhD докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Мәдениеттану және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы

Шанбаева А.Н.- қоғамдық ғылымдар магистрі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Мәдениеттану және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы



Құрастырушы:

Амрина Г.А. – ғылыми - әдістемелік бөлім басшысы, Аскарова Кенжегуль Исламжановна- ШЖҚ КМК «Жоғары медициналық колледж» ЖГП ЦӘК-тің философия және мәдениеттану пәнінің жоғары санатты оқытушысы, ҚР білім беру саласының үздігі


Философия және мәдениеттану негіздері пәнінен орта буынды медицина мамандарын даярлайтын оқу орындарына арналған оқу-әдістемелік құрал/ 105 бет Құрастырған Аскарова К.И.-Алматы, 2021

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал орта буынды медицина мамандарын даярлайтын оқу орындарына ұсынылады. Бұл әдістемелік құрал, қоғамдық пәндер ЦӘК жинақталған озық тәжірибелерді, жаңа технологияның ұтымды әдістерін пайдалана отырып, студенттерге философиялық тұжырымдамаларды оқып үйрету арқылы этномәдениеттің қалыптасуы және даму заңдылықтарын талдау қабілетін қалыптастырға арналған.

Предлагаемое учебное пособие рекомендовано для обучения студентов сестринского дела образовательным учреждениям, готовящим специалистов среднего звена. Данное пособие призвано развить умение анализировать закономерности становления и развития этнокультуры путем обучения студентов философским концепциям, используя передовой опыт, накопленный ЦМК в социальных науках, рациональные методы новых технологий.



УДК -

ББК-

ISBN-






Алғы сөз


Ұсынылып отырған орта медицина мамандарына арналған «Философия және мәдениеттану негіздері» пәнінің әдістемелік құралы 0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы 0302054 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша 2020жылғы МЖМБС-на сәйкес жасалған.

«Философия және мәдениеттану негіздері» пәнінің орта арнаулы медицина мамандарына арналған әдістемелік құралының негізгі мақсаты- осы пәннен сабақ беретін оқытушылар мен дәріс алатын оқушыларға оқытудың жаңа технологиясын меңгеруге, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасау. Әлемдік философияның тарихи даму сатыларын саралай келе, оның отандық философияға тигізетін әсерін білу. Сонымен қатар, философияға қызығушылардың ойлау тарихының сарайын кеңейту, өмірге деген шынайы дұрыс көзқарасты қалыптастыру.

Философия мен мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани шығармашылық маңызының зор екендігі анық.Сондықтан студенттерге философияның және мәдениеттің дамуының негізгі кезеңдерін өз бетінше игеруге, деректерді, ойшылдардың мәтіндерін оқып-үйренуге мүмкіндік беру. Осылайша студенттерге гуманитарлық мәдениет ауқымын ұлғайтуға жағдай жасау бүгінгі күн талабы болып отыр.

Бұл әдістемелік құралдың басты ерекшелігі -студенттік топтарда дәстүрлік және белсенді иновациялық әдістерді қолдана отырып, оларды өз бетінше ойлай білуге үйрету, дағдыландыру. Студенттерге тарихи-философиялық, мәдени процестің жалпы көрністерін көре білуге, сондай-ақ философияның және мәдениеттің даму кезеңдерінің негізгі парадигмасын тауып, оны бағалай білуге үйрету;

Болашақ мамандардың казіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу;

Мәдениеттану ілімінің қоғамдағы орны мен рөлін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, қазақ халқының озық үлгілерін, қазақ халқының бай мұрасын оқып үйрену арқылы білім алушылардың білімдік дағдыларын дамыту.

Әр тақырыптан кейін тапсырмалар, бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары берілген. Сондай-ақ ұлы ғұлама философтардың нақыл сөздеріне философиялық талдау жасау арқылы, логикалық ойларын дамытып, шынайы өмір сүруге дағдыландырады. Осы әдістемелік құралдағы тапсырмалардың барлығы дерлік оқушының өз бетінше жұмыс істеуге және алған білімдерін бекітуге зор мүмкіндік береді деп ойлаймын.









І. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Пәннің саясаты оқу үдерісін жүйелі және мақсатты жүзеге асыру болып табылады. Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары ҚР жоғары оқу орындарында оқытудың жалпы принциптеріне негізделген:

1. Студенттер дәрістік сабаққа қатысуға міндетті.

2. Студенттер оқу процессіне белсенді түрде қатысуы (тест тапсырмаларын,студенттердің өзіндік жұмыстарын, теориялық материалдарды дайындау), орындаулары тиіс.

3. Дәрісттік дәптерді мұқият толтыру.

4. Дәрістік сабаққа арнайы медициналық халат киіп келу.

5. Аралық бақылау жұмыстарын тақырыптық жоспар бойынша өз уақытында тапсыру.

6. Тақырыптық жоспар бойынша СӨЖ міндетті түрде тапсыруы тиіс.

7. Студент екі немесе одан да көп сабақ жіберген, сонымен қатар өзіндік жұмыстарды орынадамаған жағдайда студент зерделеу сынақ тапсыруға жіберілмейді.


Пән саясаты мына бөлімдерді нақтылы қарастырады:

1. Оқу үдерісін ұйымдастыру

- бөлім оқу процессін жоспарлайды, оны ұйымдастырады;

- оқу процессін жүргізу түрлерін толық жетілдіреді;

- оқу бөлімімен бірлесе отырып, оқу кестесін бір қалыпққа келтіреді;

- оқушыларды оқу – әдістемелік құжаттардың барлық түрлерімен қамтамасыз етеді;

- клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс істейді және тақырыптық пациенттермен практикалық сабақтарды қамтамасыз етеді;

- қызметкерлер мен білім алушылардың ҒЗЖ жүзеге асыруға жағдай жасайды;

- қосымша білім беру қызметтерін алу үшін жағдай жасайды.


2. Оқу процессін ақпараттық қамтамасыз ету:

- силлабус, тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар, СӨЖ, оқытушыларға ЦӘК пен кітапханада электрондық жүйеде пайдалануға беріледі;

- сабақ кестесі, кеңес беру және басқа ақпарат колледждің ақпараттық стендінде көрсетіледі;

- оқытушы студенттерді рейтингтік бағалар туралы уақытылы хабардар етеді.


3. Аудиториялық сабақтар жүргізуге қойылатын талаптар:

- барлық аудиторлық және аудиториядан тыс сабақтар әдістемілік нұсқалармен қамтамасыз етіледі.


4. Бағдарлама

4.1. Кіріспе Талай ғасырлардың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейілінше бай тәжірибе-тағылымы бар, небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған, арман-ойларын, үміттері мен межелерін уақыт сүзгісінен өткізген философия мен мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани шығармашылық маңызының зор екендігі анық.Сондықтан студенттерге философияның және мәдениеттің дамуының негізгі кезеңдерін өз бетінше игеруге, деректерді, ойшылдардың мәтіндерін оқып-үйренуге мүмкіндік беру. Осылайша студенттерге гуманитарлық мәдениет ауқымын ұлғайтуға жағдай жасау бүгінгі күн талабы.


4.2.Пәннің мақсаты Студенттік топтарда дәстүрлік және белсенді әдістерді қолдана отырып, оларды өз бетінше ойлай білуге үйрету, дағдыландыру. Студенттерге тарихи-философиялық процестің жалпы көрністерін көре білуге, сондай-ақ философияның даму кезеңдерінің негізгі парадигмасын тауып, оны бағалай білуге үйрету; Болашақ мамандардың казіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу;Мәдениеттану ілімінің қоғамдағы орны мен рөлін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, қазақ халқының озық үлгілерін, қазақ халқының бай мұрасын оқып үйрену арқылы білім алушылардың білімдік дағдыларын дамыту.

4.3. Пәннің міндеттері - Пән мазмұнын студенттердің оған деген кызығуын тойтаратын бұрынғы идеологиялық және догматикалық жүктемеден азат ету.Әлемдік өркениеттердің жаңа тәртібін қалыптастыруға қатысу, халықтың рухани бастаулары мен әлеуметтік саяси типтерін қоғамдағы өзгерістерге байланысты, жаңа ағымдарға үйлесімді ұштастыру, мәдениеттің қайта өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызу, мәдени деңгейге немқұрайлы қараудан арылу, этномәдениеттің типтік ерекшеліктерін анықтау, оларды дамыту, дүниежүзілік үндестікпен бір ырғақта болу.

4.4. Оқытудың соңғы нәтижелері


Оқушылар мына базалық компетенциялық жағдайларды меңгерулері тиіс:


Құзіреттіліктер

Қ

Бағдарламаны оқыту нәтижелері

Бітіруші меңгереді:

БҚ-1

Оқыту. Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды.

БҚ-1.1

Өзін өзі дамыту: өзінің үздіксіз кәсіби дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау жауапкершілігін көрсетеді және өзіне қабылдайды және қойылған мақсаттарға жету үшін оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды.

БК-1.2

Сыни ойлау және шешім қабылдау: қиын жағдайларда мәселелерді және әлеуетті шешу жолдарын анықтайды, фактілерді, пайымдауларды қисынды талдайды және оның кәсіби қызметі шеңберінде негізделген шешімдер қабылдайды.

БҚ-2

Этика және кәсіпқойлық. Мейіргерлік көмек көрсету үрдісінде пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларға бейілділігін көрсетеді. Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды

БҚ-2.1

Қоғамдастықтағы қоғамдық рөл: қоғамдық өмірге белсенді қатысады, қоғамдағы мейіргерлердің рөлін нығайтуға ықпал етеді, әртүрлі мәдени және жас топтары адамдармен өзара іс-қимыл кезінде төзімділік танытады, субординация мен кәсіби ынтымақтастық сақтайды.

БҚ-2.2

Этикалық қағидаттар: кәсіби этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсетеді, құпиялылықты сақтайды, пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік шараларын түсінеді, пациенттердің/клиенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір жағдайларда этикалық мәселелер туындаған кезде сыни бағалайды және шешімдер қабылдайды.

БҚ-2.3

Эстетика: жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды, пациент үшін эстетикалық жайлылықты жасау және дүниетанымды байытуға үздіксіз ұмтылады.

БҚ-3

Байланыс және командада жұмыс істеу. технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады.

БҚ-3.1

Коммуникативтік дағдылар: мәдениет, сенім, салт-дәстүр, өмір салты және түрлі тілдердегі дүниетаным бойынша ерекшеленетін адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді.

БҚ -3.2

Топта жұмыс істеу: әр түрлі кәсіби топтарда жұмыс істей отырып, жауапкершілікті көрсетеді, бірлескен жұмыстың нәтижелілігі мақсатында өзін-өзі басқарудың жеке дағдыларын көрсетеді.

БҚ-3.3

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады.



4.5. Пәнаралық байланыс

«Философия және мәдениеттану» пәні бойынша болашақ медициналық қызметкерлерді даярлау үшін толыққанды теориялық және тәжірибелік білім қажет. Сондықтан мына пәндермен: саясаттану, әлеуметтану, экономика, тарих, қазақ әдебиеті, анатомиямен тығыз байланыс жүргізу қажет.


Пәннің пререквизиттері: Осы пәнді игеруде оқушыларға тарих, адам және қоғам пәндерінен мектепте алған білімдерін пайдалану қажет


Пәннің постреквизиттері: Бұл пәннен алған білім нәтижесінде студент өмірге шынайы қарай білуге, қоршаған орта туралы көзқарастары кеңейіп, қоғамдық құндылықтарды философиялық тұрғыда зерделеуге үйренеді


4.8. Пәннің қысқаша мазмұны:

- Философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау;

-Болашақ мамандардың философиялық-дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру.


4.9 Тақырыптық жоспар: тақырыптар, өткізу түрлері және сабақтың ұзақтығы.

4.9.1. Аудиторлық сабақтың тақырыптық жоспары



Тақырыптар

Өткізу түрлері

Өткізу ұзақ

тылы

ғы

Мазмұны

1


Философия және Мәдениеттану пәні, оның қоғамдағы ролі.

дәріс

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ