Материалдар / Оқу сауаттылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу сауаттылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мәтінмен жұмысты жетілдіру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шебер – сынып (Облыстық семинарда өткізген сабақ үлгісі)


Тақырыбы: Оқу сауаттылығы

Мақсаты: қазақ тілі мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мәтінмен жұмысты жетілдіру.

Тиімді сұрақтар мен жағдаяттарға байланысты тапсырмалар орындау


Сабақтың барысы: Оқу сауаттылығы дегеніміз не?

Оқу сауаттылығы туралы түсінік білім алушылардың әртүрлі

форматтарда берілген мәтіндерді түсіне білуі, олардың мәні мен мазмұнын

түсініп тұжырымдауы және білім алушылардың мектептен тыс уақыттарда,

әртүрлі өмірлік жағдаяттарды шешуде оқығанын қолдана білу іс-әрекеттеріндегі

қызметтерін бағалауға негізделген. Сөзімізді нақтылай түссек, оқу сауаттылығы

жазба мәтіндерді түсіну, өз мақсатына жету үшін оның мазмұнын қолдану,

қоғам өміріне белсенді қатысу үшін білімі мен мүмкіншіліктерін дамыту қабілеті.


Ал PISA-да оқушылардың оқу сауаттылығын анықтауда ақпараттың

маңынасын ашу және түсінік берудің үш негізгі параметрі бар. Солардың бірі –

мәтін.

PISA форматындағы мәтін әртүрлі тәсілдермен (кітаптар, парақшалар,

ғаламтор-форумдар мен жаңалықтар лентасы), нысандармен (көркем әдебиет,

ғылыми-көпшілік мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызы бар оқиғалар

туралы ақпараттар, кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар) беріледі.

PISA мәтіндерінің ерекшеліктері оларды баяндаудың шынайылығында,


«Джиксо» әдісі

Бұл әдіс – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіну барысында бірін бірі оқытуда көмектесуіне арналған жұмыс түрі. Бұл жұмыс білім алушылар

мәтінді оқығанда немесе зерттеу жүргізген кезде пайдаланылады. Сондықтан

мұғалімнен алдын ала нақты дайындықты талап етеді. Бұл әдіспен жұмыс жасау

барысында әрбір оқушы мәтінді толық меңгереді. Мәтіннің өзі қарастырған

бөлігін түсіндіргенде, олар сарапшы бола алады.олардың әрқайсысы басқадан

үйреніп, басқаны үйретуде белсенді рөл атқарады.

Әдісті жүзеге асырудың тәсілдері:

1-қадам. Білім алушыларды 4 не 6-дан үй топтарына бөлу.

2-қадам. Ой ашар жасаған дұрыс. Бұл оқушылардың көңілін көтереді /ой

ашар оқылатын мәтінге қатысты болғаны жөн/.

3-қадам. Білім алушыларға мәтін үзінділері беріледі, олар берілген

үзінділерді мұқият оқиды. Мұғалім білім алушыларды оқитын мәтінмен

қамтамасыз етеді. Білім алушылар өз бөлігі бойынша жұмысты тиімді жасау

үшін сараптама топтарына бөлінеді, яғни әр үстел 1-ден 4-ке дейін немесе 1-ден

6-ға дейін /білім алушы санына қарай/ нөмірленеді. Үстел нөмірлеріне сай білім

алушылар да 1-ден 4-ке дейін немесе 1-ден 6-ға дейін саналады да, білім

алушылар үстел нөмірі мен өз саны бойынша сараптама тобына бөлініп

отырады.

4-қадам. Білім алушылар берілген мәтінді толық оқиды. Сарапшы ретінде

олар мәтінді жақсылап түсініп талқылау үшін уақыт беріледі /Егер тапсырма

болса оны орынду керек/. Сонан соң бірлесе отырып, мәтінді үй топтарына

қалай жеткізу керектігін ойластырады. Мұғалім білім алушылардың мәтін

мазмұнын айтып берумен шектелмейтіндерін, туындаған сұрақтарды талқылап,

іздену арқылы шешім табу керектігін түсіндіреді. Мұғалім топтан-топқа барып

бақылайды, керек болса көмек береді.

5-қадам. Үй тобына оралған соң білім алушылар өздері оқыған мәтін

бөліктері бойынша жалпы талқылауды басқарады. Сонымен қатар олардың

міндеттері идеяны жеткізіп қана қою емес, шешім табу үшін топқа сұрақ қою

және басқаларды сұраққа тарту.


«Тұжырымдамалық кесте» әдісі


Бұл әдісте білім алушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген

парақты) ортасынан тік үш сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында

олар: Бөліктің оң жағына мәтіннен үзінді жазады. Бөліктің ортасына автордың

айтар ойын жазады. Ал бөліктің сол жағына өзінің ойын, тұжырымын, пікірін

жазады.

Әдісті жүзеге асырудың тәсілдері:

1-қадам. Білім алушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген

парақты) ортасынан тік үш сызықпен бөледі.

2-қадам. Мәтінді мұқият оқиды. Бөліктің оң жағына мәтіннен үзінділерді

жазады.

Мәтіннен үзінді



18

3-қадам. Бөліктің ортасына үзіндідегі автордың айтқысы келген ойын

жазады.

Мәтіннен үзінді

Автордың айтар ойы






4-қадам. Бөліктің сол жағына білім алушы өзінің ойын, тұжырымын,

пікірін жазады.

жазады.

Мәтіннен үзінді

Автордың айтар ойы

Менің тұжырымым




5-қадам. Тұжырымдамалық кестені толтырылып болған соң жұпта, топта

талқылайды.

6-қадам. Талқылаудан кейін мұғалім мәтінді қорытуға арналған




А мәтіні

Визуал материал түрлері

Жарнаманың бейнесі көп: ол сенің алдыңа ел президенттігінен үміткер болып та, шоколад ішіндегі тосынсый болып та көрінуі мүмкін. Сонда да оны жіктеуге, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар бірнеше түрге бөлуге болады. Жарнама неге арналғанына қарай түрлерге бөлінеді. Күнделікті көшеде, сайттар мен әлеуметтік желілерден түрлі жарнаманы көреміз. Тіпті үйімізден де әр тақырыптағы, түрлі шараға арналған постерлер, жарнама материалдары табылады. Олардың әрқайсысының көздеген мақсаты бар. Бірі тауарды сатуды көздесе, енді бірі әлеуметтік жауапкершілікке шақырады. Біреуі үгіт-насихат жасауды мақсат етсе, енді біреуі нақты саяси үгіт жүргізеді.

Жарнама тек тауарды не қызметті сату құралы ғана емес, ар-ұждан ұстанымдарын, құндылық бағдарын, әлеуметтік нормаларды, мінез-құлық ережелері пен нормаларын қалыптастыру құралы да бола алады. Әр елдегі жарнама әзірлеу мен ұсынуда ерекшеліктер болғанымен, ол ақпарат жеткізудің әмбебап құралы болып қала береді. Оны әр ұлт өкілдері де түсіне береді.


Ақпарат дереккөзі: Медиа және ақпараттық сауат. / П. Банников, Т. Соколова, О. Гороховський. – Алматы: «MediaNet» 2021.




















Ә мәтіні



1.Жарнама ненің әмбебап құралы?

А. Ақпаратты жеткізудің

В. Тауарды сатудың

C. Үгіттеудің

D. Насихаттаудың


2. Жарнаманың түрлерін олардың анықтамасымен сәйкестендір.

1

Коммерциялық жарнама

A

Қоғамдағы мәселелерді көрсетуге ұмтылу

2

Әлеуметтік жарнама

B

Қоғамдық-саяси өмірге араластыру

3

Үгіт

C

Қызмет түрлерін сату, мәлімет тарату



3. Жарнама жасауда ескерілетін талаптарды құрастырыңыз.



4. Кітап туралы креативті жарнама жасаңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________



Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:

1-тапсырма

1. Мәтінді түсініп оқыңыз.

2. Мәтін мазмұнына және сұраққа назар аударыңыз.

3. Жауаптардан бір дұрыс кілтті белгілеңіз.

2-тапсырма

1. Мәтінді мұқият шығыңыз.

2. Жарнаманың анықтамасын түсініп оқыңыз.

3. Жауабын сәйкестендіріңіз.

3-тапсырма

1. Мәтінге көз жүгіртіңіз.

2. Ақпаратты мәтіннен алыңыз.

3. Жарнаманың идеясын ескеріңіз.

4-тапсырма

1. Жарнаманың мақсатын анықтаңыз.

2. Жарнаманың стилін басшылыққа алыңыз.

3. Креативтілікті ескеріңіз.





Бал қою кестесі

Жауаптар

Балл саны

1

А

1

2

1-С, 2-А, 3-В

1

3

Оқушының жауабы қабылданады.

Ықтимал жауаптар:

  • Жарнаманың неге арналғанын көрсету

  • Көздеген мақсатын анықтау

  • Ақпаратты қысқа да, нұсқа жеткізу

1

4

Оқушының жауабы қабылданады.

Ықтимал жауаптар:

1.Тақырыптан ауытқымайды.

2.Жарнаманың құрылымы мен ресімделуін сақтайды.

3.Креативтілікті ескереді.

1


Жалпы балл

4






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!