Материалдар / "Оқу түбі- тоқу" ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Оқу түбі- тоқу" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Даярлық тобына арналған ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
858
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 ЖОББМ бастауыш сынып мұғаліміАхишева Мулкат БауыржановнаТақырыбы: Оқу түбі – тоқу

Мақсаты: 1.Сауат ашу, математика, қоршаған дүниемен танысу пәнінен жыл бойы алған білім, білік, дағдыларын пысықтау, бекіту. Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстарды, сандар, табиғат туралы алған білімдерін жалпылау,оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.2. Баланың тілін, ой – өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.3.Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: қорытынды бақылау сабағы .Әдіс – тәсілі: көркем сөз, сұрақ – жауап.Көрнекілігі: сандар, әліпби, ертегі кейіпкерлері, суреттер.Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика, қоршаған дүниемен танысу.Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі: психожаттығу. «амандасу - сәлемдесу»

  • Сәлеметсіздер ме? Құрметті қонақтар! Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Біз қонақтарды тәрбиелі тәртібімізбен, білімімізбен қарсы алып, шығарып салуымыз керек. Ендеше, алдымен амандасайық.
  • Қонақ күту салтымыз,
Оқып – біліп жатырмыз.Келген қонақ сіздерге,Сәлем бердік жалпымыз!Біздің ұранымыз,Біз көңілді балалармыз! Ештеңеден қорықпаймыз. Келген қонақтарға, ортаға білімімізді саламыз.
  • Балалар, сендерге аналарың бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыссын деп, көңілдері көтеріңкі болсын деп тілек айтып кетті. Сендер де аналарыңды қуантып, бүгінгі ашық сабағымызға белсенді қатысыңыздар, жарай ма? Сабақты қандай көңіл – күймен бастаймыз?Ал, сендер қандай балаларсыңдар? Тақпағымызды еске түсірейік.
  • Біз талапты баламыз,
Дайын дәптер, қаламымыз.Есептерді шығарып, Оқуда озат боламыз – дей келе сабағымызды бастайық.
  • Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Оқу түбі - тоқу»,яғни жыл бойы алған білімдерімізді көрсету.Бәріміз де бауырсақ ертегісін жақсы білеміз ғой, ия? Сол ертегідегі басты кейіпкеріміз бізге бүгінкөмек сұрай келіпті. Ал біздің көмегіміз ол – қоршаған дүниемен танысу, сауат ашу, математикадан жыл бойы алған білімдерімізбен көмектесу.
  • Балалар, Бауырсаққа көмектесуге дайынсыңдар ма?
  • Сабақ барысында, балалар , мен сендерді мынадай фишкалармен марапаттап отырамын, сендер ұпай жинайсыңдар, кімде – кімнің ұпай саны жоғары болса, сол оң нәтиже көрсетпек.
2. Қоршаған дүниемен танысу. - Бауырсақ ертегісін еске түсірейік, атасы мен әжесінен қашып жолға шыққан Бауырсақтың алдынан кенет қоян шығыпты. Қоян аш екен, Бауырсақты жемекші, егер біз қоянның шартын орындасақ ,ол Бауырсақты босатады, ол үшін сендер мына сұрақтарға жауап берулерің керек.Қоянның шарты:-Қазір жылдың қай мезгілі?-Көктем мезгілінің белгілері қандай? Жыл мезгілдері туралы жұмбақ шешу.-Жиын- терін болатын Қамбаға астық толатын. Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Шанамен зырлап ойнайтын,Шаңғы, коньки тебетін.Аққала жасап ойнайтын,Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

Күн ұзарып, қар еріп,Су сайларға толады.Балаларым айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады? (Көктем)

Қойны толы жеміске,Көк майсалы еңіске.Көбелек қуып ойнайтын,Қай мезгіл деп ойлайсың? (Жаз)

-Бұлардың барлығы бір атаумен қалай деп аталады?-Жыл мезгілдері. Жыл мезгілдерін ретімен орналастырайық.-Осы жыл мезгілдері неше айдан тұрады?-Бір жылда неше ай бар? Ретімен атап шығамыз.-Бір аптада неше күн бар? Ретімен атап шығамыз.

Дүйсенбіде доп ойнадық алаңдаСейсенбіде серуен құрдық далада Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіпБейсенбіде би биледік әндетіпЖұма күні жидек тердік қыраттаСенбі күні суға бардық бұлаққаЖексенбіде үйде болдық, демалдықОсылайша өте шықты бір апта.-Бүгін аптаның нешінші күні?



3. Математика.

-Балалар, қоянның тапсырмасын жақсы орындадыңдар. Ол сендерге риза болып, Бауырсақты босатты. Бауырсақ әрі қарай домалап жүре бергенде, алдынан аю кездеседі.Ол да аш екен, Бауырсақты жемекші.Аюдың да бізге қояр шарты бар. Аюдың шартын орындасақ Бауырсақты босатады. Не істейміз балалар, көмектесеміз бе?

Аюдың шарты:

-Балалар, аю сан білмейді екен. Маған санды, санауды үйретіңдерші дейді. Үйретеміз бе?«Ретін тап» ойыны-Қазір «Ретін тап» ойынын ойнаймыз. Ол үшін мен сендерге сандар үлестіремін. Сендер сандардың ретін тауып тұруларың керек. Түсіндік пе?Балалар тақтаның алдына ретімен тұрады.10 көлеміндегі сандарды тура, кері бағытта санап шығу.

«Кім тапқыр?» ойыны.-Келесі тапсырмасын орындау үшін «Кім тапқыр?» ойынын ойнаймыз. Тақтаға сандар іліп қоямын. Сендер қандай сандар жоқ екенін табасыңдар.Мысалы: 0, 3,5 , 7, 10.

-Сандарды салыстырғанда қандай белгілерді қолданамыз?Артық, кем, тең.-Балалар, аю мектепке бармасам да, мен барлығын білемін деп сандарды өзі салыстырыпты. Қарайық, дұрыс па екен?Балалар кезекпен аюдың қатесін,дұрысын тексереді.



-Аюдың тағы тапсырмасы, есеп. Аю бал жинайтын кесе сатып алыпты. Бірақ санын білмейді. 6 кіші кесе, 2 үлкен кесе, барлығы неше кесе?6+2=8

-Қандай геометриялық пішіндерді білеміз?-Мына суреттерде не бейнеленген?-Суретші қандай пішіндерді қолданған?-Үйдің суретін салғанда қандай пішіндерді қолданамыз?-Дұрыс, шаршы, тік төртбұрыш, үшбұрыш.Тапсырма: амалдарды орындау. Карточка үлестіремін.

4. Сергіту сәті.5. Сауат ашу.

-Аюдың тапсырмасын өте жақсы орындадық. Аю Бауырсаққа тиіспеді. Алдынан енді қасқыр шығады. Ол да Бауырсақты жемекші. Балалар, қасқырдың шарты сауат ашудан білімдеріңді тексергісі келеді. Дайынсыңдар ма?

Қасқырдың шарты:

-Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?-Дыбыс пен әріпті қалай ажыратамыз?-Дыбыстар нешеге бөлінеді?-Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты қалай ажыратамыз?-Жарайсыңдар балалар, енді мынадай жұмбақты шешейік:Орман ішінде үйі,Айлы түнде ұлиды жиі.Табыңдаршы, бұл не?-Қасқыр-Қасқыр сөзін буынға бөлейік. Неше буын бар?-Бірінші буында неше дыбыс?-Екінші буында неше дыбыс бар?-Қасқыр сөзінде неше дауысты дыбыс бар?-Кім маған қасқыр сөзінен сөйлем құрап айтады?-Бұл сөйлемде неше сөз бар?Қасқыр орман кезіп жүр.Тақтаға сызбасын сызып көрсетеді.-Қасқыр оқу білмейді екен, балалар. Ал, біз оқи аламыз ба? Ендеше қане оқиық.Сөздер, сөйлем оқытамын.

-Сөйлем нелерден құралады?-Ал сөз неден құралады?-Сөздерден құралады.Сөз дыбыстардан құралады. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.-Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен басталып жазылады?-Сөйлемнің соңынан не қойылады?

6. Қорытынды. -Балалар, қасқыр да бізге риза болып Бауырсақты босатты. Бауырсақ қуанып әрі қарай кетті.Кенет оның алдынан түлкі шықты.

Түлкінің шарты:-Бүгін сабақта сендер не істедіңдер?Балалардың жауаптары.-Міне балалар,біздің сабағымыз аяқталды. Сендер білімдеріңнің, мейірімділіктеріңнің, достықтарыңның арқасында Бауырсақты құтқардыңдар. Бауырсаққа ақылды бол, ата- анаңнан енді қашпа дейміз. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?-Енді алдарыңдағы ұпайларыңды санай қойыңдар.Қайсысың сабақта жоғары дәреже көрсеттіңдер екен, білейік.Мадақтаймын.-Балалар, Бауырсақтың үйге аман – есен жеткеніне атасы мен әжесі қуанып сендерге риза болып, рахмет айтып, бауырсақ пісіріп беріп жіберіпті. Қане ала қойыңдар, келген қонақтарға да үлестіріп шығыңдар.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!