Материалдар / Оқу техникасына арналған мәтіндер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқу техникасына арналған мәтіндер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға , оқушылардың жылдам әрі түсініп оқуға көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2021
2705
12 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып
оқушыларының
оқу дағдысын
тексеруге арналған
мәтіндер

Алғы сөз
Кіші жастағы оқушылар үшін ана тілі сабақтары өмірді, ондағы адамдық қарымқатынастарды түсінуге ашылған терезе іспеттес. Мұнда қайырымдылық, адалдық, бір-бірін
түсіне білу, парыз және басқа да көптеген түсініктердің алғашқы бастамаларының негізі
қаланады. Әрине, осындай маңызды ұғымдар бала санасында дайын күйінде қалыптаса
салмайды. Міне, сондықтан ана тілі пәні мұғалімдері сабақ құрылымын құруда көркем
сөздер арқылы тек баланың санасына әсер етуді көздемей, бірінші кезекте баланың сезіміне
әсер етуге, оларды жақсылыққа қарай итермелеуге жағдай жасап, шығарма арқылы шынайы
өмірге көпір салуға ұмтылуы тиіс.
Ана тілі – баладан тек терең меңгеруді ғана қажет етіп қоймай, басқа да мектеп
бағдарламаларын игерудің негізі болып табылатын пән.
Оқушылар бастауыш мектепті бітірерде шапшаңдыққа оқу мен түсініп оқуды
қамтитын талдап оқуға қалыптасады. Оқу дағдысының қалыптасу кезеңі ұзақ уақытты
қажет етеді.
Сөздерді толық сөздермен минутына 40 сөзден дауыстап оқу шапшаңдығы мәтін
мазмұнын түсінуге қол жеткізбейді. Мәтін мазмұнына бала минутына 60 сөзден оқығанда
және сөздерді толық оқуға қол жеткізгенде түсіне бастайды. Ал даыстап толық сөздермен
минутына 90 сөзден оқыған бала оқыған мәтінінің мазмұнын толық және терең түсінуге қол
жеткізеді. Міне, сондықтан мұғалімдер оқу техникасын, яғни белгілі бір уақыт кесігіндегі
баланың оқу техникасы бойынша білім, білік, дағыдысын бақылауға алып отыруы тиіс.
Оқу дағдысының қалыптасуын тексеруді жылына үш рет жүргізген тиімді:
- оқу жылының басында ( 10-15 қыркүйек)
- бірінші жарты жылдықтың аяғында (20-25 желтоқсан)
- екінші жарты жылдықтың соңында ( 10-15 мамырда)
Осы үш кезең оқушының оқу дағдысындағы өзгерістердің деңгейін көруге мүмкіндік
береді. Оқу жылы барысында әр оқушының оқу дағдысының қалыптасуы мен дамуын
бақылап отыру мұғалімнен көп тер төгуді қажет етеді. Бұл жұмыста мұғалімнің
басшылыққа алатыны - бағдарлама мен әр жарты жылдыққа арналған бағдарламалық
талаптар.
Қазіргі бастауыш мектептердегі деңгейлеп-саралап оқыту әрбір оқушының жұмыс
қарқынын, қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік
береді. Кез-келген деңгейлеп-саралап оқытудың түпкі мақсаты – оқудың сапасын арттыру.
Бірсыдырғы оқу түрлері оқушының оқуға деген қызығушылығының жоғалуына әкеліп
соқтырады, сондықтан дауыстап оқу мен іштей оқу, бәсең дауыспен немесе дауыстап оқу,
қарқынын жылдамдатып немесе баяулатып оқыту т.б. жұмыс түрлерін алмастырып отыру
қажет. Сыныптан-сыныпқа көшкен сайын өзіндік оқудың көлемін ұлғайтып отыру керек,
мұнсыз баланың толыққанды дамуы туралы сөз болуы да мүмкін емес.
Осы әдістемелік құрал мұғалімге:
- оқу тәсілі,
- түсініп оқу,
- дұрыс оқу,
- оқу қарқыны,
- мәнерлеп оқу дағдыларының қалыптасуын тиімді тексеріп отыруға мүмкіндік
береді.
1-сыныпта 10-15 қыркүйек аралығында оқушылардың оқу дағдыларын тексеру
мақсатында алдымен жеке сөздер мен «А-та. Ма-та са-ры» деген сияқты ашық буынды
сөздерден тұратын мәтіндер беріледі, содан кейін бітеу буынды сөздері бар мәтіндер,
соңында үш және одан да көп буыны бар сөздерден тұратын мәтіндер беріледі. Мұндай
мәтіндер мұғалімге оқу жылының басында әрбір оқушының оқу дағдысының қалыптасу
деңгейін байқауға, мектепке дейін оқуды үйреніп келген оқушыларды анықтауға мүмкіндік
береді. Алдын ала тексеру мұғалімге Әліппемен жұмыс барысын жоспарлауға,
оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру үшін қосымша әдебиеттер мен көркем
шығармаларды таңдауға мүмкіндік береді. Бірінші жарты жылдықтың соңында және жыл
-1-

соңында оқу дағдыларын тексеру тексеру үшін мұғалім оқушы деңгейіне сай мәтінді таңдап
алады. Бұл проза немесе өлең, көлемі жағынан шағын немесе көлемді мәтін, ауырлығы
жағынан әр түрлі құрылымдағы сөздер болуы мүмкін.
2-4 сыныптар үшін де әр түрлі нұсқадағы мәтіндер ұсынылған. Мұғалім таңдауына
сай тексеру бір немесе бірнеше мәтін көлемінде жүргізілуі мүмкін.
Кітапта 5-сыныптардың оқу дағдыларын тексеруге арналған мәтіндер де берілген.
Ондағы мақсат - 5-сынып мұғалімдерін бастауыш мектепті бітірген оқушылардың оқу
дағдысының деңгейімен таныстыру, оқытудың сабақтастығы. Олардың оқу шапшаңдығы
оқу жылының соңында, 4-сыныптың аяғында қандай болса, сол деңгейде, яғни минутына
80-90 сөз болуы тиіс.
Оқу бағдарламасындағы көптеген мәтіндердің өлең түрінде келетінін ескере
отырып, шапшаңдыққа оқу дағдысын тексеру барысында өлең түріндегі мәтіндерді де
қолданып отырған жөн. Өлең түріндегі мәтіндерді оқыту кезінде өлең оқу ырғағына, дауыс
реңкіне, кідіріс қоя білуіне, эмоционалдық бояуына, бейнелі оқи білуіне мән беріледі.
Мұндай мәтіндер мұғалімнің қалауы бойынша алынады.
Оқу техникасын тексеру кезінде мұғалім баланың оқу дағдысын, түсініп және дұрыс
оқуын, оқу шапшаңдығын, мәнерлеп оқуын біртұтас алуы қажет.
Оқушының түсініп оқуын тексеру кезінде бәрінен бұрын мәтіннің толық мазмұнын,
жекелеген сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің мағынасын түсінуіне көңіл бөлу
қажет. Бұл жағдайда мұғалім мәтін соңынан «Мәтін не туралы?», «Басты кейіпкерлерді
ата», «Мәтін бойынша ерекше қалған оқиғаны баянда» деген сияқты қысқа көлемді
сұрақтармен тексеруіне болады, алайда көп сұрақпен баланы шаршатуға да болмайды.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысының қалыптасуының
басты көрсеткіші - әр оқу кезеңіне (жарты жылдық, жылдық) байланысты оқу
бағдарламасында бекітілген оқу тәсілі. Ең тиімді оқу түрі - сөздерді толық оқу, бұл әсіресе
3-4 сынып оқушылары үшін аса маңызды.
Сабақ барысында оқушылардың мәтінді бірнеше қайтара оқуы оқу дағдыларының
жетілуіне мүмкіндік береді. Бұл іріктеп оқыту, рөлдерге бөліп оқу, хормен оқу, тізбектей
оқу, іштей оқу, «көзбен оқу» сияқты әр түрлі оқу түрлері арқылы жүзеге асырылады.
«Көзбен оқуды» мәтінмен ауызша жұмыс түрлері алдында (мазұндау, жоспар құру,
тақырып қою т.б.) қолданған тиімді.
Оқу шапшаңдығы да оқу тәсіліне байланысты. Буындап оқитын оқушылардың
шапшаңдығы бір басқа болса, ал тұтас сөздерді оқитын оқушылардың шапшаңдығы бір
басқа. Оқу дағдысын тексеру кезінде баланы «тезірек оқы» деп асықтыруға болмайды.
Мұндай асықтырудан кейін ол 1-2 сөзді немесе сөйлемді ғана тез оқуы мүмкін, алайда
қайтадан сол кезеңдегі өзінің қалыптасқан шапшаңдығына түседі.
Егер оқу дағдысы оқу жылының басында (10-15 қыркүйекте) тексерілетін болса, оқу
шапшаңдығының көрсеткіші өткен сыныптың соңындағы деңгейде болуы тиіс.
Оқу дағдысын тексеру кестесі
Сыныбы
1
2
3
4

І жарты жылдық
15-20 сөз және белгі
35-45 сөз және белгі
55-65 сөз және белгі
75-85 сөз және белгі

ІІ жарты жылдық
20-25 сөз және белгі
45-55 сөз және белгі
65-75 сөз және белгі
85-95 сөз және белгі

Оқу дағдысын тексеру кезінде оқушыны жайдары жүзбен қабылдап, қолайлы жағдай
жасау оқушының мәтінді қалыпты жағдайда аспай-саспай түсініп оқуына, оқу сапасының
артуына мүмкіндік береді. Оқушы тарапынан жіберілген қателіктер оқу материалының
мазмұнын дөрекі бұрмалауға апармаған жағдайда мәтін оқылып біткеннен кейін түзетіледі.

-2-

Мәнерлеп оқуын бағалау кезінде сөздің анықтылығына, нақытылығына, кідірістің
сақталуына, логикалық екпіннің қойылуына, тиісті дауыс ырғағына келтіріп оқи білуіне,
диалогтардың дұрыс оқылуына мән беру керек. Мәнерлеп оқу – оқудың ең жоғарғы түрі.
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру үшін мұғалім сабақ үстінде
төмендегідей жұмыс түрлерін жүргізіп отыруы тиіс:
- мәтіндегі (үзіндідегі) қай қатарларды дауыстап, қуанышты, ал қай қатарларды
қалыпты жағдайда, жай, мұңды оқыр едің? Неге?
- нағыз батырдың өзін қарсы алып тұрғандай болып оқуғы тырыс
- тыңдармандарымыз біздің кейіпкерлеріміздің әрқайсысының ерекшеліктерін
аңғаратындай дәрежеде оқуға, асықпай оқуға тырыс;
- бірнеше сөздерді топтап оқуға, әңгімедегі (аңыздағы, өлеңдегі) негізгі ойды
беретін сөйлемдерді дауыс ырғағымен бөліп оқуды үйрен және т.б.
Бастауыш мектепте іштей оқу дағдыларын қалыптастыру да көзделеді. Дауыстап оқу
арқылы материалды оқушы ғана емес, тыңдаушы да қабылдайды. Іштей үндемей оқуға тек
оқып жатқан бала қатысады, алайда түсіну, есте сақтау және оқығанын меңгеру іс-әрекеті
жақсара түседі. Іштей оқу – бұл дауыс шығармай көзбен оқу. Сыбырлап және еріндерін
жыбырлатып оқу дауыстап оқудан іштей оқуға көшу кезеңінің көрінісі болып табылады
және іштей оқуға жатпайды.
Егер іштей оқу шапшаңдығы дауыстап оқу шапшаңдығынан аспаса, онда іштей оқу
өз дәрежесінде қалыптаспаған деген сөз. Іштей оқу дауыстап оқуға қарағанда 20-40 сөзге
дейін артық жүретіні белгілі, сондықтан оқудың бұл түрін қадағалап отырудың да маңызы
зор. Мұндай тексеруді 2-сыныптан бастап жүргізген жөн.
Іштей оқуға көлемді, мазмұны жағынан қызықты, тілі анық, балаларға онша таныс
емес шығармаларды оқытқан абзал. Іштей оқуды тексеру әдісі дауыстап оқуды тексеру
әдісімен бірдей. Іштей оқу аяқталғаннан кейін оқушының мәтіннің негізгі мазмұнын
қаншалықты меңгергені тексеріледі.
Мұғалімге көмек ретінде оқу дағдысын тексеруге арналған кесте ұсынылып отыр.
Бұл кестені барлық 4 жыл көлемінде пайдаланған тиімді. Оқу дағдысын жетілдіруге
бағытталған жұмыс барысында жүйелі тексеріп қана қоймай, тексеру нәтижесін арнайы
дәптерге тіркеп, жіберілген кемшіліктерді жоюға бағытталған жеке жұмыс түрлерін
жүргізіп отыру қажет. Мұғалім тек әр жеке оқушының оқу деңгейін біліп қана қоймай,
жалпы сыныптың оқу деңгейін де білуі қажет. Сондықтан әр тексеруден кейін сынып
бойынша кесте жасалады.
Оқу дағдысы

Оқушылар
(саны)

Тәсілдері:
...
• буындап оқиды
• буындап және толық сөздерді оқиды . . .
...
• толық сөздерді оқиды
Дұрыстығы:
• қатесіз оқиды
• қате жібергендер

...
...

-3-

Шапшаңдығы:
• талаптан төмен
• талапқа сай
• талаптан жоғары

...
...
...

Мәнерлеп оқуы:
• Мәнерлеп оқыды

...

Оқу дағдыларын жетілдіруге арналған . . .
ұсыныстар:
Әр оқушының оқу дағдысы жеке тексеріледі. Бұл кезде секундомер пайдаланбаған
жөн, минуттық тілі бар сағат пайдалану керек. Мұғалім оқыту барысында уақытты оқушыға
білдірмей және сағатты оқушы оқуды бастағаннан кейін белгілегені жөн, өйткені көптеген
оқушылар оқуға дайындыққа көп уақыт жібереді, бірінші қатарын іздейді, зейінін
тұрақтандырады, т.б. Төменгі нәтиже көрсетіп жүрген оқушылар бойында сенімділік
ұялатып, көңілдерін көтеріп, көмек көрсету қажет, оқуына жайдары жүзбен сипаттама
беріп, жақсы жақтарына баса көңіл аудару қажет, содан кейін кеткен кемшіліктері
ескертіледі. Әсіресе психо-физиологиялық кемшіліктері бар кекеш, көзінің көруі нашар,
шамадан тыс баяу балалар ерекше бақылауда болуы тиіс. Қорытынды шығару кезінде бұл
ескеріледі. Мұндай оқушылардың оқуын бақылауды сабақ барысында жүргізуге де болады.
Оқу дағдысын тексеру оқушыларға таныс емес мәтіндермен жүргізіледі.

СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ
ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1-сынып оқушылары:


Әліпби әріптерін (таңбасы, жазба, бас, кіші);



дыбыс пен әріптің дұрыс атауын;



дыбыс пен әріптің негізгі өзгешеліктерін («дыбысты естимін және айтамын»);



дауысты және дауыссыз дыбыстарды («дауысты дыбыстар әндетіліп, созылып

айтылады, ауа кедергісіз шығады»);


дұрыс жазу ережесін: 1) Кісі аттары мен үй жануарлары және жер-су аттарының,

сөйлемнің бірінші сөзінің бас әріппен жазылуы; 2) сөйлемдегі әрбір сөздің бөлек жазылуы;
3) сөйлем соңына тиісті тыныс белгінің (нүкте, сұрақ, леп) қойылуы;


сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы;



сөз мағынасы туралы (сөздің заттың, құбылыстың, қимылдың, сапаның атауы екендігі;

мағынасы мәндес, қарама-қарсы, дыбысталуы бірдей, бірақ беретін мағыналары әр басқа
сөздердің болатындығы) біледі.


сөз, сөйлемнің шегін таба алады; сөзді буынға бөледі;



саналы, дұрыс, бірқалыпты буындап және тұтастай минутына 20-35 сөз оқиды

(белгілерімен қосқанда);
-4-



мәнерлеп, дұрыс, түсініп оқуға дағдыланған;



монолог, диалог арқылы берілген синтаксистік құрылымдағы хабарлы, сұраулы және

лепті сөйлемдердің оқылу ерекшеліктерін ажырата біледі;


кіші, бас әріп элементтерін жазу, оларды каллиграфия нормасына сақтай отырып, бір-

бірімен байланыстырады;


жазуда орфографиялық және пунктуациялық ережелерді қолданады;



баспа әріптермен берілген мәтінді көшіріп жазады (10 белгіден кем емес);



сөздерді есту арқылы жазады (мұғалім сөздерді орфоэпиясы бойынша оқиды) (жыл

соңында 10-15 сөз);


сөйлеуден сөзді бөліп алады; оны сызбамен көрсетеді;



бөліп алынған сөзге сұрақ қоя алады (кім? не? қандай? не істеді? қайтті? нешеу?);



сөйлеуден сөйлемді ажыратады және бөліп алады, мәтіннен оның орнын (шегін) таба

алады; сөйлемнің сызбасын сыза алады;


сөзді буынға бөледі және оны графикалық түрде белгілейді;



сөздің дыбыстық және дыбыстық-әріптік сызбасын көрсете алады;



сөздегі дауысты, дауыссыздарды ажыратады;



затты не құбылысты, сапаны немесе қимылды білдіретін сөздерді таба алады;



тыңдағанын түсінеді, сұрақтарға толық жауап береді, диалогқа түседі, әңгімеге

қатысады;


әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, естіген немесе оқыған мәтінін өз сөзімен

айтып береді; оқыған немесе әңгімесіне өзінің бағасын бере алады;


тірек сөздер, сюжетті картиналар арқылы 4-5 сөйлемнен тұратын әңгіме құра алады;



мәтіннің берілген басы мен соңы арқылы мәтін, диалог құрастырады;



затты, құбылысты, аңдарды сипаттайды, өз тәжірибесінде 4-6 сөйлемнен тұратын әңгіме

құрайды;


берілген тақырыпқа диалог құрастырады, сөйлеу әдебі сөздерін (амандасу, алғыс айту,

кешірім сұрау) пайдаланады;


картина арқылы елестеуі (қиялдауы) бойынша шығарма жаза алады (4-6 сөйлем).
2-сыныпты бітірген оқушы:



ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін ажырата алуды;



мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын;



мәтіннің атауын, мәтіннен кейінгі сұрақ – тапсырмаларды таба алуды;



көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелей алуды;



мәтіннің түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) ажыратуды;
-5-



өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі.



Мәтіннің негізгі ойын;



мәтіндегі оқиға желісін;



мәтіндегі ақын-жазушының көңіл-күйін түсінеді.



Мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);



оқыған немесе көрген оқиғасы жөнінде ауызша әңгімелей алуды;



мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді меңгереді.
3-сыныпты бітірген оқушы:



ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрларын (аңыз, ертегі, мақал – мәтел, жаңылтпаш, айтыс,

шешендік сөздер, батырлар жыры, айтыс өлеңдер т.б.) ажырата алуды;


шығарма авторларын, олардың көзқарасын;



авторы арқылы шығармаларын атауды;



көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтінді толық және қысқаша әңгімелей алуды;



көркем шығарма жанрларын (әңгіме, өлең, қара сөз т.б.) ажырата алуды;



өлең жолдары мен шумағын;



шығарманың тақырыбы мен басты кейіпкерлерін атауды біледі.



Мысалдағы аллегорияны;



көркем шығарманы өмірмен байланыстыра білуді;



мәтінді тапсырмаға сәйкес теріп оқуды;



мәтіндегі белгілі мен белгісізді түсінеді.



Мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);



ата – аналарына құттықтау, достарына хат жазуды;



жыл аяғына дейін 4-5 тақпақ, 4 - 5 өлең, 3 - 4 үзінді, 4 - 5 жұмбақ, 5 - 6 мақал-мәтелді

жатқа білуді;


мәтінге жоспар құруды;



мәтін бойынша сұрақтар қоя алуды меңгереді.
4-сыныпты бітірген оқушы:



халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, наным-сенім өлеңдері, тұрмыс-

салт жырлары, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры айтыс, шешендік
сөздер) негізгі сипаттарын;


жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми - танымдық

шығарма, очерк, мақала, жарнамалық мәтін) ажырата алуды;
-6-



көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша

таңдап әңгімелей алуды;


өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;



мәтіннен теңеу, кейіптеу, эпитетті таба алуды;



мәтінге жоспар құруды;



шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.



Шығарманың тақырыбы мен идеясын;



шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;



ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба

алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;


мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.



Портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме

бере алуды;


көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының

нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;


мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;



мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын) меңгереді.

-7-

Дауыстап
оқу дағдыларын
тексеру

-8-

1-сынып І жарты жылдық
Оқу дағдыларын тексеру
А-та, ол қо-ра.
Ас-қар, ат қа-ра.
Ат-қа қо-ра сал.
А-сан, сан са-на.
(12 сөз)

Те-ре-зе аш.
Мен мақ-та те-рем.
Ол е-мен е-мес, тал.
Қа-мар, шаш та-за-ла.
(12 сөз)

А-та, а-на ма-та са-ры. Мы-на ма-та қа-ра. Ақ ма-та-ны, қа-ра
ма-та-ны ал. Са-ры ма-та-ны ал-ма.
(15 сөз)
-9-

БАСЫ НЕГЕ ҮЛКЕН?
Ма-ма-сы Тал-ғат-тан:
- А-рыс-тан-ның ба-сы не-лік-тен үл-кен? – деп сұ-ра-ды.
- Тор-дан шы-ғып кет-пе-уі ү-шін, - де-ді Тал-ғат мү-дір-мес-тен.
( 15 сөз)

ШОРТАН
Ер-кін мен Се-рік көл-ден кел-ді. Көл-де ба-лық мол. О-лар балық ау-ла-ды. Се-рік қар-мақ сал-ды. Қар-мақ-қа шор-тан і-лін-ді.
Шор-тан ту-ла-ды,
(19 сөз)

Қа-ра лақ.
А-ла ат.
Қос қа-нат.
Қа-ра тал.
Са-қа ат.

А-ла а-ла-ша.
А-ла-са қо-ра.
Қа-ра нар.
Қол ша-на.
Қа-ра шаш.
(20 сөз)

ҚЫС
Қыс бас-тал-ды. Ө-зен қат-ты. О-раз ақ-қа-ла соқ-ты. Зә-кен мен
Аб-зал О-раз-ға кө-мек бер-ді. Ақ-қа-ла тез біт-ті. Ба-ла-лар сыр-ғанақ те-бе-тін бол-ды.
(20 сөз)

- 10 -

Е-СЕН МЕН Е- СЕТ
Е-сен он-да. Е-сет он е-кі-де. Ол е-ке-уі де ке-ме іс-те-ді. Ке-меле-рін су-ға сал-ды. Ке-ме-ле-рі су-да қал-қы-ды. О-ған е-ке-уі де қуан-ды.
( 20 сөз)

ЖИДЕК
Балалар мектеп бағынан жидек жинады. Биыл жидек мол
шығыпты. Шие мен қарақат тұнып тұр. Балалар жидекті көп
жинады.
(18 сөз)
ЖҰМБАҚТАР
Тұмсығына бұйда тауып байласаң,
Қақпайлап жай айдасаң.
Сүңгіп батып, сүңгіп батып бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты.
(15 сөз)
* * *
Жұғысқанын жұқартады,
Өзі бірге жұқарады.
Оған тисе тура келіп,
Өткірлер де мұқалады.
(12 сөз)
* * *
Қисық ұрып түзетем,
Шегені ұрып біз етем.
(7 сөз)
* * *
Жо-на-мын, қа-шай-мын,
А-ғаш-тан, те-мір-ден
- 11 -

Ке-рек зат жа-сай-мын.
(7 сөз)
* * *
Жалпақ желке, сопақ бетті
Орманымды отап кетті.
(7 сөз)
* * *
Табанында аузы,
Желкесіде аузы.
Жоқ ешкімге жазығы,
Жып-жылмағай әр ізі.
(11 сөз)
Жалғыз жеңі түрулі,
Жұдырығы түюлі.
Ұрып қана түзейді
Қисайғанда,қыңырды.
(10 сөз)
* * *
Жұмыссыз жоқ бір күнім,
Бұраң бел сүйрік...
(7 сөз)
* * *
Екі езуі құлағына жетеді,
Тамақ жесе ыңың-ызың етеді.
(8 сөз)
* * *
Жаңа туған айды алып,
Саптадық та қайрадық.
Енді егінді орамыз,
Пісіп тұрған сарғайып.
(13 сөз)
* * *
Күні бойы тіл қатпай,
Қол шалғыны өкшелеп,
Шапқан шөпті құрғатпай,
Жинайды бұл дестелеп.
(13 сөз)
* * *

- 12 -

Өзі жеке қалғанда,
Ас татуға ерінер.
Адам қолға алғанда,
Көк темірді кемірер.
(12 сөз)
* * *
Бетін жөнге қайырып,
Отырмаса оң қолың.
Дөңбекті қақ айырып,
Тастайтұғын тоңмойын.
(11 сөз)
Мүйізіне бір құшақ
Пішенді іліп алады.
Шаруа баққан ұл құсап
Ақырға шөп салады.
(13 сөз)
* * *
Сирағында сол қолым,
Белдігінде оң қолым.
Шабындыққа салдым да,
Құлаштай кеп сермедім.
(12 сөз)
* * *
Ұстап алып сабынан,
Басып қалып иығынан,
Кетпей адам жанынан,
Жер қазғызып жүр бұған.
(13 сөз)
* * *
Жарқылдап маңдайы,
Жер қазған болдырмай.
Бір қауып алғаны
Ошақтың орнындай.
(10 сөз)
БАЛҒА
Мен құрыш балғамын,
Бабаңнан қалғамын.
- 13 -

Түзілмес қисықты,
Түзетіп алғамын!
Жұмыстан талмадым,
Еш ақы алмадым.
Еңбексіз еметін,
Масыл боп қалмадым.
Жұмыскер балғамын,
Ұстай біл , алғаның!
1-сынып

Р.Тышқанбаев
ІІ жарты жылдық

(24 сөз)

ИНЕ
Кіп-кішкентай инемін,
Қамқорымен түйменің.
Түйме түссе, қадаймын,
Жыртық көрсем, жамаймын.
Кез кеп қалса ісмерге,
Ісім көп-ақ істерге.
Ұстай білсең-шебермін,
Жетіп жатыр өнерім.
Р.Тышқанбаев
(25 сөз)
ҚОЛ АРА
Оңай деме араны,
Шебер тілін алады.
Жұмсамаса жұмысқа,
Тот басып қалады.
Ұстай білсең араны,
Айтқан тілді алады.
Ағаш шеберлігіне
Үйретеді баланы.
Р.Тышқанбаев
(21 сөз)

КӨМЕК
- 14 -

Үзіліс болды. Кітапханашы кітапханасына жаңа кітаптар
әкелді.
- Балалар, кітап тасуға көмектесіңдер, - деді кітапханашы. Біз кітап
тасуға көмектестік. Кітапхана үлкен, кең, жарық. Кітапханада кітап
көп. Қоңырау соғылды. Біз сыныпқа кірдік.
- Рахмет, балалар, - деді Гүлнәр Омарқызы.
(34 сөз)

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ
Орман аңдары да қысқа дайындалады. Ақ тиін ағаш қуысына
саңырауқұлақ тасиды. Түрлі жемістерді жинап, кептіреді де, қыста
жейтін азығын дайындайды. Кірпі сұр тышқан да солай.
(25 сөз)

СУЫР
Суыр – сүйкімді аң. Оның басы жалпақтау, тұмсығы доғал
болады. Суырдың түсі сарғыш немесе сарғыштау сұр болып келеді.
Суыр әр алуан балауса шөптермен қоректенеді. Оларды терісі
мен майы үшін аулайды. Суырдың майы ем ретінде қолданылады.
«Ол кім? Бұл не?» кітабынан
(34 сөз)

БАЛТА
Мақтасаң, мақтайық балтаны,
Жұмысқа жоқ оның жалтаңы.
Көмекке шақырып араны,
Не бір дәу дөңбекті жарады.
Ешкіммен керісіп жатпайды,
Істеген жұмысын сатпайды.
- 15 -

Сенек боп әрқашан тұрады,
Жұмысқа дап-дайын тұрады.
Нанбасаң, балтаны алайық,
Жарысып, ағашты жарайық
Р.Тышқанбаев
(36 сөз)

ТАСБАҚА МЕН БҮРКІТ
Тасбақа бүркітке өзінің ұшқысы келетінін айтты. Бүркіт оған
ұша алмайтындығын түсіндіріп, ол жайлы ойламауға кеңес берсе де,
тасбақа одан әрі жалынып, аспанға алып ұшуын өтінеді. Бүркіт оны
тырнағына іліп, жоғары ұшып барып, босатып жібереді. Тасбақа
тастардың үстіне түсіп, быт-шыт болады.
Л. Толстой
( 41 сөз)

ИНЕЛІК ПЕН ҚҰМЫРСҚАЛАР
Күзде құмырсқалардың жинаған бидайлары су болып қалады.
Олар оны кептіреді. Аш инелік құмырсқалардан тамақ сұрайды
Құмырсқалар одан: «Жазда неге азық жинамадың?»-деп сұрайды.
Сонда инелік былай депті: «Қол тимеді, ән шыцрқаумен болдым».
Құмырсқалар таң қалып: « Жазда ән шырқасаң, қыста би биле»,-деп
жауап береді.
(44 сөз)

ШАЛ МЕН БАЛАЛАР
Бір жарлы шал есегіне мініп жол жүріп келе жатса, есегінің
бақырған даусын естіп, бір топ бала алдынан жүгіріп шығады. Олар
шалды ажуа, мазақ еткілері келіп:
- 16 -

- Ата, сіз неге есегіңізді өлең айтуға үйреттіңіз, - дейді. Сонда
шал балаларға:
- Есегім өлең айтпайды. Сендердей жақсы жолдасын көрген соң,
қуанғанынан бақырады, - депті.
(47 сөз)

2-сынып

І жарты жылдық

ТАЗЫ МЕН ЕЛІК
Күндердің күнінде бір тазы жайылып жүрген елікті көріп, қуа
жөнеледі. Тазыдан қашып келе жатқан елік:
- Тазым, әуре болма. Сен маған ешқашан жете алмайсың! – дейді.
- Неге? – деп тазы ентіге еліктен сұрайды.
Елік:
- Себебі мен өз өмірімді сақтау үшін қашып келемін. Ал сен өзіңнің
иеңе жағыну үшін қуып келесің! – деген екен.
(49 сөз)

БӘРІНЕН ДЕ ЖАҚСЫ
Бір кішкене қыз көшеде, адамдардың арасында, шешесінен
адасып қалыпты. Ол шешесін іздеп, бақырып жылапты. Оны көрген
адамдар жұбатып:
- Сен жылама. Біз сені қазір шешеңе алып барамыз. Сенің шешең
қандай еді?- деп сұрапты. Сонда қыз жылап тұрып:
- Сіз білмеуші ме едіңіз? Менің шешем – ең жақсы адам, ол
бәрінен де жақсы, - депті.
Л.Н. Толстой
(50 сөз)
ТАСБАҚА
Бірде маңғаз тасбақа-бикеш былай деп ойланады: «Неліктен
мен үнемі жорғалар жүруім керек? Менің ең жоғарыда болуым
- 17 -

абзал». Содан кейін қасындағыларға: «Абайлап бір-біріміздің
үстімізге шығайық!» -деген ұсыныс жасайды. Тасбақалар қабаттап
бір-біріне шығады, ең үстіндегі тасбақа айналасына қарап: «Мен
адамдардан биікпін, ең жоғарыдамын», -деп есерленіп, мақтанып
тұрған кезде астыңғысы шырт етіп сынады.
А. Сейсенова
(52 сөз)

ӘР ЗАТТЫҢ ӨЗ ОРНЫ БАР
Рахмет өзіне тиісті заттарын белгілі орынға қоймайды. Даладан
келісімен, әр киімін әр жерге лақтырып тастай салады.
Бас киімі бір жерде, қолғабы екінші жерде жатады. Керек
уақытында киімдерін таба алмайды. Үй ішін қағыстырады.
- Қолғабымды көрдің бе? Бас киімімді көрдіңдер ме? Сөмкемді
көрдіңдер ме? – деп, күн сайын сұрап жүргені. Киімін таба алмай
жүріп, кейде сабақтан да кешігіп қалады.
(56 сөз)

КЕМПІРҚОСАҚ
Қапырық ыстықтан кейін бұлт қоюланды. Нөсерлетіп жауған
жаңбырдан соң, жаңбыр басылып, бұлт сейілді. Көкжиектен батысқа
қарай батып бара жатқан күн көрінді. Дәл осы кезде сұр бұлт
арасынан доға сияқты кемпірқосақ пайда болды. Оның жеті жолағы
бар. Олар – қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін.
Доғаша иілген кемпірқосақтың сыртқы жолағы қызыл болады.
Жеті түстен тұратын жарық сәуле, кәдімгі күн жарығы екен.
Жыл он екі ай
(60 сөз)

ҚҰСМҰРЫН
Қостанайда Құсмұрын деген жер бар. Мұнда қазақ халқының
ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов дүниеге келген. Қостанай дегенде
мидай жазық дала көзге елестейді. Құсмұрын табиғаты мүлде
- 18 -

өзгеше. Салдыраған бұлақтары мен айна көлдері бар шоқылы тау
мен қыраттар. Солардың бәрі алыстан құс тұмсығына ұқсап көрінеді.
Сондықтан ол өңір Құсмұрын атанған. Қыраттың қапталы қайысқан
қайың, көкорай шалғын. Бұл қайыңдарды ертеде Шоқан әкесі екеуі
отырғызған.
«Балдырған» журналынан
(60 сөз)
2-сынып

ІІ жарты жылдық

ТЫШҚАННЫҢ АҚЫЛЫ
Бір заманда тышқандар жиналып, мысықтан қалай құтылудың
амалын ойластырады. Ұзақ әңгімеден кейін бір тышқан:
- Мысықтың мойнына қоңырау тағып қою керек. Сонда оның
келе жатқаны алыстан естіледі. Ал біз інге тығылып үлгереміз, - деп
ұсыныс жасайды.
Барлығы:
- Табылған ақыл екен! – деседі.
Сонда манадан бері үнсіз отырған кәрі атжалман:
- Жарайды, мысықтың мойнына қоңырау тағу керек делік. Ал
сонда қоңырауды кім барып тағады? – деген екен.
(61 сөз)

ҚАЗАҚША АЙ АТТАРЫ
Бір жылда он екі ай бар. Олар: қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір,
мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.
Қаңтар – жылдың алғашқы айы. Желтоқсан – жылдың соңғы
айы. Қазақша жыл басы – наурыз.
Сәуір, маусым, қыркүйек, қазан айларында отыз күн бар.
Қаңтар, наурыз, мамыр, шілде, тамыз, қазан, желтоқсан айлары
отыз бір күннен. Ал ақпан айында жиырма тоғыз күн бар. Бір жылда
үш жүз алпыс бес күн болады.
Қазақ күнпарағынан
(65 сөз)

- 19 -

- Әңгімені оқыдық. Мирас суреттен көрген тасбақа мен бүркітті
ойыншықтарыңның ішінен тапшы. Сенің ойыншықтарың көп еді
ғой... Енді ойнайық, жарай ма? Мен тасбақа болайын, ал сен, Мирас,
бүркіт бол. Мен тасбақамын, ақырын жүремін, ұша алмаймын.
Бүркіт, сен қалай ұшасың? Мені де үйретші.
- Әй, тасбақа мұның не?! Мен аспанда ұша алатын құспын, ал сен
тек жерде жүруің керек.
- Өтінемін, жалынамын, мені аспанға алып шықшы...
- Бұдан кейін не болды, балам?
(67 сөз)
КЕМПІРҚОСАҚ
Тұнық
аспанның
төрінен
гүлдей
құлпырған
кемпірқосақты
көргенде қуанбайтын, жүрегіне ынтық-тық,
құмарлық
нұры себілмейтін адам жоқ. Ол - жақсылықтың,
шарапаттың нышаны. Түрлі-түсті боялған шеңберлер көктен төмен
иіліп, ғажайып құдіреттің түсін танытады. Доғалана иілген жарты
шеңбер тылсым әлемге енгізетін сиқырлы қақпа тәрізді.
Жердің төбесінде жібек орамалдай желбіреп , мың құбылып
тұрады да, құпия құбылыстарды көлбеңдетіп елестеді. Жай көзбен
қарағанда қол созым жерде тұрғанымен, кемпірқосаққа жақындай
алмайсың, өте алыс...
( 65 сөз)

Жалдырап көктем туды. Қар еріді де, аз уақытта төңірек құрғап
шыға келді.
Мектепте ағаш отырғызу науқаны басталды. Оқушыларды
тугел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Алмабек
бұл жұмысты бос әурелену деп есептеді. Бірақ басқалар жаппай
кіріскен шаруадан Алмабек те шет қалмауды ойлады. Тал, терек,
қайың көшеттерінің бірнешеуін терезе тұсына тізіп отырғызды.
Өзгелер ағаштарын суару, түбін қопсыту, күту жұмыстарымен
әуреленіп жүргенде, Алмабек ағаштарына көңіл аударуға уақыт та
таппады.
Б.Соқбақбаев
(67 сөз)

- 20 -

Біздің ауыл Іле өзеніне жақын орналасқан. Мұнда қыс
қытымыр
болғанымен, жазы
жайлы да жайсаң. Әр үйдің
ауласындағы бау-бақшада жеміс ағаштары: алма, өрік, жидек
өсіріледі.
Бағбан Алмабай атайдың бағы өте көрікті, ағашы қалың,
көлеңкесі қою. Күннің көзі өтпейді. Шие ағаштары
мен
қарақаттардың арасынан жол тауып өту бір тауқымет.
Жер беті жасыл желекке бөленгенде, бауларды бұлбұл
мекендейді. Түнге қарай жақ жаппай құбылта сайраған бұлбұл
әніне ауыл ұйып қалады.
(67 сөз)
ҚОЯН
Қоян күнделікті әдеті бойынша үйшігіне қашып кіреді. Әркім
артына түсе бергендіктен, ол қатты ыза болады.
- Мен әркімнен бір сескенем. Менен ешкім қорықпайды. Бүйтіп
жүргенше, суға түсіп өлгенім жақсы, - деп суға қарай жүгіре
жөнеледі.
Су бойында жатқан қойлар зымырай шыққан қояннан үркіп
қалады. Оларға қарап, басқа қойлар да тас-талқан болып үрке
жөнеледі. Сонда қоян ойланып:
- Менен де қорқатын хайуандар бар екен, - деп көңілі жай
болады. Қайтадан үйшігіне оралады.
(68 сөз)

ҚЫЗЫР АТА КЕЛГЕН КҮН
Бірде Қызыр ата дүниенің төрт бұрышын аралап жүріп, Қазақ
еліне тап болыпты. Әне ел деп осыны айт. Жері қандай кең-байтақ
болса, халқы да сондай дарқан. Шетінен мейірімді. Доспын дегенге
құшағы айқара ашық. Ата дән риза болады. Әрине, Қызыр атаның
жүрген жері қашан да молшылық. «Тойларың тойға ұлассын.
Мейрамдарың көп болсын!» деп бата береді.
Қызыр ата келген күн жыл сайын мейрамға айналыпты. Оны
өздерінше «Наурыз» деп атап алса керек.
(69 сөз)

СУ ТОРҒАЙЫ
- 21 -

Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады.
Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана
мұзсыз.
Осындай кезде шыр-шыр етіп мұз үстінде жорғалап торғай
жүреді. Ол – қайқы құйрық, кішкентай қараторғай. Торғай шолп етіп
ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбінде жорғалап,
тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады.
Бұл қандай ғажап құс! Бұл құсты су торғай дейді. Ол қысыжазы бірдей жемін су түбінен табады.
(72 сөз)
3-сынып
І жарты жылдық
БАЛАЛАР МЕН ҒАЛЫМ
Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алыпты. Бірінші бала:
- Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім, - дейді.
Екінші бала:
- Жоқ, бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден
көтеріп алдым, - дейді.
Екі баланың таласының үстінен шыққан ғалым оларға:
- Сендер хат танисыңдар ма? – депті. Балалардың екеуі де
шынын айтып:
- Жоқ, танымаймыз, - дейді. Сонда ғалым:
- Кітап сендерге не керек? Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын
оқу білгенге беремін, - депті.
(71 сөз)

ҮШ АРҚАР
Ертеде бір күні аңшылар иттерін ертіп, орманға аң аулауға
аттанды. Олар осылайша із кесіп, ұзақ жүреді. Кенет бір алаңқайда
алдарынан ғажайып көркем үш арқар шыға келеді. Иттер со арада
тап береді. Арқарлар тұра қашады. Соңдарынан аңшылар шаба
жөнеледі. Ақыры сиқырлы жануарлар көкке қарғып, жұлдыздар мен
кометалардың ара-арасымен заулайды. Иттер де қалыспай, ілесе
аспанға көтеріледі. Сол кезден бері олар арқарларды қуалап жүр
деген аңыз бар. Халық арасында осы шоқжұлдыз Үшарқар таразы
атауымен танымал.
(73 сөз)
- 22 -

ЕКІ ДОС
Серік пен Берік – тату дос. Олар үйлеріне келсе, Беріктің әкесі
баласын тосып отыр екен.
- Кел, балалар, - деді жұмысқа қамданып. – Күннің ашық кезінде
бітіріп тастайық, шешең дәрігерге кетіп еді. Қап, кірпіш әперіп
тұратын бір адамның жоқтығын қарашы! Әзірше өзіміз амалдай
тұрайық.
- Кірпіш әперетін кісі бар, әке, - деді Берік қасындағы баланы нұсқап.
– Мына Серік көмектеседі.
Абдолла ағай Серікке қарады.
- Мен көмектесейін, - деді Серік өз ниетін білдіріп.
- О, міне азамат! – деп қауынды Абдолла ағай. – Достар осындай
болады! Рақмет.
Ж.Мұсаев
(75 сөз)
ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ
Дулат мектептің "Дауылпаз" деп аталатын аяқдоп
командасының капитаны әрі орталық шабуылшысы. Олар бүгін
стадионда көршілес ауылдың "Жігер" командасымен жолдастық
кездесу өткізбек.
Кездесу "Дауылпаздың" дүркін-дүркін шабуылымен басталды.
Бірақ теңбіл доп қақпаға дарымады. Қарсылыстар қорғанысқа
көбірек көңіл бөліп, шабуылға сирек шығады.
Дулат қарсылыстарының қорғаныс шебін жарып өту үшін
біресе оң қанатқа ойысып, түрлі әдіс-айла қолданып көрді. Алайда
доп қақпашының тосқауылына ұшырай берді.
Есеп ашылған жоқ, ойын тең аяқталды. Кездесулерде қақпаға
бір доп енгізбей қоймайтын Дулаттың бүгін жолы болмады.
(78 сөз)

ЕКІ БҰҒЫ
- 23 -

Бір күні тауда жайылып жүрген екі бұғы шөпке таласып
қалыпты.
- Мен жеймін, мен бұрын көрдім, - депті бірі.
- Мен жеймін, мен бұрын келгенмін бұл жерге, - депті екіншісі.
Екеуі жанжалдасып, бірін-бірі сүзе бастапты. Кейін шегіне түсіп,
сартылдата кеп мүйіздесе сүзісіпті. Аздан соң тіпті қызық болады.
Ілініскенше әбден сүзіскен көрінеді. Бір кезде мүйіздері ілінісіп
қалған бұғылар бірінен-бірі ажырай алмай әрлі-бері тартысыпты.
Мұны өтіп бара жатқан аңшылар көріп қалыпты да, қуанып,
дереу келіп бұғыларды арбасына салып, үйлеріне қарай жөнеле
беріпті.
(79 сөз)

ШОЛПАН
Іңір қараңғылығы түскенде аспаннан Шолпан жұлдызын –
Венера планетасын көруге болады. Ежелгі гректерде Венера
махаббат құдайы деп саналған. Бұл жұлдызда Бақташы планетасы
деп те атаған. Шолпан ғашықтарды желеп-жебейді, оларға бірбірінен хабар жеткізеді.
Шолпаннаң қыста тууы қатты суықтың нышанын білдіреді.
Соны алдын ала ескертерде ол айрықша жарқырап көрінеді екен.
Осыған байланысты оның Тұл қатын деген тағы бір аты бар.
Ескі наным бойынша, Венера планетасын әлі тумаған
адамдардың жандары мекендейді деген ұғым бар. Оның құпия
жарығына адамдардың құмар болуы сондықтан шығар.
(80 сөз)

ӘДЕПТІЛІК
Бір жұрттың үлкен бір оқымысты кісісі екінші бір елдің
байымен сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кісі өтіп бара жатып,
оқымыстыға иіліп сәлем береді. Оған қарсы әлгі оқымысты да онан
да төменірек басын иіп, қайтара сәлем береді. Сонда қасындағы бай
тұрып:
- 24 -

- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз, сүйте тұра осындай бір
бейшараға соншама бас иіп, неге сәлем бердіңіз? – деп сұрапты.
Сонда ғалым кісі тұрып:
- Ешбір ғылым-білім үйрен
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!