Материалдар / ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ҰЙЫМДАСТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Алдымен айтарым, жоба тақырыбы өте өзекті. Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Балалар мен жасөспірімдер туризмі, ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетке тәрбиеленудің негізін қалаушы факторлардың бірі ретінде қарастырылған. Мектеп оқушыларын бала жастан пәрменді түрде туризмнің әр түрімен айналысуға тарту, азаматтық сезімге, туристік мәдениетке тәрбиелеуге мүмкіндік береді» деп елімізде балалар туризмін дамыту стратегиясын айқындап берді. Осы бағдарламаға сәйкес ұйымдастырылп отфрған жобаның мазмұны Қазақстан оқушылары үшін өте тиімді деп санаймын. Туристік жорық, саяхат оқушыларға танымдық тәрбие берудің бірден-бір ықпалды жолы деп санаймын. Туристік жорық оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп қана қоймай, білуге деген құштарлығын, белсенділігін, төзімділігін, жанашырлық достық қарым-қатынастарын нығайта түседі деп ойлаймын. Барлық ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жоғары деңдейде қолданылған .
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
1153
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫ №2 ЖОББМ КММ













ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ҰЙЫМДАСТЫРУ











Орындаған: Шайхстан Арайлым

Сыныбы: 6 «Г»

Ғылыми жетекшісі: Кенджебаева Тамара Бералыкызы

















Приозерск 2020 ж



Мазмұны:


Аннотация.................................................................................................2

Кіріспе....................................................................................................4-5

1 Экологиялық туризмнің теориялық негіздері

1.1 Экологиялық туризім туралы түсінік............................................6-7

1.2 Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм.........................................9-12

1.3 Қоғам дамуындағы экологиялық туризмнің ролі.....................13-14

2 Қазақстандағы экологиялық туризм дамуының қазіргі жағдайы

2.1 Экологиялық туризм саяхат түрлері және оның адам өміріндегі . маңызы..................................................................................................15-19

2.2. Туристік жарыстың оқушылардың экологиялық білімін тереңдетудегі рөлі........................................................................................21-29

Қорытынды............................................................................................30-31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................32









































ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ АННОТАЦИЯСЫ

1.АТАУЫ: Оқушылар арасында экологиялық туризмды ұйымдастыру

2.Оқу орны: ТҚарағанды об ,Приозерск қаласы №2 ЖОББМ КММ

3. Жұмысты бітірген жылы: 2020 жыл

  1. Жұмыстың көлемі: 32 бет

  2. Қосымшалар саны: 0

  3. Иллюстрациялар саны: 0

  4. Кестелер саны: 0

  5. Әдебиеттер көздерінің саны: 13

ЖҰМЫСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ:

  1. Ғылыми жұмыстың мақсаты:

1. Табиғаттың тозуы – экологиялық дағдарыс екенін түсіндіру,

2. Экологиялық тәрбие беру.

3.Туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту.

4. Өлкеміздің экологиялық жағдайын білу үшін ізденуге баулу



  1. Зерттеу кезеңі:

Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды.

Бірінші кезең — бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең — эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Үшіншісі — алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы

3. Ғылыми зерттеудің нәтижелері : Білім беруде оқушы тұлғасын мақсатты тұрде туристік өлкетану қызметі арқылы мәдениетін қалыптастыруда жан-жақты терең түсініп оларға барынша толық мағыналы-мәнді қылып түсінуіне жол ашады

4. Ғылыми нәтижені қолданғаны туралы құжаттар: жоқ



Авторы аты-жөні ________________________

/қолы/



Кіріспе 

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүние танымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру.

Еліміздің болашағы- ұрпақ тәрбиесінде. Өркениетті қоғам мен, құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін талап етеді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет тәрбиесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқына көтерілуі. Білім туралы, жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Бүгінгі күн талабына орай тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, қағидаларын, міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңарту қажет. Тәрбиені жаңартудың мәні- адамның биологиялық табиғаты мен ішкі мүмкіндіктері арқылы жеке тұлға ретінде дамуына және жалпы азаматтық ұлттық қазыналардан нәр алуына жағдай тудыру.

Қоғамымыздың іргесін нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту қажет. Оның негізгі мұраты баланы жастайынан әлеуметтік ортада мәдениетті қарым-қатынас жасай білуге үйрету, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсетуге, елжандылыққа баулу. Бұл игі істе уақыт сынынан сүрінбей өтіп келе жатқан халықтық тәлім- тәрбие тәжірибесін уақыт талабына сай пайдаланған жөн. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухаи ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Балалар мен жасөспірімдер туризмі, ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетке тәрбиеленудің негізін қалаушы факторлардың бірі ретінде қарастырылған. Мектеп оқушыларын бала жастан пәрменді түрде туризмнің әр түрімен айналысуға тарту, азаматтық сезімге, туристік мәдениетке тәрбиелеуге мүмкіндік береді» деп елімізде балалар туризмін дамыту стратегиясын айқындап берді.

Туристік-өлкетану үйірмелерінің мақсаты-жеке тұлғаны қалыптастыруда-жорық пен өлкетану жұмысын тәрбиенің бір құралы ретінде пайдалана отырып, мектеп оқушыларының арасында туристік-өлкетану жұмыстарының белсенділігін арттыру арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, қызығуы мен қалауына, демалыстарын тиімді өткізуге, туристік-спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру, дене тәрбиесін дұрыс жолға қою және денсаулық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Туристік жорық, саяхат оқушыларға танымдық тәрбие берудің бірден-бір ықпалды жолы. Туристік жорық оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп қана қоймай, білуге деген құштарлығын, белсенділігін, төзімділігін, жанашырлық достық қарым-қатынастарын нығайта түседі.














1 Экологиялық туризмнің теориялық негіздері

1.1 Экологиялық туризім туралы түсінік

Балалар мен жасөспірімдер туризмі қазіргі таңда оқыту мен тәрбиелеудің бірден-бір озық құралы болып тұрғаны айқын. Оқушыларды бала жастан пәрменді туризмнің әр түрімен айналысуға, жорық пен өлкетану жұмысын тәрбиенің бір құралы ретінде пайдалана отырып, туризмнің белсенділігін арттыруға, ол туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, ел мен жер байлығын, тарихын, мәдени мұраларын оқып-үйреніп, айнала ортаны қорғауға, елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Адам-табиғат перзенті. Туған өлкенің, өскен жердің, тау-тасы, алтыннан да ардақты, жаныңа сондай ыстық сезіледі. Неғұрлым табиғатқа жақын болған сайын адам жаны соғұрлым табиғатқа, жаңалыққа жақын тұрады деседі. Тарихпен тілдесіп, табиғат төсінде әрі демалып, әрі денсаулықтарын шыңдап, сондай ақ ұлы жердің ұлағатын бойларына сіңіре білген адамның да ойы сергек, көңілі көтеріңкі болады.

Балалар қалауымен жоспарлы түрде тиімді өткізілген жорық, саяхат жасөспірімдердің өз ісіне деген жауапкершілігінің арттыруымен қатар еріктілікке, тәртіптілікке, өзара көмек беруге, адмгершілік қасиетті жоғары қоюға, қоғамдық жұмысқа белсенділігі артып, жан-жақты дамуына ықпалын тигізеді. Балалардың денсаулығын нығайтады және шынықтырады, дененің дұрыс өсіп жетілуіне ықпал етеді, организмнің жұмыс қабілетін арттырады, қозғалыс дағдылары мен ептіліктерін қалыптастырады және жетілдіреді.

Елбасымыздың халыққа жолдауын оқи, тыңдай отырып, біз республикада болып жатқан өзгерістерге өзіміздің қатыстылығымыздың бар екенін сезінеміз. Қазақстанның даму болашағын көріп, өткенді ұғынамыз, олай болса жастар біздің болашағымыз, бүгінгі тәрбиелі ұрпақ-қоғамымыздың ертеңгі саналы азаматы. «Мен табиғаттан өткен тәрбиешіні көрген емеспін» деген Макаренконың сөзіне қарасақ, жас өрендерді табиғатпен сырласуға саяхатқа алып шығып, олардың бойына туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға баулу, табиғат аясында тәрбиелеу бағытында жұмыс атқару-қосымша білім беру педагогтарының тынымсыз еңбектерінің арқасы. Қазіргі таңда мектепте және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметтің басты мақсаты-жеке тұлғаның шығармашылық белсенділігін дамыту, кәсіптік мансабын таңдауда тұлғаның бостандығына жағдай жасау. Өз туған жерін, өлкесін, өз тамырын, өз елін оқыту және үйрену әр педагогтың, оқушының игі міндеті, ал өзін-өзі танудағы ең үздік жол- бұл туристік жорықтар, саяхаттар, экскурсиялар және экспедициялар.

Өз елін, жер-суын, табиғат байлығының қыр-сырын, даму болашағын оқып-үйрену арқылы санасына сіңіріп, сол білімді ұрпағына мұра етіп қалдыру-әр елдің төл перзентінің азаматтық борышы. Өлкетану арқылы оқушыларды айналадағы ортаны қорғауға баулып, олардың экологиялық білімін жетілдіріп, келер ұрпаққа қолда барды рәсуаламай жеткізуге міндеттеу керек. Оқушылар өз туған жері, өлкесі, елі туралы географиялық білімін ғылыми негізде толықтырып, жан-жақты мағлұматтар алып, экономикалық сауаттылықтарын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік алады. Ең жаңа деректер мен ғылыми терминдерге, анықтамаларға негізделген кестелер, карталар сызғызып, оқушылардың шығармашылығына жол ашу, пікір талас туғызу. Жас ұрпаққа мәдени мұралар арқылы патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық Жолдауында « Олар күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады делінсе, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: азаматтылық пен елжандылықты, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» деп атап өтілген. Туған өлкені жан-жақты білу үшін көзбен көріп, санаға сіңіру мақсатында тарихи орындарға, мұражайларға, мәдениет ошақтарына, табиғат аясына саяхатқа бару.

Бүгінгі таңда көп ұлтты Қазақстан халқының болашағын қамтамасыз ету үшін жеткіншек жас ұрпақтарды мемлекеттік рәміздер мен «Мәдени мұра» нысандарына, жалпы ұлттық құндылықтарды құрметтеп, қастерлеуге бағдарланған патриоттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналуда. Бұл жөнінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында «Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет», - деп атап көрсетті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» туралы да айтылған.

Бұл  жолда   қосымша  білім  беру ұйымдарындағы   туристік- өлкетану бағытында  ұйымдастырылған  үйірме  жұмыстарының да  маңызы  зор.












1.2 Экотуризмнің қазіргі заманғы туризм


Туристік-өлкетану іс-әрекеттері адамның қоршаған ортаға деген түрлі сезімдерін білдіре алады. Туристік-өлкетану нысандарында, мазмұны жалпылама мәдени мұра бейнелерін құрайтын, әртүрлі оқиға, құбылыстарға белгілі бір сезімді білдіру арқылы көрсетіледі. Туристік- өлкетану іс-әрекетінің бұл ерекшелігі біріншіден патриоттық тәрбиенің мазмұнын анықтайды.

Туристік-өлкетану іс-әрекеттерінің адамға белгілі бір мақсатта әсер ету ерекшелігі  ең алдымен, адамгершілік  сезімдерін  дамытады  және тәрбиелейді,  адамның  барлық психологиясын  белсендіреді, қоғамдық мәні бар құндылықтарға бағыттайды, сондай-ақ, оның еркін әрекеттегі дайындығын арттырады. Демек, туристік -өлкетану іс-әрекеттері патриоттық тәрбие беру процесінде екі салада қарастырылады.
Бірінші жағдайда, ол тәрбиенің пәні ретінде қызмет атқарады, оның мазмұны болып заттар, адамдардың іс-әрекеттері саналады. Екінші жағдайда, туристік-өлкетану тәрбиенің құралы болып табылады, осы мәдени-рухани құндылықтарды терең эмоционалдық түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа тағы бір ескеретін жағдай, патриоттық тәрбие беру процесінде оқушылардың жай қызығушылығын қалыптастырумен  шектелуге болмайды Олардың жаңа білім алу процесін жандандырып және түрлендіруге қабілетті танымдық қызығушылығын қалыптастыру қажет.
Оқушылармен жүргізілетін қосымша  білім беру ұйымы, яғни балалар мен  жасөспірімдер  саяхаты  және  экология  орталықтарында тәрбие жұмысының жүйесі оларға тәрбие беру және жан-жақты дамыту мақсатында мектептің, педагогтардың, оқушылар ұжымының, ата-аналар белсенділерінің мүмкіндіктерін барынша толық пайдаланудан құрылады және екі негізгі міндетті шешумен анықталады.

а) тәрбие жұмысының барлық негізгі түрлері мен бағыттарын, бірінші кезекте қоғамдық-саяси қызмет пен қоғамдық пайдалы еңбекті, дене шынықтыру мен спортты, алуан түрлі көркемдік қызметті, туристік-өлкетануды дамыту;

б) оқушылардың жеке   мүдделері мен  бейімділіктерін  барынша қанағаттандыруды  қамтамасыз  ету  үшін  алуан түрлі жұмысқа барлық жастағы оқушыларды тарту.

Аса зор танымдық мәні бар туристік-өлкетану іс-әрекеттері жалпы білім беретін   мектептерде сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар балалардың өз ықыластарын арттырып, дербестігін оятатын, қызыға қабылдап белсене араласатын туристік-өлкетану іс-әрекеттерінің алуан түрлері: туристік-өлкетану жорықтары, саяхаттары, экспедициялары, үйірмелері, мектеп мұражайлары және т.б. арқылы  жүзеге  асуда.

Мұнда оқушылардың өз Отанындағы, туған ауылындағы, ауданындағы, аймағындағы   мәдени-рухани  құндылықтарға патриоттық сезімдерін  қалыптастыру көзделеді. Сонымен қатар, табиғи байлықтарымен, ғылым мен мәдениеттің табыстарымен белгілі бір территорияда тарихи кезеңдерде болған халықтың өмірімен тығыз байланысты тарихи ескерткіштермен, қазақ халқының мәдени мұра нысандары жайлы деректер жинаумен  айналысады.
Патриоттық тәрбиенің ерекшелігі де, нақты заттық, патриоттық мазмұнды мақсаттылықпен қабылдауы болып табылады.

Туристік-өлкетану процесі дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырудың ықпалды құралы ретінде, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, моральдық интеллектуальдық ортасын, олардың тұлғалық сезімдерін байытады. Өз елінің қазақстандық патриотизмін қалыптастыру мазмұндағы рухани-мәдени мұраларын көріп, танып білу оқушыларға патриоттық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігіне айналады. Оны туристік- өлкетану процесінің мүмкіндіктері де дәлелдейді. 
Қосымша  білім беру ұйымдарындағы  үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта – ықыласын толық қанағаттандыра алады. Үйірме жұмысын негізінен теориялық және практикалық бағытта жүргізуге болады.
Үйірмелердегі  практикалық бағытты туристік-өлкетану іс-әрекеттерді  зерттеу  процесі  (анкета жүргізу, жекелей әңгімелесу, бақылау, эксперттік бағалау) түрінде  ұйымдастыруға болады. Үйірме жұмысын қамтуда оқушылардың ынта ықыласын ескеру маңызды мәселе. Мұғалім оқушылардың талаптар мен сұраныстарын қанағаттандыра отырып, үйірме мүшелерін ортақ іске жұмылдыруы тиіс.

Туристік-өлкетану іс-әрекеттерінің жалпы түріне экскурсиялар жатады. Арнайы дайындықпен, ерекше жоспармен өткізілген экскурсиялардың тәрбиелік құны жоғары болады. Мектеп мұражайларының жұмыстары да оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде маңызды  орын алады. Олардың ішінде дәстүрлі орын алғаны аға ұрпақтың өмірі мен қызметіне, халықтың жауынгерлік және еңбек даңқына ұйымдастырылған мұражайлар. Балалар мұражай жұмыстарын ұйымдастыруға, кезекшілікке, экспонаттарды баяндауға, іздеу топтарына қатынасады. Яғни, жоғарыда көрсетілген қосымша білім беру ұйымдарындағы  жұмыстың түрлері бірі екіншісінен туындайтындай етіп комплексті жүргізілгені дұрыс.
Мектеп оқушыларының қазақстандық патриотизмін қалыптастырудың қоғамдық-педагогикалық мәселесі жалпы білім беретін мектеп , қосымша білім беру ұйымдары бағдарламасының жетекші бағыттарында оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесін
мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы негізінде, туризм, оның ішінде туристік-өлкетану іс-әрекеттері арқылы жетілдіру өте өзекті болып отыр. 

Оқушыларды тәрбиелеудің жалпы жүйесінде туристік-өлкетану іс-әрекеттері оларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге негіз болумен қатар,  оқушылардың туған өлкесінің патриоттық мазмұндағы өлкетану нысандары арқылы өзінің Отанына, туған еліне, адал қызмет етуге, мәдени мұраларды сақтап ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар ретінде қастерлеп құрметтей білуге, оларды келешек ұрпаққа жеткізе білуге үйретеді.
Мектептен тыс, сыныптан тыс ұйымдастырылатын туристік-өлкетану іс-әрекеттерінің формалары, соның ішінде үйірме жұмысы, оқушылардың мәдени мұра нысандарының ішінен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мазмұндағы нысандарды жинақтап, коллекциялар, деректі фильмдер, буклеттер, альбомдар және т.б. дидактикалық көрнекіліктерді дайындаумен оларды туристік-өлкетану іс-әрекеттері процесінде пайдаланумен айқындалады.

Түрлі жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың патриоттық мазмұндағы мәдени мұра нысандарына көзқарастары өзгеріп, қызығушылықтары артады.
Бұл  жұмыстар  толыққанды  іске асу үшін үшін төмендегідей 
ұсыныстар беремін:

  1. Мектеп оқушыларының қазақстандық патриотизмін қалыптастыру үшін өз өлкесіндегі мәдени мұра нысандарын пайдалану керек.

  2. Мектеп мұғалімдері мен туризм нұсқаушыларына ұсынылған бағдарламалар бойынша тұрақты жұмыс істейтін үйірмелер ұйымдастыру керек.

  3. Туризм нұсқаушылары мен туристік-өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастырушы мұғалімдерге туристік-өлкетану іс-әрекеттерін ұйымдастырып, оқушыларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелейтін жұмыс формаларын өткізуге байланысты білімдерін жетілдіру мақсатында арнайы семинарлар, курстар өткізу қажет.







1.3 Қоғам дамуындағы экологиялық туризмнің ролі


Көптеген ғасырлар бойы Қазақстанньң экожүйесіне адам қолы тимеген, бұған экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға өту Қазақстанның ішкі және тиімді сыртқы экологиялық саясатты қолдануда батыс сарапшыларының жорамалдарын ескеру.

«Бірқатар елдер табыс салығының қоршаған ортаға деген антропогендік міндет.Бүгінгі қүнде қазақстандықтардың тіршілік ортасын жақсарту, еліміздің болашағы үшін Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары Минстрлігі
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау
Ұзақ мерзімді экологиялық стратегияның негізгі мақсаттары - қоғам мен
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2030 жылға дейін 4
- экологиялық қауіпсіз қоршаған ортаны қалыптастыру;

- табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану;

- өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлілігін ақтау;

Қоршаған ортаның қазіргі жағдайын бағалау асамаңызды болып табылатын проблемалар.

- су ресурстарының тапшылығы;

- жайылым және тың жерлердің деградациясы;

- урбанизацияланған территориядағы

- ағынды сулы объектілердің ластануы;

- қоршаған ортаның өндірістік ластау

-ормандармен ерекше қорғалатын аймақтардың жетіспеуі.
Осы аталған проблемалар мен қатар, туризм саласындағы проблемаларды шешу көптеген ғасырлар бойы Қазақстанньң экожүйесіне адам қолы тимеген, бұған экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға өту Қазақстанның ішкі және тиімді сыртқы экологиялық саясатты қолдануда батыс сарапшыларының жорамалдарын ескеру.

«Бірқатар елдер табыс салығының қоршаған ортаға деген антропогендік міндет.Бүгінгі қүнде қазақстандықтардың тіршілік ортасын жақсарту, еліміздің болашағы үшін Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары Минстрлігі
Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау
Ұзақ мерзімді экологиялық стратегияның негізгі мақсаттары - қоғам мен
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2030 жылға дейін 4
- экологиялық қауіпсіз қоршаған ортаны қалыптастыру;

- табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану;

- өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлілігін ақтау;

Қоршаған ортаның қазіргі жағдайын бағалау асамаңызды болып табылатын проблемалар.

- су ресурстарының тапшылығы;

- жайылым және тың жерлердің деградациясы;

- урбанизацияланған территориядағы

- ағынды сулы объектілердің ластануы;

- қоршаған ортаның өндірістік ластау

-ормандармен ерекше қорғалатын аймақтардың жетіспеуі.
Осы аталған проблемалар мен қатар, туризм саласындағы проблемаларды шешу








770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!