Материалдар / Оқу практикалық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу практикалық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Практикалық есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
94
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Оқу практикасының есебі
Дипломалды тәжірибеден өту уақытында Алматы қаласындағы №1 76 мектеп-
гимназия мектебінде 1”д” сыныбы маған берілді. Сыныпта негізінен 22 оқушы, оның
ішінде 12 ұл ,10 қыз оқиды. Жетекшісі: Жұбаева Раушан Нұрлыбайқызы. Сынып негізінен
гуманитарлық пәндерді тереңдетіп оқиды. Тәжірибе 22.01-12.04 күндері аралығында
болды.
Дипломалды тәжірибе негізі міндеті жас педагог студенттерді болашаққа
даярлап ,оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты сезіндіре білу және жас мамандар
даярлау болып табылады.
Оқу практикасына студенттің міндеттері мен атқарылатын тәжірибелері туралы
түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Практиканың алғашқы күнінде 22.01 студенттерге конференция болды. Бұл
конференцияда студендер мектепте қалай киіну, бізге қажетті құжаттар жайлы ,мектептің
ішкі тәртібі және өз жетекшілерімізбен таныстық. Бұл конференцияда студенттер
пратикада өздерін тек жақсы көрсете білуді және де өздерін болашақ ұстаздай ұстай білуі
сияқты әр турлі бағыттарды түсіндірді.
Студентер практикадағы жетекшілерімен танысып, практикаға арналған кунделікті
алып, сыныптарға бөлінді. Конференция барысында студент-практикант қаншалықты
мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен
үйлесімділік деңгейін анықтай алатыны жайлы және осы сияқты тағы басқа мәселелер
қозғалды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика
барысында жетіледі деп айта кетті. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары
қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу
барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін талдай отыра,
жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешетіндігі жайлы айтылып
кетті.

1.Мектептегі алғашқы практикалық күні 22.01 мектеп директоры және сынып
жетекшісімен таныстым . Маған берілген сынып бірінші ауысымда оқитын 1”Д” сыныбы.
Бұл күні мен сыныппен танысу жұмысын ұйымдастырдым.Сыныппен тез тіл - табысып
араласып кеттік.

1. Практиканың бірінші аптасында сабақты бақылап, таныстыру шаралары өтті.
Сыныпқа алғашқы сабақ математика сабағы болды. Жалпы күніне 4 сабақтан жүргізіліп
отырды Сабақты өз жетекшілері Раушан Нұрлыбайқызы берді. Оқушылар ішінде белсенді
оқушылар өте көп екен, сабақты бірімен –бірі жарысып, көрініс қойып айтты. Оқушылар
өте белсенді отырды.
Біз бұл күні мектептің ішкі тәртіптерімен ,асхана ,спорт зал, жаттығу залдары сияқты
жерлерді аралап таныстық. Оқушылар бұл күні оздерін барлық сабақтардан жақсы көрсете
білді.
Бірінші сыныптар осы аптада әліппемен қоштасқалы отыр екен. 23.01 күнді белгілеп,
бұл тәрбие сағатын өзім сұрап алып, мұғалімнің қолдауымен алғашқы тәрбие сағатымды
өтіп шықтым. Тақырыбы: Білім жолын бастаған, Әліппем бастамам! Тәрбие сағатына Оқу
ісінің меңгерушісі: Кенжетаева Ж.Кқатысып өз пікірін, ұнағанын айтып кетті. Сынып


Page 2

жетекшісі Раушан Нұрлыбайқызына да сабақ ұнады. Балалар осы күнге ерекше
дайындықпен келді.

2.Практиканың екінші аптасында алғашқы сабақ математика сабағы болды. Математика
сабағынан 31.01.күні «Есептер шығару» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабаққа түрлі
көрнекіліктер қолдана отырып, жаңа форматқа сай платформалармен жұмыс жасадым.
Сабақтар жақсы деңгейде өтілді. Сабаққа көп мұғалім қатысты. Сабақтарға қатысу жоғары
деңгейде болды.

3.Практиканың үшінші аптасында бірінші сыныптар кезекті қыстық демалысқа шығып
кетті. Осы аптада мұғалім екеуіміз келесі аптаның сабақтарына дайындалып, мұғалім
жасайтын құжаттармен, мектеп ішімен де толық танысып шықтым. Бастауыштың онкүндігі
болып жатқандықтан басқа да мұғалімдердің сабақтарына қатысып тәжірибе жинақтадым.

4.Практиканың төртінші аптасында математика сабағы болды. Сабақты Мұғалімнің өзі
өтті. Осы күнгі қалған сабақтарды ана-тілі, көркем еңбек пәндерінен сабақ өттім. Бұл
сабақта оқушылар үй жұмыстарын тексертіп, сабақ айтып бағаланды. Бірінші сыныпта
бағалау кезеңі болмағандықтан «жарайсың, жақсы, ақылдым, керемет, ойлан, талпын»
сияқты мадақтау сөздермен бағаланды. Мен оқушыларға қосымша сұрақтар қойып өткен
тақырыптардан сұрап білімдерін тексеріп шықтым.

5.Практиканың бесінші аптасында мен оқушылардан қосымша мәліметтер жинап,
зерттеп, зерделеп жүрген оқушыларыма мінездеме жаза бастадым. Үлгерімі төмен
оқушылармен қосымша тапсырмалар беру арқылы үлгерімдерін көтермеледім. Осы күнгі
сабақтардың барлығын өзім өткізіп, оқушылардың білім деңгейлерін анықтай түстім.

6.Практиканың алтыншы аптасында күнінде сыныпқа 5 сабақ болды.
Осы аптада мен оқушылардың ауызша сабақтарға көбірек қызығып, көп көңіл бөлетіндігін
байқадым. Ойын түріндегі сабақтарға қызығатынын да байқадым. Келесі сабақтардың
барлығында үнемі сергіту сәтін ойын түрінде жасап жүрдім. Балалар қызыға сабаққа
қатысып жүрді.

7.Практиканың жетінші аптасында 5.03 күні математикадан ашық сабақ өттім. Тақыбы:
11-ден 20-ға дейінгі сандар. Сабақта түрлі көрнекіліктерді пайдаландым. Жаңа бағытта
жаңа платформаларды пайдаландым. Балалар сабаққа белсене қатысты. Сабақ жақсы өтті.
Осы аптада алғыс айту мерекесі болды, оқушылармен бірге ұстаздарға алғыс айтып,
тәттісін ұсынып, құттықтап шықтық. Аналар мерексеіне байланысты іс-шара өтті мұғалім
Раушан Нұрлыбайқызы өзі өтті. Ата-аналары өте риза болды. Балалар аналарына арнап өз
қолдарымен жасаған ашықхаттары мен бір тал тульпан гүл сыйлап және жылы жыр
шумақтарын арнап, аналарына қуаныш сыйлады.
8.Практиканың сегізінші аптасында тек негізгі пәндерден сабақ өтіп
жүрдім.Сабақтарыма сынып жетекші қатысып отыратын, кемшілік жерімді түзеп,
барынша қолдап отырды. Сабақтар әдетегідей өз ретімен өтті. Оқушылар сабаққа жақсы
дайындалып келіпті. Сынып топ-топ болып бөлініп сабақ айтты.Әр топ оз беттерінше
көрініс ,жарыс ретінде бөлініп сабақ айтты . Сабақ өте көңілді өтті. Осы аптада сынып
жетекшісі тәрбие сағатын өтті.Осы тәрбие сағатында сынып жетекшілері оқушыларға


Page 3

жолда жүру ережелерін түсіндіріп қауіпсіздік ережелеріне тоқталып кетті. Менде жолда
жүру ережелерін біршама айтып өз ойыммен бөлістім.

9.Практиканың тоғызыншы аптасында Наурыз мерекесіне орай Ашық тәрбие сағатын
өттім. Тақырыбы: Қош келдің-Наурыз! Сынып ішін ұлттық нақышта безендіріп,
балалармен ұлттық нақышта киініп, ұлттық құндылықтарды жалпылама түрде
таныстыра келе сабақты әрі қарай қызықтыра өту мақсатында ұлттық ойындар ойнатып,
ата-аналар арасынан ұлттық дәстүрімізді оқушылардың бойларына қалыптастыру және
ұмытпау мақсатында «бесікке салу, тұсау кесу, наурызкөженің дайындалу тәсілі» атты
көріністерімізді көрсете білді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.

10.Практиканың оныншы аптасында оқушылар кезекті көктемдік демалысқа шығып
кетті.

11.Практиканың он бірінші аптасында жаңа тоқсан басталды. Аптаның төртінші күнінде
дүниетану сабағынан 4.04 күні «Мен қалай тамақтанамын?» тақырыбында ашық сабақ
өткіздім. Ашық сабақта оқушыларды топқа бөлдім. Денсаулыққа пайдалы және зиянды
тағамдарды ажырату мақсатында әртүрлі дидактикалық ойындар ұйымдастырдым.
Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабаққа қатысқан ұстаздар өз пікірлерін қалдырды.
Сабақ өз деңгейінде жақсы өтті.

12.Практиканың он екінші аптасында оқушылардан математикалық бақылау жұмысын
алдық, ана тілінен оқу техникасын алдық. Диктанттар мен мазмұндамалар алдық. Тест
жұмыстарын алдық. Бұл күні оқушылар өз беттерінше жұмыстар жасады .

Дипломалды практика жалпы мен үшін жақсы, әрі қызықты өтті. Сабақ берудегі
педагогикалық тәжірибем болғандықтан, біршама жеңілдеу болды. Кейбір, сабақты
түсіндіру барысында қобалжу көп болды. Жалпы өзімнің болашақ оқытушы ретінде
жүргізген қысқаша оқытушылық жұмысыма, тәжірибем болсада , өзімді осы практикада
сынап, өзімді жақсы жағынан көрсеттім деп сенемін. Дипломалды практика барысында
өзім үшін көптеген бірқатар жаңалықтарды аштым.
1.Оқытушылық қызметтің қаншалықты қиын және үлкен жауапкершілікті қажет
ететініне көз жеткіздім.
2.Педагогикалық тұрғыдан өзімнің қандай кемшіліктерімнің бар екенін көріп, сол
кемшіліктерді түзетуге нұсқау алдым.
Мен үшін бұл практика үлкен жетістіктердің бастауы болмақ.



Дипломалды тәжірибеден өтуші Маткаримова Д.А


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!