Оқу мен жазу арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқу мен жазу арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы

Шардара ауданы

«Қоссейіт жалпы білім беретін мектеп»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Серикбаева Қарашаш Қонратовна

Оқу мен жазу арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қазіргі кезін әлемдік деңгейдегі білім беру тенденциясынан бөліп қарауға болмайды. Бұл әлемдік деңдейдегі қатынастың күшейе түсуіне байланысты. Қазіргі кезде Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Еліміздегі білім беру саласыншашарың алдында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, білім берудің сапасын халықаралық стандарттарға жеткізу, ол үшін әрине білім беру саласының алдында оқушылардың білім сапасын көтеру міндеті қойылып отыр.

            Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының  ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда дер едім.

            Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде мектеп оқушыларына білім беру бұрын қалыптасқан жүйеден әлдеқайда жоғары талаптар қояды. Бұл талапты жүзеге асыру үшін мұғалім қызметі арта түседі Білім сапасын заман талабына сай көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізген, үнемі ізденуден жалықпайтын жаңа әдісті тиімді қолдана білуді меңгерген ұстаз ғана нәтижелі табысқа жете алады.Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушыны оқытпауы керек, оқушы өзі оқуы тиіс. Ал мұғалім оқушының ақыл-ойының дамуын ұйымдастырушы, балаға бағыт-бағдар беріп, басшылық жасауы тиіс.Сонда ғана білім сапасын жоғарылатып, қоғамға лайықты азамат тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальді, кәсіптік, адамгершілік, рухани-азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

            Бүгінгі мектептің басты мақсаты-болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеріп, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу. Ол үшін бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

               Ұстаздан білім мен тәрбие алған шәкірттің алғыр, озық ойлы, жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзінде емес, оның көрсеткен үлгісінде. Ұстаз-ұстаз болып танылуы үшін оған ең алдымен үлкен білім мен білік, ұйымдастырушылық қабілет керек.ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»деген екен.  Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ барысын жеке формада, жаңа әдісте жүргізу шарт. Сабақтың тиімділігіне бір-бірімен тығыз байланысты екі жағдай әсер етеді:

1.Мұқият дайындалу.

2.Шеберлікпен өткізу.

               Дұрыс жоспарланбаған, оқушылардың оқу мүмкіндігімен санаспайтын сабақтың сапасы болмайды. Сабаққа дайындалу-нәтижеге жеткізетін шаралар жүйесін жасау, оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыру. Инновациялық технология бұл әдістердің бастамасы, яғни интербелсенді тақтаны қолданып сабақ жоспарын ұйымдастыру.Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары басшылыққа алынып келеді.Олардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту жобасы».

              «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы- ашық қоғам негізі. Ол өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу. Сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдермен қисынын зерттеу дегенді білдіреді.Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы деген болар едім.

              Сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау.  Шығармашылық сөзінің төркіні- «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген мағынаны білдіреді. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Шығармашылық деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекеті деп тұжырымдалады.Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. (Л.С.Выготский) Оқушы шығармашылығын шыңдауға «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының берер көмегі зор.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2024
308
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі