Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқу жетістігін сырттай бағалау 4 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОЖСБ-ға дайындық үшін
2016-17оқу жылының Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық!
Орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалауға (ОЖСБ) дайындық кезінде пәндер бойынша тест спецификацияларын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу үрдісінде пайдалануға ұсынған оқулықтарын басшылыққа алу керек. Себебі, ОЖСБ-да жүргізілетін кешенді тестілеудегі тапсырмалар саны мен мазмұны, тестілеуге бөлінетін уақыт әр пән бойынша тесттің спецификациясына сәйкес айқындалады.
Тест спецификациясы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен жалпы білім беретін пәндері бойынша оқу бағдарламасына, оқулықтарға сай әзірленеді.
Тест спецификациясы тест жоспары мен тестілеу рәсімі туралы толық мәлімет берілген құжат. Ол төмендегідей элементтерді қамтиды: тест мақсаты, міндеттері, тест тапсырмалар мазмұны сипаттамасы (тапсырманың нені тексеретіндігі), тест тапсырмасының орындалуының орташа уақыты, тапсырмалар саны, тапсырма формасы, жеке тапсырмалардың және жалпы жұмыстың бағалануы.
Спецификация Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының, емтихандар форматының өзгеруіне байланысты жаңартылады.
2016 жылдан бастап ОЖСБ форматы өзгерді. Осыған орай қайта бекітілген тест спецификацияларына сәйкес ОЖСБ тест тапсырмаларының құрылымы төмендегідей болды.
4 сынып оқушыларына арналған тест құрылымы:
- әр пән бойынша 15 бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы;
- оқу сауаттылығын бағалауға арналған 2 мәтін, әрбір мәтінге 3 тест тапсырмасы.
.
Тест тапсырмаларының бағалануы:
- бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл;
- бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмасы – дұрыс жауаптың бәрін таңдағанда 2 балл, бір қате жіберілсе (дұрыс жауаптың 1-уі табылмаса немесе 1 дұрыс емес жауап таңдалса) 1 балл, екі немесе одан да көп қате 0 балл.
Спецификациялар
Әдебиеттік оқу Қазақ тілі Дүниетану Математика
Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша
әдебиеттік оқу пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған құжат.
1. Мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептердің 4 сынып оқушыларының әдебиеттік оқу пәні бойынша дайындық деңгейлерін анықтау.
2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 7 тапсырма, екінші деңгей – 5 тапсырма, үшінші деңгей – 3 тапсырма.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша тест бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№ |
Бөлім |
№ |
Тарау |
№ |
Тақырып |
01 |
Фольклор жанры |
01 |
Менің батыр бабаларым |
01 |
«Қобыланды батыр» жырынан үзінді |
02 |
Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерлігі |
||||
03 |
С. Сматаев Тайбурылдың шабысы |
||||
02 |
19-20 ғасыр жазушылары мен ақындары |
01 |
Жарық жұлдыздар |
01 |
Ә. Жапаров Қазына көтерген бала (Қ. Сәтбаев туралы) |
02 |
Ө. Тұрманжанов «Фараби туралы баллада» |
||||
02 |
Табиғат тал бесігім |
01 |
Ғ. Қайырбеков Ана тілі |
||
02 |
Отырар Д. Досжан |
||||
03 |
С. Сейфуллин Наурыз |
||||
03 |
Ауыз әдебиетінің түрлері |
01 |
Халық ауыз әдебиеті |
01 |
Ертегі, аңыз, айтыс, бата, мақал т.б. |
04 |
Түсіндірме сөздік |
01 |
Түсіндірме сөздік |
01 |
Бағдарлама терминдері |
05 |
Оқу сауаттылығы |
01 |
Мәтінмен жұмыс |
01 |
Мәтінмен жұмыс |
3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
- халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;
- жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми-танымдық шығарма, очерк, мақала, сатира) ажырата алуды;
- көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;
- өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;
- мәтіннен теңеу, мінездеу, кейіптеу, әсірелеуді таба алуды;
- мәтінге жоспар құруды;
- шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды;
- шығарманың тақырыбы мен идеясын, оқиға желісін, басты кейіпкерлерін анықтауды;
- шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;
- ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;
- мәтінді талқылау кезінде автор көзқарасын, сөзін дәлел ретінде келтіре алуды;
- портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;
- көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;
- мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;
- кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттер мен интернеттен өз бетінше деректер, ақпараттар жинай білуді меңгеруі тиіс.
4. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау уақыты – 40 минут.
5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 15 балл алады.
6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:
Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 4 сыныптарында апробациядан өтеді.
Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау
Бойынша дүниетану пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған құжат.
1. Мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептердің 4 сынып оқушыларының дүниетану пәні бойынша дайындық деңгейлерін анықтау.
2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 7 тапсырма, екінші деңгей – 5 тапсырма, үшінші деңгей – 3 тапсырма.
Дүниетану пәні бойынша тест бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№ |
Бөлім |
№ |
Тақырып |
№ |
Тақырыпша |
01 |
Табиғат |
01 |
Табиғатты зерттеу және бақылау үшін қолданылатын түрлі әдістер |
01 |
Айналаны бағдарлау тәсілдері |
02 |
Физикалық карта |
01 |
Құрлық беті: жазықтар, таулар. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. Қазақстанның жер бедері, оның физикалық картада бейнелеуі |
||
03 |
Пайдалы қазбалар |
01 |
Қара және түсті металл кендері. Жангыш пайдалы қазбалар. Кеңге жатпайтын пайдалы қазбалар |
||
04 |
Су |
01 |
Су айналымы. Жер асты сулары. Минералды сулар. Өзендер мен көлдер. Суды қорғау |
||
05 |
Ауа және ауа райы |
01 |
Ауаның жер бетінің тіршілігі үшін маңызы. Ауаның қурамы, қабығы. Қазақстанның физикалық, географиялық картасы |
||
02 |
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары |
01 |
Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендеріне бейімделуі. Еліміздің егіншілік және мал шаруашылығы |
01 |
Шалғын (дала, шөл, орман-тоғай, су, таулы) өсімдіктері мен жануарлары. Ауа райының өзгеруі мен адам еңбегінің әсеріне байланысты олардың тіршілігіндегі өзгерістер |
02 |
Адамның егін және мал шаруашылығын дамыту үшін жасаған жағдайлары |
||||
03 |
Жер – ғарыш денесі |
01 |
Ғарыш туралы алғашқы түсінік |
01 |
Жұлдыз. Планета. Галактика туралы мәліметтер. Ғарышқа жол ашу. |
02 |
Күн |
01 |
Жер. Глобус – жердін үлгісі. Жердің Күнді айнала қозғалуы. Оның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Күн мен түннің ауысуы және себептері. Жер мезгілдерінің ауысуы |
3. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
- пайдалы қазбалар, оның адам өмірі үшін маңызын;
- су айналымы, суды қорғау жолдарын;
- адамның ауаны тазарту мен қорғау үшін жасап жатқан істерін;
- «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар (бағдарлама көлемінде);
- ауаның құрамы, қабығы, оның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі рөлін;
- туған жердің егіншілігі мен мал шаруашылығын, даму жағдайларын;
- өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін мекендерін, адам еңбегінің әсерін, қорғау жолдарын;
- ғарыш туралы алғашқы мағлұматты және қазақ халқының алғашқы ғарышкерлерін;
- ауа, су және топырақты тазарту және қорғаудың қарапайым жолдарын білуі қажет.
4. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау уақыты – 30 минут.
5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 15 балл алады.
6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:
Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 4 сыныптарында апробациядан өтеді.
Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша
қазақ тілі пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған құжат.
1. Мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептердің 4 сынып оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша дайындық деңгейлерін анықтау.
2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 7 тапсырма, екінші деңгей – 5 тапсырма, үшінші деңгей – 3 тапсырма.
Қазақ тілі пәні бойынша тест бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№ |
Бөлім |
№ |
Тақырып |
№ |
Тақырыпша |
01 |
Фонетика |
01 |
Дыбыс және әріп. Буын |
01 |
Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар |
02 |
Буын. Тасымал. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі |
||||
02 |
Лексика |
01 |
Сөз және оның мағынасы |
01 |
Сөз мағыналары. Мағынасы бір-біріне жуық сөздер. Мағынасы қарама-қарсы сөздер. Көп мағыналы сөздер |
02 |
Күрделі сөздер. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз |
||||
03 |
Морфология |
01 |
Сөз құрамы |
01 |
Түбір және қосымша |
02 |
Сөз таптары |
01 |
Зат есім |
||
02 |
Сын есім |
||||
03 |
Сан есім |
||||
04 |
Есімдік |
||||
05 |
Етістік |
||||
06 |
Одағай |
||||
07 |
Үстеу |
||||
08 |
Шылау |
||||
04 |
Синтаксис |
01 |
Сөйлем |
01 |
Сөйлемнің түрлері |
02 |
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері |
||||
03 |
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем. Қыстырма сөз. Тұрлаусыз мүшелер |
||||
04 |
Мәтін. Әңгімелеу мәтіні. Сипаттау мәтіні. Пайымдау мәтіні |
3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Оқу бағдарламасы бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар:
-
ауызекі және жазба тілді;
-
буын және дыбыс үндестігін;
-
мәтіннің құрылымы мен түрлерін;
-
cөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз мүшелерін және бірыңғай мүшелерді;
-
жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;
-
сөз тіркесін;
-
синоним, антоним, омонимдерді;
-
күрделі сөздерді, олардың түрлерін;
-
сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін;
-
жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды;
-
жай сөйлемді құрмаласқа айналдыруды;
-
мәтіннен қыстырма сөздерді табуды;
-
сөз таптарын ажырату, талдау және оларды топтастырып, өзара салыстыруды;
-
мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды;
-
қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құруды;
-
берілген мәтінге жоспар жасауды меңгеруі тиіс.
4. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау уақыты – 30 минут.
5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 15 балл алады.
6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:
Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 4 сыныптарында апробациядан өтеді.
Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша
математика пәнінен 4 сынып оқушыларына арналған тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламалары негізінде құрастырылған құжат.
1. Мақсаты: жалпы білім беретін орта мектептердің 4 сынып оқушыларының математика пәні бойынша дайындық деңгейлерін анықтау.
2. Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгей – 7 тапсырма, екінші деңгей – 5 тапсырма, үшінші деңгей – 3 тапсырма.
Математика пәні бойынша тест бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына сай мына бағыттағы тапсырмалардан тұрады:
№ |
Бөлім |
№ |
Тақырып |
№ |
Тақырыпша |
01 |
Арифметика |
01 |
Көп таңбалы сандардың нумерациясы |
01 |
Көп таңбалы сандарды оқу және жазу |
02 |
Көп таңбалы сандарды қосу және азайту. Теңдіктер және теңсіздіктер |
||||
03 |
Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу. Амалдарды орындау тәртібі |
||||
02 |
Алгебра элементтері |
01 |
Теңдеулер |
01 |
Теңдеу шешу |
02 |
Өрнектер |
01 |
Әріпті өрнектер |
||
03 |
Шамалар және олардың өлшем бірліктері |
01 |
Массаның, уақыттың өлшем бірліктері |
||
04 |
Есептер |
01 |
Қозғалысқа берілген есептер (қарама-қарсы қозғалыс, қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс) |
||
02 |
Бір бағыттағы артынан қуып жету және қалып қою қозғалысына берілген есептер |
||||
03 |
Шамалар арасындағы тәуелділікке, бірігіп атқарылған, егіннің түсімділігі берілген есептерді шығару |
||||
04 |
Екі айырма бойынша белгісізді табуға берілген есептерді шығару. Пропорционал бөлуге берілген есептер |
||||
05 |
Тура және жанама түрде есептерді салыстыру |
||||
03 |
Геометрия элементтері |
01 |
Периметр. Аудан. Көлем |
01 |
Көпбұрыштың периметрі және тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы, тіктөртбұрышты параллелепипедтің көлемі. Шеңбер, дөңгелек |
02 |
Геометриалық фигуралар |
||||
02 |
Өлшем бірліктері |
01 |
Ұзындықтың, ауданның, өлшем бірліктері |
||
04 |
Комбинаторика элементтері |
01 |
Комбинаторикалық есептер |
01 |
Комбинаторикалық элементері бар есептері |
3. Әрбір тапсырманың сипаттамасы:
Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар:
- мәтінді есептің құрылымын;
- өрнектердегі арифметикалық амалдарды орындау ретінің ережелерін;
- арифметикалық амалдар компоненттерінің атауларын;
- қосу мен көбейтудің аустырымдылық және терімділік қасиеттерін, қосу мен азайтуға байланасты көбейтудің үлестірімділік қасиетін;
- сандарды еселік және айырымдылық салыстыру ережелерін;
- арифметикалық амалдардың белгісіз компоненттерін табу ережелерін;
- шамалардың бірліктерінің белгілеулерін;
- ұзындық, масса, уақыт, көлем бірліктерінің арасындағы байланыстарды;
- тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы мен периметрін есептеу ережелерін, тіктөртбұрышты параллепипедтің (текшенің) көлемін;
- шамалар (жылдамдық, арақашықтық (жүрілген жолдың ұзындығы), уақыт, өнімділік, жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс; егіннің түсімділігі, ауданы және массасы) арасындағы тәуелділіктерді білуі қажет.
4. Тапсырмалар формасы:
Тест тапсырмасында берілген бес жауап нұсқасында бір дұрыс жауапты таңдау.
Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау уақыты – 30 минут.
5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған жағдайда 15 балл алады.
6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:
Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 4 сыныптарында апробациядан өтеді.
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ
1. «Ер Тарғын» жырындағы басты кейіпкер A) Тарғын B) Қобыланды C) Алпамыс D) Қарлыға |
2. «Адам да мал да өзінше Жүр жадырап далада. Жаңа жылды қарсы ап тұр Кәрі де, жас та, бала да» – деген өлең жолдарында қай жыл мезгілі туралы айтылып тұр A) күз B) жаз C) көктем D) қыс |
3. Өз тарихында сұрапыл соғыстан үш рет қирап, үш рет қайта тірілген қала A) Отырар B) Астана C) Түркістан D) Тараз |
4. «Қазына көтерген бала» әңгімесі кім туралы A) Қ.Сәтбаев B) Ы.Алтынсарин C) А.Байтұрсынов D) Қ.Мұңайтпасов |
5. Қайсысы ауыз әдебиетіне жатады A) автобиография B) батырлар жыры C) роман D) автор өлеңдері |
6. «Жалбыраған жалынан Жалғыз қарыс қалыпты» - деген жыр жолындағы халықтық өлшемді көрсететін сөз A) жалбыраған B) жалғыз C) қарыс D) жалынан |
7. «Бес ешкі» ертегінің қай түріне жатады? A) адамдар жайлы ертегілер B) сатқындық туралы ертегілер C) қулық туралы ертегілер D) жануарлар туралы ертегілер |
8. Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзі A) монолог B) диалог C) сюжет D) әсірелеу |
9. «Қазына көтерген бала» әңгімесіндегі Қаныштың ұстазы A) И.Крылов B) М.Дулатов C) Ы.Алтынсарин D) И.Алексеев |
|
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Ата-ананы құрметтеу туралы
Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі ата-ана ғой. Не үшін ата-анама құрмет жасаймын деп ойыңа да алма. Олар сен үшін өзін қиятыны белгілі.
Егер әрбір перзент ақылды және дана болса да, ол ата-ананың мейір-махаббатын құрметтеуден бас тартпайды. Ата-ананың міндеті-тәрбиелеу және жақсылық үйрету.
Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма...Олардың көңіл-күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.
Сен ата-анаңның қарызын ақтау ісіне адамгершілік, ақыл-ой, парасат биігінен қарағын. Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-ананың көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, біреудің де жақсылығын бағаламайды. Егер сен «өз перзентің құрмет қылсын» десең, сен де өз ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесең саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді жақсы болады. Сол сияқты ата-анаңа деген құрметіңді аямасаң, саған деген олардың тілегі қабыл болғаны.
|
10. Ата-анаға құрмет жасап, күтім көрсетсе, бала үшін қабыл болары A) арман-мақсаты B) қадір-қасиеті C) үміт-ниеті D) ізгі тілегі |
11. Мәтінге байланысты мақал-мәтел A) Ағаш ұстаған жерінен сынбас. B) Жақсы ат – жанға серік. C) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. D) Ақыл – арымас, Алтын – шірімес. |
12. Ата-ананың міндеті – A) күтім жасау және баптау B) құрметтеу және қамқорлық жасау C) көңіл-күйіне қаяу салмау D) тәрбиелеу және жақсылық үйрету |
|
Нұсқау: «Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз».
Күз
Сабырлы күз де келді. Қыркүйек – барлықтың, байлықтың айы. Қиырына көз жетпейтін алтын толқынды теңіздерде мыңдаған «дала кемелері» жүзіп жүр. Қырманын астыққа толтырған диқанның қуанышы қойнына сыймайды. Бұл айда құс атаулының көші басталады.
Қыркүйектегі бұл айдың орны ерекше. Бірі айдың бірінші күні гүл құшақтап, өздері де гүл жайнап, мың сан бала мектепке барады.
Ерекше күннің тағы бірі – жиырма үшінші қыркүйек. Бұл күні табиғаттың ең таңғажайып құбылыстарының бірі болады: күн мен түн теңеледі.
Айдың алғашқы күндерінде кәдімгідей суық түсе бастайды. Күнбағыс бастарын көтере алмай, еңкіш тұр. Көп жеміс, картоп пісіп, жетілді. Дархан күздің жемісін жинаудың қарбалас кезі.
Алтын масақ егіннің ішінде комбайн даусы бір тынбайды. Қарсы алдына мол жарық қондырып алып, айлы түнде егін шауып жүргендер бар. Құмырсқа қысқа азық жинап, илеуін өсімдік дәндеріне толтырады. Олар жұмыс істеуден жалықпайды. Жем алар жеріне ерсілі-қарсылы жол салып алған. Ағаштар қыс ызғарын сезгендей. Жапырақтарын сарғайтты. Өсімдіктер сарғайып алтын түстес болған соң, халық бұл мезгілді «Алтын күз» деп атайды.
|
13. Мәтінде берілген жыл мезгіліне байланысты мақал-мәтел A) Сәуір болмай, тәуір болмас. B) Жаз мереке, күз береке. C) Жазғы жуынды, қысқа қатық. D) Қыста қысыл, жазда жадыра. |
14. Күз мезгілін сипаттау A) сабырлы, барлықтың, байлықтың айы B) ызғарлы, ақ ұлпадай, көңілді ай C) жайдарлы, ыстық ай D) қаһарлы, салқын, суық ай |
15. Күз мезгіліне халықтың берген атауы A) «Қоңыр күз» B) «Жайдары күз» C) «Алтын күз» D) «Сабырлы күз» |
ДҮНИЕТАНУ
1. Жауын-шашынға жататын табиғат құбылысы A) кемпірқосақ B) бұрқасын C) дауыл D) жаңбыр |
2. Суреттегі құбылысты анықта A) тау жыныстарының үгілуінен пайда болған құм төбелер B) жер сілкінісінен болған құм төбелер C) жел әрекетінен пайда болған құм төбелер D) ағын судың әсерінен болған құм төбелер |
3. Қазақстанның орманды жерлері бар аймағы A) Солтүстік B) Оңтүстік C) Оңтүстік-батыс D) Батыс |
4. Шөп дайындалатын маусым A) күздің басы B) күздің басы мен ортасы C) қыстың басы D) жаздың басы мен ортасы |
5. Суреттен суыққа төзімді өсімдікті анықта
A) 4 B) 1 C) 3 D) 2 |
6. Суреттегі өсімдік
A) сарғалдақ B) бақбақ C) беде D) сарыгүл |
7. Біздің мемлекетіміз Қазақстан орналасқан материк A) Америка B) Еуропа C) Африка D) Еуразия |
8. Ежелгі адамдар өмір сүріп, тіршілік еткен орындар A) тұрақ B) баспана C) күрке D) үңгір |
9. Суреттегі табиғатта болып жатқан өзгерістер
A) өмір сүру ортасы B) ғарыш әлемі C) табиғи белгілер D) табиғат құбылыстары |
10. «Тік өскен пішен» аталатын шөл өсімдігі A) құм қияғы B) сексеуіл C) таспашөп D) қызғалдақ |
11. Шалғынды жердің адамға пайдасы A) егіншілік үшін B) жабайы жануарларды қорғау C) мал жайып, шөбін азық қылу D) құрылыс жүргізу |
12. Жер шарындағы полюстар түрі A) Солтүстік және Шығыс B) Оңтүстік және Батыс C) Оңтүстік және Солтүстік D) Шығыс және Батыс |
13. Мұнайдан алынатын өнім A) бор B) керосин C) ұлутас D) гранит |
14. Суреттегі өсімдікті көрсет A) жұпаргүл B) түймедақ C) шырмауық D) бақбақ |
15. Тау өсімдіктері A) күреңот, жұпаргүл B) шырша, қарағай, көктерек C) сарыгүл, жауқазын, боз D) сексеуіл, жантақ, қаржуа |
ҚАЗАҚ ТІЛІ
1. Қосымшасы дұрыс жалғанған сөз қатарын белгіле: A) ойыншыққа B) ойыншықға C) ойыншықге D) ойыншықті |
2. Қарсы мәндес сөздер қатарын белгіле A) жақсы, жаман B) әдемі, көрікті C) дос, жолдас D) батыр, қаһарман |
3. Зат есімнің көпше түрін белгіле: A) аққуым B) аққуын C) аққулар D) аққумен |
4. Табыс септіктегі тәуелдеулі зат есімді белгіле A) үйін B) үйінде C) үйіне D) үйінің |
5. Күрделі сан есімді белгіле A) бес жүз B) жетпіс C) тоғыз D) жиырма |
6. Сөйлемнен ілік септігінде тұрған сөзді белгіле Бұғы – жануарлардың үлкен тобы. A) жануарлардың B) тобы C) үлкен D) бұғы |
7. Сөйлемнің түрін анықтаңыз Шаңырағың биік, керегең кең болсын! A) Лепті сөйлем B) Сұраулы сөйлем C) Хабарлы сөйлем D) Бұйрықты сөйлем |
8. Қырман сөзіне тиісті жалғауды белгіле: A) -нің B) -тар C) -ға D) -ді |
9. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздер: Қазы-қарта, жал-жая қазанда бұрқ-бұрқ қайнайды. A) біріккен сөздер B) қос сөздер C) қыстырма сөздер D) мәндес сөздер |
10. Күрделі сан есімі бар сөйлемді белгіле: A) Ауылға дейін үш сағаттай жүріппіз. B) Бейсен екі егіншіні ертіп келді. C) Екі көзім соларда. D) Бір жылда он екі ай бар. |
11. Асты сызылған сөзге қатысты нұсқа Отан үшін отқа түс, күймейсің. A) шылау Е) етістік B) есімдік C) одағай D) үстеу |
12. Сұраулы сөйлемді белгіле A) Еңбек етсең, ерін(бе) B) Біреудің затын сұраусыз ал(ма) C) Ақты төк(пе) D) Үлкен үйдегі әжем келіп(пе) |
13. Шығыс септігіндегі тәуелдеулі зат есім A) әжеңе, әжесіне B) әженің, әжеңнің C) әжеңнен, әжесінен D) әжеңмен, әжесімен |
14. Өлеңнің шағы мен қай жақта тұрғанын анықтаңыз Айтса болды, тіл алам, Сені көрсем, қуанам. Саған қандай жақсылық, Жасай алам мен, ана! A) I жақ, осы шақ B) I жақ, келер шақ C) II жақ, осы жақ D) I жақ, өткен шақ
|
15. Хабарлы сөйлемді көрсет A) Күн суытты ма B) Үсен жарысқа қатысты C) Алақай, ауылдан атам келді D) Сен жақында қандай кітап оқыдың |
МАТЕМАТИКА
1. 420 мен 7 санының бөліндісі A) 6 B) 60 C) 2 940 D) 70 |
|||||||||
2. Сәйкес келетін қатар:
A) B) C) D) |
|||||||||
3. Қай бағытта есептегенде де мәні бірдей болу үшін қажетті сандар
A) 20, 9, 16 B) 21, 9, 17 C) 21, 10, 16 D) 11, 13, 15 |
4. Шеберханада 30 метр матадан әрқайсысына бірдей мата жұмсалып, 9 қыздар көйлегі мен 6 сарафан тігілді. Әрқайсысына неше метр мата жұмсалды? A) 1 м B) 4 м C) 2 м D) 3 м |
5. Фермер астық бітік шыққан жылы 18 ц/га, ал астық аз шыққан жылы 8 ц/га өнім жинады. Егер фермер бидай егуге 300 га ауданды пайдаланған болса, онда әр жылы қанша өнімнен жинайтынын есептеп шығар. A) 54 000 ц және 2 400 ц B) 54 ц және 2 ц 400 кг C) 5 400 ц және 2 400 ц D) 540 ц және 24ц |
6. 4-сынып оқушыларының оқу техникалары тексерілді. Оқушы ІІІ тоқсанның соңында минутына 85 – 90 сөз оқу керек. Сыныпта нормадан төмен оқыған оқушылардың санын анықта A) 10 оқушы B) 9 оқушы C) 12 оқушы D) 4 оқушы |
7. Ені 68 метр шаршы тәріздес спорт алаңының ауданы A) 272 м B) 4 624 м C) 1 210 м2 D) 4 624 м2 |
8. 100 000 – 10 000 – 1 000 – 100 – 10 – 1 өрнегінің мәні A) 88 900 B) 88 899 C) 88 890 D) 88 889 |
9. Құрамында үшінші кластың 4 бірлігі, екінші кластың 675 бірлігі және бірінші кластың 2 бірлігі бар сан A) 475 602 B) 46 752 C) 4 675 002 D) 467 502 |
10. а =1 000 болғандағы 60 және 6 сандарының көбейтіндісі мен а санының қосындысының мәнін A) 1 066 B) 1 660 C) 1 060 D) 1 360 |
11. с = 316 болғандағы (с – 300) : 4 өрнегінің мәні A) 6 B) 2 C) 4 D) 3 |
12. Ені 30 см, ұзындығы одан 2 есе артық тіктөртбұрыштың периметрі A) 180 см B) 100 см C) 60 см D) 120 см |
13. 6 508 + (3 400 – 20 655 : 85) амалының шешімі A) 9 250 B) 9 665 C) 9 600 D) 8 974 |
14. Есептің қысқаша жазуын пайдаланып, үшінші күнгі жылдамдықты анықтаңыз
A) 70 км/сағ B) 90 км/сағ C) 84 км/сағ D) 87 км/сағ |
15. Әртүрлі 5 шардан 2 шарды неше тәсілмен таңдап алуға болады? A) 15 B) 10 C) 9 D) 6 |