Материалдар / Оқудың үдемелілігі

Оқудың үдемелілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
еңбек пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
957
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқудың үдемелілігі Жаңартылған білім бағдарламасының оқу жоспары оқылым,тыңдалым, жазылым дағдыларын және нақты тақырыптызерттеу үшін айтылым дағдыларын біріктіреді. Белсенді және аудиовизалды тәсілдерді біріктіре отырып жоспарлау және оқыту моделі жазылым бойынша үлгерімін бағалап, жылдам жетілдіруде оқушының көзқарасын өзгертіп, уәжін арттыруда табысты болып шыққан. Ол тілді жаттап алу қажет грамматикалық құралдар жиынды емес, ақпаратқа қол жеткізу, қарым-қатынас жасау әдісі ретінде қарауға мүмкіндік береді. Оқу үдемілігін қолдану оқушылардың тіл туралы айту үшін қажетті тілдік қорын ұлғайғаны дәлелденді, бұл оқылым, айтылым, жазылым және тыңдалым дағдыларының дамуына игі ықпал етеді. Оқу үдемілігі негізгі үш идеяға негізделеді. Біріншісі – сапалы, жақсы мәтіннің маңыздылығы және оқушылар өз «дауысын» іздеу арқылы оқылым үдерісінде шабыттана алады. Екінші – жазылымның барлық аспектілерін үйрету барысында мәнмәтіннің астарлы мәнін мойындау, нақты айтқанда жазылым мәнмәтінсіз – тақырыпсыз, мәтінсіз немесе тәжірибесіз тиімді бола алмайды. Үшінші идея – оқушыларға тек «дауыс» қана емес, сонымен қатар, жазылатын шығарманың мазмұны мен белгілі бір детальдарын бере отырып, жазылым үдерісі басталғанға дейін идеяны жан – жақты зерттеу мен дамытудың қажеттілігі. Сондай – ақ оқу үдемілігінде жақсы мұғалімдер оқылым мен жазылымды дамыту үшін айтылым мен тыңдалымды қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Барлық оқушылар оқу мен жазуды үйренуден бұрын алдымен тыңдау мен сөйлеуді үйренеді. Оқылым кезеңі: Ләззәт алу мәтін түрінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау үшін оқу. Ойды түртіп алу кезеңі: Идеяларды жинақтап, жазуға дайындалу. Жазылым кезеңі: Түпкі жазбаша жұмысты әзірлеу үшін бірлесіп, мұғалім жетекшілігімен және өз бетінше жазу.Оқу бағдарламасында оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамытуға ерекше мән берілген, бұны оқу жоспарындағы оқушыларға телехабар, кинофильм, ән және ересек адамдарды тыңдау және оларға жауап беретін жаттығулардан көруге болады.Аталған жаттығулар тізбектелген сабақтар топтамасында қамтыла отырып, сабақтың басында қолданылатын ынталандырушы материал ретінде ұсынылады. Осылайша оқылым,жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларының әрқайсысынын жеке шыңдай отырып, оларды бір –бірімен өзара тығыз байланыста кешенді түрде оқытылады. Үйренушілер білім алудың бірізділігі аясында грамматиканы белгілеп, саралай алуы керек.Оқу кезеңінде олар сөз тіркестеріне, құрылымға сөздердің орын тәртібіне, сөйлем құрылысына және сөйлеуге басты назар аударады. Негізгі ойды анықтау кезеңінде оқушылар тілдің негізгі құрылымы мен пайдалы лексикасын қолдану керек. Олар бақылау жұмыстарында, тәжірибелік сабақтарда және өз бетінше орындалатын жазба жұмыстарда байқалады.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ