Материалдар / «Оқу үшін бағалау құралдары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Оқу үшін бағалау құралдары»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Оқу үшін бағалау құралдары» вебинар жоспары жас мамандарға арналған көмекші құрал ретінде қолданылады. Тиімді бағалау құралдарын қолдануды көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Наурыз 2021
1020
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Вебинар

В базасы: Қаскелең қаласы қаласы, «Абай атындағы орта мектеп-гимназиясы» КММ

Күні: 19.02.2021жылы

Тақырыбы: «Оқу үшін бағалау құралдары»

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова Улбосын Абишевна, бастауыш сынып мұғалімі



Вебинар жоспары



Тақырыбы

«Оқу үшін бағалау құралдары»


Өткізген мерзімі,уақыты

19.02.2021ж. 40 минут


Жалпы мақсаты

Жас мамандарға оқу үшін бағалау құралдарын таныстыра отырып, өздерінің іс-тәжірибелерінде пайдалануына ықпал ету, теориялық және практикалық жағынан кәсіби қолдау көрсету.


Күтілетін нәтиже

қатысушы жас маманда оқу үшін бағалау құралдары туралы түсінік қалыптасады,

жас мамандар оқу үшін бағалау құралдары туралы мағлұмат алады.

оқу үшін бағалау құралдары мұғалімдер мен оқушыларға, оқу мен оқыту сапасын көтеруге тиімді екенін сезінеді;

қатысушылар оқу үшін бағалау құралдарын өз тәжірибесіне жинақтайды.


Түйінді идея

Оқу үшін бағалау – формативті бағалау

Ресурстар

Презентация


Уақыты

Кезеңдер

Вебинарды жүргізушінің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Қолданылған құралдар

1 ми

нут

Ұйымдас

тыру кезеңі.


Сәлемдесу.

-Армысыздар, құрметті әріптестер!. Бүгінгі вебинарға қатысқандарыңыз мен үшін үлкен құрмет!Қош келдіңіздер! Менің аты- жөнім: Ахметова Улбосын Әбішқызы. Менің ойымша,бүгінгі вебинарда өздеріңізге қажетті оқу үшін бағалау құралдарымен таныса отырып, алдағы уақытта тәжірибеде қолдана аласыздар деген үміттемін.

Назарын вебинар жүргізушіге аударады. Сәлемдеседі.



Микрофон, слайд


5 ми

нут

Психологиялық ахуал

Тренинг

«Бір қиял, бір шындық»

Мысалы: Көзімнің өткірлігі соншалық әр оқушымның немен айналысып жатқанын көріп отырсам. Үй тапсырмасын балам жақсы баға алсын деп ата-аналар өздері орындап бере салады.


Эмоционалдық көңіл-күйін көтереді. Осы сәттегі бір қиял, бір шындықты айтуға тырысады


Микрофон немесе смс

5 ми

нут








Миға шабуыл




























«Жұлдыз-

ды баспалдақ» әдісі

Ф.П. ФРешетниковтың «Тағы да екілік» суретін көрсету


Сұрақ:

-Сурет сізге таныс па?

Суреттің шығу тарихы:

Ф.П. Решетников мектепте сабақта отырғанда тақта алдында сыныптасы есеп шығара алмайды. Сонда сыныптасының екі алып үйіне барған кезіндегі халін көз алдына елестетеді. Сол сәтттегі суретті салуға шешім қабылдаған екен.

Олай болса, суреттегі кейіпкерлерге жеке-жеке баға беріп көрсек.


-Сонымен, бүгінгі тақырыпты ашайық, бүгінгі вебинардың тақырыбын кім атайды?


Бүгінгі вебинар тақырыбы: «Оқу үшін бағалау құралдары»

(вебинардың мақсаты мен күтілетін нәтижені айту)


Осы тақырып туралы өз біліміңізді 1 2 3 4 5 баспалдақтар арқылы көрсетіңіз

Әрбір қатысушы сурет туралы толғанып, өз ой-пікірлерін чатқа жазады немесе айтады.












Суреттің шығу тарихы туралы мәлімет алады.


Қатысушылар бүгінгі тақырыпты көз алдарына елестеді.тақырып-

ты болжайды.



Қатысушылар «Оқу үшін бағалау туралы» білетінін қай баспалдақта тұрғанын бағалайды.


смс,

презентация

микрофон

15 ми

нут

Пікірталас








- Бағалау дегеніміз не?

- Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?

- «Сізді кезінде мұғалімдер қалай бағалады?

- Сіз оқушыларды қалай бағалап жүрсіз?


Қатысушылар бағалау түрлері туралы айтады.

«Оқу үшін бағалау туралы» білімдерін толықтырады.

Презентация микрофон

2 ми

нут











5 ми

нут

Ақпарат беру











Бағалау құралдары тізімі

Олай болса бағалау тарихына тоқтала өтейік.

Бағалаудың алғашқы жүйесі Германияда пайда болған екен. Ол үш ұпайдан тұрған. Ұпайлар разрядтарды білдірген. Разрядтар бойынша оқушылар үздіктер, орташалар және нашарларға бөлінген. Кейін өте орташа разрядты екі класқа бөледі, өйткені оқушылардың көбі осы разрядта болған.Осылай бес ұпайлық шкала пайда болыпты.

2.Бағалаудың мақсаты:

Оқытудың қиындықтарын анықтау;

Жетістіктер туралы кері байланыс жасау (оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар үшін);

Болжау және сұрыптау;

Стандарттарды бақылау және орындау;

Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау;


ОҚУ ҮШІН БАҒАЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ.

(өз сабақтарымда жиі қолданатын бағалау құралдары)

«Мүмкін»

Оқушыларға болжалды жауаптарды ойлануға және зерделеуге мүмкіндік беру үшін, арасында «мүмкін» деген сөз орамын қолданыңыз.

«Көршіңізге айтыңыз»

Оқушыға жаңа тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын сұраңыз.

«Дұрыс емес пікір»

Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды қолданыңыз. Бұл ойдың логикалық барысын жақсартуға әкеледі және қате үшін жазғыру болмайтын атмосфера орнатады. «Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... Ендеше талқылап көрейік...».

«Қосу, алу, қызықты» шеңберлі диаграммасы.

Оқушыларға оқу барысында не қолынан келді, ал нені істей алмағандарын анықтауға көмектеседі.

«Бір сөйлеммен түйіндеу».

Оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде деген сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады.

.Бағалау туралы ақпарат алады.














Бағалау құралдарының түрлерімен танысады.




















Презентация микрофон


Практика-лық жқмыс

Тақырып: «Ыбырай Алтынсарин»

Осы тақырыпты бағалау құралдарына салып көрейік.

Мысалы:

«Мүмкін» -

Ы.Алтынсарин осы заманда өмір сүрсе, кім болуы «мүкін» еді?

«Көршіңізге айтыңыз».

Ы.Алтынсарин тек ұстаз ғана болмаған,қазақ әдебиетінің негізін салушы, балалар әдебиетінің атасы болып табылады екен.

«Дұрыс емес пікір»

Ы.Алтынсарин- білімі жоқ, оқу жазуды білмеген.

«Қосу, алу, қызықты» шеңберлі диаграммасы.

Ы.Алтынсариннің кім екенін білдім (қосу)

Шығармаларын толық оқымадым (алу)

Қазақ балаларын шоқындыруға қарсылық көрсетуі. (қызық)

«Бір сөйлеммен түйіндеу».

Ыбырай, мектеп, ертеде, сауатын ашуға, еңбектеніп, Торғай өңірінде.

Тақырыпты бағалау құралдарына салып, іс жүзінде көреді.


5 ми

нут

Рефлексия

.

Вебинарда алған ақпараттары және үйренгендері туралы өзін-қзі бағалайды

Смс, микрофон

2 ми

нут

Кері байланыс.


Сөйлемдерді жалғастыр «Сауалнама» әдісі

1. Бүгін мен белсенді болдым. (болмадым)

2. Жұмысыма қанағаттандым. (қанағаттанбадым)

3. Вебинар мен үшін жылдам аяқталды. (аяқталмады)

4. Шаршадым (шаршамадым)

5. Көңіл күйім көтерілді (көтерілмеді)

Берілген сөйлемді толықтыру арқылы оқу үшін бағалау құралдарын өз практикасында қолданады.

микрофон



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!