400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Оқу іс әрекеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша балаларына арналған оқу қызметі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: «Судан өтетін көпір».

Мақсаты: құрылысы күрделі емес көпірді құрастырып үйрену; көпірдің алуан түрлері, олардың қызметі және оны құрастыру элементтерімен таныстыру; үлгіге қарап отырып, құрылысты дұрыс құрастыру білуге, “ұзын-қысқа” ұғымдарын айыра білуге үйрету; шығармашылыққа және өз бетінше жұмыс істеуге баулу.

Керекті құралдар: кірпіштер, кубиктер, ұзынды-қысқалы пластиналар, призма, адам мүсіндері, көгілдір және көк жолақтар, “Көпір түрлері” кестесі.

Барысы: «Көңіл күй жаттығуы». – Қане, бір-бірімізбен қол ұстасып, бәріміздің көңіл күйіміз көтеріңкі болу үшін бір-біріміздің көзімізге қарап, күлімдейік. Кімнің көңіл күйі көтеріңкі болса, сол баланың жұмысы жақсы болады. Балалар «Көңіл күй »жаттығуын жасады.

-Қане, енді мына суретке көңіл бөлейік.

-Дұрыс айтасыңдар, өзен үстіндегі көпірді көріп тұрмыз.

-Ал ол не үшін жасалған? Жаяу жүр-гіншілер үшін.

-Біз сендермен көпірдің қандай түрлерін көрдік?(«Көпір түрлері» туралы кестені ілу.

– Көпірдің бәріне не ортақ? Тіреуіші, жақтауы, жүретін бөлігі, түсетін жері.

– Неліктен олардың түсетін жерлері әртүрлі пішінде? Көліктердің түсі – Көліктерге арналған.

– Адамдарға арналған - жүргіншілерге.

– Көпірдің бәріне Тіреуіші, жақтауы, жүретін бөлігі, түсетін жері ортақ.

Жүргіншілер көпірінде баспалдақ болады.

Бой сергіту. Көпір туралы жұмбақ шешкізу. Есік қағылып қонжық кіреді де, жылайды.

Тәрбиеші: Саған не болды, неге жылайсын?

Қонжық: Мен арғы жағадағы орманға жете алмай тұрмын, өйткені көпір ескірген екен, сынып қалды.

Тәрбиеші: Сен жылама, біз саған көмектесеміз, солай емес пе, балалар! Ал сен бізге қарап отыр.

– Балалар, алдымен жүргіншілер көпірінің жасалу жолына мұқият қараңдар. 2 текшеден аламыз да, көпір биік болу үшін бірінің үстіне бірін қоямыз. Текшені көрсетіңдерші. Текшелердің үстіне кірпіштер қоямыз,сосын оны пластинамен жаба-мыз.

-Бізге тағы не істеу керек? Түскіш. Жүргіншілер үшін қандай түскіш болу керек? Бас-палдақтар. Енді өзеннен өтетін көпірді өздерің жасайсыңдар. Балалардың көңілін қосым-ша материалдарға: көгілдір, көк жіңішке жолақ қағаздар, адам бейнелері, ағаштарға ауда-ру. Өз бетінше жұмыс кезінде балаларға жеке нұсқау беру, көрсету.

Жұмыстың орындалу сапасын тексеру.

Тәрбиеші: Қалай, қонжық, біздің балалар жасаған көпір саған ұнады ма?

Қонжық: балалардың жұмысын мадақтап, өлең айтып береді:

Буырқанған өзенде,

Жеңіл, иілгіш аспалы,

Сол жағадан оң жағаға,

Белдікше көпір тағылған. Балалар қонжыққа ризашылықтарын білдірді.

Ойын: «Апандағы аю».

Қорытынды: Оқу қызметін қорытындылап, жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Күтілетін нәтиже:

Білу:көпірдің алуан түрлері, олардың қызметі және оны құрастыру элементтерімен танысты.

Игеру: құрылысы күрделі емес көпірді құрастыруды игерді

Меңгеру: шығармашылықты және өз бетінше жұмыс істеуді меңгерді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
3 ақпан
261
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі