Материалдар / Оқу сапасын жақсарту туралы тәжірибемнен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу сапасын жақсарту туралы тәжірибемнен

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы оқу сапасын қалай жақсатуға болады? деген мәселе күн тәртібінен түсіп көрген жоқ. Өзекті тақырыптың өміршең болуы күнделікті іс тәжірибеде көрінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2024
86
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ИPicture 1 скакова Райгуль Шаймардановна

Абай облысы

Ақсуат ауданы

Үштөбе ауылы

«Өкпеті орта мектебі» КММ-нің оқу ісі меңгерушісі


ОҚЫТУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2023 жылғы қыркүйек айындағы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кезекті жолдауында айтылған білім мен ғылымды дамытуға байланысты басым бағыттарының символдық мәні бар. «Сапалы орта білім алу- әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – сапа» делінген еді.

Біздің Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Өкпеті орта мектебі» КММ-де осы сапаны қалай жақсартуға болады деген проблемалық тақырып көтерілді. Әр әдістемелік бірлестіктерге өз пәндерінің сапасын жақсартуда алға қойған міндеттемелі қойылып, жұмыс жоспарлары жасалды.

Құзыреттік модулі кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың басты міндеті – білім беру сапасын қаматамасыз ету және үнемі жоғарылату. Білімнің сапасын арттыру жолдарының бірі жеке пәндерді оқыту сапасының бағалау жүйесін құруы болып табылады. Анықтама бойынша, сапа дегеніміз бұйымды немесе құбылысты өзгешелендіріп, оған анықтық беретін көрсеткіштердің, қасиеттердің, ерекшеліктердің жиынтығы; бір нәрсенің құндылығын анықтайтын белгілі қасиет, көрсеткіш (жұмыс сапасы). Ұғым ретінде сапаның екі аспектісі бар: біріншісі – стандарттар мен эталондарға сәйкестігі, екіншісі –тұтынушылардың сұраныстарына сәйкестігі. Объективті өлшеулердің мүмкіндігі мен бағалау нәтижелерінің (эталонмен және бағалаудың басқа объектілерімен) салыстыруға келетіндігі сапаны тұжырымдауда маңызды болып табылады. Мұндай тәсілдеме өнім сапасына қатысты қолданылады. Білім беру бағдарламаларына қатысты, сапа дегеніміз оқушы білімінің сапасы, яғни нақты және дәл өлшенетін, немесе салыстыру арқылы анықталатын, құзыреттілік деп аталатын оқыту нәтижелерінің кешені. Мектебімізде білім сапасын жақсарту жолында біршама жұмыстар атқарылуда. «Нақты сапаны қалай жақсартуға болады?» деген сұрақтың жауабына келер болсақ, педагогтің кәсіби дамуы, жаңа инновациялар, ізденімпаздық, рухани даму, танымдық жетілу сияқты деректер тізбесі. Десе дағы, сапаны жақсартуда мақсатқа жету үшін жұмыстың нақты айқындылығы тәжірибе жүзінде өз нәтижесін береді. Әр пәннің сапасы анықталып, олқылықтардың орнын толтыру барысында жұмыстар атқарылды. Мысалы: ағылшын тілі пәнінен қиындық туғызған тақырыптар анықталып, пән мұғалімі сапаны көтеруде жеке оқушылармен жұмыс жасап, нәтижеген қол жеткізгенін, білім сапасын көрсеткіші артқанына көзі жетті.

Сапаны анықтау кезінде қойылған мақсаттарға жету дәрежесі маңызды. Сапаны білім беру үдерісіне қатысушылардың алдындағы әртүрлі мақсаттарға қатысты бағалау қажет болғандықтан, абсолютті критерийлердің болуы мүмкін емес. Сапа ұғымын даму концепциясы тұрғысынан қарастыруға да болады. Концепцияның негізінде жетілдіру, яғни сапаның бар-жоғы фактісін көрсету емес, сапаны арттыруға бағытталу идеясы жатыр. Оқыту сапасын бағалаудың бұл жүйесі сапа ұғымының қазіргі тәсілдемелерін біріктіріп, «оқыту сапасы» ұғымын анықтау үшін ең маңызды сипаттамаларын көрсетеді:

- барлық білім жүйесінің қызмет сапасымен байланысы;

- анықтаудың көп факторлығы;

- әртүрлі пікірлерге, қарастыру аспектілеріне тәуелділігі;

- даму мен жетілдіруге бағытталуы.

Осыдан, оқыту сапасы дегеніміз оқушы дайындығының жоғары нәтижелерімен сипатталатын, білім беру үдерісіне қатысушылардың сұраныстарын қанағаттандыратын оқытушының үнемі жақсарып отыратын білім беру қызметінің деңгейі.

Оқыту сапасын бағалау дегеніміз мазмұны мен формалары бойынша икемді, сапаға сәйкес мектеп өзі анықтайтын қызмет аспектілері кіретін

процедура.

Жеке пәндерді оқыту сапасын бағалау жүйесі мектеп миссиясы мен

стратегиясына сәйкес ұстанымдарға негізделеді:

- сапа деңгейіне үнемі мониторинг жасау және осы деңгейді арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру;

- сапаны бақылау процедураларына пән мұғалімдерін қатыстыру;

- сапаны бағалау процедураларының ашықтығы мен толық және объективті ақпарат негізінде дәлелді шешімдердің қабылдануы;

- сапа кепілдігіне мектеп басшылығының, құрылымдық бөлімшелер

басшыларының және әр қызметкердің жауапкершілігін мойындау;

- еңбекті мойындау.

Оқыту сапасын бағалаудың негізгі ұстанымдары – жүйелілік, тұрақтылық, жетілдіруге бағытталу. Оқыту сапасын тұрақты бағалау ішкі дамудың стимулы бола алады және негізгі міндетті атқару, яғни білім сапасын арттыру үшін басшылық пен құрылымдық бөлімшелердің бірігуін, бір-біріне деген сенімділік пен бағалау нәтижелерін көпшілік

алдында талқылау жағдайында ашықтықтың күшеюін, барлығы түсініп қабылдайтын жаңа мақсаттар мен міндеттерді анықтауын қамтамасыз етеді.

Жүйенің қызмет атқаруы өздігінен түзілу және өздігінен реттелу үдерістерге айналуы және өзгеше ұйымдастыру негізінде бағалаудың белгілі формаларынан тұруы мүмкін.

Оқыту сапасын бағалау тиімділігі бағалау субъектілерінің құзіреттілігіне; бағалау процедурасымен жұмыстың ұйымдастырылуының байланысына тәуелді.

Оқыту сапасын арттыру объектілері:

1) Оқытушы құрамының біліктілігі (базалық білімі, ғылыми дәрежесі

мен атағы, инновациялық әдістер мен технологияларды меңгеруі, ғылыми және әдістемелік белсенділігі, біліктілікті арттыру жүйелілігі);

2) Оқытудың ресурстары (оқу жоспарындағы пәннің орны, сабақ түрлерінің ерекше өтуі, бақылау материалдарымен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен

қамтылуы);

3) Оқытушының оқу жұмысын ұйымдастыруы (оқу және әдістемелік материалдардың пән бағдарламасына, ғылымның қазіргі замандағы күйіне, білім беру бағдарламасының мақсаттарына сәйкестігі, сбақтарды, бақылау мен бағалауды жүргізу формалары мен технологиялары, білім алушылардың өзіндік жұмысының әдістемелік қамтылуы, оқытушының еңбек тәртібі, білім алушылардың оқу тәртібі, білім алушылардың ағымдық

үлгерімі);

4) Ресурстардың тиімді пайдаланылуы (сабақтарда техникалық құралдарды, кітапханалық ресурстарды, оқу-зертханалық жабдықтарды қолдану);

5) Пән бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (пән бойынша оқу жетістіктері, оқу нәтижелеріне білім алушылардың қанағаттанарлығы).

Оқыту сапасы бірынғай критерийге бағынбайтын синтетикалық ұғым болғандықтан, сапаны бағалау жүйесі де көп критерийлы болу керек. Әр критерий оқыту сапасын тек белгілі бір жағынан ғана көрсете алады. Сондықтан сапа туралы қорытындыны оқытудың негізгі элементтерін жүйе ретінде сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жасауға болады.

Көрсеткіштерді өлшеу және оларды критерийлік мәндермен салыстыру, бағалау объектісінің қызмет көрсету тиімділігі белгіленген критерийге қаншалықты сәйкес екендігін көрсетеді.

Сапаны жақсарту педагогикалық (сабақтарға қатысу, педагогикалық құжаттарды, оқушылардың жазбаша және шығармашылық жұмыстарын тексеру және т.б.). әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

Мектебімізде білім сапасын жетілдіру жүйесі келесі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1. Бағыт сілтеу (үлгерімі төмен оқушымен жұмыстың мақсаттары мен мерзімдерін анықтау).

2. Жоспарлау (ақпаратты жинау әдістерін, ақпаратты беруге жауапты тұлғаларды анықтау және т.б.).

3. Ұйымдастыру (ақпаратты жинау, өңдеу және жүйелеу, алынған мәліметтерді талдау, оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасау).

Осындай жұмыс барысында мәселелелермен қатар жетістіктерді де көрсету керектігін ескерген жөн. Әсіресе алдынғы мониторингпен салыстырғанда оң не теріс нәтижелерді атап өту керек.

4. Талқылау ( білім беру үдерісінің әр аспектісі бойынша жауаптылармен мәселелелік пікірталас, сапаны жетілдіру үшін өзгерістер туралы ұсыныстар жасау).

5. Шешім қабылдау (алдыңғы кезеңде жасалған сапаны жетілдіру ұсыныстары ресми әкімшілік шешім түрінде рәсімделеді).

6. Өзгерістер жасау (білім беру үдерісіне қабылданған шешімдерді енгізу).

Осындай жұмыстардың нақтылығы мен айқындығы мектептегі білім сапасын жақсартары анық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!