Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушы дамуындағы жас кезеңдері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқушы дамуындағы жас кезеңдері және оларға сипаттама
Тәрбие беру объектісі- өсіп – жетіліп келе жатқан жеке адам. Жеті жастағы бірінші класс оқушысымен орта мектепті бітіргелі тұрған , сыр сипаты , мінез- құлқы қалыптасып қалған , дүние танымы, өмірге деген және өмірден алар өз орнына ерекше көз қарасы айқындалып қалған 17-18 жасар жас өспірім балалармен қыздардың араларында үлкен айырмашылықтар бар. Мектепте оқу кезеңі- адам өміріндегі бүтіндей бір дәуір. Ол дәуір аса қажетті де елеулі дәуір. Өйткені бұл оның адам бола бастау кезеңі.
Коммунистік тәрбие беру міндеттері дұрыс та тиімді етіп жүзеге асыру үшін , тәрбиеші-мұғалім бастауыш сынып балаларымен мектеп бітіретін жеткіншектермен және ересек балалармен қыздармен алуан түрлі жұмыстар жүргізуге тиісті екені сөзсіз. Жұмыстағы бұл алуан түрлілік оқыту методтарында да тәрбие методтарында да көрініп отырады. Оқу- тәрбие жұмыстарының мазмұнымен методтары оқушылардың таным мүмкіншіліктерімен , олардың ақыл - ой және дене күштерінің даму дәрежесімен анықталады.
Мектептің бастауыш, орта және жоғары сыныптары жасындағы оқушылардың өсіп – жетілу дәрежесі аралығында елеулі айырмашылықтар бар. Ол айырмашылықтар балалардың өсіп –жетілуіндегі кейбір жалпы белгілерінің бар екенін сипаттайтын жас кезеңдерін оқшаулап көрсетуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, жастары бірдей әр түрлі оқушының өсіп- жетілуі бір қалыпты өтпейді. Басқаша айтқанда оқушылардың жастары бірдей лігіне қарамастан елеулі дара айырмашылықтары жиі кездесіп тұрады.
Оқушылардың осындай жеке дара айырмашылықтары өте байқалғыш. Олар оқушылардың тек өз тұрғысында не олардың сабақта аңғарымдылығында ғана емес, сондай-ақ әртүрлі реакцияның балаларға тиетін барлық сыртқы ықпалдарының бүтіндей жиынтығында да көрінеді. Жастары бірдей ер балалармен қыздардың денелері мен ақыл -ойларының өсіп –жетілу ауқымдарының айырмашылықтары кейде тіпті ала-бөтен білініп тұрады. Сондықтан да ер балаларға немесе қыздарға тән өсіп-жетілу мен қылықтардың белгілі айырмашылықтарын даралап көрсетіп отыруға тура келеді.
Кішкентай балалардың ортақ жас ерекшеліктері ерен көрініп тұратыны атап айтылуға тиіс.
Баланың өсуі мен дамып,жетілу барысына қарай, оның көбінесе дара басының сыр - сипат белгілері білініп,ерекшелене бастайды. Егер жастары бірдей балалар әртүрлі жағдайда және түрліше тәрбиеленген болса, онда олардың жас ерекшеліктеріде әртүрлі болып көрінеді. Қазіргі 11-13 жастағы балалардың кеуде шеңбері мен аяқ-қолдарының жалпы мөлшерлері ертедегілерден үлкен. Бүтіндей алғанда бұгінгі балалар мен жас өспірімдер жоғары мақсатқа жетуде бұрынғы ұрпақтарға, құрдастарына қарағанда әлде қайда күштірек , ақылдырақ және қабілеттірек болып табылады.
Оқушы балалардың өсіп-жетілуіндегі әртүрлі тәрбиелік және әлеуметтік ықпалдарға ұшырайтын ерекшеліктеріне байланысты басқа да барлық айырмашылықтарына қарамастан, олардың негізгі жастық топтары үшін едәуір жоғары сатыда қорытынджылаумен , атап айтқанда тек сол жас тобындағы балаларды сипаттайтын кейбір жалпы ерекшеліктерін даралап көрсетуге болады. Белгілі бір әлеуметтік бірдей жағдайда өсіп- жетіліп келе жатқан балалар туралы тек бір ғана шек айтқан жөн.
Әртүрлі дәуірде өмір сүрген және оқыту мен тәрбие беруде өз жүйелерін ұсынған түрлі педагогтар балалардың түрліше жастар кезеңдеріне бөлуді ұсынған болатын. Мұнда олар өздері ұсынып отырған жас топтарына бөлу қажеттілігіне дәлелдерін келтіреді. Бұл кезеңдерге бөлу, әдетте , соны ұсынып отырған әрбір педагогтардың (Я. А Коменский, Ж.Ж Руссо және т.б) оқыту жүйесіне сәйкес келіп отыр. Бұл барынша заңды сәйкестік еді.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылар (7-11 жас)
Ұжымда бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жағдайына қойылған шәкірттер өмірінде достықпен жолдастық үлкен роль атқара бастайды. Бұл жаста жолдастық қарым-қатынас әлдеқайда көбірек тараған және олар өте жиі, өте оңай орнайды, бірақ жиі бұзылады. Бұл қарым- қатынастың орнауына негіз болатын әдетте мынадай сыртқы факторлар: бір партада отырады , үйде бірігіп сабақ оқиды , аулада бірге ойнайды және т.б.
Бұл жаста балаларды жақындастыратын жалпы оқуға деген немесе таным мүдделері емес , көбіне жалпы ойын кезі мен көңіл көтеру , ойын-сауық болып табылады.Бұл кезеңде ойын ойнаудағы серігін немесе мектептегі жолдасын таңдап алу үстінде баланың ішкі дүниесі шешуші роль атқармайды. Достық туралы мәселені балалар әліде талқыға салмайды , ал өздерінің достасуға деген тілегімен ынтасын көбінесе «ұнайды» деген сөзбен түсіндіреді. (Мысалы, «ол күшті , епті , коньки тебеді, кішкентай балаларға болысады – ол маған ұнайды »). Әрине , осы жаста—ақ балаларда ұнату немесе жуыспай қашқақтау мінезі пайда болады. Алайда, мұндай бір бүйірлік алшақтаушылық аса сирек кездеседі. Жолдастық қарым-қатынасты байланыстыруда көбінесе шешуші нәрсе барынша тығыз және жиі қатынасқа ықпал жасайтын жағдайлар болып табылады.
Жолдастық қарым-қатынастың пайда болуына ықпалын жасайтын жағдайлардың бұзылуымен бірге, әдеттегідей, достық пен жолдастық тоқталады (мысалы, сол үйден көшіп кету , басқа сыныпқа ауысып бару, тіпті басқа отыру). Барлық түсінбеушілікпен жаңылушылық достықтың барысында оңай-ақ басылады да, жойылады. Мысалы, мектептегі бір ғана сабақ үзілісі үстінде балалар керісіп те, төбелесіп те , күлісіп те алуы мүмкін. Сондықтанда үлкендерге – педагогтарға , ата аналарға балалардың таласып – керісуіне үлкен мән берудің қажеттігі жоқ . Оның үстіне , кейбір ата аналардың жасайтынындай, жәбір көрген бала жағына шығудың да керегі жоқ. Мұның өзі ата аналардың арасында реніш-өкпе туғызып , көп уақытқа дейін ұрыс – керіске дейін апаруы мүмкін. Ал балалар арасында әлдеқашан – ақ татулық орнап қалады.
Бұл жастағы балалар мен қыз балалар арасындағы достық өте қарапайым да табиғи нәрсе. Олар дәлізде өте жиі бірге жүреді, үйге де бірге қайтады, аулада жалпы ойынды бірге ойнайды, көбінесе үйде сабақты бірге оқиды.
Бастауыш сыныптардың мұғалімдері мен тәрбиешілері, әдетте балаларды өзара қарым-қатынаста болуға үйретуге, балалар арасында достық және жолдастық қатынас орнауын қолдауға, сыныпта назардан тыс жалғыз қалған бала болмауын бақылауға алуға барынша тырысып бағады. Мұғалім нағыз қарапайым құралдарды: балаларды басқа партаға араластырып отырғызу, балаларға бірге орындайтын тапсырма беру, оларды науқас жолдастарына барып, көңілін сұрауға жіберу, ал сауыққаннан кейін онымен бірге сабақ даярласуды сұрау және т.б пайдалана отырып, жеке балалар арасындағы достықты байланыстыруға белсене араласуына, жақындасуына жағдай жасайды.
Ал мұның өзі сыныпта жақсы жағдай туғызуға ықпалын тигізеді, балалардың тату-тәтті ұжымын құрауға мүмкіндік береді.
Бұл жаса балалар мен достық пен жолдастық деген не, жақсы жолдас немесе нағыз дос дегендер кімдер дегендей дерексіз талқылаулар жасаудың қажеті жоқ.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дербестігі әлі де аз, сенушілігі күшті. Атап айтса, сондықтан да олар үшін мұғалімнің беделінің анықтаушы маңызы бар. Ата-ана мен үлкендердің беделдері де әлі күшті.
Мұнан әрі мұғалім өз сыныбын сынып жетекшісінің және жеке пәндерді оқытатын мұғалімдердің қолына береді. Оқушы дамуының жаңа кезеңі басталады.
Орта сынып жасындағы оқушылар (11-15 жас)
Көптеген шетелдер мен Россияның педагогтары мен психологтарының бірқатар жұмыстарында бұл жас көпке созылған талас-тартысты кезең деп аталады. Кейбіреулер бұл жасты көрсету үшін «жас дағдарысы» деген терминді енгізеді. Бірсыпыра педагогтар жеткіншекке «өзін қоршағаннан қол үзу», сыртқы дүниемен келіспеу, түңілушілік көңіл-күйі тән және т.б дегенді растайды.
Мұндай талқылаулар үшін, әсіресе дененің дамуындағы кейбір сәйкессіздік негіз болып табылады, бұл жеткіншектің қылығына және басқа сыртқы қимыл-көріністеріне әсерін тигізеді.
Жеткіншектік жаста дененің дамуына тән жалпы сипаттық ерекшеліктер болады. Ең алдымен ол-үдемелі қарқынмен өсу кезеңі. Мұнда қыздар 10 жастан кейін , ал әсіресе 11-12 жаста және шамамен 14-15 жасқа дейін бойының өсуі жағынан балаларды басып озады, мұнан кейін қыздардың өсуі баяулайды да,17-18 жасқа келгенде негізінен дерлік тоқталады.
Бұл кезеңде жүрек шамамен екі есе ұлғайып, тез өсіп, жетіле береді. Дененің аумағы тек бір жарым есе ғана үлкейеді. Бұл қан алмасуын күшейтеді. Дәл сол уақытта миды қанмен қамтамасыз етуде кейбір қалыпсыздық байқалады. Осылардың барлығы жеткіншектің тітіркендіргіштігін көтереді, тез шаршауына әкеліп соқтырады.
Жеткіншектің психикалық дамуының ерекшеліктері қандай болады?
Жеткіншектің ең елеулі белгісі ересектеніп қалғанын сезінуі болып табылады. Ол сезімі ең алдымен дербестікке- өздігінше әрекет жасауға ұмтылғанда және өзінің жеке басының пікірі болуына ұмтылғанда, оның әсіресе жолдастары алдында қорғауға тырысқан кезде көрінеді. Мұндай қылық өзінің жеке басының ар-намысының құзырлы дамуы, басынан сөз асырмайтын өзімшілдігі пайда болуымен байланысты. Сондықтан да жеткіншек өте өкпешіл, шырт етпе. Осыдан барып, әсіресе басқа біреудің көзінше жасалған ескертпеге теріс көзқарас, көбінесе бұлқан-талқан болып ашулану мінездері шығады.
Бұл кезең жалпы өзінің сыртқы көрінісіне көңіл аударудың басталуымен сипатталады. Қыздар да, балалар да өздерінің шаш қоюына баса назар аудара бастайды, өз бойларының тазалығын сақтап,сәнділігін бақылайды, тұла бойын әр түрлі қосымша әшекейлермен толықтырады.
Бұл жаста жеткіншектерде өз жеке басына көңіл аударушылық бой көрсете бастайды. Өмір тәжірбиесі жеткіншектерді барған сайын көбірек үйретеді.Оқушы ата-аналары, педагогтар, жолдастары тарапынан қойылған, оның өз ойынша әділетті, көңілге қонымды талаптар жайлы кейде ойлана бастайды. Қыздарда бұл кезде күнделік жазу пайда бола бастайды. Олар өздерінің жолдастары мен құрбыларының мінез-құлығындағы белгілерді өздері талдап, талдаумен шұғылданады.
Бұл жаста балалар да, қыздарда да бір іске тұтқа болғысы келген, ұжымда белгілі бір орын алғысы келген ынта-ұмтылыс пайда болады.кейбір психологтар бұл ұмтылысты өзін-өзі орнықтыру деп атайды. Кейде бұл оқушылардың да, мұғалімнің де назарын өзіне аударатын тентектіктің және өзін тәуелсіз де батыл етіп көрсеткісі келгенін дәлелдейтін, мұғалімге деген әдейі дөрекілігінің көрінісі болып табылады.
Көбіне ұжымда сондайлық өзінің орнын тауып, жолдастарының мақұлдауына лайықты болуға ұмтылуымен байланысты жеткіншектерде –қандай да болсын жауапты қоғамдық тапсырманы қолына алуға деген, сынып үшін пайдалы, ол туралы жұрттың бәрі білмек қандай да бір істі істеп тастау ынтасы пайда болады. Бұл ұмтылыс қоғамдық жұмысқа деген нағыз ынталылыққа тәрбиелеу үшін аса игілікті негіз болып саналады.
Сондай –ақ бұл кезеңде оқырмандық ынта барынша өзіндік сипат алады. Оларға шытырман оқиғалы әдебиет қызықтырғыш желіге құрылған романдарды оқуға деген ынталылық тән болады. Оқудың, мектепте жаңадан алған білімнің, кино, театрларға барудың көптеген әсерлерінің ықпалымен оқиғалар мен ерлік істер туралы армандау, өздері ұнатқан кейіпкерлеріне еліктеуге деген ынта пайда болады.
Сегіз жылдық мектепті бітіретіндерде өзінің болашақ кәсібі туралы ой қазірдің өзінде-ақ пайда болады.
А.С.Макаренко, өзінен тәрбие алғандардың бұл жастағы ерекшеліктерін атап көрсете отырып,- жекелеп айтқанда дербестігін сезіну, өзінің жеке басын көрсете білуге тырысу, сонымен бірге әдебиет пен өмірден мұрат іздеу,-деді ол,-осының барлығы балалық шақ пен жастық шақта жеке басының инициативасы мен сыртқы тәуелсіздігін көрсетуге табандылықпен ұмтылуына қарама-қаршы-еркін бағынуға болатын беделді басшыны- іздеумен байланысты.
Жеткіншектердің дамуы мен мінез-құлқындағы осындай барлық ерекшеліктерді білу мұғалімге осы жастағы оқушылармен жұмыс жүргізуге үлкен өнелілік пен ұстамтылықты сақтау қажеттігін ескеріп отырады. Мұндағы ең басты нәрсе-олардың жеке басына деген сыйластық, олардың ар-намысына тимеуге тырысушылық болуға тиіс.Олардың білуге деген құмарлығына және белсенділігіне сүйсіну, олардың назарын өздерін -өздері тәрбиелеу мәселесіне және қоғамдық жұмысқа аудару мақсатында мұғалімнің өз мүддесіне пайдаоануы үлкен роль атқарады.
Жеткіншектердің сын көзбен қарауға деген ниетін біле тұрып, мұғалім өзіне-өзі, өзінің сабақ беру, тәрбиелеу методтарына қатаң талаппен қарайды, өзінің сыртқы кейіпіне ұқыпты қарайтын болады, оқушыларға айтар сөзі мен берер уәдесіне жауаптырақ қарайды.
Жеткіншектік жастағы оқушылардың қылығындағы көптеген өзін-өзі тежей алмаушылық пен қарама-қайшылықтардың физиологиялық негізін түсінетін мұғалім балалары үлкейгенмен, бірақ әлі де оны кішкентай көріп ,
қамқорлық жасап отыратын ата-аналарға балаларының қылықтарын түзетуге, дұрыс жол ұстауға барынша ықпалды көмек көрсетеді.
Мектептегі жоғарғы сынып жасындағы оқушылар (15-18 жас)
Егерде жеткіншектік жастағылар тәрбиешілер үшін көбінесе қиын болып келсе, жеткіншекке ол үнемі педагогтық жол таба алмаса, оның назарын дұрыс аударып, оның жалындап тұрған күш-жігерін дұрыс арнаға сала алмаса, онда жас өспірімдік шақтың өзінің ерекше қиыншылықтары ғана болып қоймайды, сонымен қатар, ең бастысы мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктейді: мектеп ғылымдар негізін игерген, өмірге коммунистік жүйедегі көзқарастағы, еңбек етуге психологиялық және практикалық жағынан даярлаған оқушыларды тәрбиелеп шығаруға тиіс.Қ.Д. Ушинский былай деп жазды. «Біз адам өміріндегі 16-дан 22-23 жасқа дейінгі кезеңді ең шешуші кезең деп санаймыз. Атап айтқанда, осында кейбір елестер тізбегінің жаратылуы аяқталады және егерде олардың барлығы болмаса да, көпшілік бөлігі бір жүйеге, адамның ойы мен мінез- құлқының қандай да болса бір бағытына шешуші салмақ беруіне жетерлік бір жүйеге келіп топтасады.» Басқаша сөзбен айтқанда, мектептің жоғарғы сынып жасындағы немесе ертерек жетілген жас өпірім шағы- бұл адам бола бастаған кезең , - сондықтанда ең жауапты кезең. Оның жауапты кезең болып табылатындығы – көп адамдар үшін бұл тәрбиешілердің ұйымдасқан және бағдарлы мақсат көздеген ықпал жасауының кезеңі осымен аяқталатындығында , мектептен кейін көпшілігі үшін өмір сабағы басталады, оларды педагогтар да , тәрбиешілерде емес, өмірдің өзі , біздің бүкіл қоғамымыз тәрбиелей бастайды. Егерде жастар ұйымшыл , еңбекқор күшті колективке тап болса , оларға өндірістік коллективтермен оларды қоршаған орта , сондай –ақ аса күшті ұнамды да тәрбиелік ықпалдарын тигізеді. Алайда, бұл мектептегі тәрбиешілермен мұғалімдердің тура және тікелей ықпалындай ықпал емес. Тіпті арнаулы орта мамандық беру оқу орындарында және оның үстіне жоғарғы оқу орындарында әрбір жеке адамдармен арнаулы тәрбие жұмысын жүргізу елеулі түрде нашарлайды.
Бұл жастағы жас өспірімдер мен қыздардың денелерінің дамыу үшін жеткіншектік жаста байқалған қарама –қайшылығы мен сәйкес келмеуцшілігінің біртіндеп жойылуы тән болады.
Дене аумағы мен жүрек шеңберінің салыстырма аралығы теңеседі. Башай мен саусақ сүйектерінің , кеуденің өсіп-жетілуіндегі теңсіздік жойылады. Дене қаңқасының сүйектерінің өсуі негізінен аяқталады. Бұлшық ет күші мен жұмыс қабілеті артады. Ішкі бездер секрециясының қызметі қалыпқа түсе бастайды.
Жас өспірімнің жыныстық пісіп-жетілуі кейде бірсыпыра кешіккенімен , оның толық пісіп-жетілуі негізінен аяқтала бастайды.
Ғылымның негізін үнемі оқып үйренудің және мектеп пен біздің бүкіл кеңес қоғамы тарапынан болған барлық ықпалдың (әлеуметтік ортаның ықпалы) нәтижесінде оқушыларда ғылыми диалектикалық – матералистік дүние таным: қоғамдық көзқарас жүйесі , дүниенің материалдық негізін түсіну , атеистік көзқарас қалыптасады. Ойлау үлкен абстракцияға қабілетті бола бастайды. Танымның қабілеті дамиды.Егерде ерте кезеңде жадында сақтау ойлаудың дамуына ықпал жасаса , ал сонан соң бұлардың арақатынастары біртіндеп өзгереді және бұл жаста өзінің белгілі даму сатысына жеткен ойлау жадында сақтаудың тірегі қызметін атқара бастайды. Жадында сақтау бара-бара қисынды бола бастайды.
Жеткіншек жасына тән білімге деген ынталық барған сайын бағдарлы мақсат көздеу сипатына енеді. Оқушыны жаңа нәрсе- тек қызық болғандықтан ғана қызықтырмайды, бірақ ол білімнің өмірдегі мәнін түсіне бастағандықтан , білім алудың өмірлік те қоғамдық мәнін сезіне бастағандықтанда қызығады.
Жоғарғы сыныптардың оқушыларының көбінде білімнің кейбір саласына , ал мектепте – кейбір пәндерге деген тұрақты мүдде пайда бола бастайды. Бұл көбінесе белгілі бір мамандыққа , еңбек саласына деген мүдденің пайда бола бастауына байланысты.
Оқушылар үшін мамандық туралы мәселе өмірлік қажетті маңызға ие болады. Соңғы жылдарда мектеп оқушыларды еңбекке және мамандық таңдауға даярлауды жақсарту жөнінде едәуір тәрбие жұмыстарын жүргізді. Оқушыларды еңбектің нағыз әр түрлі салаларымен әлде қайда кеңінен таныстырып, жалпы және полетехникалық білім беру негізінде жеке мамандықты меңгеруге даярлай бастайды.
Барлық осындай жұмыстардың нәтижесінде көптеген жас өспірімдер мен қыздар үшін мамандық таңдау барынша саналы түрге еніп алды, сонымен бірге олар, өз еліне көбірек пайда келтіре алатындай халық шаруашылығының қандай саласында болсын өзінің бейімділігімен қабілетін сәйкес өз күшін тиімді пайдалану туралы мәселемен байланыстыра бастады.