Материалдар / Оқушы шығармашылығын шыңдау – білім беру саласының маңызды мәселесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушы шығармашылығын шыңдау – білім беру саласының маңызды мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оқушы шығармашылығын шыңдау – білім беру саласының маңызды мәселесі" тақырыбындағы мақалада Алматы қаласы №156 жалпы білім беретін мектептің оқушыларды шығармашылыққа шыңдау бағытында атқарылға іс-шаралар туралы, жеткен жетістіктер туралы сөз болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2021
735
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушы шығармашылығын шыңдау – білім беру саласының маңызды мәселесі

Алматы қаласы Алатау ауданы

156 ЖББ мектеп директорының

оқу-тәрбие істері жөніндегі орынбасары

Темірғалиева Манар Бидахметқызы

Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты Өжет ықшам ауданында орналасқан Г.М.Ахметова басшылық ететін №156 жалпы білім беретін мектеп – өзіндік ерекшеліктері, өзіндік үрдістерге ие болып отырған, ерекше тұлғалар тәрбиеленіп, білім алған қара шаңырақ.

Өзіндік тарихы бар мектеп іргетасы 1932 жылдары қаланған. Мектебіміз - Қазақстан бойынша бала саны жағынан үлкен мектептердің бірі. Мектебіміз көпұлтты Қазақстанның жанды да кішкентай макеті тәрізді. Бүгінгі таңда мектебімізде қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде бірнеше ұлттың өкілдері барлығы 151 сыныпта мектепалды даярлық тобын қосқанда 3685 білім алушы тату-тәтті, бір шаңырақтың астында сапалы білім және саналы тәрбие алуда. Мектебіміз алып білім кемесі тәрізденіп, отандық білім беру көгінде ерекше салтанатпен, ғажайып құрметпен алға, жарқын болашаққа қарай бет алып келеді.

Тілі, ұлты бөлек ұстаздар қауымын бір кісідей жұмылдырған кемел келешек кепілі болар ел бағландарын оқытып-тәрбиелеу сынды мерейлі мүддені арқалаған өз ісінің майталман мамандары жан-жақты болмыспен бедерлене алады.

Оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдер саны – 250-ге жуық. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Үздік маман», «Білім көшбасшысы», «Ы.Алтынсарин», «Ұлағаттты ұстаз», «Жылдың үздік мұғалімі», т.б. төсбелгілерінің иегерлері бар. Бірнеше мұғалім халықаралық «Білім беру саласының үздіктері» энциклопедиясына енген және «Білім беру саласына қосқан үлесі үшін» және «Батыр шапағаты» төсбелгілерімен марапатталған және бірнеше мұғалім білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Білім және ғылым мигистрінің алғыс хат, құрмет грамоталарымен марапатталған.

Ұстаздар арасында «Үздік педагог», «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Үздік кабинет», «Үздік әдістеме бірлестігінң жетекшісі» байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған білікті де білімді мұғалімдер баршылық. «Алматы қаласының үздік мектептері» байқауына қатысып, «Білім шамшырағы мәдениеттің жарық жұлдызы» номинациясын жеңіп алған кезіміз де болды. «Алматы қаласының үздік мектептері» байқауына қатысу барысында мектеп әкімшілігінің еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Білім алып жатқан дарынды шәкірттерімізбен, әр жылдары «Алтын белгі» иегерлері атанған оқушыларымызбен де мақтана аламыз.

А.С.Макаренконың «Біздің балалар - біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие – болашақтағы қайғымыз. Бұл - біздің көз жасымыз, ол - басқалар алдында, бүкіл еліміз алдында біздің кінәміз», - деген сөзін есте ұстағанымыз абзал. Біздің болашағымыз – оқушылардың тәрбиелі, өнегелі де білікті болып өсуіне, тәрбиеленуіне, бос уақытын тиімді өткізудің, ұйымдастырудың маңызы зор екеніне көзіміз жеткен. Баланың бос уақытын пайдалы, тиімді өткізуді ұйымдастыру - ата-ана үшін де, мектеп үшін де, қоғам үшін де, тіпті, болашақ үшін де маңызды фактор.

Сондықтан да мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдайлар жасалған. Мектепте жүргізілетін және жетістіктерге қол жеткізетін түрлі үйірме жұмыстарын атап өтуге болады. «Ақнұр», «Айнұр» және «Гүл қыздар» бишілер тобы мен «Нұр домбыра» домбырашылар үйірмесі, «Әуен саз» әншілер тобы, «Таэквандо», «Еркін күрес», «Волейбол», «Баскетбол», «Футбол», «Суда жүзу», «Жеңіл атлетика», «Шахмат» тәрізді спорт үйірмелері, «Ақиқат ұшқындары» атты дебат клубы, «Бастау» атты мектепішілік әдеби-ақпараттық журнал жұмыстарының нәтижесі – қалалық, республикалық, халықаралық түрлі жарыстарға қатысқан командалардың жүлдегер атануы. Өнерпаз қырандарымыз бірнеше мәрте республикалық «Әнші болғым келеді» байқауларына қатысып, өнерлерін телеарнадан тамашалатты. Түрлі республикалық байқауларға қатысып, жүлдегер атанып жүр.

Әр жылдары оқушылар «Informatrix Asia&Pacific» халықаралық компьютерлік жобасына, Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша, «Түркі әлемі», т.б. халықаралық ғылыми жарыстарына, «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде С.М.Исаевтың құрметіне ұйымдастырылған дәстүрлі «Исаев оқулары» атты республикалық жас ғалымдардың ғылыми конференциясында, Семейдегі Шәкәрім университетінде өткен тұңғыш президент күніне арналған эссе байқауларына мектебіміздің оқушылары қатыстырылып, жүлделі орындарға ие болады.

Сонымен қатар республикалық «Мағжан оқуы», «Абай оқулары», «Мұқағали оқуы», өзін-өзі тану пәнінен республикалық қашықтық олимпиадаларынан жүлделі орындарға ие болса, қалалық, республикалық шығарма байқауларында мектебіміздің мәртебесін арттыруға өз үлестерін қосып жүр.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми мақалалары Талдықорған қаласында өткен «Білім-ғылым-инновация: ұлттық жаңғырулар мен интеграциялық үдерістер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағында жарияланған. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары «Бала көшбасшы» бастауыш сынып оқушыларына арналған ІІ республикалық жобалар байқауына қатысқан.

Кіші жас оқушылары, яғни, 1-7-сыныптардан оқушылар «Зерде» оқушылардың ғылыми жоба байқауларына қатысып, үнемі жүлдегер атанып жүр.

Еліміз егемендік алғалы мектебіміздің киелі шаңырағында оқушылардың шығармашылыққа шыңдау мақсатында Тәуелсіздік мерекесі аудан, қала көлемінде жоғары дәрежеде желтоқсан оқиғасының куәгерлерінің, желтоқсан оқиғасын зерттеуші журналист Қайым Мұнар Табей ағамыздың қатысуымен, Қазақстанның халық жазушысы, халқымыздың жанашыры, қамқоршысы, елін, жерін, Отанын сүйген патриот, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері, өткір тілді, орақ ойлы өлеңдері әр қазақтың жүрегінен орын тапқан біздің сүйікті ақынымыз Мұхтар Шаханов сынды дара тұлғалардың қонақ болуымен ұйымдастырылды.

Жазушы Зейнеп Ахметова, қазақтың қыз Жібегін сомдаған Меруерт Өтекешова, бала ақын Жамбыл, кино майталманы Шаяхмет Имашұлымен, «Қазақстан – ZAMAN» газетінің редакторы Ертай Aйғалиұлымен, сұлу сөздің сұңқары, ақын Саят Қамшыгермен жоғары деңгейде өткізілген тағылымы мол түрлі кездесулер, ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасу семинарларының бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Аталған семинарлар туралы республикалық басылым беттерінде мақалалар жарияланған. Осылай шәкірттер әдебиет және өнер тұлғаларымен кездесу арқылы шыңдала түсуде. Осындай игі шаралар - мақтанышпен атауға лайық ғибратты істер.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған кезеңінде оқушының жеке мүмкіндігін неғұрлым көп ашу, қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып отыр. Жас ұрпақты заман талабына сай оқыту, сапалы білім мен саналы тәрбие беру күн тәртібіндегі өте бір маңызды мәселе болса, осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген, мемлекет мұратына адалдық, адамгершілік нәрін беруші шығармашыл ұстаздардың жетістіктері де ерекше аталады. Осыған байланысты мектебімізде тәжірибе алмасу мақсатында аудан, қала көлемінде Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен, Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ғылыми-әдістемелік зертхана «Қалалық әдістемелік кабинет» мамандарының қатысуымен «Озық тәжірибе мектебінің» күшімен ұйымдастырылған «Жаңаша білім беру – оқушының сапалы өсуінің негізгі бағыты», «Заманауи мектептегі бағалаудың жаңа формалары», «Жаратылыстану-политехникалық пәндерде жаңа технологияны пайдалану», «Оқушыларды шығармашылыққа баулуда жаңа технологияның маңызы», «Наурыз - думан», «Қош келдің, Наурыз!», «Тілі басқа, тілегі бір, жүзі басқа, жүрегі бір», «Ерлігі аңызға айналған халықтың ұлы Бауыржан», «Тіл - достықтың дәнекері», «Коммуникативтік технология құралдары арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру», «Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы оқушының танымдық белсенділігін арттыру» және «Менің Отаным - Қазақстан», атты бірнеше әдістемелік семинарлар, фестивальдар өткізілді.

«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы» тақырыбында Алматы қаласы Білім басқармасы білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы ғылыми-әдістемелік зертхана «Қалалық әдістемелік кабинет» мамандарының қатысуымен тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қалалық ғылыми конференция өткізілді. Тарихи іс шараға доцент, әдіскер ұстаз, жоғары оқу орындарының білікті де білімді мамандары, тарихшы ғалымдар, «Қазақстан тарихы» республикалық әдістемелік журналының бас редакторы, «Қазақ тарихы» ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторы да келген болатын.

Жаңа оқу бағдарламасында: «Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту – осы қоғамның өркениетті дамуының басталу алғышарты» делінген. Ел ертеңін тәрбиелеуші мектебіміздің ұлағатты ұстаздар қауымы еліміздің өркендеуі мен дамуы жолында талмай еңбек етуде. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», - деген сөз бекер айтылмаған. «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі», - демекші, бүгінгі таңда ұстаздарға үлкен сенім артылған. Ұстаздардың алдындағы көтерер жүк салмағы да ауыр.

Мектеп мұғалімдерінің үздік сабақ үлгілері мен бейнесабақтары «ТВ сабақтар», «Үздік 100 сабақ» жинақтарына енген. Қазіргі таңда бірнеше мұғалімдердің үздік видео сабақ үлгілері «Bilim land» ақпараттық-әдістемелік сайтында көрсетілуде және түрлі тақырыптардағы баяндамалары халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға ұсынылып, жинақтарда жарияланған.

Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының 1-7 сыныптар үшін вариативті және 8-11 сыныптар үшін бейінді және бейіналды элективті курстардың оқыту бағдарламаларының байқауына мектебіміздің бірнеше мұғалімдерінің бағдарламалары сараптамадан өткенін де атап өткім келіп отыр. Бұл - мектебімізде жаңа заман талабына сай, шығармашыл, оқушы жүрегіне жол таба білетін ізденімпаз ұстаздардың жұмыс істейтіндігіне дәлел.

Елбасы: «Өмір бойы білім алу - әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - дейді. Ендеше, бұл дәуірде өзгермеген мұғалім - өз қатарынан қалыс қалған мұғалім. Оны қарқыны қатты, күн сайын жаңарып жатқан 21 ғасырдың өзі талап етуде. Жаңаша білім беру мазмұнына көшу тұсында ұстаздар біліктілік арттыру курстарынан өтіп, үштілділік білім беру жүйесіне аяқ басуда. Осы мақсатты жүзеге асыруда 10-нан астам мұғалім жаратылыстану бағыты пәндері мұғалімдері белгілі сыныптарда сабақ өтуде. Бұл да үлкен бір белесті бағындырған егемен еліміздің қоғамдық жылжуына сай көш түзеген бетбұрыс болып табылады.

Қазіргі жаңашыл ұстаздар алдында қазақстандық патриот тәрбиелеу деп аталатын тіптен ауыр, бірақ асқақ аманат жүктелген. Бұл аманатты кіршіксіз сақтау жолында ұстаздар бар еңбегін сарп етіп жүр.

Тәлім беруші, ақылшы, шәкірттің жан әлемінің емшісі әрі шипагері, өнер мен әдебиетпен тығыз байланыста дамитын дара тұлғалар, қара шаңырақта білім беру ісімен айналысып жүрген ұстаздар еңбегі еленеді деген сеніміз, үмітіміз ақталатынына сенімдіміз.

Сөз соңында. Жаңа оқу бағдарламасмында: «Белгілі бір қоғамда ойлаудың сыни деңгейіне өту – осы қоғамның өркениетті дамуының негізі» – делінген. Ендеше, ел ертеңін тәрбиелеуші ұстаздар қауымы, ата-аналар, еліміздің өркендеуі мен дамуы жолында талмай, оқушыларды нәтижеге бағыттау мақсатында бірлесе еңбек етейік!



















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!