400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу үрдісіндегі өзгерістер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі оқыту,жаңартылған бағдарламаға сәйкес оқыту мен оқудағы оң өзгерістер туралы жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылы «Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі: Сұлтанова Сейсехан

Оқу үрдісіндегі өзгерістер.

Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: « Білім беру , Қазақстан 2030 » ұзақ мерзімді стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңа реформаға бейімдеу, қазіргі заман талабы екені бәрімізге мәлім.Соның ішінде, білім мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті.Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің негізі оқушылар үшін білімнің де, дағдының да тең дәрежеде маңызды екендігінде. Қазіргі заманның талабы, оқушылардың алған білімдерін пайдаланып қана қоймай.оларды өмірде қолдана білуге үйрету болып табылады. Мұғалімдер қауымы оқушыларға қалай білім алу керектігін үйрете отырып, нәтижесінде еркін сөйлеп өз ойын жеткізе білетін, сыни пікірі қалыптасқан оқушыны дайындау. Білімді дайын күйінде емес,өздері еңбектеніп , талаптанып құрастыра алатындай оқушы тәрбиелеу.Бұл дегеніміз: барша ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен міндет деп түсінуіміз керек.

Көне қытай ғұламасы Конфуций: «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын,көрсетсең-есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң –үйренемін» деген екен.Бүгінгі қойылып отырған талап бұрынғыдай «беру», «үйрету». «оқытудан» тұрмайды, керісінше «ұйымдастыру», «бағыт-бағдар» беру, «жағдай жасау» болып табылады .

Әдістерді түрлендір қарап жатпа-деп әріптесім айтқандай өзімнің іс-тәжірибемде мына өзгерістерді енгіздім.Сабақтың мақсатын дұрыс жоспарлауды, түрлі әдістерді пайдалана отырып, сабақты қызықты өткізуді,оқушы пікірін соңына дейін тыңдауға көңіл бөлуді жөн көрдім.Мен өзім үшін және әріптестерім үшін өзгеруге тиіспін.Ең алдымен сабақ беру тәсілді,әдістерді өзгертуіміз қажет.Қазіргі бағдарлама бізге көп нәрсені өзгертуді үйретті.Сабақ беру кезінде 7 модульдің берері мол екендігіне көзім жетті.Оқушылар өз бетінше көп ізденеді,сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды.

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін,тек ғана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» деп Эйнштейн айтқандай,жаңа әдістердің ерекшелігі мұғалім бағыт-бағдар беру арқылы оқушылардың тақырыпты өз бетімен меңгеруіне жағдай жасайды.Ал,оқушылар өздері ізденіп, ақпаратты зерттеп өз бетінше түсіне алады. Топпен жұмыс істеуді үйренеді.Бірін-бірі тыңдауға,сұқбаттасуға,өз ойын анық жеткізе білуге қалыптасады.Басқалардың пікірімен санасады.Өзін-өзі реттеуге үйренеді.Өзара сыйластық, ынтымақтастық қарым-қатынас артады. Болашақта жеті модульді сабақта тиімді пайдалану арқылы оқуды қызық және жеңіл өткізуге болатынын білдім.Соның арқасында оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады, білім деңгейі көтеріледі.Сондықтан сөзімнің соңында,мұғалім әрдайым ізденіс үстінде болуы керек.Мұғалім жаңа заман талабына сай болуы қажет деп ойлаймын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.02.2018
778
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі