Материалдар / Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар жинағында ой-өрісі ұлттық құндылықтарға негізделген ұлтжанды ұрпақ болмысының қалыптасуы. Авторлық бағдарлама
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар жинағында ой-өрісі ұлттық құндылықтарға негізделген ұлтжанды ұрпақ болмысының қалыптасуы. Авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама. 11-сыныпқа арналған оқу сауаттылығы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қаңтар 2023
403
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Темиржанова Меруерт Асетовна

Астана қаласының

МКМ «№72 мектеп лицейі»

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі


Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар жинағында

ой-өрісі ұлттық құндылықтарға негізделген ұлтжанды ұрпақтың болмысы қалыптасуы


Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын  алғыр да, алғарымпаз, ақыл иесі, ... мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ...., жұрттың бәріне...  жақсылық пен ізгілік көрсетіп .... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» - деген атақты ғұлама Әл-Фараби.

Мұғалім әрдайым даму үстінде сондықтан өзінің мұғалімдік еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді.

Бұл іс- әрекет болжамы:

- білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым таныстыру;

өз әріптестерінің әртүрлі формадағы сабақ ұйымдастыру тәжірибесін оқып үйрену;

- жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен т.б. танысу.

Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін мұғалім әртүрлі курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін үнемі арттырумен шұғылданады. 

Ожеговтың анықтамасы бойынша өз білімін арттыру дегеніміз «Басқаның көмегінсіз, өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби-әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін көтеруге бағытталған».

Өз білімін арттыру мұғалімнің тұрақты іс-әрекеті болғандықтан, оған кіретіндер:

  • Авторлық бағдарлама жасау;

  • белгілі мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жұмысы;

  • кітапханаға бару, ғылыми – әдістемелік және оқу кітаптарын оқу;

  • педкеңеске, мұғалімдердің пәндік секцияларына қатысу;

  • өз әріптестерінің сабағына қатысу, сабақты ұйымдастыру;

  • сабақты өткізу әдістемесі т.б. сұрақтар жөнінде пікір алмасу;

  • әртүрлі формадағы сабақтарды, сыныптан тыс іс- шараларды және оқу материалдарын теориялық талдаудан, практикалық өндеуден өткізу.

Оқу сауаттылығы – функционалдық сауаттылықтың бір түрі. Оқу сауаттылығы жоғары оқу орнына түсу емтиханын тапсыратын талапкердің қарапайым оқу мәдениеті мен дағдыларын қаншалықты деңгейде екенін анықтайды. Заманауи қоғамдағы өмірге деген дайындықтың маңызды параметрі ретінде қарастырылатын оқу сауаттылығының негізі – мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады.

Менің ұсынылып отырған авторлық бағдарламам жалпы орта білім беру мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған.

Оны жазудағы мақсатым оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, талдау, дәлелдеу қабілеттерін дамыту, зейін қоя оқу дағдыландыру мақсатын көздейді.

Міндеті:

Оқушының жас ерекшелігіне сай мәтін сұрыпталып ұсынылады;

Тапсырмалар арқылы оқушылар алған мәліметі бойынша өзіндік көзқарасын білдіреді, мәтін табиғатын егжей-тегжейлі таниды;

Мәтін мазмұны мен көтерілген мәселелерді анықтайды, өз көзқарастарын білдіреді;

Сұрақтарға жауап береді, мәтін құрылымында берілген негізгі ойларды анықтап, авторлық позицияның берілу жолдары мен тілдік ерекшеліктерін анықтайды.

Бұл авторлық бағдарламаның өзектілігі оқушылардың қазіргі кезде кітапты түсініп оқу дағдылары төмендей бастады. Осыған орай мәтіннен әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу, негізгі идеяны түсіну, сұрақтарға жауап немесе мәтін бойынша сұрақтар құрастыру арқылы оқушылардың танымдық, зерделілік қабілеттерін арттыру өзекті мәселеге айналуда. Ал жаңашылдығына келетін болсақ, оқушының лингвистикалық капиталын дамыту үшін жаңа парадигмалық білім беру жүйесінің белсенді әдіс-тәсілдері қолданылады.

Бағдарламаның маңыздылығында не жатыр? Әрине тапсырмалар оқушылардың сабақта сауатты оқу, ой қорытындысын жасау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жинаққа енгізілген мәтіндер мен тапсырмаларды оқушылар білім деңгейіне, мүмкіндігіне қарай пайдалана алады. Қазақ тілі пәні бойынша ұсынылып отырған бұл мәтіндер жинағы жалпы орта, негізгі білім беретін мектептің 11 –сыныбында қазақ тілінен ҰБТ-ға дайындықта көмекші құрал қызметінде пайдалануға болады.

Бағдарлама төрт дағды бойынша жазылған. Осы дағдыларды қалыптастыруда мына әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Олар сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау, жағдаятттық оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдерін қолдану, негізге алу.

Сабақты өткізуде мұғалім нені ескеруі қажет? Әрине сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болу керек, тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) дамыту, белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс, өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді, оқу сауаттылығын арттырудың алғышарттарын үнемі назарда ұстау қажет.

Авторлық бағдарлама арқасында ой-өрісі ұлттық құндылықтарға негізделген ұлтжанды ұрпақтың болмысы қалыптасады. Мәдениетіміз бен әдебиетімізді қастерлей білетін терең түсінігі болады. Туған тілін құрметтейтін, ұлттымыздың құнды қасиеттерін қадірлей білетін, тілдің қадір-қасиетін дәріптей білетін, төл тарихымыз бен мәдениетіміздің өрісін дамытып, қастерлей білетін құндылықтардың негізі пайда болады. Әдеби шығармалар мен төл тарихымызды өздігінен қызығып оқитын дағдылық қасиеттердің негізі болады. Мектепте алған білімін өмірде қолдана білетін, біліктілік дағдылары негізінде адами капиталы қалпытасқан ұлжанды ұрпақтың бойында жоғары деңгейдегі интеллектуалдық өріс қалыптасады.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!