Материалдар / Оқушы құзіреттілігін арттыруда физика сабағында ойын элементтерін,ұлттық ойындардың маңызы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушы құзіреттілігін арттыруда физика сабағында ойын элементтерін,ұлттық ойындардың маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика сабағында оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін ұлттық ойындарды пайдалануға болады.Бірінщіден,ойын сергіту сәті болса,екіншіден,оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып отырады.Үшіншіден,өтілген материалдарды қайталау тұрақты түрде жүзеге асырылады.Бұдан оқушының есінде көп нәрсе қалары сөзсіз.Себебі-қайталау оқу анасы.Ойындар әртүрлі бағытта жүргізіліп отырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2018
698
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушы құзіреттілігін арттыруда ойын элементтерін,

ұлттық ойындарды пайдаланудың маңызы.

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын, сондай-ақ  жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Мектептегі оқу процесінің негізгі мақсаты-арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру.Әр баланың бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін,пәндік білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру,өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады. Ертенгі болашағымыз -жас ұрпақты саналы, білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Білімді үйрену және оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір адамның ең қасиетті борышы, абзал парызы.Ұстаз еңбегі-шығармашылық еңбек. Өйткені ол ұстаздан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа технологиялық әдіс тәсілдерді қолдануды талап етеді.Елдің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақ  деп білеміз. Ал жас ұрпақтың білімді, саналы азамат болып қалыптасуы үшін оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру керек. Оқушылар сабақта ойын немесе жұмыс үстінде ойлау, өлшеу, есептеп табу, зерттеу сияқты процестермен кездеседі. Оларды ұштау, жетілдіру-мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.

Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады.Теория мен практиканы ұштастыруға жол ашады.Оқу прцесінде ойынды ұзақ уақыт созуға болмайды.Ойын белгілі бір уақытта пайдаланылып, сабақ кезеңдеріне нұсқан келтірмейтіндей етіп ұйымдастырылуы керек.

«Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деп В.Ф.Сухомлинсий айтқанындай ойын ақылды, ойды, тапқыр алғырлықты дамытады.

Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ, және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезесі іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған,дүние туралы түсінік алады.

Физикалық ойын ол тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі.

Көрнекті педагог В.Ф. Сухомлинский «Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәнгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді.», деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Ойын барысындағы қарым-қатынаста педагог басты назарды достық, жолдастық қарым-қатынас пен өзара түсінікке аударады. Топтық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын роліннен туындайтын мазмұнымен сипатталады.

Жас ұрпаққа жан-жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақта алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушылардың қабілеті әр түрлі, сондықтан физика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын арттырудын бір көзі – физикалық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардын ойлау қабілеттерін арттырады, олардың арасында саналы жарыс істеуге дағдыландырады, есте сақтау қабілетін нығайтады, сабаққа белсенділігін арттырады.

Физикалық ойындар-сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ішінде ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болсада балаларды өзіне тартады.Мұның өзі мұғалім үшін өте қажет жағдай.Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа әрі түсінікті болуы шарт.Ойын процесінде мүмкіншілігінше ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыру керек.

Оқушылардың физика ғылымын игеру құштарлығын арттырып белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетін арттыруға дидактикалық ойындар, қазақтың ұлттық ойындары, логикаға бағыттайтын ойындар орны ерекше. Физикалық ойындар оқушылардың  дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және пәннен алған білімін шыңдай түседі. Ойындар ұйымдастыруда оқушыларды қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу-мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Пәнге танымдық қызығушылықты дамытудың үш шарты бар:

Біріншісі-мазмұнның жаңғыртылуы, бұрын жария етілген фактілерді жаңаша сипаттау, хабарланып отырған материалға тарихи бағдар беру, ілімнің практикалық мәнін ашып көрсету және ғылымның соңғы жаңалықтарын, табыстарын жүйелі баяндау;

Екіншісі-өз бетінше жұмыс істеудің әрқилы түрлерін,оқытудың проблемалық тұрғыда қолға алған материалды зерттеу негіздеріне және оқушының шығармышылық, практикалық жұмыстарына бағытталған оқу тәсілдері.

Үшіншісі-оқушының қабілетін ұштау, мұғалімнің оқушыға көмек беруге дайын тұруы, олардың мүмкіндіктеріне қолдау көрсету қабілеті, талап қоюшылдығы мен адалдығы, балаларды көтермелей білу, сондай-ақ оқушылырдың өз ара бәсекелесіне көмек көрсете білу қасиеті.

Оқушы назарын аударатын,ойына түрткі болатын физика туралы қызықты материалдар, әртүрлі тартымды қызықты есептер,ойындар сабақ үстінде өзінің орнын табу керек.Оқушыларды жалықтырып алмас үшін ойынды жекелеме бір бөлімге арнауға да болады,немесе 5-10 минут емес «ойын-сабақ» ретінде қайталау сабағына да пайдалануға болады.

Ойын-шығармашылық, ойын-еңбек және тәрбие. Ойнау барысында оқушының дербес ойлау мүмкіндігі,зейін қоя білу қабілеті дамиды.Ойын-мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, олардың қуанышты дүние және білім танымын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, нақты өмір жағдайында өзіне тапсырылған міндетті-оқуда, еңбекте, қоршаған ортамен қарым-қатынаста болсын алға қойған мәселерді дұрыс шешуге жәрдемдеседі.

Ойын элементтерін физика сабағында  пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

●   пән бойынша базалық білімді меңгеру;

●   алған білімді жүйелеу;

●   өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

●   жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

●   оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде

әдістемелік көмек береді.

Оқушылар санасында халқымыздың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру үшін және оқушылардың ғылымға, білімге деген ынталарын арттыру үшін физика сабағында ұлттық ойындарды пайдаланудың берері көп.

Енді осы ойындарды қалай өткізуге болатындығына тоқталайын.

І.Аңшылар

(Ойын тәртібі)

Ойынға 12 оқушы қатысады. 2 оқушы аңшы, 10 оқушы үйрек болып қарама – қарсы тұрады (партада отырса да болады). Үйректер аңшыларға сұрақ қояды.Егер аңшы дәл жауап қайтарса үйректі атып алғаны. Әр аңшыға 10 сұрақ қойылады. Егер аңшы:

10 үйрек атып алса – «5»

8 не 9 үйрек атып алса – «4»

4 не 7 үйрек атып алса – «3»

1 не 3 үйрек атып алса – «2»

деген бағалар қойылады. Ойын 10 минуттан аспауы керек.

ІІ. Орамал тастау.

Сұрақ жазылған орамал – конвертті ойын бастаушы кез- келген бір оқушыға береді,ол физикаға қатысты бір сөздің бірінші буынын айтып, (мысалы фи-) екінші оқушыға береді. Ол екінші буынды (мысалы – зи ) айтып сол оқушы конверттегі сұраққа жауап береді. Ойын осылай жалғаса береді.Сұрақтарға дұрыс жауап берген белсенді қатысқан оқушыларға баға қоюға болады.Ойын 10 минуттан аспауы керек.

ІІІ.Хан

Ойынға 5 оқушы қатысады. Алдымен жеке – жеке асық иіреді. Кімнің асығы бірінші алшысынан түссе, сол хан, кімнің асығы бірінші тәйкесінен түссе,сол уәзір болады. Уәзір сыныптағы оқушыларға сұрақтар қояды.Хан олардың жауаптарын бағалайды. Сұрақты қалған үш оқушыға ғана қоюға да болады. Мұнда да оқушылар білімін әр түрлі стикерлер арқылы бағалауға болады.

10 сұраққа жауап берген оқушыға – «5» қызыл түсті стикер

8 – 9 сұраққа жауап берген оқушыға – «4» көк түсті стикер

4 – 7 сұраққа жауап берген оқушыға – «3» жасыл түсті стикер

1 -3 сұраққа жауап берген оқушыға – «2» сары түсті стикер

IV. Аламан бәйге

Бұл ойынға сыныптағы барлық оқушылар қатысады.Әр қатарға қос беттер беріледі де бірдей уақытта физикалық теориялар мен анықтамаларды жазып жарысады. Әр оқушы өзінің нешінші болып жазғанын санымен (1, 2, 3) белгілеп отырады. Ең соңғы оқушы жүргізушіге әкеліп береді.Ойынға 5 не 7 минут беріледі. Қай қатардың бірінші болғаны , қай қатардың дұрыс,көп білетіндігі соңынан қорытындыланады.

V.Теңге алу

Оқушылар бір –бір сұрақтан дайындап отырады.Екі оқушы шығып сұрақ алады да қолма – қол жауап береді. Ойын 5 минутқа арналған.Оқушы жауаптарына баға қойылады. Әр оқушы, ойынға қатысушы, 10 сұраққа дейін алады. Баға төмендегідей смайликтер арқылы бағаланады:

1 0 сұрақ – «5-тамаша»

6-9 сұрақ – «4-жақсы»

2-5 сұрақ – «3-орташа»

Әрине, ойын тәртібі, уақыты,сұрақтардың саны, баға қою, тағы басқалары тек қана осылай болуы тиіс емес. Әрбір мұғалім сыныптағы оқушылардың жас ерекшелігіне, білім деңгейлеріне, ынта-ықыластарына қарай ойынды таңдай және жүргізе білуі керек. Бұл ойындар, әсіресе 7-8 сыныптар оқушылары арасында қызықты да тартымды өтеді және білім деңгейлерін бағалауда (дұрыс қолдана білсеңіз) өте қажетті көмекші құрал.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Орта мектепке физиканы оқыту әдістемесі [мәтін]: оқу құралы / М. Құдайқұлов; Қ. Жаңарбергенов.- Алматы, 1998.- 310б

ИФМ – ғылыми әдістемелік журнал 2001 ж.№1 57 бет

«Физика және Астрономия» Республикалық  ғылыми-әдістемелік,

педагогикалық журнал №5,26 бет.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!