Материалдар / Оқушы тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушы тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2021
1141
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Оқушы тәрбиесіндегі сынып жетекшінің рөлі

Мақсаты:

Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам;

Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен, асқан  жауаптылықпен   атсалысу - ата – аналар  мен  ұстаздардың, әсіресе, сынып жетекшісінің  басты  парызы екенін айту;

Сынып жетекшісі өз оқушыларын ұжымдық әрекетте ауызбіршілікте болуға, сыныпта дәріс беретін мұғалімдер мен тіл табыса білуге, оқушылардың ата-аналары мен байланыста бола отырып жұртшылықпен бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіре білетін ұйымдастырушы.

Бала - басты байлығымыз, ал ең асылымыз – оның тәрбиесі. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында» деп айтқан сөзі бізге жарқын болашаққа апарар жолды меңзеп тұрғандай. Шын мәнінде бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты әлеуметтенуі ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.  Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды. Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет. Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе. Өнегесі  мол  отбасы  тәрбиесіне  ештеңе  тең  келмейді. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен, асқан  жауаптылықпен   атсалысу - ата – аналар  мен  ұстаздардың, әсіресе, сынып жетекшісінің  басты  парызы. Мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өскінді алғашқы қоңырау сыңғырымен бірге күлімдеп алғашқы ұстазы қарсы алады. Алғашқы ұстаздың мейірімді немесе қатқылдау жүзі бала қиялында өмір бойы сақталып қалады. Нақ осы тұңғыш ұстаз шәкірттің ең бірінші сынып жетекшісі.Бұдан әрі жас баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптасып , таным-түсінігінің кенеюі осы алғашқы сынып жетекшісіне тікелей қатысты.Жас шыбықты қисық отырғызсаң-қисық,түзу отырғызсаң-түзу өсетіні сияқты,сынып жетекшісінің қызметі де бау өсіретін бағбанның еңбегімен пара-пар. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Шәкірттіне қарап –ұстазын таны» деген асыл сөздер тап осы сынып жетекшісіне арналып айтылған десек қателеспеймін . Яғни, бала тәрбиесіндегі ,әсіресе әрбір сынып оқушысын жан-жақты білмділікке дағдыландырудағы басты тұлға –сынып жетекшісі. Сонымен ,сынып жетекшесін бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ ,оны отбасы,ошақ қасынан кейінгі екінші ата-ана деуге де болады.Өйткені әрбір сыныптағы әр оқушы сынып жетекшісі үшін өзінше ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы әр оқушының мінез – құлқындағы ерекшілікті,жан –дүниесін,жанұядағы тәрбиені зерттеп,білмейтін сынып жетекшісі-ол құпияның кілтін таба алмайды. Әр шәкірттінің тілін тауып ,оның ішкі балалық жан-дүниесін ұғынбаған сынып жетекшісін оқушы тез ұмытады.Бастауышта білім негізі дұрыс қаланса, онда оқушының сынып жетекшісінің жақсы болғаны. Бала жоғары сыныптарға өткен кезде өте жақсы оқып келген оқушының мінез-құлқы да, сабаққа зейіні өзгереді . Өйтені сынып жетекшісі ,сабақ беретін ұстазы да өзгеріп,оқушы мен мұғалім арасындағы жаңа қарым-қатынас қалыптасады.Жаңа сынып жетекшісі өз оқушысының қыр-сырын нақ осы кезеңде жетік білуі керек .Өкінішке орай кейбір сынып жетекшілерінің немқұрайдылығынан, яғни өз шәкіртінің мінез –құлқындағы ерекшіліктер мен оның зейін қабілетін зерттеуге мән бермеуінен бала тәрбиесінде үлкен олқылықтар орын алады.Оған әрбір пән мұғалімдерінің салғырттығы қосылып ,оқушының сабаққа ынтасы мен зейінін нашарлатады да, «тәрбиесі қиын оқушылар» қатары көбейеді. Ал «қиын» оқушының тәрбиесіне ең алдымен «сынып жетекшісі» жауапты. Себебі әрбір сыныптағы жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізетін тек сынып жетекшісі.Сонымен ,сынып жетекшісі пән мұғалімдері және ата-аналармен , оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарымен тығыз байланыста істейді.Оқушылардың сабақ үлгерімін,тәртібін мінез құлқындағы өзгерістерді үнемі зерттеп,біліп шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып, көмектесіп, үнемі ақыл-кеңес беріп,оған ізгілікті қасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып жетекшісін ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады. Ұстаздардың  өмірі  мектептегі  еңбек  майданында  оқушымен  тығыз  байланыста  болады. Бір  сыныпта  әр  түрлі  бала  болады, яғни, әр түрлі  психология. Ендеше сол оқушылармен тіл  табысып, жұмыс жасай білген ұстаз – психолог. Кейде келіспеушіліктер  де, қиындықтарда  туындап  жатады. Сол кезде ата – ананың көмегі, ықпалы көп қажет  болады. Мұғалім өзіне  бағынбаған баланың  қылығы  үшін ата – анасын  шақыруға  тура келеді. Сондай  жағдайда кей  ата – ана  мектепке  келуден бас  тартады, ал  кейбірі келіп  алып, мұғалімді  жазғырады.

 Баланың жақсысы — әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, «азап-соры» деген жастарды тәрбиелеу ісінде табысқа жету үшін әрбір ата-ананың өзі де тәрбиелі болу керек. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Ең алдымен ата-ананың ролі, онан кейін ұлағат сыйлаған ұстаз.

Мектеп-педагогикалық процесті басқарудың негізгі орталығы. Мектеп қоғамның әлеуметтік ұясы. Онда демократияландыру, ізгілендіру негізінде педагогикалық ұжым нығаяды, қалыптасады. Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп өмірінде мұғалім-басты тұлға. Мұғалім арнайы мамандығы бар педагогикалық қызметпен кәсіби денгейінде айналысатын адам. Мұғалім оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, әрі ақыл беріп отыратын кеңесшісі.Сондықтан да ол қиында жауапты іс болып саналынады. Осындай жауапты істерді өзінің педагогикалық қызметінде сынып жетекшісі ретінде қосымша жұмыс түрінде тәрбие жұмысын атқарады. Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен оқушылар ұжымы үшін өте қажетті іс. Себебі мектеп құрлымындағы ең негізгі буын - сынып болып саналады. Сыныпта оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасып отырады. Сондықтан сыныптағы оқушылардың тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшісіне жүктеледі. Сынып жетекшісі өз оқушыларын ұжымдық әрекетте ауызбіршілікте болуға, сыныпта дәріс беретін мұғалімдер мен тіл табыса білуге, оқушылардың ата-аналары мен байланыста бола отырып жұртшылықпен бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіре білетін ұйымдастырушы ретінде көмектеседі. Сынып жетекшісінің негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азамат етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сынып жетекшісі, сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының маңыздылығы мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салаларына: ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие және дене тәрбиесі, құқықтық тәрбие, еңбек тәрбиесі т.б. тәрбие міндеттерін мектеппен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру. Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Сол себепті сынып жетекшісі жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Қорытынды:

Ұлттың болашағы –ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі –ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Тәрбие беру – өзгермелі өмір талабына жауап беруі тиіс. Бұған қоғамдық өмірге дербес шешім қабылдап, ойды саналы түрде түсінуге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелемейінше қол жеткізу мүмкін емес. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болуы керек?– деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Адамның адам болып қалыптасуында ата – аналармен қатар сынып жетекшілердің ықпалы зор. Яғни тәрбие жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі– бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. Тәрбие жолы қиын жол. Өмірді өрнектейтін адам ұстаз шәкірт алдындағы парызын ешуақытта ұмытпайды. Мүлт кетсе-үлкен қателік жіберіп алатынын біледі. Ал тәрбиеде кеткен қателікті түзеу оңай іс емес. Сондықтан әр ұстаз жалықпай ізденеді, білім беруді, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндеті, айбынды мақсаты деп біледі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының мақсатын саналы түсініп, оны жан-жақты талдап отыруға міндетті. Сынып жетекшінің тәрбие қызметіндегі мақсаты: білім алушы тұлғасының өзін-өзі дамыту мен іс жүзінде көрсетуі үшін жағдай жасау.Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау,қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық жағдайлар жасау. Сынып жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшінің рөлі өте жоғары екендігін ескере отырып төмендегі сынып жетекші қызметіне қажетті мақсат−міндет ережелерін ұсынамын.

Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері :

Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту 

Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психолгиялық педагогикалық жағдай тудыру 

Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру 

Сыныптағы жүйелік Жұмысты ұйымдастыру 

Білім алушылардың бойында адамгершілік құндыықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру 

Білім алушылардың құқықтары мен мүделлерін қорғау 

Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады :

Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру 

Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру 

Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру 

Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну 

Оқушыларды әлеуметтік қорғау 

Ата- аналармен жұмыс 

Сөз жоқ, бала үшін адамгершілік талғамдар мен әдет-дағдылар, яғни жеке бастың қалыптасуының барлық әлеуметтік-психологиялық негіздері отбасында қалыптасады. Демек, отбасылық тәрбиелеу шарттарын, мүмкіндіктерін зерттемей тәрбие үрдісінде оң нәтижелерге жету мүмкін емес. Кей ата-аналардың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі кемшіліктердің барлығын байқауға болады. «Міндетім киім мен тамақ табу ғана» деген оймен мектепке орынсыз талаптар қояды. өзінің жауапкершілігін сезе білмейді, баласын тәрбиелеуден қол үзеді. Оның зардабы баланың сабақ үлгеріміне, мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады.

Адамды адамдық қалыпқа келтіретін де, аздырып, тоздыратын да қоғамдағы тәрбие жұмысы. Жүйелі ұлттық адамгершілік тәрбие болмаса, халық бір-бірінен рухани үлгі көрмесе адам баласы бір-біріне ақырзаман әкелуі мүмкін.

Қазіргі заманда ұлттық мектептің ірге тасы қалана бастаған кезде ата-аналарда мектеппен байланысын нығайта түсуі абзал. Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие процесі өз жемісін көре алады.

Бала дегеніміз – болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін - өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін - өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір - біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл - күйі тікелей ықпал етеді.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»- дейді Әл - Фараби. Сонымен қорыта келе, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруді қоғам болып, ұстаздар қауымы болып, ең бастысы ата - аналар болып қолға алсақ болашағымыз жарқын болмақ. Балаларымызды отан сүйгіштікке, ата - баба салт - дәстүрін құрметтейтін ұрпақ тәрбиелеу баршаға бірдей міндет.



Пайдаланған әдебиеттер:

  • А.С Макаренко «Ата-аналарға арналған кітабы

  • Сынып жетекшісі журналы №1-2 [4,5] Асанәлі журналы №3.2016[18,19] Сыныптағы тәрбие №3-4 2006ж Интернет желісі







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!