Материалдар / Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер арқылы сыни ойлауға дағдыландыру

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер арқылы сыни ойлауға дағдыландыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің жариялауға берген материалым мұғалімдерге керек деп ойлаймын. мұғалімдер коучинг-сессия өткізулері үшін, басқа мұғалімдерге ойын қалай жеткізу керектігін, қандай әдісті қолданса тиімді болатынын жан-жақты қарастырады. сол жұмыс барысында мұғалімдерге кішкентай болса да көмек болса деген оймен жарияламақшымын. қазіргі таңдағы мұғалімдердің сабақ өту барысында оқушыларға дайын білімді бере салмай, сол білімге оқушылардың өздері іздену барысында жету керек. біз сол білімге жетелеп, демеп, жеткізуіміз керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚО, Сайрам ауданы Шіркін ауылы. №52 М.Өзтүрік атындағы ЖОМХимия және биология пәні мұғалімі Жубаева Жанара Раушанбековна

Тақырып Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдері арқылы сыни ойлауға дағдыландыру
Мақсаты Дұрыс жауап алу үшін дұрыс сұрақ қоюға бағыт беруДұрыс сұрақ қою-жауап алу оқытудың тиімді әдісі туралы мәлімет беру.
Мұғалім үшін оқу нәтижелері Дұрыс жауап алу үшін дұрыс сұрақ қоя алады.Дұрыс сұрақ қою-жауап алу оқытудың тиімді әдіс екенін біледі.
Уақыты Коучтің әрекеті Мұғалімдердің әрекетіРесурстар
5 мин1. Мұғалімдердің зейінін аудару «Фотоаппарат» әдісі

Мұғалімдер назарларын коучке аударады. Фотоаппарат
3минҰйымдастыру кезеңі: а) «Әлем өзгерді біз де өзгереміз!»б)Топқа біріктіру: «Байланысты тап!»Стикерлер арқылы байланысты табады.Слайд, сөздер жазылған таратпа материалдар
1мин«Көршінің ынтымақтастығы»
  • 3 түрлі слайд ұсынады
  • Сұрақтар топтамасы:
  • - Не көріп тұрсыздар?
  • Көршілер ынтымақтастыққа жету үшін қандай іс әрекетке барулары керек?
  • Тапсырманы айналмалы бекет әдісімен қорытындылайды

  • Суреттегі мәтіннің идеясын ашады
  • Топтық жұмысқа толық қатысады
  • «Айналмалы бекет» әдісімен мәтін жазып шығады. Топ басшысы мәтінді оқиды.


  • Суреттер, ватман, маркерлер, «Айналмалы бекет» әдісі.
    Кері байланыс «Қоғамдастық»







    Коучинг-сессияның тақырыбы: Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері арқылы сыни ойлауға дағдыландыру.
    • Коучингті өткізу барысында менің алған проблемалық тақырыбым: Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері арқылы сыни ойлауға дағдыландыру. Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, біз сабақ өту барысында оқушыларға дайын білім беріп, олардың өздерінің ой-тұжырым жасауларына мүмкіндік бермей жатамыз. Осы поблеманы шешуде «Сын тұрғысынан ойлау » модулі жөн сілтеп, Глейзердің (1941): Сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауда» деп пайымдауы түсінік берді (МАН 42). Сонымен қатар, «Қалай оқу керектігін үйрену» тарауындағы «Метатану» түсінігі де көп көмегін берді. Негізгі алғышарт мұғалімдердің қолданған әдіс –тәсілдерінің оқушылардың метатанымдық немесе өздігінен реттелетін оқуын дамытуға ықпал ететіндігі болып табылады (МАН 69). Осыны жүзеге асыру үшін мен коучинг –сессияда: ашық, түсіндірме және жетекші сұрақтарды пайдаландым. Осы сұрақтарды қоя отырып, түйінді ойға әріптестерімнің өздерінің жетуіне ықпал жасадым. Осындай тұжырымдама жасауыма «Диалогтық оқу», «Сұрақ қою» тараулары көмектесті.
    Әріптестерімнің осы қиындықтарын шешуге алдымы мынандай мақсаттар қойдым: 1. Дұрыс жауап алу үшін дұрыс сұрақ қоюға бағыт беру. 2. Дұрыс сұрақ қою – жауап алу оқытудың тиімді әдісі туралы мәлімет беру. 3. Сабақта оқушыларға дұрыс сұрақтарды орынды пайдалана алады.Табыс критерийім: 1. Мұғалімдердің барлығы сабақ барысында сұрақтардың маңызды рөл атқаратынын, оларды қолдану тиімді екеніне көз жеткізеді. 2. Сұрақтарды дұрыс қоя отырып оқушыларды түйінді ойға жетелеуге болатынын біледі. 3. Сұрақты дұрыс қою арқылы, мысалы ашық сұрақ, түсіндірме, өткір, жетекші сұрақтарды орынды пайдалануды меңгереді. Осы коучинг-сессия барысында менің түсінгенім: сұрақтарды дұрыс қоя отырып, оқушылырдың қызуғушылығын арттыруға болатынын және соған сәйкес өз бетінше білімді меңгерулеріне бағыт беруге болатыны. Менің мұғалімдерге берген тапсырмам: 1. Үш сурет көрсетіп, онда не бейнеленгенін сұраймын: суреттен не көріп тұрсыздар? Әріптестерім суреттен не көргендерін тұжырымдап баяндайды. 2. Көршілер ынтымақтастыққа жету үшін қандай іс-әрекетке баруларыкерек? Топ мүшелері өз ойларын жазадыжәне жеке-жеке жауап береді. 3. Суреттерден көргендеріне өздерінің ой-тұжырымдарын қосып, «Айналмалы бекет» әдісімен шағын эссе жазу. Топтағы әр мұғалім бір сөйлемнен жазуларын сұранамын. Алдыма қойған мақсаттарыма жету үшін, «Айналмалы бекет», «Эссе жазу» әдістерін пайдаландым. Сонымен қатар, жоғарыдағы сауалдарды да пайдаландым.Осы әдістер арқылы мен мақсатыма жетемін деп ойлаймын. Себебі мұғалімдер сұраққа жауап іздегенде және сөйлем құрағанда сын тұрғысынан ойлай отырып, ойларын топта талқылайды. Мұғалімдер осындай сұрақтар арқылы оқушылардан тек жауап алып қана қоймай, олардың ойын дамытуға болатынын және білімдерін тереңдетуге болатынын түсінеді. Негізгі мақсат мұғалімдердің қолданған әдіс-тәсілдерінің оқушылардың бойындағы метатанымдық қабілеттерінің дамуына ықпал ету болып табылады. Кері байланысты «Қоғамдастық» әдісімен алдым.
    • Мұғалімдердің зейінін өзіме аудару үшін «Фотоаппарат» әдісін пайдаландым. Мұғалімдер назарларын маған аударған соң коучинг-сессияны бастадым.
    • Ұйымдастыру кезеңінде: «Әлем өзгерді біз де өзгереміз!» тақырыбында «Бүркіттің өмірінен» атты видео-роликті көрсеттім. Осы арқылы мұғалімдердің не үшін өзгеруге тиіс екеніне тұжырым жасауларына ықпал еттім. Видео-ролик мұғалімдерге оң әсер етті. Әр мұғалім не үшін өзгеру керек екеніне өз ойларын білдірді.
    • Тапсырмаларды топпен орындаулары үшін мұғалімдерді «Байланысты тап» әдісімен екі топқа біріктірдім. Ол үшін сөздер жазылған стикерлерді пайдаландым. Жазылған сұрақтарды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен байланыстырдым. Осы сұрақтарға жауап іздеу арқылы мұғалімдер өз топтарын тапты. Осы әдісті қолдануым көп пайдасын тигізді деп ойлаймын. Өйткені бұл жерде де жауап іздеуде ойлануға мәжбүр болды. Сын тұрғысынан ойлай отырып топқа бірігуді жүзеге асырды. Сонымен қатар Тәуелсіздігімізді де ұмытпай әр сабақта оқушылардың есіне салып отыруымыз керектігін осы әдіспен білдіргім келді. Ол оң нәтижесін берді. Мұғалімдер осы әдістің өздеріне қызық болғанын және сабақтарда тиімділігін айтып өтті. Әріптестерімнің белсенділік танытып, жауап іздегендері де мені қуантты
    • Мұғалімдерге 3 түрлі суретті көрсеттім. Әріптестерім суреттерге қарап отырып, не көргендерін сұрадым.






    • Әріптестерім не көргендерін айтып шықты. Келесі тапсырмада «Көршілер ынтымақтастыққа жету үшін қандай іс-әрекетке барулары керек?» деген сұрақ қойып осы сұраққа ватманға бір-бір жауап жазуларын және сол жауаптарын топ басшыларының оқуын ұсындым. Әріптестерім бұл тапсырманы қызығушылықпен орындап шықты. Әр мұғалім өз ойларын толық және нақты етіп жеткізе білді. Осы тақырыпты орындау барысында «Оқу пирамидасы» да жүзеге асты деп ойлаймын. Өйткені мұғалімдер өздерінің тұжырымдарын өзгелерге де түсіндірді. Әрине, сәл тақырыптан ауытқулар болды, бірақ мен ол олқылықтарды жетелеу сұрақтарын қою арқылы бір жүйеге келтіруге тырысып отырдым. Сонымен қатар бірлескен жұмыс нәтижесінде мұғалімдер арасында ынтымақтастық қалыптасты. Өйткені менің коучинг-сессияма қатысқан мұғалімдер әр мектептен келген, бірін бірі танымайтын болатын. Осы жұмыс барысында бірін бірі таныды деп ойлаймын. Осындай қоғамдастық құрып, бірге жұмыс істесек көп жетістіктерге жетеріміз анық.
    • Келесі тапсырмада әріптестерімнің осы көрген суреттерге байланысты көргендеріне өздерінің ой-тұжырымдарын қосып, «Айналмалы бекет» әдісімен шағын эссе жазуларын ұсындым. Топтағы әр мұғалім бір сөйлемнен жазуларын сұрандым. Олар тапсырманы жақсы орындап шықты. Топ көшбасшысы шығып, мәтінді оқып шықты. Бұл әдіс те өзіме ұнайды. Өйткені мұғалімдер өздерінің жеке ойларын қалай жеткізе алатынына көз жеткіземін. Кемшіл тартқан тұстарын және кімнің нені меңгергенін байқадым. Болашақта қалай жұмыс жасау керектігіне ол да көмегін тигізеді деп ойлаймын.
    • Топтың жұмысын бағалауды бақылаушыларға тапсырған болатынмын. Бақылаушылар өздерінің қойған бағаларымен және не үшін олай бағалағандарын түсіндірді. Бағалаудың әділдігіне ешкім күмән келтірмеді және келісті. Бағалаушы мұғалімдерді 1 ілгері деңгейді оқыған мұғалім мен директорлардың оқуын оқып келген директорымызға жүктедім. Өйткені олар әдіс-тәсілдерді жақсы меңгергендіктен бағалау әділ болады деп ойладым.
    • Кері байланысты «Қоғамдастық» әдісімен алдым. Адамның сұлбасын қиып, соған тілек-ұсыныстарын жазуды ұсындым. Әріптестерім тілек-ұсыныстарын жазып ортада тұрған киіз үйге жапсырды.
    Дәрісті меңгерту барысында түйгенім: оқушының білім алуын қолдау үшін, түрткі болатын, сынақтан өткізу үшін қойылатын және басқа бағытқа бағыттауға қойылатын сұрақтарды пайдалануға болады екен. Сұрақ қойғаннан кейін оқушылардың жауап берулеріне уақыт беру керектігін және кейінгі сұрақтарын олардың жауаптарына ыңғайлап барып қою керектігін түсіндім. Маңызды сұрақтар сабақтың басында ғана қойылмайды, сонымен қатар оқушылардың жауабынан кейін де қойылатын сұрақтардың маңызы зор. Жетелеуші сұрақтар да оқушының дұрыс шешімге келуіне көп көмегін тигізеді. Бірден «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп айтудың орнына сұрақтарды дұрыс пайдалансақ оқушылардың да сабаққа ынтасы артып, оқытуда жақсы нәтижелерге жететінімізге көзім жетті. Мұғалім сұрақты тек жауап алу мақсатында ғана емес, баланы жауап беруге жетелеу, ойын дамыту және білімін кеңейтуге мүскіндік беру үшін де қолданады.

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ