400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

оқу сауаттылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқу сауаттылығы тест тапсырмасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-мәтін

Ай – уақыт өлшемі, жылдың бөлігі. Көшпенді өмір сүретін халқымыз жылды төрт маусымға (яғни тоқсанға) бөліп, әр үш айды бір атпен атайды. Жылдың өтеуін сол тәсілмен белгілейді. Ай – негізінен отыз күннен тұратын уақыт өлшемі. Бір айлық уақыттың өтеуі айдың дәуір сүруімен есептелгендіктен, жылдың он екіден бір бөлігі де ай деп аталады.

Халқымыз жылды он екі айға бөледі де, оны ай санау деп атайды.Бұл – ерте замандардан қалыптасқан дәстүр. Әр айдың атауларын тоқсанға немесе әр маусымға бөлуде табиғат құбылыстарын, ауа райын ескерген. Сондай-ақ оның шаруашылық жағынан үлкен мән-маңызы бар. Бұл жағынан халқымыз үлкен шеберлік пен білгірлік танытқанын да айта кету керек.

Шығыс елінде жыл басы наурыздан басталады.

Ежелгі астрономиялық есепте әр айға сәйкес келетін жұлдыз аттары да бар. Мұны «жұлдыз ай» деп атайды.


  1. Жылдан он екі айға бөлінгендегі атауы

А) күн санау

Ә) ай санау

Б) жұлдыз ай

В) жыл басы

Г)жыл санау


  1. Жылды маусым мен тоқсанға бөлудің маңызы

А) айларға ат беруге ыңғайлы

Ә) күн санауға ыңғайлы

Б) шаруашылыққа пайдалы

В) уақытты дұрыс өлшеуге тиімді

Г)астрономиялық есепте пайдалы


  1. Қазақ халқының жылдың өтеуін белгіленген тәсілі

А) Әр айға сәйкес келетін жұлдыз аттары бар.

Ә) Жылды төрт маусымға бөліп, бес күнді біріктіріп отырды.

Б) Жылды төрт маусымға бөліп, әр үш айды бір атпен атайды.

В) Әр жыл сайын күндерді қосып отырды.

Г) Әр күнді үш-үштен біріктіріп отырды.


  1. Жылдың он екіден бір бөлігі

А) маусым

Ә) апта

Б) жыл

В) күн

Г) ай

5.Шығыс елінде жыл басы қай айдан басталады

А) сәуір

Ә) қаңтар

Б) желтоқсан

В) наурыз

Г) ақпан



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
10.04.2024
353
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі