Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күн - баланың ақыл-ойын дамытуды, ойлау қабілетін жетілдіруді, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыруды, қазіргі заманға лайықты жүйрік етіп тәрбиелеуді талап етеді. Ол үшін баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы болып табылатын ойын әрекетін қолданудың әсері мол.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
04 Маусым 2018
2032
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ Бүгінгі күн - баланың ақыл-ойын дамытуды, ойлау қабілетін жетілдіруді, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыруды, қазіргі заманға лайықты жүйрік етіп тәрбиелеуді талап етеді. Ол үшін баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы болып табылатын ойын әрекетін қолданудың әсері мол. Ойын - баланың дамып, жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс-әрекеттің бірі болғандықтан, олардың дағдылары, бейімділігі, ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасады. Анатомиялық, физиологиялық, педагогикалық, психологиялық жағынан дамып, жетілуде маңызы зор қызметтер атқарады.Ойын технологиясын қолданудағы мақсат:Білім, білік дағдылар жайында түсінік бере отырып, оларды қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау немесе тексеру сипатында.Міндеті:Баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған мазмұнымен айқындалады. Ойынның тәрбиелік мәнін А.С.Макаренко былай түсіндіреді: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды, өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, ал мектеп оқушылары сабақ үстінде, ойын үстінде көрсетеді. Ойынды тек балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы деп қарамай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараған дұрыс. Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрлерінде ұйымдастыра отырып, баланың ойлануына, тапсырмаларды өз бетінше зерттеп, орындауына, шешім жасауына, өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүниетанымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. Мазмұндық, рөлдік , логикалық, дамытушылық, танымдық, қимылды ойындар баланың тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игеруімен бірге ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету, зейін қою қабілеттерімен қоса, танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Сондықтан да ойын оқыту мен тәрбиелеуде жетекші рөл атқарады. «Ойын деген менің түсінігімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған » ,- деп М.Әуезов ойындарға көңіл бөле отырып, осындай пікірін білдірген. Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті әрекет. Оқушы үшін психологиялық жағымды. Ол кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті үлгерімі төмен, тәртібі қиын , өз ойын айтуға жасқанып жүрген оқушының өзі ойын барысында түрленіп, берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Олар өздерінің ойларын, пікірлерін, көзқарастарын таласты түрде дәлелдейді. Ойын түрлері сабақтың, сыныптан және сабақтан тыс шаралардың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі. Мектебімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген «Қарсы алу», «Мамандық таңдау», «Жаңа жыл» кештерінде, девиантты балалармен жүргізілетін, ұстаздар күніне арналаған шараларда, интеллектуалдық сайыстарда, сынып және тәрбие сағаттарында «Қызыл табан», «Жарнама», «Балық,құс,аң», «Бір әріпке бес жауап», «Әйнек» , «Әріптердің құпиясы», «Тапқыштар», «Мақал жарыс», «Мамандықтар таңдау» ойындарын жүргізу арқылы оқушылардың дене қимылдарын жетілдіре отырып, логикалық ойлауын, зейінін, байқампаздығын дамытуға, сондай-ақ, білімдерін кеңейте отырып, өз мақсаттарына жетуге болатындығын ұғындыруға, ұйымшылдыққа, әдептілікке үйретуге болады. Мысалы:«Жарнама» ойыныБерілген сөздерден жарнама құрастыру. Сөздер: лицей, бақыт, бантик ...(өткізілетін шараның мазмұнына қарай сөздерді өзгертіп отыру керек). Жұмыс уақыты 5 минут.«Бес әріпке бес жұмбақ» ойыныМысалы: «Б». Қыздың аты-Бота. Оқулықтың аты-Биология. Дала құсы-Бөдене. Ата-ананың перзенті-Бала. Ағаш жаратын құрал- Балта«Әйнек» ойыныҚатысушылардың біреуі параққа бір мәтінді жасырады (ол-мамандық түрі, іс-әрекет түрі, жануарлар бейнесі... болуы мүмкін), келесі топтың ойыншылары оны әйнек арқылы, яғни, ым-ишарамен, мимикамен көрермендерге жеткізеді. Олар ұққандарын айтады. Одан әрі ойын жалғаса береді.«Қызыл табан» ойыныОйынның шарты түсіндіріледі. Осы жердегі бір адамның табанына «қызыл табан» белгісі жасырылған. Ол белгі кез-келген адамда болуы мүмкін. Қай топ сол адамды бірінші тауып, әуелі әдепті сөздер көмегімен табанын көрсетуін сұрап, дәл тапса, солар ұтады.«Мақал жарыс» ойыныІ-нұсқаОқушыларды топқа бөлу. Алдын ала дайындалып қойылған сөздер топқа беріледі. Қай топ сол сөз кіріктірілген мақалдарды көп тапса солар ұтады. Мысалы: «Ас» деген сөзге-«Ас атасы-нан» деген мақал айту.ІІ-нұсқаҚағазға жазылған әр түрлі мақалдар тең етіп екі топқа таратылады. Жүргізуші бір тақырыпты айтады. Сол тақырыпқа қатысы бар мақалы бар бала ортаға шығып, дәлелдер келтіріп, түсіндіруі керек. Қай топтан көбірек, әрі дәлелді жауаптар болса, сол топ ұтады.«Мамандықтар таңдау» ойыныОртаға әр түрлі мамандықтардың аты жазылған қағаздар тасталынады. Әр бала бір-біреуден алады.Әркім өзіне тиесілі мамандық бойынша: шағын көрініс, тақпақ, қысқаша монолог, сипаттама жасап, мамандықты барынша дәріптейді, презентация жасайды. Ойын соңында «Ең жақсы презентация» марапатталады. (барлық қатысушыларды қамту мақсатында әр түрлі марапаттар ұйымдастыруға болады) Осындай ойындарды тиімді пайдалану оның әсерлігін, тартымдығын күшейтеді. Ойын түрін қолданар алдында мына жағдайларды ескеру қажет:1.Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық, маңызын алдын ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау.2.Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын ала әзірлеу.3.Оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.4.Ойын кезіндегі қозғалысын, техникалық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.5.Ойынның оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттыруға бағытталуы.6.Оқушылардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу. Педагогика, психология ғылымында ойын әрекетінің оқу-тәрбие үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Атақты педагогтар В.А Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой-өрісін дамытуда, дүниетанымын қалыптастыруда тәжірибелік маңызы зор екенін айтса, әйгілі психологтар Д.Б.Эльконин мен А.Н. Леонтьев ойынның мінез-құлықтың ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, іс-әрекеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылатынын атап көрсетті. Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Психология ғылымы оқушылардың психикалық қабілеттерін, ой-санасының даму заңдылықтарын, іс-әрекеттерінің объективті заңдарын және қабылдау, түйсіну, ойлау, пайымдау, қиялдау, психикалық құбылыстарының даму жолдарын зерттейді. Ойынды оқу және еңбек секілді адам іс-әрекетінің бір түрі ретінде таниды. Ойынның маңызды ерекшелігі - оқытушының атқаратын қызметі. Ол ойынды жүргізушінің рөлін атқара отырып, өзі де ұжымдық қызметке араласады, оқушылардың жолдасы болып табылады. Бұл оқушыларды өзін еркін ұстауға және оларды шығармашылыққа жетелейді. «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деп В.А.Сухомлинский айтқандай, оны үйренудің, оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор.
Әдебиеттер:1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы. 1996. 2. Даулетбаева Г. Жазғы балалар демалысын қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастыру. 3. Қызықты психология. Республикалық ғылыми-практикалық, танымдық-психологиялық журнал. №10.2012ж , №12.2012ж4. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. ІVт. 5.Ушинский К.Д . Избранные педагогическом развитие ребенка. Москва. 1969.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)