Материалдар / Оқу сауаттылығы бойынша дайын мәтін тест жұмысы. 10-11-кл.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу сауаттылығы бойынша дайын мәтін тест жұмысы. 10-11-кл.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу сауаттылығы бойынша дайын мәтін тест жұмысы. 10-11-кл.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Сәуір 2024
1983
40 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу сауаттылығы бойынша жұмыс.

1-мәтін

Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр.

Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды.. Әлемдегі ең құрметті мирмекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен.

Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей.



1. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз.

A)Көп, қарақұрым B)Қаптап кетті, қайнады C)Қажырлы, еңбекқор

D)Нөпір болды, ығы-жығы E)Қайнаған, қалың

2. Мәтіннің тақырыбы қандай? A)Құмырсқалар еңбегі B)Құмырсқалар достығы C)Жәндіктер туралы D)Мирмекологтар туралы E)Құмырсқалар илеуі туралы

3. Мирмекология ғылымы туралы қай бөлімде айтылады?

A)Бірінші және екінші B)Екінші C)Бірінші D)Екінші және үшінші E)Барлығында

4. Әлемдегі ең құрметті мирмекологтардың пікірінше

А) бір адамға 10 квадрилиион құмырсқадан келеді; В) бір адамға миллион құмырсқадан келеді;

С)бір адамға онның 15 дәрежесіндей құмырсқадан келеді; Д) бір адамға екі миллион құмырсқадан келеді;

Е) бір адамға 11 квадрилиион құмырсқадан келеді;



2-мәтін

Гүл ‒ жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны жоқ, керісінше, айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, адам жанын жадыратып жіберетін қасиетке ие. Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді.

Гүлдердің сырына үңіліп көрейік. Мысалы, қызғалдақ ‒ дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың отаны ‒ Қазақстан!

Сакура ‒ Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі адамның сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді. Раушан гүлінің отаны ‒ Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді, аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүлді батыс елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналады.

Дицентра ‒ Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар оны «Құдай-Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаса, орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны «қанды жүрек» деп атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен байланысты өз тарихтары бар.

Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады. Адамдар орхидеяға өте ертеден-ақ қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен жазбалар өте көп. Чарлз Дарвиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп сипаттап жазған болатын.


5. «Раушандар бағы» атауының шыққан жері?

A)Персия B)Жапония C)Германия D)Қазақстан E)Үндістан

6. «Құпиясы мол гүл» деген сипатқа лайық?

A)Раушан B)Сакура C)Қызғалдақ D)Дицентра E)Орхидея

7. Қызғалдақтың отаны A)Германия B)Қазақстан C)Ресей D)Франция E)Жапония

8. Француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаған гүл

A)Раушан B)Сакура C)Орхидея D)Қызғалдақ E)Дицентра

9. Орыстар «жаралы жүрек» деп гүл?

A)Раушан B)Сакура C)Қызғалдақ D)Дицентра E)Орхидея

10.Ең сұлу жаратылыс туралы мәтіннің қай бөлігінде айтылады?

A) Барлығында B)Екінші C)Үшінші D)Бесінші E) Бірінші


Оқу сауаттылығы бойынша жұмыс.

1-мәтін

Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда. Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін. Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға итермелейтін.Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет.

1.Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз

A)Қоңыр салқын самал желдің соғуы B)Құстардың сайраған үніне таңдануы C)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі D)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы E)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі

2.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.

1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.

2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін

A)Тек екіншісі B)Дұрыс жауап жоқ C)Екеуі де бұрыс D)Екеуі де дұрыс E)Тек біріншісі

3.Бағбан болып келген уақытты анықтаңыз.

A)Бір күндей B)Бір аптадай C)Бір айдай D)Бір-екі күндей E)Бір жылдай

4.Арманын орындауға әсер еткен не болды?

A) Музыка мен музыка аспаптары B)Бұлбұл C)Музыка үні D) Сайраған құстар әні

E) Үздік-создық ойлар

5. Бақ ішінде құстар қай кезде улап-шулап қоя беретін.

A) Күндізгі сәт B) Таңертеңгі шақ C) Кешкі шақ D) Таңертеңгі және кешкі шақ E) Күні бойы

2-мәтін

Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді.Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10- 15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс. Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды.


6.Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?

A)Меринос қойымен будандастыратындықтан B)Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан C)Мүйізі үлкен болғандықтан D)Егіз төл беретіндіктен E)Суыққа төзімді болғандықтан 7.Арқардың негізгі жауы нелер? A)Сүт қоректілер. B)Қос аяқтылар. C)Үй жануарлары.

D)Ет қоректілер. E)Шөп қоректілер.

8.Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты? A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады B)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады C)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті D)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді E)Арқардан төрт түлік түрін шығарды

9.Арқар қандай жерлерді мекендейді? A)Құмдауыт ойпаттарды B)Егіс алқаптарын C)Шөлейт жерлерді D)Тау бөктерлерін E)Жазық даланы

10.Арқарлар қай кезде бөліне бастайды?

A) Қыста салқын түссе, B) Көгалды шоқылардың арасындаC) Субальпілік белдеуіне қарай аударылғанда D) Жазда көбею кезінде E) Көктем мен жа



Оқу сауаттылығы бойынша жұмыс.



Түһ, түн неткен қараңғы еді!Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар.Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді!

Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар... Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе! Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?! Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе. Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!



1.Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?

A)Халқына сенім арту B)Халқына жанашыр болу C)Халқына қамқор болу

D)Халқының жолын ашу E)Халқының қамын ойлау

2.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?

A)Бағыт сілтеуші болғандықтан B)Түн жылы болатындықтан C)Жақсылыққа жорығандықтан

D)Түн жарық болатындықтан E)Дәстүрді құрметтеген

3. Мәтіннің тақырыбы қандай?

A)Үміт шырағы B)Жұлдыз сыры C)Дала аспаны D)Ырымшыл халық E)Жақсылық нышаны

4. Мәтінде «ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр» деген қай жұлдыз?

А)Темірқазық B) Жетіқарақшы C) Үркер D) Ақбоз E)Көкбоз

5.Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?

A)Шынайылыққа B)Турашылдыққа C)Сабырлыққа D)Болжампаздыққа E)Сенімділікке

6.«Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?

A)Жігерлілігін B)Ұстамдылығын C)Сабырлылығын D)Тәуекелшілдігін E)Мақсатшылдығын

7.Мәтіннің бірінші азат жолы қандай үлгіде жазылған?

A)Әңгімелеу B)Пайымдау C)Суреттеу D)Баяндау E)Сипаттау

8.Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт не арқылы білген?

А)Аспан B) Жұлдыз C) Үркер D)Жетіқарақшы E)Көкбоз

9.Жолға шыққанда жұлдыз не үшін керек?

А)Аспанды тамашалау B)Қараңғы түнде жарық C)Үміт шырағы

D)Бағыт сілтеу E) Жақсылыққа жору

10.Неліктен қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға қорықпай аттанды?

А)Үркерге үміт B) Саяхат C)Түн жарық

D)Жақсылыққа жорығандықтан E)Аспан әлеміне қызығушылық







Оқу сауаттылығы бойынша жұмыс.



Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды. Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды. Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.


1.Айдос қандай әрекетке ыза болды?

A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына B)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне

C)Ертең сабаққа баратынына D)Туфлиінің жыртылғанына

E)Ауданға баратын адамның болмағанына

2.Айдос неліктен жылап жіберді?

A)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына. B)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.

C)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп. D)Туфлисіз қалғанына ренжіп.

E)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.

3. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?

1.Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.

2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.

3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.

A) Бірінші B) Екінші C) Үшінші D)Барлығы теріс E)Барлығы дұрыс

4. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?

A) Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің. B)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.

C) Қырсыққан жігіт мал таппас. D)Өтірік айтқаннан өлген артық.

E)Қалауын тапса қар жанар.

5.Неліктен Айдос жаңа туфли ала алмады?

A)Туфли таба алмады. B)Ауылдағылар ауданға себепсіз бара алмады

C)Жыртылған аяқ-киімімен дүкенге бармады D)Ата-анасынан туфли сұрауға ұялды

E)Әкесі туфлидің табанын тігіп берді

6.Айдос неге орнынан тапжылмай отырды?

A)Сабаққа дайын емес B)Тақтаға шығуға ұялды C) Жыртылған аяқ-киімін көрсеткісі келмеді

D)Ауырып отырды E) Үйіне қайтқысы келді

7. Мәтінде көзге қораш көрінген не?

A) Әкесінің туфлиді тігуі B)Туфлидің болмауы

C) Айдостың пікірінің сұралмауы

D) Жыртылған туфли E)Туфлисіз қалғанына ренжуі

8. Айдос сабақ аяқталысымен неге мектептен жүгіре шықты?

A) Сабаққа дайын болмады B)Ата-анасын көруге асықты

C)Ауырып отырды D)Төмен баға алғанына ренжіді E) Туфлиінен ұялды

9.Неліктен журналға төмен баға түсті?

A)Сабаққа кешігуі B)Дайын болмауы

C)Сыныптастарынан қысылуы

D)Ауырып қалуы E)Туфлиінің болмауы

10.Сабақтан келгенде Айдосты не күтті?

A)Жаңа туфли B)Кешкі ас C)Кітап D)Сыйлық E)Үй жұмысы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!