Материалдар / Оқу сауаттылығы ББМЖ 9- сынып

Оқу сауаттылығы ББМЖ 9- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9- сынып оқушыларына қазақ тілі пәнінен оқу сауаттылығы бойынша тест сұарқатары жауаптарымен.Мәтін деген не?Мәтін құрылымы,мәтіндегі көріктегіш құралдар,мәтіндегі негізгі ой,мәтін түрлеріне түсініктеме берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2024
2152
27 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу сауаттылығы дегеніміз не?

PISA зерттеуінде оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған.

Қазіргі мектептерде оқушылардың бойындағы функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударыла бастады. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

"Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау". (PISA, 2009). Оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы бар,олар: жағдай, мәтін, аспект.

1-құрамдауыш: Жағдай:

Жағдайдың санаттары: жеке пайдаланым үшін оқу, көпшілік пайдалану үшін оқу (қоғамдық), жұмыс жасау үшін оқу және оқыту үшін оқу.

2-құрамдауыш: Мәтін:

Мәтін формасы: тұтас және жадағай. Мәтін типі: сипаттама, мазмұндау, мазмұндама, аргументациялау, нұсқау, келісім.

3-құрамдауыш: Аспект:

Аспектілер – бұл оқырман мәтінде, мәтін айналасында және мәтін арасында аталған тәсілдерді келісу үшін пайдаланатын психологиялық стратегиялар, тәсілдер және тапсырмалар. Оқу сауаттылығы тапсырмаларын әзірлеумен айналысатын бес аспект:

ақпарат іздеу, қол жеткізу және алу;

кеңінен түсінуді қалыптастыру;

интерпретациялауды дамыту;

мәтін мазмұнын көрсету және бағалау;

мәтін нысанын көрсету және бағалау. [4-5]

Әлемдік контекстте оқу сауаттылығы заманауи қоғамдағы өмірге деген дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.

Жалпы білім беретін мектептерден бастап балаларды оқытудағы негізгі жетістіктердің бірі - оқушылардың ақпараттық біліктілігін қалыптастыру. Өйткені бастауыш мектепте алған сапалы білім ары қарай оқудың іргетасы болып табылады. Оқушылардың оқу сауаттылығының қалыптасуына барынша мүмкіндік туғызу үшін заманауи мұғалімнен оқу қызметінің формасын, әдіс-тәсілдерін тауып қолдану талап етіледі.


Мәтін деген не?

Дыбыстар өзара тіркесіп, бір затты не құбылысты білдірсе, мағыналы сөз болады. Бірнеше сөз тіркесіп, тиянақты ойды білдірсе, сөйлем болады. Бір тұтас ойды толық жеткізген сөйлемдержиынтығы мәтін болады.

Мәтін – жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды сөйлемдердің тізбегі.

Мәтін – белгілі көлемдегі (тұтас күйінде я шағын үзінді) шығарма немесе шығармашылық жұмыстың жазбаша немесе ауызша түрі.

Мәтін – бір тұтас ойдың айналасындағы пайда болған тиянақты ойлар жиынтығы. Бұл жиынтық мәтінді абзацтарға бөледі.

Бір тақырыптың әртүрлі мазмұны болуы мүмкін. Жазушы бұл мазмұнның әрбірін бір мәтінге айналдырады. Осылайша оқырманның ойы бөлініп кетпеуін, айтылғандарды тиянақты қабылдауын қамтамасыз етеді.

Әр мәтіннің өз құрылымы, оқырманға жеткізетін ойы, тақырыбы болады. Мәтінге газет-журнал материалдары, өлең шумақтары, оқулықтағы ережелер, әртүрлі сөйлесулер жатады.

Мәтіннің түрлері

Мәтіннің үш түрі бар:

Әңгімелеу мәтіні қандай бір оқиғаны баяндап не істеді? не болды? сұрақтарына жауап береді, оқиғаның сатыланып дамуы баяндалады. Әңгімелеу мәтінініің баяндауышы көбінесе жедел өткен шақта болады. Әңгімелеу мәтінінде оқиға, орын, уақыт, кейіпкерлер болады.

Сипаттау мәтіні бір затты не құбылысты сипаттайды және қандай? Қалай? Деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда пейзаж суреттеледі немесе портретке мінездеме беріледі. Мысал, мәтінде таулар мен қырттар, адамның көзінің көгергені, самайына түскен ақ шашы, биязы немесе қырсық мінезі, Астананың Бәйтерегі, Алматының алмасы т.б. туралы айтылса, суреттеу мәтіні екенін оп-оңай табуға болады.

Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? неге? не себепті? Деген сұрақтарға жауап береді. Мұнда ойдың тезисі, дәлелі, қорытындысы жасалады. Пайымдау мәтінінде сондықтан, өйткені, себебі деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулары жиі қолданылады.

Кейде әңгімелеу де , сипаттау да, пайымдау да бір мәтінде кездесуі мүмкін. Қайсысы басым екенін мәтіннің негізгі мақсатына байланысты табуға болады. Мысалы: Жиырма жасар жігіт шатырдың алдында жанымен жатқызылған есек арбаның үстінде домбыра шертіп отыр еді. Майшамның жарығы маңдайынашағылысып, шыпшып шыққан терімен айқасып жатқандай еді. Домбыраның мойны ары –бері жүгіріп өткен саусақтарының астында тіріліп кеткендей еді. Жас жігіттің қолы домбыраның шегіне жақындаған сайын екеуінің арасында құпияға толы әңгіме жүріп жатқандай еді.

Берілген мәтінде жас жігіттің не істегені туралы айтылған. Алайда оқырманның көз алдына оның сипаты, әрекеттері, жан-жағы, отырған орны суреттеліп отыр. Сол себепті бұны суреттеу мәтініне жатқызамыз. Әңгімелеу мәтінінде оқиға басым болады.

Тірек сөздер

Мәтінді құрастыруға негіз болатын сөздер «тірек сөздер» деп аталады. Мәтін не туралы? деген сұраққа жауап беретін сөздер мәтіннің тірек сөздреі болады. Мәтіннің тірек сөздерін «кілт сөздер» дет те атауға болады.

Әдетте, мәтін құрастырар алдында оқушыға тірек сөздер беріледі. Оқушы берілген тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырады. Тірек сөздер арқылы шағың әңгіме, ертегі, өлең немесе кез келген мәтін түрін жазуға болады. Жазылған мәтін жүйелі шығу үшін тірек сөздердің бірін біріктіретін тақырып тауып алу керек. Мәтін не туралы болса, тақырыбы да сол болады. Мәтінге ат қойғанда оның тақырыбының қысқаша нұсқасын пайдаланады.

Кейде берілген тірек сөздерге қарап, бұрын оқыған шығарманы еске түсіруге болады. Мысалы, «дос, аю, ағаш» деген тірек сөздер берілсе, осы үш сөздің арасында байланысы бар мәтінді ой елегінен өткізе бастаймыз. Бұл тірек сөздерден орманда келе жатып, алдынан аю шыққанда екі достың мықтысы әлсізін жалғыз тастап кеткен әңгіме есімізге түседі.

Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастыруға болатын болса, мәтіннен тірек сөздерді де дәл солай табуға болады. Тест тапсырмаларында көбінесе, дайын мәтіннен тірек сөздерді табу талап етіледі. Ол үшін мәтінді мұқият оқып шығып, мәтіннің не туралы екенін анықтап алу қажет. Ең бастысы, табылған тірек сөздер мәтіннің мазмұнын ойша елестете алатындай дәрежеде таңдалынып алынуы қажет.

Мәтіннің тірек сөздері ғаламтор желісінде өте жиі пайдалынады. Дұрыс жазылған тірек сөздер оқырманға қажетті мақаланы тез табуға көмектеседі. Мақаланың көбірек оқылуы үшін тірек сөздердің дұрыс теріліп жазылуы өте маңызды.

Мәтіннің негізгі ойын түсіндіру тәсілдері

Мәтіннің негізгі ойы оқырманға одан да жақсы жеткізілуі үшін жазушы әртүрлі тәсілдерді пайдаланады.

Салыстыру. Екі не одан да көп заттың ұқсастығы мен аймаршылықтарын салыстыру үшін қолданады. Мақсаты – бір затты басқа заттардан ерекшелеу, осылайша сол зат туралы мағлұматты түснікті етіп беру. Мысалы, мәтінде «мынау мынадай, ал мынау болса мынадай» деген ұғымдар болса, салыстыру тәсілі қолданылды дегенді білдіреді.

Анықтама беру. Бір заттың не екендігін түсіндіру үшін қажет. Оқырманға тез түсіндіру үшін автор осы тәсілді қолданады. Мәтінде бір ғана заттың анықтамасы берілуі тиіс. Әйтпесе екі зат болса, ол салыстыру болып кетуі мүмкін.

Мысал келтіру. Айтылған ойды көз алдымызға елестету үшін қолданады. Әдемі мысал айтылған көп сөзден әлдеқайда әсерлі болуы және көпке шейін есте қалуы мүмкін. Мысал ретінде кейде танымал тұлға не туынды берілуі мүмкін.

Дәйексөз келтіру. Автор өз ойын дәлелдеу үшін танымал тұлғалардың сөздерін дәйексөз ретінде келтіреді.

Байланыс құру. Бір-бірімен тікелей байланысы жоқ ұғымдарды, заттарды асқан шеберлікпен байланыстырып мәтіннің негізгі ойын түсіндіріп беру үшін қолданады.

Мәтіннің көріктеуіш құралдары

Мәтінді оқырманға әсерлі ету үшін көріктеуіш құралдарды пайдаланады.

Теңеу – құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Мысалы: Ержан басын бүркеңкіреп алып, іргеге қарап, тышқан аңдыған мысықтай тынып жатқалы бірқауым уақыт өтті.

Эпитет – заттың не құбылыстың айрықша сипатын, сапасын, белгісін білдіретін суретті сөз. Мысалы: Әлгіндей долы нөсерден кейін жер беті шалшық суға толып, лайсаң батпақ болып қалған.

Метафора – суреттелген затты не құбылысты айқындау үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау. Мысалы: Абай әлгі сөзді тыңдап бола бере, әуелі бір қысқа ғана мысқыл айтты: - Ауыл – дарбаза, сөз – самал, - деп қойды да, - есесің де бөсесің ғой, Тобықтының сотқары! – деді.

Инверсия – сөздердің орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. Мысалы: Осы сен не боп барасың күннен- күнге? Бұл не сұмдыұ? Жүрген жеріңе шөп шықпағыр боп барсың ғой! Ұялмайсың ба бір мезгіл елден-жұрттан? Қу жалғыз-ау, айтшы, не болды мұнша саған бұзылып? Өлтірдің ғой мына сорлы анаңды!

Кейіптеу – табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеу. Мысалы: Ай жарық. Аспанның тұп-тұнық көк жібек шатырыбар жиһазын тағынып мөлдіреп тұр.

Кейіпкер мінезі

Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, көркем образ.

Мінез – адамның ішкі болмысы. Белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінездеу – әдеби кейіпкеді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-әрекеті мен кескін-кеіпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу – осының бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса қажетті тәсілдер. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырып, айқындай түседі, мінездеу үшін маңызды рөл атқарады.

Мәтіндегі кейіпкерлердің мінезі жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Жағымды мінездерге қарапайымдылық, ұяңдық, жомарттық, мейірімділік, сыпайылық, қамқорлық, адалдық т.б. жатады. Жағымсыз мінездерге сұмдық, арамдық, сараңдық, тәкаппарлық, паңдық, мақтаншақтық, еріншектік, т.б. жатады.



Мәтін құрылымы

Мәтіннің тақырыбын ашу үшін және негізгі ойды оқырманға жеткізу үшін мәтінде қолданылған әрбір сөйлемнің өз орны болуы тиіс.

Мәтін құрылымы үш бөліктен тұрады: басы (кіріспе), негізгі бөлімі, соңы.

Кіріспеде оқырманның назарын аудару көзделеді. Негізгі бөлімде айтылатын ойдың түйінді мәселелері жүйелеп түсіндіріледі. Мәтіннің соңы – қорытынды бөлім, бұл – сөздің бүкіл күшін топтастырушы, мәнді бөлім.

Мәтіннің құрамындағы сөйлемдер мәтіннің желісін бұзбауы керек. Мәтінге басқа қосымша сөйлем қосқанда немесе толықтырғанда негізгі ойдан ауытқымау керек.

Мәтінді абзацтарға бөлу

Әрбір мәтін тұтас бір ойдың айналасында болатынын білеміз. Ендеше мәтіннің құрамындағы әрбір жаңа ой абзацтарға бөлінуі тиіс. Әрбір мәтін белгілі бір тақырып айналасында құрылғандықтан, мәтінде бірнеше ой-пікір айтылуы мүмкін. Сол себепті мәтіндегі екі не одан да көп ой-пікірлер абзац арқылы ажыратылады.

Мәтінді абзацқа бөлгенде, алдымен, сөйлемдердің тақырыбы анықталады. Тақырып ауысқан кезде келесі абзац басталады.

Мәтіннің ой желісі

Мәтіннің тұтас бір мағынасы болады. Жақсы құрастырылған мәтіннен бірде-бір сөйлем алып тастауға болмайды. Сөйлемдер бір тақырып айналасында мәтіннің ой желісі бойынша құрылады. Тақырыптан тыс кез келген сөйлем мәтіннің ой желісін бұзады. Шылаулар, сілтеу есімдіктері, қыстырма сөздер сөйлемдерді мәтіннің ой желісі бойынша реттестіргенде сізге үлкен көмек тигізетін болады.

Екі сұрақты мәтіндер

Мәтін №1

Құйысқан – аттың үстіндегі ертоқымы қия жерде мойнына қарай сырғып кетпес үшін, аттың түп құйрығынан өткізіп, ердің артқы қанжығалығына бекітетін қайыстан жасалатын құрал.

Құйысқанның екі жақтауы және жаңбырлық-салпыншақ атты жылқының сауырын жапқан үзбелері болады. Құйысқан аттың тезек тастайтын тышпасына көлденең тұрғандықтан, кейбір кездерде жылқының тезегі құйысқанға қыстырылып қалып, аттың еркін қимылына кедергі келтіреді. Мұндайды біздің қазақ жақтырмай: «Құйысқанға қыстырылған тезек сияқты» деп айтады.Өмілдірік - ер артқа қарай сырғып кетпеу үшін, аттың омырауын орай тағылған құрал.

1. Құйысқан не үшін тағылады

A) Ер- тұрман аттың артына сырғып кетпес үшін

B) Ер-тұрман орнында жылжымай тұруы үшін

C) Ер-тұрман аттан ауып түсіп қалмау үшін

D) Ер-тұрман жылқының сауырын жауып тұруы үшін

E) Еңіс жерде ер-тоқым аттың мойнына сырғып кетпес үшін

2. Құйысқан жасалатын шикізат

A) Қанжыға

B) Үзбе

C) Қайыс

D) Темір

E) Салпыншақ

Мәтін №2

Көшпелілер ұғымында ыдыс-аяқ түрлері материалдық игіліктің бірі ретінде молшылық-тоқшылық, ырыс-берекенің көзі деп есептелінді. Өйткені дәстүрлі наным-сенім бойынша, аузы жоғары қараған іші қуыс ыдыс-аяққа Тәңірі несібе бұйыртады екен деседі. Сонымен бірге тұрмыстық тіршіліктен тыс адамдар арасындағы дәнекер саналатын «дәм-тұз» деген киелі ұғыммен де семантикалық байланысы айқын аңғарылады. Басқаша айтқанда, ыдыс-аяқ дастарқандас адамдар арасындағы сыйластық қатынастың да өзіндік дәнекері функциясын атқарады. Өйткені көшпелілердің этикасы бойын­ша, бір дастарқаннан, бір ыдыстан (табақтан) дәм татқан адамдар бір-бірін жаманшылыққа қиюы үлкен күнә болып саналды. Ыдыс-аяқтың дәстүрлі отбасылық-некелік қатынас жүйесінде де өзіндік ғұрыптық және этикалық орны мен функциясы болды. Қыздың жасауының құрамындағы шешесінің өз қолынан табысталған ыдыс-аяқ қыздың көргенділігінің айғағы іспеттес болды.

1. Көшпелілер ұғымындағы ыдыс-аяқ ұғымы

A) Тоқтықтың көзі

B) Достықтықтың көзі

C) Наным-сенімнің өзі

D) Тәңірдің көзі

E) Көрегендіктің өзі

2. Мәтін мазмұнына лайықты даналық ой

A) Ас – адамның арқауы

B) Доссыз өмір, тұзсыз ас

C) Аяғын көріп, асын іш

D) Анаға қарап қыз өсер

E) Отбасы – шағын мемлекет.

Мәтін №3

Жапырақ – жоғары сатыдағы өсімдіктер өркенінің өсуі біршама шектелген бүйірлік мүшесі. Ол қыстырмалы меристемалардың белсенділігі нәтижесінде түп жағымен немесе барлық жағымен ұлғайып өседі. Ағаштар мен бұталарда бұл уақытша мүше. Тамыр мен сабақтан жапырақтың айырмасы ол өсуін ұшы арқылы емес, жапырақ тақтасының негізінде орналасқан қыстырма меристемасы арқылы жалғастырады.

Алғашқы нағыз жасыл жапырақ өсімдіктердің сулы ортадан құрылыққа шығуына байланысты құрлық жағдайларына бейімделген. Қос жарнақтыларда негізгі өркеннің апексі және төбе бүршігі жетілгенге дейін, олардың тұқымынан өсіп шыққан жапырақ - тұқым жарнақтарының жапырағы деп аталады. Жапырақтар алғашқы негізгі өркеннің, одан кейін жанама өркендердің әрқайсысының бой конусында экзогенді меристемалық төмпешіктер ретінде қалыптасып жетіледі. Төмпешіктердің жоғарғы бөлігі - апексі, төменгі бөлігі базальды бөлігі деп аталады. Апекстен жапырақ тақтасы, сағағы, ал базальды бөлігінен жапырақ негізі, бөбешік жапырақтар, қынап пайда болады.

1. Алғашқы жапырақтардың құрлық жағдайына бейімделуінің себебі

A) Нағыз жасыл жапырақ болғанына байланысты

B) Көп суды қажет етпегеніне байланысты

C) Өсімдік өркенінің шектелуіне байланысты

D) Сулы ортадан құрғақ ортаға шығуына байланысты

E) Сулы орта болмауына байланысты

2. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Алғашқы жапырақтар

B) Нағыз жасыл жапырақ

C) Жапырақтардың сипаты

D) Жапырақтардың түсі

E) Жапырақтардың түрі

Мәтін №4

Көшпелілер өмірінде малдың орны ерекше. «Күндік өмірің болса, түстік мал жи» деген бабаларымыз. «Малым - жанымның, жаным - арымның садағасы» деп түйеді тағы да. Сәлемдескенде де «мал-жан аман ба?» деп бастайтыны содан. «Көш көлікті болсын!», Қоныс жайлы болсын!» «қойың егіз тапсын!». Бұл тілеулер де шаруашылық ыңғайына қарай қолданылады. «Қой баққанға, шаруаға қыры бар адамға бітеді» дейді бұрынғылар. «Қой қара тасқа, жабағы жеген насқа бітеді» деп те дәріптейді. Қой көшпелі қазақтың кисе – киімі, жесе – тамағы. Оның азықтық және тұрмыстағы пайдасы түйе мен жылқы түлігінен артық. Жер мен шөпті де таңдамайды.

С.Мұқанов бір еңбегінде: «Төңкерістен бұрын 20-25 мың қойы бар байлар жиі кездескен», - деп жазыпты.

Монғолияның Қобда бетіндегі асқан байдың бірі болған Тоқанұлы Ұлтарақтың тек соғымына 45 жылқы, 10 шақты сиыр, 100 шамасында қой сойылатын болған. Әрине, бұл байдың өз жалшы-малшыларының да қазанын көтеруімен қатар, байға келер қонақтың мөлшерін, жиын-тойдың ауқымын есептегендегі көрсеткіш. Сондай-ақ, XIX ғасырдың соңы кезіндегі мәліметтерге қарағанда «Семей губерниясының бір байы соғымына он жылқы, елу қой, екі-үш сиыр соятын болған» дейді зерттеушілер.

1. Тұрмыстағы пайдасы артық саналатын түлік түрі

A) Жылқы

B) Қой

C) Түйе

D) Сиыр

E) Ешкі

2. Байлардың соғымға өте көп мал арнауының себебі

A) Кедей-кепшіктерге таратқан

B) Отбасында адамдар көп болған

C) Ауқымды жиын-тойлар көп болған

D) Асқан бай болған

E) Жалшыларға таратып отырған.

Мәтін №5

Қазақтың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл ғұмырында төрт түліксіз күні кем. Салт-дәстүрінде, өлең-жырында, тұрмыс тіршілігінде берік орын тепкен. Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет тойы, келін түсіру, құда шақыру - бәрі мал өнімінсіз өтпеген. Мәселен, құдаларға сойылған малдың етін жеместен бұрын құйрық-бауыр асатады. Жаңа сойылған қойдың мүше бөліктері, кұданың сыбағасы - жамбас салынған «құда табақ» тарту бәрінде жарасымды әдеп, биік парасат жатыр. Қонақ күту рәсімі өз алдына бөлек мектеп. Сыйлы адамдарға жасының үлкен кішілігіне карап сыбаға жасалады. Ақсақалға бас тартылады. Басты ұстау, одан дәм таттыру, орнымен үлестіру де өнер.

1. Мал өнімінің қажеттілігі

A) Салт-дәстүрде қолданған.

B) Жиын- тойларда басты ас ретінде саналған.

C) Құдаларға арналған ас ретінде саналған.

D) Адамдардың сыбағасы болған.

E) Ақсақалға басын тартқан.

2. «Құда табақ» тартудың мәнінде не жатыр

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ