Материалдар / Оқушы дүниетанымы қалыптасуындағы пәннің рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушы дүниетанымы қалыптасуындағы пәннің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы дүниетанымы қалыптасуындағы пәннің рөлі. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы -сол көздеген нысанға жетелейтін шамшырақ іспетті пән.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2021
437
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұнайлы аудандық білім бөлімі

«№9 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі

«Өзін-өзі тану пәні» мұғалімі

Ж.И.Куватова


Оқушы дүниетанымы қалыптасуындағы пәннің рөлі

Мектеп бағдарламасына пән ретінде енгізілгеніне аз уақыт өтсе де, «Өзін-өзі тану пәні» оқушылардың сүйікті пәндерінің біріне айналды. Сонымен қатар, ұстаздардың да ыстық ықыласына бөленуде.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, ең алдымен, өзін-өзі тануға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі анықтауға қабілетті. Оқушыларын қалай тәрбиелегісі келсе, өзі де солай болуға ұмтылатын педагог болуы керек деп білеміз.

«Өзін-өзі тану» сабағын беретін пән мұғалімі қырандай қанаттанған, жанарынан шуақ тамған, жалындай лаулап тұрған ұлы тұлға. Балаларды баурап алып, білімге сусындату керек. Оқушыларға тылсым дүниеден жан тербеген рахат, мейірім, қуаныш, сезіміне бөленетіндей шапағат сыйлай білуі керек. Сонда ғана бала жүрегі шешек атады. Басқаға жан жылуын жеткізе алады. Бойында барын ортаға салады. Өзін танытады, өзгені де бар күйінде мойындайды, кешірімді болады.

Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы -сол көздеген нысанға жетелейтін шамшырақ іспетті пән.

«Өзін-өзі тану» пәнінің оқушы дүниетанымының қалыптасуындағы алатын орны ерекше. Халқымыздың ежелден ерекшеленіп, ақыл таразысынан өткен, ғасырды- ғасырға жалғап ғибратты тәрбие көзі болып жеткен аңыз-әңгімесі жетерлік. Халық ертегісі, мақалдары мен нақыл сөздері, ұлылардың ұлағатынан бастау алған негізгі пән. Ақын-жазушылардың шығармашылық еңбектерінен тәрбиенің түйінін табу, жаманнан жирену, жақсыдан үйрену өзін-өзі тану пәнінің өзегі болып табылады. Бұл пән адамдға жеке тұлға ретінде терең тәрбие береді. Жас ұрпаққа кісілік-адами жолды үйретуші, адамдарды, айналадағы ортаны, өзін тануды, өзіне-өзі сенімділікті қалыптастырады. Оқушыларды өзіндік пікірінің болуына, өз ісіне баға бере алуға үйретеді. Ең бастысы адамгершілігі мол, азамат, жеке тұлға болып қалыптасуына , кемелденуіне бағыт-бағдар береді. Әрбір оқушының жеке тұлға ретінде өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Бұл тұрғыдан, әрбір сабақ баланың мінез-құлқын қалыптастырып, адами болмыс-бітімін жетілдіреді. Шығармашылыққа, өзінше ойлауға, шешім қабылдап шығаруға, өз ісіне жауапты болуға баулиды. Сонымен қатар, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік, шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімділікке қол жеткізу қабілеттерін дамытады. Балалардың өмірден өз орнын табуы үшін өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне мүмкіндік береді.

«Өзін-өзі тану» оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін-өзі жетілдіруге, қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарын анықтауына,өз бетінше шешім қабылдай алуына ықпал жасайды. Өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Сабақ барысында оқушылардың бір-біріне деген алақан жылуын беру арқылы бір-біріне ақ жүрекпен тілектерін, арман тілегін айтады. Арманын айта отырып, өзіндік «менін» қалыптастыру, бойындағы күш қуатын жақсылыққа бағыттау, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі - «өзін-өзі» танудағы игі нәтижелер екені анық.

«Өзін-өзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп,мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды өмір бойы басшылыққа алатын жеке тұлға қалыптастыруға негізделген.

Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескереді. Оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындайды. Жеке басының қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.

Бүгінгі заман жаңа технологиялар дәуірі, жаңа үрдіс, жаңа түсінік пен мінез - құлықтың заманы. Заманына сай мұғалім де, жаңашыл, жан - жақты ұшқыр ойлы оқушымен жұмыс жасауға ерік - жігері, қабілеті бар болуы қажет. Әрбір мұғалім оқушының ішкі жан дүниесін жазбай танитын сарапшы. Олардың мүмкіндіктерін байқайтын психолог, жақсы іс- әрекетке бағыттайтын әдіскер болып табылады.

«Өзін - өзі тану» пәнінің ерекшелігі оқушы бойына ізгілік пен адамгершілік шуағын шашу. Балалар өмірді танып үйренумен қатар, олардың ойларын тыңдай келе, олардың адами ақиқатты ұғына алатындығына сенімдіміз. Ең бастысы, олардың тіпті ең кішкентайларының өзі де сөзіне және істеріне жауаптылық сезімдеріне ие. Бұған куә өзім өткізген «Адами қарым-қатынастар әлемі», «Өз мұратыңа жету» атты сабақтарым барысында оқушылардың ойлау қабілеттерімен дүниетанымдылық қызығушылықтары басым екенін байқадым. Сабақ барысында балалар өз ойларын өмірмен байланыстырып, дәлелдеуге талпынып жатады. Бұл оқушыларымыздың тереңнен ойлау мүмкіндіктері зор деген сөз. Балалардың өмірден өз орнын табу үшін, өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектеседі. Себебі, білім берудің шынайы мақсаты - адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның дүниетанымдылық тұрғыдағы мәнін дамыту болып табылады. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескеріледі. Оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға көмектесу мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.

Адам - әлемнің биологиялық, психологиялық, әлеуметтік үштігінен тұрады. Жеке тұлғаның қалыптасуы, бүкіл адами сапаларға ие болуда осы үш тағаннан тарқатылады.

Қазіргі талап шығармашылығы қабілетті тұлға жайлы болса, орыстың ұлы жазушысы Ф.И. Достоевский: «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе-өзің бағын, өзіңді – өзің тани біл», - деген еді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің орны ерекше. Өйткені - адамның қоршаған ортаны біліп, оның ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани әлеуетін көтереді. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адамгершілік-рухани тұрғысынан дамыту. Ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиетімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету.

Сонда «Өзін-өзі тану»дегеніміз не? Ол:

  • оқушының өзін-өзі ұстай білуге талпынуы;

  • оқушының дүниетанымының қалыптасуы;

  • оқушының өзімен-өзі сұхбаттасу арқылы шындыққа талпынуы;

  • оқушының өмірдегі өз орнын іздестіруі;

  • оқушының іштей бірлестігін жетілдіруге ықылас танытуы.

Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның дүниетанымы, бойындағы адами құндылықтар, оң қалыпты дәрежеде қалыптасуы тиіс. Адамға өз күшін сезінудің өзі күш береді. Өзін-өзі қастерлей білу - адамның жеке басының құнды болуы үшін аса қажетті сипат. Сондықтан әр оқушы сүйегіне біткен талант, қандай зеректік, қабілет, икемділік қасиет бар екендігін білуі қажет. Сондықтан әр оқушы өзін-өзі тануы қажет. Өзін-өзі танымаған өзгеніде тануға шорқақ. Өзін-өзі тану арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлғаны тәрбиелей аламыз.

Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуімен, адамзаттың табиғатпен үйлесімділікке дамуын сезіндірумен айқындалады. Өзін-өзі тану бастауыш буында оқитын жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда, оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ең маңызды орын алады. Адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы. Баланың зердесі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. Ол арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды. Өзіндік пікірі қалыптасады, өзін-өзі танудың қарапайым қадамдарын жасай алады.

Өзін-өзі тану әңгімелесуге, шындықты бірлесе іздестіруге, білімді бірге игеруге, өздік шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған. Жеке тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік, әдептілік, шыншылдық, аяушылық, адалдық, имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау, әділеттілік, елжандылық, ізеттілік, сенім, махаббат, қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты құндылықтарды қалыптастыру көзделген.

«Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Тыныштық сәті», «Әңгімелесу», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Сахналау», «Ойын-жаттығу», Жүректен - жүрекке шеңбері» балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді көздейді. Яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа - қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», - депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу - адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан-жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын мағынасын түсінуге тәрбиелейді. Шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін жоғары мәнмен өткізуге жетелейді.

Адамзат табиғаттың ажырамас бір бөлшегі. Адам табиғатта тіршілік етеді. Оның мөлдіреген суын, биік тауларын, әсем бұлттарын, әсем де ерекше жыл мезгілдерін тамашалайды. Осы кең байтақ жерімізді аялауға, кәусардай мөлдір суын ластамауға баулуымыз керек деген тәрбиенің қайнар көзі – осы «Өзін-өзі тану» пәні десек қате емес. Туған ел, туған жер, өскен орта туралы түсініктерін кеңейту, туған елге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін дамыту, туған тілін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу – пәннің негізгі мақсатының бірі. Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарау керек. Оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толады. Жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін. отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарарымыз сөзсіз.

Жас ұрпақты бар мейірімімен күш жігерін сарп етіп, болашақ еліміздің тұтқасы болуына әр ұстаз еңбек етсе, халықтың үмітін ақтар, дені сау, білімді де саналы ұрпақ өседі деп сенеміз.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Елбасының Халыққа жолдауы-2010

  2. «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім бойынша әлеуметтік педагогтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

  3. «Өзін-өзі тану.kz» журналы-2011, 2014, 2015, 2017, 2018.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!