Материалдар / Оқу семинарының баяндамасы. Тақырыбы: «Springer баспасының ресурстарын қолдану және олардың мүмкіндіктері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу семинарының баяндамасы. Тақырыбы: «Springer баспасының ресурстарын қолдану және олардың мүмкіндіктері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Springer ресурстарының рейтингісі жоғары журналдары мен ғылыми басылымдарының оқырманға берер пайдасы мен мүмкіндіктері зор. Мәселен, сайтты ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалануға, журналдан керекті мәліметтерді алуға, мақалаларды іздеуге және т.б. мәселелер бойынша ақпараттар алуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2021
275
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ









Оқу семинарына


БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Springer баспасының ресурстарын қолдану және олардың мүмкіндіктері»








Дайындаған: Г.Нурфайзова


























Ғылым саласын алдағы уақытта жан-жақты дамытып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында қазақ ғылымының әлем ғылымымен ықпалдаса түсуі маңызды. Президент Н.Ә.Назарбаев өз еңбектерінде «Ғылым әлемдегі жаңалық атаулының бәріне ашық та зерек болуға тиіс. Біздің еліміздің ғылыми – білім беру жүйелерінің бәсекелестікке қабілеттілігі туралы мәселе өткір тұр» деп жазған болатын. Осы орайда Thomson Reuters және Scopus секілді әлемдік деңгейдегі баспалармен белсенді өзара әрекеттестік колледждің басым бағытың бірі болып табылады.

Springer ресурстарының рейтингісі жоғары журналдары мен ғылыми басылымдарының оқырманға берер пайдасы мен мүмкіндіктері зор. Springer дерекқорының сайтына тіркелу (www.springer.com) арқылы мол мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады. Мәселен, сайтты ғылыми-зерттеу жұмысында пайдалануға, журналдан керекті мәліметтерді алуға, мақалаларды іздеуге және т.б. мәселелер бойынша ақпараттар алуға болады.

 

Springer – академиялық журналдар мен жаратылыстану-ғылыми бағыт бойынша кітаптардың басылымына бағытталған халықаралық баспа компаниясы. (теориялық ғылым, медицина, экономика, инженерлік іс, архитектура, құрылыс және транспорт).

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ («ҰҒТАО» АҚ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жан-жақты қолдауымен 2015 жылы ғылымның, техника мен медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша әлемдегі ең ірі және ең көне (1842 ж.) ғылыми баспалардың бірі Springer халықаралық компаниясының ғылыми журналдарының толық мәтіндік топтамасын пайдалануға рұқсат туралы келісімге қол қойды.

«ҒТҰО» АҚ және  Springer компаниясы алдыңғы қатарлы заманауи ақпараттық ресурстарды белсенді қолданушы-ұйымдар санын көбейту, сонымен қатар Scopus индекстелген және импакт-фактор (Thomson Reuters)  бар  Springer рейтингтік журналдарға қазақстандық ғалымдардың жарияланымдық белсенділігін көтеру   мақсатында тренингтер өткізіп тұрады.

  Қазір, Қазақстанның барлық академиялық және ғылыми мекемелері ғылымның, техниканың және медицинаның түрлі бағыттары бойынша әлемнің ең ірі және ең көне (1842 ж.)  ғылыми баспаларының бірі – «Springer Nature»  халықаралық компаниясының ғылыми журналдарының толық мәтініне тегін қол жеткізе алады. Қазақстан ғылыми бірлестіктерінің шетелдік ғылыми журналдарға шығу қажеттілігін есепке алатын болсақ, бұл шара ҒЗИ қызметкерлері үшін өте тиімді болатыны сөзсіз.


Springer баспасы халықаралық ғылыми қауымдастық арасында керемет беделге және атаққа ие:

* Тек 2013 жылы 120 миллионан астам пайдаланушы 229 миллионнан астам рет SpringerLink-ке кіріп, 419 миллион құжат жүктеді.    

* Springer-дің барлық кітаптары, журналдары мен басылымдары рецензияланады және қатаң және объективті сараптамалық бағалаудан өтеді. 

* Springer-дің 2305 журналының 1601 журналы импакт-факторға ие, Thomson Reuters-пен индекстеледі, ал 2247 журнал Scopus-пен индекстеледі.

* Springer-дің ешбір журналы «жыртқыш» журналдар тізіміне енгізілген емес.

* Springer баспасының журналдары Қазақстанда әлдеқашан белгілі және танымал. *Статистикаға сәйкес  қазақстандық зерттеушілер жарияланатын бес журналдың төртеуін Springer басып шығарады.

2000 жылдан бастап 2013 жылға дейін Springer-дің 294 журналында (2000 астам журнал) қазақстандық авторлардың 1632 мақаласы жарияланды. 2001-2013 жылдар кезеңінде Springer-де қазақстандық авторлар 11 бағыт бойынша 133 кітапта 276 тарау жариялады.

2006-2015 жж аралығында Springer баспасына қазақстандық зерттеуші ғалымдар 369 журналда 1878 мақала жариялаған және 340 оқулық шығарған. 1-ші орында Аль-Фараби ат. қазақ ұлттық университеті, 2-ші орында Қ.Сәтпаев ат. қазақ ұлттық техникалық университет, 3-ші орында Л.Н.Гумилев ат. Евразия ұлттық университеті.

«Springer»-дің рейтингтік басылымдарында қазақстандық авторлардың 47 мақаласы басылған. Олардың 11-і биылғы жылы жарық көрген. Айта кетейік, қазақстандықтар арасында танымал халықаралық баспа журналдарына ең көп мақала ұсынған автор - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Рәтбай Мырзақұлов.



































































Сайтты қолданудың ережелері















































Әдебиеттер тізімі



  1. Council of Science Editors, CSE’s White paper on Promoting Integrity in Scientific Journal Publications, 2012

  2. Кириллова О.В. Редакционная подготовка научных журналов для включения в зарубежные индексы цитирования: Методические рекомендации [Электронный ресурс]. М., 2012. 68 с.

  3. Парахина А.В. «Пособие по переводу технических текстов с английского языка на русский». Москва, 1982

  4. Комиссаров В.Н., Коралова А.Л. Практикум по переводу с английского языка на русский. М. Высшая школа. 1990г

  5. Волкова З.Н. Научно-практический перевод. Английский и русский язык. М. УРАО. 2000г.

  6. www.springerpub.com

  7. Https://www.springer.com

  8. http://publicationethics.org/cases/submit























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!