Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушылар арасындағы көшбасшылық құзіреттілікті жетілдіру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Оқушылар арасындағы көшбасшылық құзіреттілікті жетілдіру»
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».
Н.Ә. Назарбаев
(Мұғалімдердің ІІ съезінде сөйлеген сөзінен)
ХХІ ғасыр белесіне аяқ басқан адамзат өркениеті өз дамуының жаңа кезеңіне – білім беру прогресінің ең маңызды факторларының бірі саналатын кезеңге келіп жетті. Республика халқының 20 пайыздан астам бөлігін құрайтын үш миллионға жуық баланы оқытып отырған орта мектеп білім берудің негізгі буыны болып табылады. Біздің бүгінгі мектеп партасында отырған шәкірттеріміз – баға жетпес ұлттық байлығымыз, еліміздің ертеңі. Ал мектептің қазіргі жайына тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірде-бір азаматы немқұрайлы қарай алмайды. Қазақстан орта білім қызметінде басты басымдық оқушылардың бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру, жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды нақты өмірге дайындау екені айқындалды.
«Жаһандық ғаламданудың кеңеюі, ақпараттық технологиялардың өріс алуы, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет», деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктеді.
Бұл міндеттер қоғам өміріндегі болып жатқан өзгерістер экономиканы, саясатты және әлеуметтік-мәдени саланы дамытудағы стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның ақпараттануы мен қарқынды дамуы жағдайында адамдардың жаңа әлеуметтік рөлдерге ие болуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп, білімнің қоғамды жаңартуға қосар үлесін арттырды. Сондықтан, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында білім берудің сапасын арттыру басты міндеттердің бірі болып белгіленген. Сонымен қатар бұл бағдарламада жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруды мақсат етіп отыр. Ендігі кезекте бұл аталған міндеттерді жүзеге асыру біздің жас жеткіншектеріміздің құзырлығында.
«Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру, тек қана біліммен қаруландырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениеттің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, көшбасшылық қасиеттерін ашуға мүмкіндік жасау болып табылады. Мектеп партасында отырған оқушыға тек бала ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде танып, соған мүмкіндік жасасақ, осы айтылғандарға сәйкес дайындау, оған білім берумен қатар көшбасшылық қасиеттерін дамытудан бастау алады.
Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап, алға қойылған мақсатқа бағыттау. Сонымен қатар көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде көп қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшыға алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық, жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік ала білу және іскерлік таныта білушілік, т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Көшбасшылық бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді.
Бернард Монтгомеридтің пайымдауынша «Көшбасшылық - бір мақсатқа жетелейтін қасиет, сонымен қатар сенімділік ұялататын мінез-құлық»,- деп айқындап мінез-құлық көшбасшыға тән қасиеттердің бірі екенін дәлелдейді. Көшбасшы алға қойған мақсатқа жету үшін адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін қоғам мүддесіне сай жүргізеді.
Көшбасшының бойынан табылатын қасиеттер:
-
Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы сыныптастарын тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.
-
Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек.
-
Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
-
Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
-
Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
-
Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.
-
Психологиялық дайындық. Сыныптағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
-
Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.
-
Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді. Сыныпты басқаруда өзінің білімділігін де пайдаланады.
-
Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
-
Байсалдылық. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
-
Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады.
-
Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды.
Аталған қасиетті әрбір оқушының бойында дамытатын болсақ, Әлем жағдайында өмірдегі өз орнын тауып, қоғам игілігіне нәтижелі еңбегімен қызмет жасайтыны анық.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты»- дегеніндей, оқушылардың сабақтағы шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыру жолында мұғалімге үнемі ізденуді, тынымсыз еңбек етуді міндеттейді. Сондықтан да әрбір ұстаз оқушы бойынан көшбасшылық қабілетті дамытып, қалыптастыра білуі қажет. Өйткені оқушылар арасындағы көшбасшылық құзіреттілікті дамыту, жетілдіру тәрбие жұмысының негізгі аспектісі болып келеді. Ал, тәрбие жұмысының негізгі мақсаты- Қазақстан Республикасының қоғам өміріне бейім, жоғары мәдениетті, зерделі және шығармашылықпен қызмет етуге дайын азаматтарды қалыптастыру.
Білім алушылар үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, құқығын және мүддесін қорғау, жаңа бастамаларына қолдау мен дамытудағы көмек. Білім алушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту үнемі әлеуметтік жауаптылықты кеңейтуді, өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мақсаты:
-
қарым-қатынасты ізгіліктендіру;
-
ұжым өмірін жариялылыққа, еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындау
-
оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінің өзектілігі:
-
оқушылар әрекетінің еріктілігі, жариялылығы, тең құқылығы;
-
жалпы адами асыл құндылықтарды шынайы бағалауға бағыттау;
-
өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызу;
Оқушылардың өзін-өзі басқарудың қағидалары:
-
Мектеп өмірінің мәселелерін шешуде оқушылардың өзін-өзі басқарудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігі;
-
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жауапкершілігі;
-
Оқушылардың өзін-өзі басқаруда алуан (түрлі әдістерін пайдалану;
Өзін-өзі басқарудың құндылығы сонда осы ұйым арқылы оқушылар мектеп өміріне, мектептің ішкі саясатына, әкімшілік жұмыстарына, мектепішілік оқу және тәрбие үдерістеріне әсер ете отырып шешім қабылдауға ықпал етеді. Келер күнге сеніммен қарататын осындай игі де ізгілікті іс біздің №44 орта жалпы білім беретін мектебінде де оң нәтижесін беруде.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы 2001 жылдан бастап құрылып, жұмыстанып келеді. 2012-2013 оқу жылынан бастап БИС- технологиясы бойынша «Отаншылдар» ордасының Көшбасшылар Кеңесі жұмыс атқарады. Құрамында жоғары сыныптан белсенді оқушылар жұмыс атқарады. Бұл технологияның оқушыларға берер тәлім-тәрбиесі, жұмыс жүйесінің маңызы өте зор.
Мақсаты: жаңа ғасыр үрдісіне сай, техникалық-прогрестік қоғам дамуының ағымына лайықты, өз Отанын сүйіп, халқын, тілін, дінін, тарихы мен өнерін құрметтейтін озық ойлы Қазақстан Республикасының патриоттарын ұжымдық тұлға ретінде қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Мектепте өзін-өзі басқару желісін дамытып, сынып белсенділерін бір ұйымға жұмылдыру;
-
Балалар мен жасөспірімдердің бастамаларын қолдау мен дамыту арқылы өзін–өзі басқару ұйымында олардың алуан түрлі азаматтық, әрі шығармашылық әрекеттерін тиімді түрде жүзеге асыру;
-
Оқушылардың ынтымақтастық пен достықтарын дамыту және нығайту;
-
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге жағдай туғызу;
-
Бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулып, оқушылардың бойындағы жағымсыз әрекеттерге қарсы тұру қабілеттерін арттыру.
Іске асыру механизмі:
-
Басқару жүйесі арқылы;
-
Сынып белсенділері арқылы;
-
Еріктілер тобы арқылы.
БИС технологиясы арқылы Өзін-өзі басқару құрамы Президент, Премьер министр, Вице Президент, Заңгер және 10 министрден тұрады.
Көшбасшылар кеңесінің жұмысы үш жыл бойына дәлелдейтін шаралары - «Біз жалынды көшбасшы» атты оқушылар форумы, Өзін-өзі басқару күні, Жаңа жыл мерекелері.
Мектепте «Жас Ұлан», «Жас қыран» балалар ұйымы жұмыс жасайды. «Жас Ұлан» балалар ұйымының мүшелері қалалық, облыстық байқау, сайыстарда үздік өнер көрсетіп көрсетіп келеді. Атап айтқанда:
2013-2014 оқу жылы
1. Облыстық «Тоғыз құмалақтан» БҚО жастар арасында блиц чемпионаты, (18.-22.1018-21.09.2013ж) Ерниязова Д. – 4 орын, Ерниязова А. – 3 орын
2. «Тоғыз құмалақтан» қалалық жекелей біріншілік. (26-29.09.2013ж.) Ерниязова Д. – 2 орын, Ерниязова А. – 2 орын.
3. Республикалық «Тоғыз құмалақтан» жарыста Ерниязова А. – 2 орын.
4. Аймақтық «Жас қыран» жас ұландықтардың көңілді старт спорттық ойыны – 2 орын
5. №44 ОЖББМ оқушылары "Өрт сөндіруші" сурет байқауына белсене қатысқаны үшін
6. Райбеков Еламан « Қолөнер шеберлері» сырттай байқауы
7.Ныгметова Аяжан - 9а сынып «Қазақстандықтар Отан үшін тақырыбындағы күресте» интеллектуалдық сайыс
8. Тельманов Даурен ХІҮ қалалық жас қозғалыс инспекторларының слетінде «Ең үздік топ басшысы» номинациясы
9. №44 мектеп командасы ХІҮ қалалық жас қозғалыс инспекторларының слетінде «Ең үздік үгіт бригада»
10. Облыстық «Жас қыран» полиция тобының байқауы – 3 орын.
11. Қалалық ЖЖИ ХІV слеті – 1 орын
12. Қалалық «Шырқаған жастық шақ» бард әндерін орындау фестивалі –
Амангелдиев Ислам-1 орын
Уалиев Айболат-1 орын
Каиргалиев Батырбек-1 орын
Айтқалиева Арайлым-1 орын
Халелова Акерке-1 орын
Лепесова Диана-1 орын
Есеев Нұржан-1 орын
13. «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер слеті қалалық - «Жас сценарист» номинациясы бойынша 2 орын, Тельман Ақманар 9 сынып
14. «Жас тілші» номинациясы бойынша Алғыс хат Шыбынтаева Раушан 8 сынып.
2014-2015 оқу жылы
1.Мерекеев Батырхан каратэ-до бойынша РФ.Самара облысының чемпионаты. Кихон 1-орын;
2.Мерекеев Батырхан карате до бойынша РФ.Самара облысының чемпионаты. Ката 2-орын;
3.№ 44 ЖОББМ командасы, «Алау» қалалық әскери-патриоттық сайыс 1-орын;
4. ҚР шорт-трек бойынша Чемпионаты Ибраев Есей, 3 орын Алматы қаласы, 28-30.11.2014ж;
5. ҚР шорт-тректен Кубогі, Ибраев Есей 2 орын, Алматы қаласы, 28-30.11.2014ж;
6. Республикалық «Күншуақ» байқауы Молдабекова Данажан Гран При, Алматы қаласы 1-4 қараша 2014 жыл;
7. XI Республикалық «Ақ көгершін» байқауы Молдабекова Данажан Алғыс хат, Алматы қаласы 5-6 қараша 2014жыл;
8.Аймақтық «Жас дарын»жастар шығармашылық байқауының лауреаты, Елеушева Асель І дәрежелі Диплом;
9.«Бір ел –бір кітап» акциясы бойынша Сайын Мұратбеков шығармаларын оқуда «Қайталанбас жас талант атты» жас иллюстраторлар байқауы, Садырова Гүлдана Алғыс хат;
10. «Жас дарын» шығармашылық байқауы БҚМУ, Райбеков Еламан ІІІ-орын;
11. «Экспо-2017» жас экологтардың облыстық форумының плакаттар көрмесі, Райбеков Еламан ІІ-орын;
12. Қалалық «Өрт сөндіруші» сурет байқауы, Галимов Дәурен Құрманғалиев Данияр Алғыс хат;
13. Бір ел –бір кітап» акциясы бойынша Сайын Мұратбеков шығармаларын оқуда «Қайталанбас жас талант атты» жас иллюстраторлар байқауы, Райбеков Еламан Алғыс хат;
14. Қалалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер слетінде «Бала би» номинациясы, Отаншылдар ордасы 9 сынып оқушылары Алғыс хат Қараша 2014 жыл Орал қаласы, МТЖО;
15. Қалалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қалалық байқауында «Елді қалыптастырушы көшбасшы» аталымы бойынша, Сүлейменқызы Дельфина 2 орын Қараша 2014 жыл Орал қаласы
16. Қалалық «Қазақстан 2050» сырттай бейне роликтер байқауы, Кубашева Аида 3 орын. Қараша 2014жыл Орал қаласы. 40. Қалалық «Бағдаршам-2015» жас қозғалыс инспекторлар топтарының слеті, «Сақшы» жас жол инспекторлар тобы Бас жүлде Орал қаласы, 28 сәуір 2015ж;
17. Қалалық жас инспекторлар слеті, «Сақшы» жас жол инспекторлар тобы
«Үздік үгіт-насихат тобы» 1 орын Орал қаласы, 28 сәуір 2015ж;
18. Қалалық жас инспекторлар слеті, «Сақшы» жас жол инспекторлар тобы
«Жас эрудит» 1 орын Орал қаласы, 28 сәуір 2015ж;
19. Облыстық «Бағдаршам-2015» жас қозғалыс инспекторлар топтарының слеті, «Сақшы» жас жол инспекторлар тобы 2 орын Орал қ, 12 -14.05.2015жыл;
20.Облыстық «Бағдаршам-2015» жас қозғалыс инспекторлар топтарының слеті, «Сақшы» жас жол инспекторлар тобы «Жас қозғалыс инспекторлар әндері» 1 Орал қ, 12-14.05.2015жыл. орын;
21.Облыстық «Бағдаршам-2015» жас қозғалыс инспекторлар топтарының слеті, «Сақшы» жас жол инспекторлар тобы «Үздік үгіт топтары» 1 орын Орал қ, 12-14.05.2015жыл;
22.Облыстық «Бағдаршам-2015» жас қозғалыс инспекторлар топтарының слеті, «Сақшы» жас жол инспекторлар тобы «Менің жасағым» 2 орын Орал қ, 12-14.05.2015жыл;
23. Облыстық «Бағдаршам-2015» жас қозғалыс инспекторлар топтарының слеті, «Сақшы» жас жол инспекторлар тобы «Саптық байқау», 3 орын Орал қ, 12-14.05.2015 жыл.
Қорыта айтқанда білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал.
Аталған міндеттерді жүзеге асыру барысында дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. Мұғалім - дамыту жұмысының көшбасшысы болып табылады. Бұл тұста айта кетерлік топта, ұжымда әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Ол адам сол топтың көшбасшысы болып табылады. Көшбасшы әдетте топтың іс-әрекеті жайлы, оның құрамы мен мүмкіндіктері жайлы мейлінше хабардар болады. Ол топ мүшелерімен қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Психологиядағы зерттеулерде көшбасшының мынандай қатынаста қызмет атқаратындығы айқындалған: ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды. Топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді және топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.А. Казахстан на пороге нового рывка вперед в своем развитии. Стратегия вхождения Казахстана в число пятидесяти наиболее конкурентоспособных стран мира // Казахстанская правда. - 2006. - № 45-46. - С.3.
2. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011 - 2020 годы. // Казахстанская правда. №218 (26639), от 13.07.2011.
3. Стратегия модернизации содержания общего образования Электронный ресурс. /