400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2023-2024 оқу сауаттылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
оқу сауаттылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күздің бір күнінде жасы жеткен бір ғұлама ғалымның жанына ең озат шәкірті келіп:

-Айтыңызшы, ұстаз, өз іліміңіздің бізге қаншасын үйреттіңіз? – деп сұрайды. Ұстазы болса қолына жерден күзгі жапырақтарды уыстап алды да:

- Қалай ойлайсың? Мына орманда жапырақ көп пе, әлде менің уысымдағы жапырақ көп пе?- деп сұрады. Шәкірті ормандағы сарғайып түсіп жатқан сансыз жапырақтарға қарап тұрып:

- Әрине, ұстаз ормандағы жапырақ сіздің уысыңыздағымен салыстырғанда әлдеқайда көбірек,- деді.

-Менің сендерге айтып үлгергенім, уысымдағы бірнеше жапырақ қана, - деді ұстаз, - қалғанының барлығын сендерге өздерің ізденіп, еңбектеніп, ақылдарыңмен тануларың керек! – деді.

- Осының бәрін сіз неге ертерек айтпағансыз? – деді шәкірт.

-Себебі ол сендерге ешқандай да пайда бермес еді. Ілім дегенді адам өз басынан өткізіп барып жинайды. Сендер ғұмыр кешулерің керек. Ал сөз деген – бар-жоғы сыбдырлаған жапырақтардың шуы ғана! – деп сөзін аяқтады ұстаз.

1. Ұстаз сөзінің түйіні.

А. Саналы адам сағын сындырмас

Ә. Өнерлінің өрісі кең

Б. Өз ақылын шамалаған қор болмас

В. Ақыл жастан, асыл тастан

Г. Ізденген жетер мұратқа


2. Шәкіртіне берілген білімін салыстыра көрсеткен зат

А. Уыс

Ә. Таразы

Б. Шүберек

В. Жапырақ

Г. Орман


3. Шәкірттің ұстазына қойған алғашқы сұрағы

А. Ұстаз, өз іліміңіздің қаншасын бізге үйреттіңіз?

Ә. Уысыңызда қанша жапырақ бар

Б. Жапырақтың сарғайып түсуінің мәні неде?

В. Осының бәрін сіз неге ертерек айтпағансыз?

Г. Мына орманда жапырақ көп пе, әлде менің уысымдағы ма?


4. Ғұламаның берген ақылы

А. Жапырақтардың түр-түсін білу

Ә. Ұстазына көмектесу

Б. Ұстаздан білім алу, ақылын тыңдау

В. Өз бетімен іздену, еңбектену

Г. Өзіне адал дос іздеу


5. Ілім дегенді ...

А. Адам өз басынан өткізіп барып жинайды

Ә. Жапырақтардың шуы ғана

Б. Ақылмен тану

В. Уысымдағы бірнеше жапырақ

Г. Ормандағы жапырақтар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
10.04.2024
712
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі