Материалдар / Оқу сауаттылығы мәтіндері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу сауаттылығы мәтіндері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу сауаттылығы мәтіндері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2024
262
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Оғыз қаған» дастаны


«Оғыз қаған» дастаны – түркітектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. «Оғыз» сөзінің мағынасы уыз, уыздас, сүттес, емшектес, яғни бір анадан сүт емген деген мағынаны береді. Ежелгі ғұндардың ұрпақтары «Оғыз» сөзін тайпалардың бірлестігі, одағы деген мағынада қолданған.

Дастанда қырықтан астам хикаят бар. Әрбір хикаятта Оғыз қаған туралы оқиға баяндалады. Оғыздар көк түсті қасиетті санағандықтан, жырда оғыздардың Көк тәңірге табынып, өздерін көк бөріден тарататындарын аңғаруға болады.  

«Оғыз қаған» дастаны – Мөденің жауынгерлік жорықтарынан хабар беретін шығарма. Оғыз қаған – ғұндардың атақты көсемі, патшасы Мөденің әдеби бейнесі. Әкесі Тұман біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылы қайтыс болғаннан кейін Мөде патша тағына отырады. Мөденің билік жүргізген кезеңі ғұндар мемлекетінің алтын дәуірі саналады. Мөде билік жүргізген кезеңде ғұндар қазіргі Кореядан сонау Тибетке дейін, одан әрі Шығыс Түркістаннан бастап, Алтай өңіріне дейінгі ұлан-ғайыр өлкені түгелдей өздеріне қаратып алған еді. Қытай «Ұлы қорғанын» осы Мөденің әскерінен қорғану үшін салған болатын. Алайда «Ұлы қорған» ғұндардың тегеурініне төтеп бере алмады. Ғұндар қытай әскерін күйрете жеңіп, оларды «тыныштық және туыстық» шартына қол қоюға мәжбүр етеді. Бұл шарт бойынша олар ғұндарға көп салық төлеуге мәжбүр болады.

Шығарманың идеясына келсек, ол ерлікті, бірлікті көксейді. Қазақ халқы жасаған белгілі эпостық жырларға әуендес келеді. Стилі жағынан қазақ ауыз әдебиетімен бүтіндей ұштасып жатады.

«Оғыз қаған» дастанын зерттеуде Түркия елінің Н. Атсыз, Н. Банарлы, Б. Аталай сияқты ғалымдары көп еңбек сіңірді. «Оғыз қаған» дастаны мен қазақтың батырлар жырындағы әртүрлі байланыс белгілерін зерттеуге қазақтың Ә. Дербісәлі, Ө. Күмісбаев сынды ғалымдары да өзіндік үлес қосқан. Сонымен бірге, бұл салада ағылшын, француз, орыс ғалымдары да еңбек еткен.



  1. Мәтіндегі уыздас, сүттес деген сөздердің мағынасы қандай?

  2. Дастандағы хикаяттар саны

  3. Мөденің патша тағына отырған уақыты

  4. Мәтіннің стилі қандай?

  5. «Тыныштық және туыстық» шарты бойынша

  6. Мәтін бойынша «Оғыз қаған» дастанының қай қыры қазақ ауыз әдебиетімен ұқсас?















Құсбегілік


Құсбегілік – бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Құсбегілер қыран құсты тор құрып ұстайды немесе қарақанат балапан кезінде ұядан алады. Оның аяғына балақбау мен шыжым тағып, көзіне томаға кигізеді. Құсты әуелде шыжыммен ұшырып, қайыруы жеткен соң семіртіп түлетеді. Бұдан кейін құсты ақжеммен асырап, бос керілген арқанға қонақтатып, ұйқысын алып арытады. Жеңіл ұшып, жеңіл қонатын күйге келгенде аңға салады.

Тарихи деректерге қарағанда, құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко Полоның жазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен 500 ақсұңқары және басқа да қыран құстары болғанын және оларды баптап, күтуге арнайы 10 мың құсбегі ұстағанын жазады. Орта ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстан, Қырым, Еділ бойын билеген патшалар мен хандар да өз сарайларында арнайы құсбегілер ұстаған. Олар сарай қызметкерлерінің құрметтісі саналған. Сондықтан да хан сарайындағы құсбегілік қызметке тек ақсүйектер, бектер, әмірлер тағайындалған. Кейбір тарихи деректерде Шыңғысханның ұлы Жошының 3 мың бүркітші ұстағаны туралы жазылады.

Құсбегілік өнері қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелерде де ерекше орын алады. Мәселен, қазақтың әйгілі құсбегісі Жалайыр Шораға байланысты аңызда «Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады», – деп қыран құстар мұң шағады екен. Қазақ және басқа түркі тектес халықтар көбінесе бүркіт асыраған, ал Еуропа мен Ресей билеушілері сұңқарларды қолға үйреткен.



  1. Мәтін бойынша түркі тектес халықтар көбіне қандай құс асыраған?

  2. Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар:

    1. Құсбегілік өнерінің тарихы

    2. Құс баптауға қажетті мүліктер

    3. Құстың аңға түсу тәсілдері

    4. Қазақ аңыздарындағы құсбегілік


















Музыкалық аспаптар

(1) Қазақ халқының аспандағы ерекше көзге түсетін жұлдыз шоғырын «үріккен үйірлі жылқыға» ұқсату нәтижесінде «Үркер» атауы шыққан. Қазақтың дәстүрлі Аспан аңыздарында Үркер үйірі туралы әңгіме көп. Ел арасында Үркерді «жұлдыз ағасы» деп есептеген. Үркер аспандағы Күн мен Айдың орбитасына жақын тұрғандықтан, оған қатысты Күн мен Айдың орналасуына қарап қазақ халқы түнгі бағытты, жыл мезгілдерін және ай тоғыстарын анықтап отырған.

(2) Үркер – қазақ ұғымында ежелден келе жатқан астрономиялық атау. Мұның түбір сөзі мен үндестігі ерте заманғы Вавилон өңіріндегі Шумер мәдениеті және Америка құрлығындағы Мая мәдениетіне келеді. Қазақ аңыздарындағы Үркерді қызға ұқсату грек, жапон, үнді мәдениеттеріндегі Үркер туралы аңыздармен астасып жатқаны байқалады. Ежелгі бір аңызда Үркер бес баласы бар жесір әйел деп түсіндіріледі. Оның күйеуін үш мерген атып кетіпті. Енді өзін зорлықпен алмақшы болады. Үркер сол үш мергеннен қашып жүреді делінеді. Тағы бір аңызда Үркердің алты баласы бар екен. Үркердің өзімен жетеу болыпты. Соның бір баласын ағайынды жеті қарақшы ұрлап әкетіпті. Жеті қарақшының үш жұлдызының ортасында тұрған, жұлдыздың бауырында тұрған кішкене жұлдыз сол үркерден ұрлап әкеткен бала екен. Үркердің кейде жетеу болып көрінетіні осы бала шешесіне қашып барып алған кезіне тура келеді екен.

(3) Тағы бір көп таралған қазақ аңызында Үркердің Үлпілдек деген қызы болыпты делінеді. Жетіқарақшы Үркердің Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, оны ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркерліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Аңыз бойынша ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың бастығы, оның жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек. Шындығында да, Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екеуі бір-біріне жақындағанда таң бозара бастайды.

kk.wikipedia.org



СҰРАҚТАР

  1. Мәтінге атау беріңіз

  2. Не себепті халқымыз Үркерге қарап жыл мезгілдерін анықтаған?

  3. Қазақ аңыздарындағы Үркерді қызға ұқсату қай елдің мәдениеттерімен байланысты?

  4. Бес балалы жесір әйел туралы аңыз қай бөлімде айтылған?

  5. Аңыз бойынша Үркердің кейде алтау, кейде жетеу болып көріне себебі

  6. Мәтіннің үшінші бөліміне сәйкес келетін нұсқаны таңдаңыз.

















Аққулар

(1) Аққулар – қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар.

(2) Қазақстанда аққудың үш түрі кездеседі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу.

(3) Аққудың мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек, шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5-10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150-180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында, Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

(4) Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. С. Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы», М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыттың, Қожеке Назарұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді.

kk.wikipedia.org



СҰРАҚТАР

  1. Қазақстанда аққудың қанша түрі кездеседі?

  2. Мәтінге қатысты дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

    1. Тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді

    2. Жылына екі рет түлейді

    3. Балапандары су өсімдіктерімен қоректенеді

  3. Шымқай қара түсті аққуларға қатысты дұрыс тұжырымды көрсетіңіз.

  4. Аққудың негізгі белгілері туралы қай бөлімде айтылған?

  5. Аққудың балапаны қалай аталады?

  6. Мәтіннің төртінші бөлімінде не туралы айтылған?


















Бауыржан Момышұлы

(1) Бауыржан Момышұлы желтоқсан айының 24 күні туған. Қыстың әбден қаһарына мініп тұрған шағында дүниеге келуі оның мінезіне де аса ықпал еткен. Жайшылықта сабырлы, ал майданда аса қатал болған деседі. Бала кездегі лақап аты «Шаңтимес» болғанын біреу білсе, біреу білмес.

(2) Алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастаған. 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте сабақ берген. Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болып та қызмет еткен. Қаржылық сауатты Момышұлы әскери саланы да тастамай қатар алып жүрген.

(3) Соғысқа дейінгі жылдары әскерде өнерімен талайды тәнті еткен. Ат үстінде қылышпен ойын көрсетуде асқан ептілік танытып, Буденныйдың көзіне түскен.

(4) Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизияның құрамында 1941 жылдың қыргүйек айынан бастап қатысты. Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірді.

(5) 1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, т.б. ғалымдар соғыс туралы әңгіме-дәріс өткізуге шақырып, кездесу ұйымдастырады. Осы дәрістің стенограммасы кейін «Соғыс психологиясы» деген атпен кітап болып басылды.

(6) Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барды. Кейін 1963 жылы тағы бірнеше мәрте шақырту алып, арнайы сапармен барып қайтты. Бір айта кетерлігі, Куба елінің саяси күрескері Ф. Кастро өзінің түрмеде жатқан кезінде Момышұлының кітаптарын оқып, көзқарастарының нығаюына осы кітаптардың ықпал еткенін айтады.

(7) Елге оралған соң Қорғаныс комиссариатына (қазіргіше министрлік) басшылықтан ойы болған. Алайда елдегі науқаншылдық оған жол бермеді. Тіпті ректор Өмірбек Жолдасбеков Қазақ ұлттық университетінің әскери кафедрасына жұмысқа алмақ болады. Алайда оған да қарсылық болған деседі.

stan.kz



СҰРАҚТАР

  1. Бауыржан алғашқы еңбек жолын қандай қызметтен бастаған?

  2. Батыр қай шайқаста 207 рет ұрысқа кірген?

  3. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз.

  4. Мәтіндегі алтыншы бөлім мазмұнынан Бауыржанның қандай тұлға болғанын байқадыңыз?

  5. Мәтін авторы үшінші бөлім мазмұны арқылы батырдың тағы қай қасиетінен хабар бергісі келген?

  6. Б. Момышұлының Буденныйдың көзіне түсуіне негіз болған жағдай


\













Музыка

Музыка тыңдау арқылы көңіліміз көтеріліп, әдемі күйге бөленеміз. Әдемі әуен сізді таңда оятып, түнде тәтті ұйқының құшағына енуіңізге көмектеседі. Музыка тілге бөлінбейді. Қандай музыка болса да, сіз сүйсініп тыңдайтын әуен жаныңызды жадыратып, миыңызды демалтады.

Түрлі стильдегі әуендер адамның денсаулығында әрқилы әсер қалдырып, эмоция сыйлайды. Ең әуелі музыка адамның психоэмоционалды күйіне қатты әсер етеді. Егер әуен адамның психоэмоционалды күйіне сәйкес келсе, онда жақсы болғаны. Ал гармония болмаса, адамның денсаулығына пайдасыз деген сөз.

Музыканы қабылдаудың келесі бір факторы ұлттық-мәдени құндылығына байланысты. Мәселен, еуропалық адам шығыс әуенін тыңдаса, өзін сондай жайлы сезіне қоймасы анық. Жан дүниесі қаламайтын әуенді мәжбүрлі түрде ұзақ уақыт тыңдаса, психикасы бұзылуы мүмкін.

Дегенмен музыканың адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Мамандар музыканың тек стилі немесе ырғағы мен әуезі ғана емес, қай аспапта орындалғаны да маңызды екенін айтады. Әр музыкалық аспаптың әуені адам ағзасындағы белгілі бір жүйеге түрлі әсер етеді.

Фортепианомен ойнаған туындыны тыңдау психиканы гармонияға бөлейді, бүйректің жұмысын қалпына келтіруге, несеп жолдарының жұмысын жақсартуға, сондай-ақ қалқанша безді тазартуға пайдасы зор.

Орган дыбысы ми жұмысына пайдалы.

Гитара, арфа, скрипка сынды ішекті аспаптар жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді.

Үрмелі аспаптар тыныс жолдарын жақсартып, өкпені тазартады. Қан айналымына да әсерін тигізеді.

Ал барабан сынды аспаптың әуені жүрек соғысын қалпына келтіріп, бауырдың жұмысын жақсартады.

Кез келген музыка бұлшық еттің ширығуын босатып, белсенділікті арттырады. Ақпаратты анық әрі нақты қабылдауға ықпал етеді. Ғалымдар музыканың адам ағзасына тигізер пайдасын зерттеу барысында классикалық туындылар ғажап әсер беретінін анықтады. Әсіресе, Моцарт, Вивальди, Грига, Бетховен, Шуберт, Шуман, Чайковский және Дебюсси сынды ұлы композиторлар шығармалырының әсері терең зерттеліп жатыр. Моцарттың әуендері мидың жұмысын белсенді етеді әрі ақпаратты тез меңгеруге әсерін тигізеді деп есептеледі. Бетховеннің «Фиделио», Полонез Огинскийдің «Венгерлік рапсодия» сынды туындылары бас ауруын жазады делінеді. Ұйқысыздықтың бірден-бір емі Чайковскийдің, Григаның, Сибелиустың пьесалары болса, Вивальдидің «Жыл мезгілдері» туындысын  тыңдау арқылы еске сақтау қабілетін күшейтуге болады. Бұған қоса классикалық музыка – ревматизмнің тамаша емі.

http://el.kz/kz/news/archive



Осы бөлім бойынша тест тапсыруКонспектті жүктеп алу

СҰРАҚТАР

  1. Мәтін мазмұнына сай келетін тақырып

  2. Адам психикасының бұзылуына әкеп соқтырады

  3. Қалқанша бездің тазаруына оң ықпалын тигізетін музыка түрі

  4. Мәтін бойынша музыканың адам денсаулығына пайдасы тиюі үшін ең алдымен

  5. Мәтін мазмұны бойынша ұйқысыздықтың бірден-бір емі

  6. Мәтінге қатысы жоқ нұсқа


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!